Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Ақши орта мектебі» КММ

пәні:  химия-биология

Жексенбаева Айман Абдуллаевна

Өзгеріс енгізу заман талабы

Болашақ ұрпақ тәрбиесі – азамат баласының асыл мұраты. Жастардың қандай болуы керек деген нақты сұрақ әр бір саналы адамды ойландыратыны белгілі. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың алдына «ХХІ – ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» — деп, жауапты міндет қойып отыр.

Білім негізін қалануы тиіс десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалім жауапкершілігі басты орында болуы тиіс. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың өткені мен бүгінгісін, салты мен дәстүрін тарихи асыл мұраларымызды біліп қастерлеп, қазіргіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттігінен туындап отырған әрбір мұғалімнің азаматтық парызы мен міндеті деп түсінген жөн.

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп,  білімнің  нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды  шығармашылық бағытт, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Lesson Study  орта мектептерде негізгі пәндер бойынша:

а) оқушылардың білім деңгейін көтеруде.

б) оқыту әдістемесін жетілдіруде.

с) оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеуде.

Негізгі енгізілетін өзгерістер, яғни, қазіргі негізгі мақсаттың бірі – білім стратегияларын қолдана білу.

Осы мақсат барысында біздің мектепте деңгейлік курсты оқып келген мұғалімдер мен деңгейлік курстан өтпеген  мұғалімдер арасында 2013-2014 оқу жылында (ақпан —  мамыр) Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобы   химия, биология, физика, математика, информатика пәндері мұғалімдерінен құрылды. Алдымен мұғалімдер арасында Lesson Stydu – сабақты зерттеу бойынша таныстырылым өткізілді. Таныстырымнан кейін « Lesson Study тәсілін пайдалану» тақырыбында  коучинг өткізілді.

Мақсаты: Оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіреді,  сапасын арттырады, оқушыларды зерттеу құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсынады, қалай пайдалануға болатынын көрсетеді. Коучинг барысында сабақ кезіндегі іс-ірекетті өздерінің шығармашылығы бойынша пәнаралық байланысты көрсете отырып ,  постер қорғады. 1-топ постеріне Lesson Study циклін түсіріп, алдымен  сабақты зерттеу тобын құрып, жоспарлап алатынын айтып үш кезеңді  қорғады. 2-топ постерінде Lesson Study –дегі нақты үш оқушыны қалай бақылау керектігін, іс-әрекеттегі тиімділігін қорғады. 3-топ постеріне сабақ кезіндегі іс-ірекетті өздерінің шығармашылығы бойынша пәнаралық байланысты көрсете отырып қорғады.  Әріптестер бір-біріне өте жақсы қолдау көрсете  білді.  Десе де. коучингтан кейін мұғалімдер арасында келіспеушіліктер болды.  Олардың көзін жеткізу үшін жаратылыстану-математикалық бағыт мұғалімдерінен Lesson Stydu тобы құрылды. Олар мынадай кезеңдер бойынша жұмыс жасап өзгерістер енгізе білді.

Lesson Stydu – сабақты зерттеудің кезеңдері:

  1. Зерттеу кезеңі . Бұл кезеңде топ мұғалімдері нысана ретінде 8-сыныпты таңдады. Осы бес пәннен және психологиялық сауалнама алынды және сұхбаттасу жүргізілді. А (үлгерімі жоғары), В (үлгерімі орта), С (үлгерімі төмен) оқушылар таңдалды.
  2. Жоспарлау кезеңі. Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобы отырыс ұйымдастырып бірлесіп арқылы 8-сыныпты сабақ жоспарын құрастырды. Сабақ жоспарын құрастырудағы мақсат: үдеріске енгізетін өзгерістерді анықтады. Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер және мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері анықталды
  3. Тәжірибеге енгізу Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобының осы үдеріс бойынша бірінші цикліндегі енгізген өзгерістері мен іс-әрекеттеріне тоқталайын. Мектептің даму жоспарынның тақырыбы «Оқыту  үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы оқушылардың жауапкершілігін арттыру». Осы тақырыпты басшылыққа алып сабақ жоспарын бағалауға бағыттап жасалды.

Бұрынғы сандық бағаның бірсыдырғы, осы күнгі талапқа кедергі келтіретіні анықталды.  Жан-жақты тексеру өте күрделі болғандықтан бірінші айналымда топ мүшелері (мұғалімдер) аталған бес пән бойынша сабақ соңында қолданылатын әдістердің төртеуі қолданылды,  Өзіңізді тексеріңіз:

Бұл мәлімет шындық па әлде жалған ба? Бұл әдістің мақсаты, оқушылардың сыни ойлауға, сабақтың негізгі түйінін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар шындық пен жалған арасын ажырата алатын болады. Жұмыс істеу барысында келесі факторларды белгілі тәртіппен қойыңыз, мысалы, олардың құндылығы, маңыздылығы. Берілген бірнеше анықтама (сөз, термин сөз, құбылыс, фигура аты т.б). сын тұрғысынан ойлануы керек.  Төрт сұрақ, баланың маңдайына заттың бейнесін, фигураның сутерін, құбылыс құрылғысы суретін жапсырып қойды, екінші оқушы сол бейнеге байланысты дұрыс, нақты сұрақ қоя білуі тиіс. Келесі жапсырмасы бар оқушы дұрыс жауап беруі керек, мұнда оқушының сұрақты дұрыс қоя білуі керектігі ескеріледі.

Айналымда INSERT бойынша  жүргізілді. Мысалы химия пәні бойынша

  • Білемін —  бейорганикалық қосылыстар класын біледі.
  • Түсініксіз —  тұздар туралы мағлұмат түсініксіз болуы мүмкін
  • Жаңа ақпарат – амфотерлі оксидтермен, гидроксидтер
  • Таңғалдым — индикаторға әсері таңғалдыруы мүмкін

Осылай сабақ мағынаны тану бөліміне жоспарланды. АВС оқушылар өз деңгейлері бойынша сабақ мағынасын танып меңгеруі тиіс.

  1. Нәтиже кезеңі. Өзгерістерді енгізу барысында мұғалімнің кәсіби дамуы, оқушының тиянақты білім алуы көрініс табуы керек екенін түсінді. Өзгеріс енгізу барысында мұғалім сабақ жоспарын жаңа форматта жасау арқылы және кері байланыс жасай отырып сабақ үдерісіндегі мақсатқа қол жеткізді. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық пен жүйелі білім алу жолдарын игеруге қадам басты. Осы  кезеңдер бойынша зерттеуге алынған үш оқушының және сыныптың білім сапасының нәтижесі және қолданылған стратегиялар мен әдістер талқыланады.  Қолданылған әдіс-тәсілдер сарапталып басқа әріптестерге ұсынылды.

Нәтиже және табыс критерийлері:  (мұғалімдер үшін)

  • Әдістемелік көмек алады
  • Коучер, ментер жұмыстарын жүргізе алады
  • Бағдарламаға сәйкес орта мерзімді жоспар жасай алады
  • Орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген (ҚМЖ) жоспар жасай алады, мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды.
  • Сабақ жоспарына өзгеріс енгізе біледі
  • Оқу үдерісінде әділ бағалайды
  • Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.

Үдерісті қолдану барысында мынадай кедергілердің шешімі табылды. 1.Мұғалімге әдістемелік көмек көрсету шектеулі болған. Оларға айына бір рет қана тәлімгерімен кездесу өткізілетін.  Ал бірлесіп іс-әрекетті талқылау мұғалімнің кәсіби дамуына оң нәтиже беретініне көз жеткіздік. Топтағы жас мұғалім деп қарамай олда үдерістен соң шығармашылықпен жұмыс жасай білетін, тәлімгер бола алады. 2. Бұрынғы жоспар тек мұғалімге арналған. Жаңа форматта сабақ жоспары мұғаліммен қоса оқушы іс-әрекетіне бағыттап  жасай біледі. 3. Бұрынғы сабақтарда тек мұғалім бағалайтын болса, ал енді оқу мен оқытуды әділ бағалайды. Оқушы өзін-өзі, өзгені бағалай алады, критерий бойынша бағаланады. Мұғалім – оқушы, оқушы-оқушы

  1. Бұрын сабақта мұғалімнің іс-әрекеті бақыланса , қазір оқушының әс-әрекеті бақыланады. Оқушының білім сапасын арттыру үшін мұғалім ізденеді, шығармашылығы артады. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренеді (тапсырмалар деңгейін анықтай біледі) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды біледі. 5. «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқыту бойынша Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере алуды үйренеді. 6. Тапсырмаға негізделіп кері байланыс орната алады. 7. Енгізген өзгерістерді басқа әпіптестеріне үйрете алады. Себебі осы үдерістен соң әдістемелік кеңеске ұсынылады.

Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз.

« Ақши орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі химия-биология пәндері мұғалімі    Жексенбаева Айман Абдуллаевна.