Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
Б.Момышұлы атындағышағын орталықты орта мектеп

Елбасытану

оқулық

Жалпы білім беретін мектептің
4 сыныбына арналған

Нақысбаева Күнсұлу Есмаханқызы

Каменка ауылы

«Елбасытану» курсының оқу — тақырыптық жоспары

Барлығы -34 сағат, аптасына – 1 сағаттан

№ Сабақтың тақырыбы Сағат
саны мерзімі
Кіріспе
1 1 «Балалық шағымның аспаны» кинофильмі 1
І. Президенттің анасы (9сағат)
2 2 «Жігіттің жақсы болмағы- нағашыдан» 1
3 3 «Нұрағаның дүниеге келуі» 1
4 4 «Перзент сүймей адамның мейірі қанбас» 1
5 5 «Балам балдан тәтті, немерем жаннан тәтті» 1
6 6 «Шара шешей шешілгенде…» 1
7 7 «Әлжан апаның әзідері» 1
8 8 «Ананың ақтық демі» 1
9 9 «Ананың ақ батасы» 1
ІІ. Елбасы-ел тірегі, ел намысы ( 9сағат)
10 1 «Елбасымен мақтанамыз» Маржан Омарбекова 1
11 2 «Азаматтың борышы-ел бірлігі» Көсемәлі Сәттібайұлы 1
12 3 «Елімнің болашағы жарқын» Айжан Жабағиева 1
13 4 «Ел сенімін арқалаған елбасы» Алтынай Мұратбекова 1
14 5 «Бар береке Қазақстан жерінде» Бекзат Байқанов 1
15 6 «Әр мемлекетке 25 гектар жер бөлінді» Бексұлтан Нукарбан 1
16 7 «Егеменді елім-ай!» Әбдірахман Асылбеков 1
17 8 «Ер елдің панасы» Игенбек Құрбанов 1
18 9 «Ғаламдық дағдарыс дәрісі» Алма Үмбеттегі 1
ІІІ. Елбасым-ұлт көшбасышы (10сағат)
19 1 «Қазақ елі-ұлттық мақтанышымыз» Болат Үсенбаев 1
20 2 «Тәуелсіздік монументі» Дүйсен Мағұлұмов 1
21 3 «Астана айшықтары» Толымбек Әбдірайым 1
22 4 «Айтыс» Жақау Дәуренбеков 1
23 5 «Мен президентпен қалай кездестім» Қайрат Қабделбаров 1
24 6 «Рухы тірі, жаны сірі ұлтпыз! Толқын Шәміл 1
25 7 «Астанада» Қарлығаш Досанова 1
26 8 «Астана — елімнің жүрегі» Еламан Тұрысбеков 1
27 9 «Салтанат қақпасы» Болат Батықұлы 1
28 10 «Ғасыр ғимараты» Алма Үмбеттегі 1
ІҮ.Елбасыммен мақтанам (6сағат)
29 1 «Немеремнің арманы» Тұрсын Елеусізұлы 1
30 2 «Арман» Серік Үсенұлы 1
31 3 «Кемеңгер көшбасшыма» Назым Сапарова 1
32 4 «Айналайын Нұрсұлтан, Көгершінге келдіңіз» Хадиша Күмісова 1
33 5 «Отаннан қымбат ештеңе жоқ» Оразбай Ермахан 1
34 6 «Қос қанатты-Алматы мен Астана» Берік Мәжитов 1
Барлығы 34

«Елбасытануға» пайдаланған әдебиеттер

Бөлімдері Тақырыптар Авторлар Баспасы Мерзімі
Кіріспе (1сағат)
««Балалық шағымның көктемі » Фильм режиссері Р.Әбдірашев,
сценарийін жазған Ш.Құсайынов кино фильмі 2011жылы

І. Президенттің анасы (9сағат)

«Жігіттің жақсы болмағы- нағашыдан» Гүлзейнеп
Сәдірқызы
Махмут Қасымбеков
Асқат Молағаринов
Ерден Хасенов
Қазақстан тарихы «Егемен Қазақстан»
Наш Президент
Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілде 2007
Алматы баспасы 2014
Ғылыми танымдық басылым
Алматы «Атамұра»
2013
Деловой Мир Астана
2013
«Нұрағаның дүниеге келуі»
«Перзент сүймей адамның мейірі қанбас»
Балам балдан тәтті, немерем жаннан тәтті»
«Шара шешей шешілгенде…»
Әлжан апаның әзідері»
«Ананың ақтық демі»
«Ананың ақ батасы»
ІІ. Елбасы-ел тірегі, ел намысы
( 9сағат) «Елбасымен мақтанамыз» Маржан Омарбекова Балдырған
Айгөлек
Мөлдір бұлақ
Ұлан
Мамыр 2011
Маусым 2011
Тамыз2014
Шілді 2015
«Азаматтың борышы-ел бірлігі» Көсемәлі Сәттібайұлы

Шілде 2006
Маусым 2008
«Елімнің болашағы жарқын» Айжан Жабағиева
Қыркүйек 2007
«Ел сенімін арқалаған елбасы» Алтынай Мұратбекова
Шілде 2003
«Бар береке Қазақстан жерінде» Бекзат Байқанов
Мамыр 201
Маусым 2009
Тамыз2014
Шілді 2010
«Әр мемлекетке
25 гектар жер бөлінді» Бексұлтан Нукарбан

«Егеменді елім-ай!» Әбдірахман Асылбеков
«Ер-елдің панасы» Игенбек Құрбанов
«Ғаламдық дағдарыс дәрісі» Алма Үмбеттегі
ІІІ. Елбасым-ұлт көшбасышы
( 10сағат)

«Қазақ елі-ұлттық мақтанышымыз» Болат Үсенбаев Балдырған
Айгөлек
Мөлдір бұлақ
Ұлан
Егеменді Қазақстан
Мамыр 2011
Маусым 2011
Тамыз2014
Шілді 2015
«Тәуелсіздік монументі» Дүйсен Мағұлұмов
«Астана айшықтары» Толымбек Әбдірайым
Шілде 2008
«Айтыс» Жақау Дәуренбеков Маусым 2008
«Мен президентпен қалай кездестім» Қайрат Қабделбаров Шығыс Қазақстан облысы
«Рухы тірі, жаны сірі ұлтпыз! Толқын Шәміл Қыркүйек 2008
«Астанада» Қарлығаш Досанова Шілде 2008

«Астана — елімнің жүрегі» Еламан Тұрысбеков
«Салтанат қақпасы» Болат Батықұлы
«Ғасыр ғимараты» Алма Үмбеттегі
ІҮ.Елбасыммен мақтанам (6сағат) «Немеремнің арманы» Тұрсын Елеусізұлы Мөлдір бұлақ
Балдырған
Айгөлек
Ұлан
Құлан таңы Мамыр 2016
Сәуір 2012
Маусым 2013
Тамыз2014
Шілді 2015
«Арман» Серік Үсенұлы
«Кемеңгер көшбасшыма» Назым Сапарова Шілде 2008
«Айналайын Нұрсұлтан, Көгершінге келдіңіз» Хадиша Күмісова
Қараша 2014
«Отаннан қымбат ештеңе жоқ» Оразбай Ермахан
«Қос қанатты-Алматы мен Астана» Берік Мәжитов Маусым 2013ж

Түсінік хат
Қазақстан Республикасының еліміздегі білім беруді дамытудың жаңарған маңызды мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, жеке тұлғаны қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу үшін жоғары сатыдағы білім мазмұнын қосымша білім берумен толықтыру негізделген. Қосымша білімнің түбегейлі мақсаты-оқушылардың ұлттық мұраларға деген көзқарасын қалыптастыру, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытып, байытуға ықпал ету, рухани дүниесін кеңейту болып табылады. Бұл мақсатты орындау үшін оқушыларды ұлттық әдеби мұраларымызбен сусындатып, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту, өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету, Елбасын түбегейлі тани білуге, Отанын сүюге, еңбексүйгіштік пен ұлтжандылыққа, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу керек.
«Елбасытану» тақырыптық оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.
Сабақ тақырыптарының көлемі мен мазмұны оқушыны дамыта оқыту принциптеріне негізделеді.Сондықтан осы курсты 4 сынып оқушыларына арнап отырмын.
Оқу курсы оқушыларды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шыққан тегі, ата-анасы, әулеті, туыс туралы деректерді, балалық шағы, елдегі билігі, еңбектері, шығармашылығымен таныстыру. Танымал жазушылар мен саясаткерлердің, мектеп жасындағы бүлдіршіндердің Елбасымыз туралы жазған мақақалары немесе құнды ойлары, өздеріндей мектеп қабырғасындағы оқушылардың Елбасына деген сүйіспеншілігінен туған шығармалары негізге алынып отыр. Әр сабақта өтілетін материал бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, тіл байлығын, таным деңгейін арттырумен қатар жеке тұлғаның адамгершілік рухани қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізері анық.
Бағдарлама материалдарын оқу барысында оқушылардың берілген тақырып мазмұнын меңгеруін және өзіндік ой-өрісін байқау мақсатында жұмыс дәптерінде
тапсырмаларды орындау негізге алынған. Дамыта оқыту, оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдістерін тиімді пайдаланып, қанатты сөздерге мән беру, пікір айту, талдау жүргізу, ой толғау немесе эссе жаздыру көзделеді.
Бұл оқу бағдаламасында жеке тұлғаны қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу.
Бағдарламаның түбегейлі мақсаты-оқушылардың ұлттық мұраларға деген көзқарасын қалыптастыру, ақыл-ой мен ұлттық сана-сезімін дамытып, рухани дүниесін кеңейту.Оқу бағдарламасы негізінен танымдық мақсатты көздегендіктен өтілетін материалдар оқушылардың түсінуіне ыңғайланып алынған. Сондықтан да курс материалдары жазушының шығармаларынан, түрлі естеліктерден, баспасөз беттеріндегі мақалалардан, әдеби оқулық беттерінен оқушының игеру мүмкіндігіне іріктелініп алынған.
Курста оқытылатын материалдар оқушылардың қызығушылығына,
саналы түсінуіне,өзі үшін өте маңызды екенін ұғынуына негізделген.

«Елбасытану» бағдарламасының мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше күш-жігер, қажыр-қайратын,елдің бірлігін, тұлғалық тұғырын, ерен еңбегінің рухани дүниесін бойына сіңірту.

«Елбасытану» пәнінің міндеті:

-Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын дамыту;
-шығарманың түпкі мазмұнын түсініп оқу;
-шығармадағы көркем бейнелердің ерекшелігін аша білу;
-ойын еркін жеткізу;
-өзіндік ой-пікірін айта білу;

Күтілетін нәтиже:
-Отанымыздың, туған жердің қадірін ұғынады, отансүйгіштік және жауапкершілік сезімі оянып, танымдық қабілеттері дамиды, шығармашылығын шыңдайды, өзіндік ой қорытуға ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

Оқушылардың пәнді меңгеру талаптары

Бағдарламаны жүзеге асыру стратегияларын оқушылардың меңгеруі тиіс. «Елбасытану» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

-шығарманы дұрыс, түсініп, шапшаң мәнерлеп оқуды;
— мәтіндегі негізгі ойларды тауып оқуды;
— мән-мағыналы сөздерге түсінік бере білуді;
-алған білімдерін тиісті жерінде қолдана алуға бағытталған тапсырмаларды орындауды;
-оқушы өнімді әрекет жасауды (Мысалы: өлеңдер ұйқасын табу, құрастыру, мәтін құрастыру, шығарманы ары қарай өрбіту, суреттер мағынасын аша білуді);
-өз бетінше, топпен жұмыс жасай білуді;
-өзін және өзгелерді тыңдай білу, пікір алмасуды;
— өзін және өзгелерді бағалауды;

Тұжырымдамалық бөлім

«Елбасытану» курсы бағдарламасы 4-сынып оқушыларына
арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды. Өскелең ұрпақ Ұлт көшбасшысының өмірі мен еңбек жолын білгені абзал. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы тағлымға толы мағлұматты ұсынғанды жөн көрдім.
Кіріспе бөлімінде оқушыларға «Балалық шағымның аспаны» кинофильмін көрсетуді жөн көрдім.
Бағдарлама төмендегідей 4 бөлімнен тұрады:
І-бөлімде «Президенттің анасы» (9сағат) «Жігіттің жақсы болмағы- нағашыдан», «Нұрағаның дүниеге келуі», «Перзент сүймей адамның мейірі қанбас», «Балам балдан тәтті, немерем жаннан тәтті», «Шара шешей шешілгенде…», «Әлжан апаның әзідері», «Ананың ақ батасы», «Ананың ақтық демі» тақырыптары алынған

ІІ. Елбасы-ел тірегі, ел намысы ( 9сағат) «Елбасымен мақтанамыз» «Азаматтың борышы-ел бірлігі», «Елімнің болашағы жарқын», «Ел сенімін арқалаған елбасы»,«Бар береке Қазақстан жерінде», «Әр мемлекетке
25 гектар жер бөлінді», «Егеменді елім-ай!», «Ер-елдің панасы», «Ғаламдық дағдарыс дәрісі» тақырыптары алынған

ІІІ. Елбасым-ұлт көшбасышы (10сағат) «Қазақ елі-ұлттық мақтанышымыз»,«Қазақ елі-ұлттық мақтанышымыз», «Тәуелсіздік монументі»,«Астана айшықтары»,«Айтыс»,«Мен президентпен қалай кездестім»,«Рухы тірі, жаны сірі ұлтпыз!», «Астанада»,«Астана — елімнің жүрегі»,«Салтанат қақпасы», «Ғасыр ғимараты» тақырыптары алынған

ІҮ.Елбасыммен мақтанам (6сағат)
«Немеремнің арманы» , «Арман», «Кемеңгер көшбасшыма» ,«Айналайын Нұрсұлтан, Көгершінге келдіңіз», «Отаннан қымбат ештеңе жоқ», «Қос қанатты-Алматы мен Астана» тақырыптары алынған

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы
Каменка ауылы Бауыржан Момышұлы
атындағы шағын орталықты орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нақысбаева Күнсұлудың жалпы орта
білім беретін мектептің бастауыш сатысы
4 сыныбына дайындаған «Елбасытану»
атты авторлық бағдарламасына

Рецензия

Тәуелсіз елімізде оқушыларға бүгінгі күн талабына сай өскелең ұрпақ Ұлт көшбасшысының өмірі мен еңбек жолын білгені абзал. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы тағлымға толы мағлұматты ұсынған деректерге толы.
Ұлттық тәлім-тәрбие, білім беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерделеп, жүйелеп, оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Маңызды мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей, жеке тұлғаны қоғам өміріне құзыретті ету.
Осы мақсатта «Елбасытану» 4 сыныпқа арналған бағдарламаның негізгі идеялары оқушылар бойынан табу негізделіп отыр.
Елбасы еңбектерін меңгертуге байланысты жасаған әдістемелік ұсыныстары, яғни оқулық , жұмыс дәптерлерінде оқушыларды ұлттық әдеби мұралармен сусындатып, көркем шығармаларды оқуға, өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету, адамгершілік пен имандылық, өзін және отбасын, Отанын сүюге, еңбексүйгіштік пен ұлтжандылыққа, елінің адал азаматы болуына жетелейтін тәрбиелік мәні зор еңбектер енгізілген.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс істеудің тиімділігі мұғалімнің әр оқушыны бақылауына, қай оқушымен қалай жұмыс істеуге болатындығын зерттеуге, кімнің неге икемі бар екендігін анықтауға бағыт-бағдар береді.
Нәтижесінде оқушы бойында барлық жақсы қасиеттер мен құндылықтар, белсенді де іскер, елін, жерін, Отанын сүйетін патриот қалыптасары анық

Рецензент Б.Момышұлы атындағы шағын
орталықты орта мектебінің
мектеп директорының ғылыми-
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Танатова Раушан Бақбергенқызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А л ғ ы с ө з

Бағдарлама — білімнің негізі болса, оқулық пен жұмыс дәптері — оның көмекші құралы, қосымшасы.
Елбасытану оқулығы және жұмыс дәптерінің негізгі мақсаты-оқушының өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туғызу, оқушыға тиянақты білім беру, дүниетанымын қалыптастыру, сонымен қатар олардың таным түсінігін дамытады. Оқулықтың мазмұнын толық меңгергенде ғана дәптерде берілген тапсырмаларды дұрыс толтыруға болады.
Оқулықта ақын, жазушылардың еңбектері мәтіндер, әңгімелер , өлең- жырлар т.б түрінде берілсе , жұмыс дәптерінде сол мәтіндерге, әңгімелерге арналған көптеген тапсырмалар беріліп отыр. Дәптермен жұмыс жасау барысында, тапсырмаларды орындау, оқулықтағы мәліметтерді талдау арқылы оқушылардың алған білімдері тиянақтайды. Сұрақ-жауап, тапсырмаларға жауап дайындау оқушылардың білімін, ойлау қабілетін дамытып, ана тіліне деген қызығушылығын арттыра түседі және ойын дамытады.
Оқулықпен және дәптермен жұмыс жасау барысында оқушы ізденуге, шығармашылық жұмыстар жасауға үйренеді. Әрбір жұмыстан соң өзін-өзі бағалауға, өзіне сын көзбен қарауға, өз қателігін түзетуге дағдыланады.
Осы оқулықтағы мәтіндер, әңгімелер, өлең-жырларды және дәптерді

толтырғанына қарап, оқушының күнделікті сабаққа дайындығын, тақырып

мазмұнын меңгергендігін бірден айқындауға болады. Сонымен қатар

оқулықты меңгеру барысында оқушының ана тіліне, яғни тілге деген

қызығушылық сезімдері дамиды, қалыптасады.