Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Ақши орта мектебі» КММ

пәні:  химия-биология

Жексенбаева Айман Абдуллаевна

Химия сабақтарында сындарлы оқыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жобалау технологиясын сабақта қолдану

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың  қоғам  иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп,  білімнің  нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды  шығармашылық бағыта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Осы орайда,  жаратылыстану пәндерін оқытуда негізгі нысана оқушы екенін еске ала отырып сабақ үдерісін сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, жаңа форматқа көшкен абзал деп ойлаймын.

Қ.С. Құдайбергенова «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми — теориялық негізінде», монографиялық еңбегінде  үсынған күнделікті сабақ жоспарының  жобасында білімді меңгеру әр деңгейдің мақсатынан оқушының қызметі, білімін өрістігі, танымдық қабілеттін арттыруы,  күтілетін нәтижелер белгіленеді.

8 сыныптағы « Негіздердің  жіктелуі,алынуы,олардың химиялық қасиеттері»  тақырыбына сабақ жоспарын келтеріп, сонымен бірге интерактивті тақта қолдану жолдарын, жобалау технологиясының зерттеушілік деңгейін көрсете отырып Американдық психолог Б.Блум таксономиясының оқу мақсаттарын басшылыққа алып өз шығармашылық қоржынымды толықтырдым.

Оқыту жүйесі
ОҚЫТУ

ӘДІСІ

мақсаты ОҚЫТУ

тех-

ноло-

гиясы

мазмұны
әдісі
Формасының нобайы
Көрнекі құралдар
Тәсілі
Нәтижесі

«Нені оқимыз?», «Қалай оқимыз?»,  «Неліктен оқимыз?»

Осы кесте бойынша сұрақтарды басшылыққа ала отырып мен ертең не істейтінімді болжауым керектігін білемін.

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. Ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады. Жобалау әдісін қолдану арқылы тұлғаның өз бетімен даму әрекетін ұйымдастыру үшін зерттеушілік, жобаның жіктелуі, шығармашылық, ізденушілік, болжалдық әдістерді қолдану.

Жобаның мақсаты: Химия  сабақтарында жобалау әдісі арқылы оқушыларды өзіндік жұмыстарға бағыттау және іс-тәжірибеде көрсету

Зерттеу жобасының бірнеше түрі бар: — Зерттеу жобасы; — Шығармашылық жоба; — Қиялға негізделген ойын  жобасы; — Ақппаратық жоба; — Пратикаға бағытталған жоба.

Өзектілігі: — керекті материалдарды өз бетінше оқып үйренеді; — танымдық және қолдана білудегі міндеттерді шешуде алған білімін тиімді қолданады; — Зерттеу біліктерін дамытады; — Жүйелі ойлауды дамытады.

Жобаның міндеті: — Химия сабағында берілген тапсырмаларды түсінеді;Өз тобында жоспар құрады; — Тапсырмалар бойынша зерттеушілік жоба құрастырады; — Жобаны топта талқылайды; — Құрған жобасы бойынша  қорғайды; — Жобаны бағалайды.

Негізгі мәселелері1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?). 2. Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?).3. Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?).

Жобаның мазмұны: — Сыныпты анықтау — Сабақтың тақырыбын таңдау

-Зерттеушілік әдісті енгізу   — Нәтижесін сараптау

Жобаның стратегиясы мен әдістері:Жобалау тезнологиясының зерттеушілік әдісі

Жоба жұмысының кезеңдері: I кезең – даярлық.  Жобаны жүзеге асыру шарттарын бағалау.

Кезең міндеттері: 1.Жоба жұмысын жүзеге асыру  8-сынып сабақтарын анықтау; 2. Тарау бойынша жобалау технологиясын енгізетін сабақтарды қарастыру 3. Сол сабақтың жоспарын жазу; 4. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру; 5. Жобалау технологиясын терең түсіну;

II кезең – қалыптастырушы.Жобаны жүзеге асыру

Кезең міндеттері: 1. Сабақ жоспарын дайындау  2. Сабаққа ариптестермен пікірлесу  3. Сабақты өткізу 4. Сабақ бойынша  бойынша  білім алудың   нәтижелері мен оқушылардың қаншалықты білім алғаны туралы  салыстырмалы мониторингісін жасау үшін кері байланы жасау үлгісін қарастыру

III кезең – жинақтау. Жобаны жүзеге асырудың сандық және сапалық талдауы.

Кезең міндеттері:

  1. Сабақ соңындағы рефлексия
  2. Өмір сүруге, адам және тұлға болуға үйрену/үйрету мүмкіндігі
  3. Оқушылардың білім алу  нәтижелік мониторингісі
  4. Мүмкін болса оқушылардан (қатысқан мұғалімнен) сұхбат алу

Жобалық тапсырмалар арқылы сабақтың жоспарын құру:

Жобалық   сабақты жоспарлау мұғалімнің: сабақ кім үшін жоспарлануда, ең алдымен нені үйретуі қажет және бағалаудың қандай тәсілін пайдалану қажет? деген мәселерді түсінуіне ықпал етеді

Көбінесе жобалар кешенді сипатта болады  ( зерттеушілік + тәжірибеге бағытталған).
Жоба- ғылыми зерттеудің дидактикалық эквиваленті және әлеуметтік ортамен әрекеттесудегі нақты проблемалардың шешімін іздеу және зерттеудің жалпы идеясымен бірлескен оқушылардың іс- әрекеті ретінде анықталады.

“Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы”

Кеше :Дайын білімді игеруге бейімділік,уақыт тапшылығы, әділетсіз бағалаушылық,  сөздік қорының аздығы, “менмендік”, топтық ереженің сақталмауы, бұрынғы ұстанымның әсері.

Бүгін: Жаңа жүйенің әсерінен өзімнің және оқушылардың өзгеруі, оқушылардың пәнге қызығушылықтарының артуы, көпшілдікке бет бұруы, сабаққа белсенділіктерінің артуы, А,В,С оқушымның алға жылжуы, тәртіпке бағыну, әділеттілік,

Ертең :Сабағымды түрлендіріп өткізу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді орынды қодану, сабаққа үнемі рефлексивті талдау жасау, ыңғайына қарай іздену, әріптестеріммен кеңесу, шәкірттерімнің жан дүиесіне көңіл аудару арқылы сапалы да салмақты білім беру, өмірге бағыттау және сыни ойлауды дамыту арқылы өз істерін жобалай білуге ықпал жасау. 8-сынып

  1. Атом құрылысы, құрамы
    • Атом құрылысы туралы білімін.
    • Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін;
    • Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айтады

Химиялық элементтердің жіктелуі

  • химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін ;
  • элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдарын;
  • жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін ;

Оларды элементтердегі табиғитекке біріктіру мақсатын

Д.И.Менделеев п.з, п.ж

  • Периодтық заңның мәнін,оның негізгі қағидаларын;
  • Әрбір элементерге тән химиялық қасиеттерді талдауын:
  • олар периодта орналасуына байланысты екенін 
  • Элементтер және олардың қосылыстары жайлы мағлұмат алу үшін периодтық заңның маңызын.

Х.э. п.ж. бойынша сипаттамасы

  • Оқушылардыпериодтықжүйедеэлементтердің орналасуын
  • Элементтердің қасиеттері сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондардың топтасуына тәуелділігін;
  • валенттілігі топ нөмеріне тәуелділігін; ауылпалылығын:
  • Физикалық және химиялық қасиеттері туралы түсінік қалыптастыруады

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ,АКТ пайдалану,, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ДО, жас ерекшелігі, көшбасшылық

Атом құрылысы туралы не білесіңдер?Атомдар қандай негізгі  бөлшектен құралған? Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?Атом ядросының заряды немен анықталады?Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?Элемент атомының массасы немен анықталады?Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Осы сауалдарды қолдана отырып әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі  өздерінің жобасын жасайды

Әр топқа C; CL; S; F элемементтерінА  оқушы толық сипаттау

В оқушы  Сутекті қосылысының алынуы С оқушы  Оттекті қосылысының алынуыАВС оқушылар бірін-бірі оқытуы Осы алынған өнімдегі элементтің

Si; P; S; CL  элементерді  сипатта,А оқушы толық сипаттайды В оқушы орнын сипаттайды С оқушы электрон, протон, нейтрон санын табады

сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .   Хлордың изотоптарын сипатта.

Кері байланыс

Не білемін, не білдім, не білгім келеді? Барлық оқушы қатысты.

Топтық және жұптық жұмысты ұйымдастырудың нәтижесінде   А,В,С оқушылармен кері байланыс – сүхбат алынды

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ,АКТ пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ДО, жас ерекшелігі, көшбасшылық

Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі себебі неде?

Химия ғылымы дамуының бастапқы сатысында химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдарды айт.

Zn(OH)2 –нің екідайлы қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Тәжірибе жасау арқылы дәлелде.

Металдар мен бейметалдар оксидтерінің және екідайлы оксидтердің қандай қасиеттерін білесіңдер?

В- оқушы тақтада элементтерді жіктеудің сызбанұсқасын сызып,оны түсіндіреді.содан кейін  мына тапсырманы орындайды.    №1 тапсырма.Мына өзгерістердің реакция теңдеулерін жаз:

BeO →   Be(NO3)2 → Be(OH)2  →  K2BeO2

Қалған оқушыларға екідайлы қасиет көрсететін оксидтер мен гидроксидтер туралы білімін бекіту үшін мына заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазуды ұсыну:

С-   а) ZnO + HNO3;         ә) ZnO + NaOH;                  А — KAIO2 →AI(OH)3→ AI2O3→NaAIO2

б) Zn(OH)2 + H2SO4;   в) Zn(OH)2 + KOH;                                      ↓

AI(NO3)2

Тақтамен жұмыс.

S + H2        S + O2        SO2 + O2                        SO3 + H2O       теңдеуді аяқта, заттар құрамындағы элементтер табиғаты қандай?валенттіліктерінанықта, реакцияныаяқта. Затқұрамындағыэлементтердіңтабиғатынанықта. (В)

  1. H2SO4 H2SO4 + CuO      3. H2SO4 + BaCL2 4. H2SO4 + KOH

BeO-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция   теңдеуін құрастырыңдар.  (С)

Be(OH)2-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.  (В)Төмендегі айналымдардың теңдеулерін жазыңдар:

Na2ZnO2

ZnCI2→Zn→ZnO→Zn(NO3)2     (А)

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал жасалды, нәтижесінде олар тақырыпты өздері меңгерді, кері байланыс алынды. АВС сұхбат.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ,АКТ пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , ДО, жас ерекшелігі, көшбасшылық

Сен білесің бе?  Ойын арқылы үй жұмысын сұрау

Периодтық жүйемен жұмыс.Элементтерді екі топқа бөлу:металдар және бейметалдар.  (С) Үш класқа бөлу: металдар; екідайлы қосылыс түзетін элементтер;бейметалдар;(В) Жалпы қасиеттеріне байланысты табиғи тектерге бөлу: салыстырмалы атомдық массалары және қосылыстардағы валенттіліктері.  (А)

Топтармен жұмысЭлементтердің қасиеттері атомдық массаның өсуіне қарай: элементтің сипаты:(металл,ауыспалы элемент,бейметалл); жоғары оксидтеріндегі валенттілігі; ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттігі өзгеретініне көңіл аударамыз

АВС оқушылармен жұмыс Na-ден Ar-ға дейінгі элементтердің: металдық, бейметал дық қасиет тері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері, оксидтерінің  қасиеттері,гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

Мына тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыстығын белгілеңдер?

Топтамамен жұмыс:Сыныптағы диалог оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытты. Жеңілден күрделіге берілген тапсырмалар өздігінен меңгеруіне ықпал жасады.  АВС оқушылармен пікірлесу

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ,АКТ пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту ,талантты және дарынды оқушы,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , ДО, жас ерекшелігі, көшбасшылық

Топтық жұмыс. Топ   2- период элементтерінің атомдық құрылысын;топ     Физикалық қасиеттерін; топ   Химиялық қасиеттерін; топ   периодтық жүйедегі элементтердің металдық қасиеттерін сипаттау Осы тапсырмаларды интернеттен, ұялы телефоннан, оқулықтан іздестіріп постерге түсіріп қорғаңдар   А түгел, В үшеуін, С екеуін орындауы керек.

Жұптық жұмыс Генетикалық байланысты жүзеге асырыңдар.

N2     NH3  NH4OHNH3       N2

Есеп шығару АКТМассасы 14 грамм кальциймен азот әрекеттесті.Нәтижесінде неше грамм кальций нитриді түзілді?  А оқушы элементтерді п. ж. орны бойынша сипаттайды. 3 мысалмен периодтық жүиедегі элементтердің орнына қарай тұрақты, ауыспалы валенттілік көрмсететін элементтерді анықтап дәлелде.

Химиялық диктант            1.  № 11 элементтің периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріңіз.2.  Сол элементтің   жоғарғы оксиді ——жазыңыз. 1. табиғатта кездесуін түсіндіріңіз. 2.Физикалық қасиеттерін жазыңыз.

Оқушылар нені үйренгендерін, ол алған білімдерін келесі сабақта оқылатын тақырыппен байланысты екенін түсіну үшін сабақ рефлексиямен аяқталды. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалады, бір-біріне табысқа жетуге сілтеме жасады. АВС оқушыдан сұхбат алынды . 

Осындай  сабақтардан кейін Блум таксономиясы мен оқу мақсаттарының байланыстырып жобалау технологиясы бойынша құрастырылып жасалынған сабақ жоспары тиімді екенін көрсетті. Оқушы белгілі баспалдақпен көтерілгендей, білім деңгейін бір сабақта нақты көрсете алады. Егерде әр сабақты  осы іспетті өтетін  болса оқушы төменнен жоғары, қарапайымнан күрделіге заңдылығын және жоба жасау арқылы білімді жақсы меңгерген болар еді. Сонымен қатар алған білімін өмірде кедергісіз қолдана алады деп сенуге әбден болады.