Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
Б.Момышұлы атындағышағын орталықты орта мектеп
Елбасытану
оқулық
Жалпы білім беретін мектептің
4 сыныбына арналған
Нақысбаева Күнсұлу Есмаханқызы
Каменка ауылы

2-сабақ
Жігіттің жақсы болмағы-нағашыдан
Алғы сөз
… Ұлықты да, алыпты да сүйегін жарып дүниеге әкеліп, қан да, жан да беріп, өмір сыйлаған адамнан артық қасиетті жан бола қояр ма екен.Тарихты алып қарасаңыз, ұлы адамдардың қашанда аналары мықты болған. Осы ретте халқымыздың бақытына жаралған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да қарапайым қазақ әйелі туған.Ол да борпылдаған ана сүтін емген, бесікке таңылып, анасының әлдиін естіп, өскен перзент. Қазаққа Нұрсұлтандай ұл сыйлаған алтын құрсақты Әлжан анамыздан бастауды жөн көрдім…
Әлжан анамыз қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданының төріндегі Қасық (қазіргі Талапты) ауылында 1910 жылы (құжатта 1905жыл болып кеткен) дүниеге келеді. Әлжанның бауыры Бөлеген 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, сол кеткеннен оралмайды, тек өлген соң 1956 жылы ғана ақталады. Ол кісі табиғатынан өжет, сөз үшін қолын қалтасына салмайтын ділмар, қалың қасты, кербез де сұлу адам болған көрінеді.
1934 жылға дейін «Қасықта» колхоз басқарады, темекі егіп, ашаршылық, жоқшылықтан кейінгі ауылды көтеріп, көзге түседі. Қызыл үй, мектеп салады. Қасық ауылының атағы дүркіреп, соның арқасында бүкілодақтық староста Калинин ақсақалдың жолы мұнда екі рет түседі. Бірінде Жетпісбай атасының үйінде Ораз Жандосов Калининмен бірге қонақ болады. «Қасық» колқозына біраз еңбегі сіңген соң, жер аударылған орыстар көп тұратын Красногор ауданының Ворошилов ауылына оны парторг етіп жібереді. Облыстық мұрағаттағы дерек бойынша, 1936 жылдан 1937 жылдың қазан айына дейін Красногор аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеп жүргенде ұсталып кетеді. Өзінің белсендік, ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, болашағынан үміт күттірген Бөлегенді «Жан жарыңды құрметте, балалардың бағы үшін, нағашыңды құрметте, ақ сүт берген ана үшін» деген, Нұрсұлтан Әбішұлы Үкімет басшысы болып тұрғанда да, Президент болып сайланғаннан кейін де Қордайдағы нағашыларына жолы түскен сайын із-түссіз кеткен нағашы Бөлеген Жатқанбайұлы жайлы сұрастырып отырған. Ал тоқсанға келіп қайтыс болған жақын нағашысы Айдапкелдің асына үлкен құрметте жүрсе де, уақыт тауып арнайы соққанын жергілікті жұрт аузынан тастамай айтады.
«Елуінші жылдары ауылдағы ағайындарға өте беделді Әлтәбай ақсақал бас-көз болды,-дейді Әлжанның ағайындас бауырларының қызы белгілі экономист Нұржамал Ыбырайқызы.- Сол кісінің бұл елдің атын енді шығарса, қыздар шығарады, өйткені біздің аруақ қыздарға кеткен дегені бар. «Неге» дегенімде ертеректе үрім-бұтағымызға «Аруақтарың қызға кетіп, ұлдарың жасық болсын» деп теріс бата беріліпті.Үлкендер аруақты Әлжанда кетті деп отыратын» деді. Шынында да, біздің қыздардың еті тірі, өжет, бауырмал. Демек, ел арасындағы «Ән тыңдасаң Қасыққа бар, қыз алсаң Қасықтан ал деген» сөз бекер шықпаса керек».
Бөлеген жайында дерек іздеп, Ворошилов ауылына барғанымызда, Елбасының нағашысының көзін көрген Нұрлан Бәзімов ақсақал бізге былай деді: «Бөлеген төртпақ келген денелі, тура аумаған Нұрсұлтан. Кішкене ғана мұрны тәмпіштеу болғандықтан «Бөлеген пұшық» деп қоятын. Онда отыз жастағы баламын, сайдағы ағаштың арасында өтетін жиналыстарда орысша ағып сөйлейтін.
Міне, осындай халқына адал еңбек етіп, жазықсыз жалалы болып, туған жерінен бір уыс топырақ бұйырмаған Бөлеген Жатқанбайұлын есте қалдыру құрметіне кезінде Әлжанның жиені Нәби Ермекбай ақсақал аудандық газетке Талапты немесе Сұлутөр ауылында бір көшенің есімін беру туралы жасаған ұсынысы аяқсыз қалан. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, біз де осы мәселені қайта көтеріп, жергілікті жердегі билік өкілдеріне құлаққағыс жасағымыз бар.

1. Әлжан анамыз қайда, қашан дүниеге келген?
2. Әлжанның ағасы Бөлеген туралы не білеміз?
3. Әңгімеде қандай нақыл сөздер айтылған?
4. Әңгімеде қандай бата туралы айтылады?
5. Бөлеген Жатқанбайұлын есте қалдыру құрметіне айтылған
іс-әрекеттер орындылды ма?

• «Балық қаңқасын» толтыру

3-сабақ
Нұрағаның дүниеге келуі

Әсіресе Әлжан апа Нұрсұлтанын қалай толғатып босанғанын жыр ғып айтатын көрінеді.
Ол былай болыпты.
«Сұлтаныма тура жеті күн толғаттым.Тамақ іше алмаймын, әл-дәрменім таусылған.Шамалғанда перзентхана жоқ , аудандық аурухана Қаскелеңде. Әбіш арбаны жегіп, үстіне жатқызды. Ол кезде тас жол жоқ , кедір-бұдыр, шиқылдап шұңқырға түскен сайын жаным көзіме көрінеді.Әйтеуір, ауруханаға жеттік-ау. Дәрігерлер жүгіріп жүр. Бір еңгезердей еркек келді де «босандыру керек , болмаса өліп кетеді» деді. Сөйтсе, бала ісініп кеткен, әрі салмағы 5 келіге жуық екен. Сонда әлсіреп жатып дәрігердің «мальчика поймал» деген сөзін естідім де, әрі қарай есімнен айрылып талықсып кетіппін. Екі-үш күнге дейін өзіме өзім келе алмаған соң , баланы да еміздірмеді. Бес-алты күн дегенде кіп-кішкентай сап-сары нәрестені әкеліп ұстата салды. Әлгі балаға қараймын, бірақ жүрегім тартпады. Қасымда жатқан қазақтың келіншегінің нәрестесі балпанақтай.Әлгіге қарай беремін. Мен қараған сайын жаңағы келіншек жылайды. Ана жүрегінен сезімтал нәрсе жоқ ,ертесіне шыдамай кетіп,оралған баланы шешіп кеп жіберсем-қыз, жүрегім су ете түсті. Баланы орай-морай қалай дәрігерге барған бойда: «Сіз айтыңызшы, мен кімді тудым» дедім. «Қалай кімді, сіз ұл бала тудыңыз» деп саңқ ете қалды. Ол кісі дереу баланы алды да, жөргекті ашып кеп жіберді. Шынымен қыз. Дереу медбикелерді шақырып, «баланы табыңдар» деп айғай салды. Сөйтсек , қасымда жатқан әйел бұған дейін жеті я сегіз қыз босаныпты. «Осыдан тағы қыз тусаң , үйге келме» деп күйеуі тепсінген көрінеді. Амалы құрыған әйел бір медбикемен астыртын келісім жасайды. Сөйтіп, өз баламды өзім алып, ананың қызын өзіне бердік. Нұрсұлтанымнан осылайша айрылып қала жаздаған жайым бар…»
Нұрсұлтаннан кейін Әлжан қойны құтты болып үш жылдан соң тағы ұл туып, атын Айсұлтан қойды. Бала бірақ үш жасында шетінеп кетеді де,түсінде аян берген шалдың айтқаны айнымай келеді.Нұрсұлтан мен Сатыпалдының ортасында тағы да екі бала шетінейді.Сатыпалдыны туғанда баланы жеті кемпірдің аяқ арасынан өткізіп,оларға жеті қап тезек беріп, есіктен кіргізіп, терезеден шығарып сатып алған.Содан Әбіш аға «құдай енді бір қыз берсе» деп жүргенде 1950 жылы Әнипа туды. Кенжесі Болаттың атын Әлжан апа өзі қойып, осымен «болад» деген көрінеді. Сонда 43 жаста екен. Ол кісі жалпы он үш құрсақ көтеріпті. Әлжан мен Әбіштің жүрегінің кеңдігі ғой, Болаты бір жасында жоғарыда жамағайын Мәмбетбай мен Бүбәйдің бауырына салып беріп, өздерінің жанына алды.

1.Перзентханада қандай оқиға болды?
2.Әлжан ана Сатыпалдыны босанғанда қандай ырым жасаған еді?
3.Әлжан мен Әбіштің жүрегінің кеңдігі Ұлдары Болатты кімдердің бауырына салады?
* Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата
Мәтін кейіпкерлері Ол кім?

Әлжан


3-сабақ
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Әбіш пен Әлжан Үшқоңырда танысады. Онда Әбіш үш жүз арестантқа жол шаптырып жатады. Сонда жүргенде ақ құба өңді Әлжанға көзі түсіп, бір жыл сөз салып жүріп, ақыры үйленеді. Содан бір бөлмелі үйде Әбіштің шешесі Мырзабала, жамағайын болып келетін Мәмбетбай ата мен Бүбәй апа, бесеуі бірге тұрады.
Жақсыны құдай бір шикі өкпеден қысады деген. Әсіресе, әкеден жалғыз Әбіш «Ең болма жүген ұстайтын бір ұл берші» деп Жаратқанға жалбарынумен жүреді. Екеуінің үйленгендеріне бес-алты жыл болғанмен, балалары тұрақтамай шетіней беріп, бір перзентке армандап зарығып жүргенде,әулие жағалап, Райымбек атаның басына түнеп қайтуға ниет етеді. Жарым түн ауғанда ақ киім киген ақсақалды қария келеді де, Әлжанға қарайды . Ол кісі сөйлеуге ишара білдірейін десе, үндеме дегендей қолын тіктейді.Содан жата береді. Бір кезде көзін ашса,әлгі адам жоқ.Бұл бірінші түн болатын.Екінші күні әлгі кісі тағы да келіп,жанына отырады да «Балам ренжіме, ұлды боласың. Сол ұлдың артынан жалғаса береді. Бірақ атын ұйқастырып қойма» дейді де, алақанымен бетінен сипап, тағы да жоқ болып кетеді. Таң атқан соң болған жайды шырақшы шалға жеткізеді. «Әп, балам, құдай берген екен.Енді ауылыңа қайт» дейді ол.Содан көп ұзамай-ақ Нұрсұлтан ағаны көтереді.
Аяғы ауыр кезінде Әлжан апаның өзі де түс көреді. Үлкен теңізге суға түсіппін дейді.Суы керемет тұнық , терең де, ұзын екен.Сол судың түбінен ұзын мылтық көреді.Мылтықты алады да, малтып өтеді. Жүзгенде қолында мылтығы жүреді. Ол кісі мылтықты ер балаға балап, өмір жасы ұзақ,судай тұнық болады деп болжайды. Әлжан апа әр балада түс көріп,өзіне аян беріп отырған.
Әжесі Мырзабала Нұрағаны бес жасына дейін көлденең көзге көрсетпей өсіреді. Өте сүйкімді, балпанақтай балаға көз тиіп кетпесін деп кездемені үлкен жастықтың тысы сияқты төрт бұрыштап тігеді.Біреу келе жатқанда баланы тізесіне жатқызып, сол жабуды жаба салып, құйрығынан соғып отыратын көрінеді.Оған әбден немересі де көніп алған,қыңқ етпей жата береді. «Апа балаңыз неге теріс қарап қалған» деп сұрағанға: «Құдай бір бота берді, оның ернін жырық қып берді,бүгін баламыз ауырып қалыпты»дейді екен. Он айлығында немересі жүргенде апасы тағы да елдің тіл көзінен қорқып, біреу келе жатқанда кішкене қапты аяғынан кигізіп,белінен буады екен. Сонда бала жүрем дегенде қапқа оралып, құлай бергеніне де көңілі көншімейді. Әбден аяқтанғанша деп баланы тауға алып кетіп, қып-қызыл киім тігіп киіндіріп қояды. Бір күні шөптің арасында ойнап жүрген баланың үстінен ұшып жүрген бүркіт я қарақұсты көреді. Қараса бала қазақ үйден алыстап кетіпті. Анасы жүгірейін десе, шөп тура белден келіп оратылады.

Әйтеуір бір құлап, бір тұрып жетеді де, баласының үстін еңсесімен жаба қалады. Әй, енді төмен ұшып түсер ме екен деп қауіп қып аспанға қараса,
жаңағы құстар ұшып кетіпті. Содан кейін балаға қызыл кигізгенді қояды.

1.Әбіш пен Әлжан қайда танысады?
2.Әбіш Жаратқанға не деп жалбарынумен жүреді?
3. «Апа балаңыз неге теріс қарап қалған» деп сұрағанға қандай жауап айтады?
4. Баланы тауға алып кетіп, қып-қызыл киім тігіп киіндіріп қойғанда қандай оқиға болғанын әңгімелеп бер.

• Семантикалық картаны толтыр

Әбіштің шешесі Мырзабала, жамағайын болып келетін Мәмбетбай ата мен Бүбәй апа, бесеуі бірге тұрады.
«Құдай бір бота берді, оның ернін жырық қып берді,бүгін баламыз ауырып қалыпты» Үшқоңырда «Балам ренжіме, ұлды боласың. Сол ұлдың артынан жалғаса береді. Бірақ атын ұйқастырып қойма»
Әбіш пен Әлжан қайда танысады?

Бір бөлмелі үйде
Райымбек атаның басына түнеп
күс көруі
«Апа балаңыз неге теріс қарап қалған» деп сұрағанға:

5-сабақ
Балам балдан тәтті, немере жаннан тәтті
Төлімнің басы, суымның тұнығы, көзімді ашып көргенім,аузымды ашып өпкенім, балаларымның төресі деп Сұлтанын анасы ерекше жақсы көрді. Теміртаудан жақсы хабар келсе, газетке шығып жатса, мақтанып, көрші-қолаңын шақырып бір шәугім шәйін беріп жатқаны. Сұлтаны үйленетін болғанда он бір жастағы қызы Әнипаны ертіп Теміртауға барады.
Тәтені алғаш көргенде, — дейді Әнипа Әбішқызы осыдан қаншама жыл бұрын өткен ағасы мен жеңгесінің тойын еске алып.-Жап-жас әп-әдемі екен. Үстіне етегінде үлкен қалтасы бар жолақ сарафан киіпті.Ол кезде шаштың ішіне шинион тығады, алдына түйіп алыпты. Өзіне киген киімі де, шашы да
жарасып тұр.Маған жеңгем сондай «модный» көрінді. Ертесіне әкеміз ұшып келіп «Балам, өзің таңдаған екенсің, бақытты болыңдар» деп, құдалардың алдынан өтіп, әлі есімде. «Комсомолец» кафесінде тойларын жасады. Сол жолы ағаға екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.
«Сатыпалды тегі (Светлана Мырзахметқызы) алып қашып әкелгенде, онда баламыз ғой қуанып жүгіріп жүрміз,- деп еске алады бүгінде қара шаңырақтың иесі, Елбасының інісі Болат Әбішұлы.- Сол кезде Сара тәтем де үйде болатын . Анам үлкен келініне «Сара, сенің жолыңды берсін , орамалды сен сал» деп ақжаулықты тапсырады. Бақшаны айнала қашқан Светаны тәтем орамалын алып артынан қуып жүр. Әйтеуір бір кезде орамалды салып, шашуын шашып,үйге кіргізді-ау. Бұл 1969 жыл болатын. Ол кезде әкейдің көзі көрмейтін. Сонда «Келші қарағым, түріңді көрмесем де , қолыңнан ұстап, маңдайыңнан иіскейін» деп келінін жанына шақырды. Қолын ұстаса, тіптен нәзік екен, аяп кетті ғой деймін: «Қарағым-ау, мына біздің диюға қайдан тап болып жүрсің» дегені. Бәріміз күліп жатырмыз. Шынында да Сатыпалды ағам батыр тұлғалы, өте ірі болатын.

1.Сұлтанын анасы ерекше қалай жақсы көреді?
2. Әнипаның жеңгесін сипаттаған жолдарын мәтіннен тауып оқы.
3. Көзі көрмейтін әкесі келінінің түрін көрмесе де, оны қалай таниды?
* Тапсырма

төлімнің басы

6-сабақ
Шара шешей шешілгенде…
Әкелері тонның ішкі бауындай араласқан Шара Шегебайқызы бұл әулетке Көшектің ішінде төрт атадан қосылады. Әке-шешесі Үшқоңырда мал баққанда Әбіш ағасының үйінде жатып оқып, қызындай болып кетеді. Нұрағаның бір жас үлкендігіне қарамай, алысып-жұлысып бірге өседі. Кейде бала болып екеуінің ойнағанын көргенде Әлжан жеңешесі «әй, қатты алыспаңдар, екеуің емшегімді тел емгенсіңдер» дейтін көрінеді. Енді қалғанын Шара апайдың өз аузынан естиік…
«Әбіш ағамыз өте қарапайым, кішіпейіл жан еді. Өзі мектеп есігін ашпаса да, жазып оқитын. Жеті жасында әкесінен айырылып, жетімдік көріп өскендіктен оқымай қалса керек. Сөйтсе де, кейінірек қол астындағы адамдарды ақылымен, майда тілімен-ақ жұмсап бригадир, ферма меңгерушісі болып аттан түспеген. Бір артықшылығы – ол кісіге бар ұлт жақын жүретін. Орыс тұрса орысша, балқарша да, шешенше де судай ағып сөйлейтін. Ағамыз үйдің тіршілігіне де, сырт шаруаға да епті, еңбеккор, балалардың қамынан басқада шаруасы болмайтын. Бір бақшадан екі рет өнім алатын. Нұрсұлтанның еңбекқорлығы әкесінен көрген тәрбиесі. Ал жеңгеміз отырған жері тамаша, елді күлдіріп, думандатып жіберетін сауыққой адам еді. Ауылдың тойы ол кісісіз өткізілмейтін, өлім-жетімі де онсыз жөнелтілмейтін ,сондай қадірлі адам еді.
Меніңше, балалардың бір жерден шығарын сол кездің өзінде ата-ана жүрегі сезе қоймайды дейсің бе.Өйткені, басқа балалары бір төбе де, Нұрсұлтаны бір төбе еді. Кішкене екі бөлмелі үйдің түпкі қуысында сабақ оқып отырса, ары-бері жүріп көңілі бөлінбесін деп тамағын қасына апарып қоятын. Біз шуылдап бір бөлмеде жүрсек , ол тапжылмай оқитын. «Балам сабақ оқиды» деп аға ұйықтамай, ол кезде көмір жоқ, түннің бір уағына дейін көң, тезек , қурай , тікен жағатын. Ертесіне жеңешем «тұқымың өскірлер, бәрің теңкиіп ұйықтап жаттыңдар , Сұлтан сабақ оқып , Әбіш түнімен от жағып шықты» дейтін.
Сол әулиетте бір жыл тұрғанымда байқағаным, өздері үй ішімен не айтса да артын қалжыңға айналдырып, күліп отыратын әдеттері бар еді. Ал Әбіш ағамыз қолын жуып дастарханға келгенше өлеңдетіп жеңешеме тиісіп бір шумақ тастаса, соған жеңешеміз жауап қайтармай қоймайды.

Мен де бір үйдің жалғызы едім. Кішкентайымыздан Сұлтанмен бірге ойнап өстік. Ата-анам мал баққанда орыстың бір-екі баласын ертіп алып, Үшқоңырға баратын. Әкем шөп шабады, олар соны жинасады. Балалар келіп қалыпты деп қозы сойып, қуырдақ береді. Сосын Үшқоңырдың бір шелек бүлдіргенін теріп әкелеміз де, қымызға езіп ішеміз. Қазір ойласам, сонымыз бүгінгі балалардың ішіп жүрген йогурты екен ғой. Оның үстіне туған інісі Болатты асыраған атаның үйіне бауырын көруге Жыландыойға Ділдәхан, Қаншайым бәріміз шұбап барамыз. Сонда Үшқоңырда жатқан Мырзабала әжесінің бейітіне соғып, тұсындағы дәу қаратастан секіріп ойнаймыз.Кейін 1990 жылы Сұлтан Президент болып, Сара екеуі Шамалғанға Болаттың үйіне келгенде амандасуға бардық. Ол кезде шалым екуіміз Үшқоңырда бойдақ мал бағатынбыз. «Ой, келгенің жақсы болды, бала күнінде өскен Үшқоңырды бір көрейінші деп барған екенсің ғой,-деп күлді де: «Апамның тұсындағы қара тас тұр ма? Өздерінің орны бар ма екен? Деп сұрады. «Қара тас тұр, бірақ орны жоқ. Мал жайылады. Құсан деген жылқы қора салып қойыпты» дедім. Біраз үнсіз отырды да «қоршатамын» деді. Айтқанындай-ақ, бір айдан кейін қоршатып тастады. Бір – екі жыл болыпты, одан да жақсылап қойыпты деп естідім.
Бірде сабаққа кетеміз деп таңғы шайды ішіп отырғанда Сұлтан: «Жеңеше, түнде түс көрдім. Алакелдінің жотасына бір қап тұз көтеріп шығып, жерге қойып қарасам, біздің кластың балаларының бәрі етекте жүр екен» деді. Сонда жеңешем: «Ә, балам, жақсы боласың , барлығынан нәсібің жоғары болып, биікте жүреді екенсің» деді. Онда 7 жаста оқитын. Сондағы айтқан түсі ешқашан есімнен кетпейді. Сол арқалап апарған тұзы халқы болуы керек деп ойлаймын.
Мен орыс, Сұлтан қазақ класында оқыдық. Қазақ мектептерінің бағдарламалары жеңіл деп, орыс тілінің грамматикасы мен хрестоматиясын менен алып пайдаланатын. Сөйтіп, қазақ класының оқулығын місе тұтпай Пушкин, Лермонтовты орыс класының жрестоматиясын оқитын. 7 класты бітірген соң әке-шешем көшіп келді де, өз үйіме кеттім.
Нұрсұлтанның кейбір қасиеттері жеңешем мен ағаға келеді. Әсіресе, кішіпейілділігімен, қарапайымдылығымен қандай орта болса да елді күлдіріп, мәз-мейрам ететін қалжыңбастығы Әлжанға аумай тартқан.Әкесіне сөйлеген сөзі, дауысы қатты ұқсайды. Нұрсұлтан радиодан, телеарнадан сөйлеп жатса, ағаның даусы құлағыма келеді.Әбіш аға да сөйлегенде керемет шешен болатын.Сөйтсем, ақын екен ғой.
Жеңешем Дариғаны қырқыннан шығармастан қолына алып келіп, 1-ші класқа дейін баққан соң ба, сондай жақсы көрді. Кейін ата-анасы әкеткенде «Әбіштен бір айрылып, Дариғамнан екі айрылып» деп жаман қапаланғаны бар. Ажалға амал бар ма, болмаса Нұрсұлтан шешесін аман алып қалар еді ғой.
… Кешегі күннің бәрі алыс деген. Ол да бір уақыт еді.

1.Шараның Әбіш атаға қандай туыстық жақындығы бар?
2.Шара Нұрағадан қаншалықты үлкен еді?
3. Екеуі бала болып бірге ойнағанда Әлжан жеңешесі не деуші еді?
4.Сұлтан қандай түс көреді?
5. Анасы оны қалай жориды?
………………………………….
…………………………………..
• Нұрағаның кейбір қасиеттері:
………………………………….
………………………………..

7-сабақ
Әлжан апаның әзілдері
Көңілді, әзілқой адам қашан да өз ортасында құрметті, сыйлы. Өйткені, олар өзгелердің санасына, көңіл-күйіне жарық күн сияқты нұр, шуақ сыйлайды. Содан да шығар, әзілде кек болмайды, айтылған жерінде қалады. Ал қазақтың қалжыңы ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан жәдігер, мұра десек те болғандай. Әсіресе, жыр ғып айтып жүретін жеңге мен қайын, құдаша мен құдабала арасындағы керемет қалжыңның өткірлігі, қаттылығы сондай, кейде тіл байланып, кейде бата тимесе де, қате тиіп кеміс болып қалғандар да болған ғой. Әлжан анамыз сол бұрынғы қалжыңбас жеңгелердің сарқытындай. Бүгінде ол кісінің көзін көргендер қалжыңдарын әлі ауыздарынан тастамай жыр ғып айтып отырады. Бүгінгі қалжыңдары соның бір парасы ғана.
Бірде жақын қайнысы Әбділдә оны алты жастағы, шашы тобығына түсетін қызды атқа өңгеріп алып қашып келеді ғой. Келіннің бетін ашып, той жасап, бірнеше күн өткен соң Әбділдә келіншегін ертіп ЗАГС-ке некеге отыруға бара жатпай ма. Кәмелетке жасы жетпейтін болған соң, Мәликеге «тридцатый год деп айт» деп үйретіп келеді.Ол кісі болса ұмытып қала берсе керек. Әбділдә бір қараса көшенің басынан аппақ киініп алған Әлжан жеңгесі көлбеңдеп келе жатады. Жеңгесінің сырын білетін қайнысы келіншегіне ештеңе айтпастан «Сен менің артыма қарай» деп сыбырлайды. Бір кезде алқын-жұлқын жеңгесі жақындап келеді де, «Әй, Әбділдә, мені тастап алғандағы әйеліңнің сұры мұнау ма? Көзі бытық, түрі қап-қара.Дәл ананың бетінен » дейді де жеңін түріп жіберіп, «менің білегім аппақ» деп жөніне кетеді. Содан ЗАГС-те, бәрі жайына қалады. Келіншегі үйге пора-порасы шығып жылап келіп, енесі Айшаға: «Апа,балаңыздың тастаған әйелі бар екен ғой» деп дауыстап өксіп-өксіп жібереді. Енесі болса «Не дейді?» деп ыршып түседі. Сосын болған жайды айтады да, «кетемін» деп жинала бастайды. Артынан Әбділдә келіп, енесі де «Ой, қалжыңдап жүрген жеңгесі ғой» десе де көнбейді.Сөйтіп тұрғандарында басқа көйлегін киіп алған Әлжан жеңгесі бақша жақтан тағы келе жатады. Келе әй-шәй жоқ Мәликаға: «Иә, қайда жиналып жатырсың? Айтшы, өзіңе күйеу керек пе?» дейді. Жас емес пе , қорыққаны бар, сасқаны бар «ке-ре-к» деген ғой. «А, керек болса , күйеуді саған-ақ бердім. Маған керегі жоқ» деп бұрылып кете барыпты.

1. Көңілді, әзілқой адамдарды сипатта.
2. Әлжан ананың жақын қайнысы Әбділдәмен қалжыңын мәтіннен тауып оқы.
• Тапсырма
көңілді

8-сабақ
Ананың ақтық демі
Бірде Бүбәй апа, Айдапкел нағашыңның қызы Зинакүл, Әнипа үшеуі отырады. Әлжан апа Сұлтаны сатып алып берген «Зингер» машинасымен сартылдатып қызына көйлек тігіп жатады. Бір кезде қызы Әнипаға: «Қызым-ау, өлмейтін пенде жоқ . Ал өліктің сәні – жылау. Бір күні өліп қалсам не деп жылайсың? Оның үстіне жалғыз қызы не айтады деп , кейбірі сынап отырады. Одан да мен саған жоқтау үйретейін» деп, ұзын – сонар шумақтарды айта бастайды. Ол кезде Әнипа ары кетсе алты-жетідегі бала екен.
«Бес биенің сабасын , бес күн саусам тола ма»,
Екі жеңгем болса да жеңешемдей бола ма», деп ары қарай шұбата жөнеледі. Тыңдап отырған абысыны Бүбәй бір кезде «тұқымың өскір Әлжан-ай , не айтып отырсың ?» деп солқылдап кеп жыласын. Онда да қоймай, «Алдыңнан пейіш ашылсын, артыңнан мейіз шашылсын, алыстан аңсап келгенде, алдымнан менің кім шығар» деп жыла» дейді. Артынан үшеуі де жеңешелері шын өлгендей еңіреседі кеп. «Басқа шумақтары есімде жоқ , жыламауға шыдатпайтын керемет өлеңдер болатын» деп Әнипа осы шумақтарды жақында балалары , келіндері Сара Алпысқызы, Света Мырзахметқызы, немерелері жиналып аналарының қайтыс болғанына отыз жыл толуына орай ауылдастарының , ағайындарының басын қосып, құран бағыштап, дастархан жайған үлкен аста жылап айтып, жиналғандардың көңілін босатқаны бар.
Әлжан апа көп ауырмай 1977 жылы 66-дан 67-ге қараған шағында бақилық болды. Анасының ауырып жүргенін Нұрсұлтан аға біледі. Келген сайын келіні Гүлжан мен Болатқа: «Абай болыңдар, әсіресе, түнде қараңдар»деп тапсырады. Ештеңеден тарығып қалмасын дегені ғой, Гүлжанға ақшаларың жете ме деп сұраса, ағадан ұялып, «жоқ , аға, жетеді» дейтін көрінеді. Бірақ , кейін бесікті шешкенде баланың жастығының астында 150-200 сом жатады.
Зады, Жаратқан иеміз адамға талқаны таусылып, мына пәниден өтетінін сездіретін болуы керек. Әлжан кенже келінімен екі жыл тату-тәтті тұрады. Қара шаңырақта анасы отырған соң балаларның сағынып аңқасы ашылып келгенде де, каникулда әжелерін көруге немерелері арсалаңдап жеткеде де бәрінің жөнін тауып, қабақ шытпай томпаңдап жүрген келініне іштей риза болатын. Ауырған кездерінде желкем десе, желкесін, аяқ-қолын уқалайды. Соңғы күндері төсек тартып жатып қалғанда да аппақ қардай таза ғып ұстайды. Келініне сонда жүрегі елжіреп: «Қарағым, осыдан тірі қалсам, өлгенімше құлың болып өтермін, ал өліп кетсем желеп-жербеп жүрермін» деп аналық ризашылығын білдіріп, батасын беріпті…

1. Бүбәй апа, Айдапкел нағашыңның қызы Зинакүл, Әнипа үшеуі әңгімесін мәтінен тауып оқы.
2. Әнипа осы шумақтарды қай кезде есіне түсіреді?
3. Әлжан апа көп ауырмай қай жыл, неше жасында бақилық болды?
4. Нұрсұлтан аға келген сайын келіні мен інісіне не деп айушы еді?

• Әлжан ана кенже келініне берген ризашылығын тауып жаз
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….. ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….. ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

9-сабақ
Ананың ақ батасы
…Гүлжан мен келіні Әнипаны ақтық демі таусылардан бес-алты күн бұрын шақырып алып, сандығын ашып бәрін табыстайды.
«Қарағым, өлгеннен кейін де абырой керек. Жоқ та болдым, бар да болдым, тар да болдым, кең де болдым, шөл де болдым, көл де болдым. Құдайдың өлшеп берген жасы осы болса, қанағат. Сендер баласыңдар, мұны білмейтін де шығарсыңдар. Әр адамда ақыреттік киім деген болады. Мына жалған қу дүниеден анау шын дүниеге сол ақыреттік киіммен ғана барасың» деп
сандықтағы ақ болатнайды көрсетеді де, сосын өзі киіп жүрген кезінде елдің қолы жете бермейтін , Сұлтаны әкеп берген қытайдың жеп-жеңіл қоңыр қолына тонын алды.
«Гүлжан қарағым, сен де бір үйдің әлпештеп отырған баласы болсаң да, біздің босағаны аттап, осы шаңырақтың ыстық-суығына көніп, әке-шешеңнің көрегендігін білдіріп, не алдымнан кесе көлденең өтпедің, не бетіме бір жел болып тимедің. Айтқанымды екі етпей орындадың. Мына тонды ешкімге бермей өзің ал. Өзі жеңіл, әрі жылы. Қонаққа кимесең де, далаға кіріп шығып жүргеніңде енемнен қалған көзі еді деп жүрерсің» дейді.
— Апа неге ондай жаман сөз айтасыз. Әлі-ақ , өзіңіз тоныңызды киіп,
құрдастарыңыздың үйіне баратын боласыз,-деп тумасында ақырын сөйлейтін Гүлжан енесінің тосыннан шешіліп айтқан сөздерінен секем алғаны ма, іле жауап қайырады.
-Тілім сайрап отырғанға сенбеңдер, дайындықсыз болмаңдар. Дүниеде үш нәрсе болжаусыз, ол – толғақ , қонақ , өлім. Өлім ешқашан айтып келмейді, ажал айла таптырмайды. Алды сайран, арты ойран, дүние деген осы.
… Әлжан апа дүниеден озар күні көңілін сұрап бір топ кемпірлер келеді де, есіктен шыға бере «Жарықтықтың жанары кетіп қалыпты» деседі. Содан-ақ «Әбіш кел!», «Апа!», «Жәке!» деп жылап жан тапсырады.
Әлжан ананы шығарып салуға бүкіл ауыл жиналады. Қарағандыдан Дариғасы мен Сара келіні кешігінкіреп келеді. Сонда Дариғаның жанында тұрып қалған Нәркес апайдың үйінде Күнімбала апай: «Сегіз жыл көтеріп баққан апам-ай, ең болмаса қызығымызды көре алмай кеттің-ау » деп жылағанда көзіне жас алмаған адам қалмады. Сұлтан ер кісі емес пе, еш нәрсе айта алмай, бүк түсіп тұрды. Сосын «Апамды қайтып апарасыңдар дегенде кілемге ораған апасын көріп, Дариға бой бермей ақыретін шештіріп, бетіне қарап тұрып жылағаны әлі есімде. Сонда сегізінші класта оқиды екен» деп айтқан еді.
… Төле би бабамыз: «Батыр деген көк барақ ит, екі долы қатынның бірі табады , би дегенің бір бұлақ , көп қатынның ілуде бірі табады» демекші, ағайынның арасында сөз салса сөзін, жөн салса жөнін өткізіп ақылы асқан , әзіл-қалжыңды жарастырып, ортаның гүлі болған ақынжанды, үлкен жүректі Әлжан ана осындай жан. Болат Әбішұлының анасын сағынғаны ма, әлде ағасының керемет жетістіктеріне риза болған ерекше толқыныс үстіндегі көңіл күйі ме, бірде: «Кейде отырып, қиялға беріліп кеткенде «Шіркін-ай, жеңешем бір күнге тіріліп келіп, баласының-ағаның Президент болғанын бір сәт көрсе ғой» деймін. Ол кісінің күндіз-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, дамыл таппай жасайтын қызметін көргенде, ең болмаса ағаға лайық іні бола алдым ба деген ойлар мазалайды» дегені бар.
… Иә, егер Әлжан ананың көзі тірі болып, елі, ұлты үшін Сұлтанының жасап жатқан қиян-кесті тірлігін көрген болса , «Құлыным-ай, ақ сүтімді екі есе ақтадың ғой » деп айтары хақ еді.

1. Әлжан ананың ақтық демі таусыларда айтып кеткен ризашылығын тауып оқы.
2. Көңілін сұрап бір топ кемпірлер сөзін тауып оқы
3. Болат Әбішұлының анасын сағынғандағы сөздерін мәтінен тауып оқы.
• Дүниеде үш нәрсе болжаусыз: …………………………………………………
………………………………………………………………………………………………..

10-сабақ

Елбасымен мақтанамыз
Мемлекеттік басшының жыл сайынғы Жолдаулары- еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын біріктіретін құжат екенін, 1997 жылдан бері осы уақытқа дейін 19 Жолдау жариялағанын айта келе олардың әрқайсысына шолу жасады.
-Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге, қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына және болашақтың іргесін бірге қалауымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Дегенмен, Жаңа Экономикалық Саясатқа негізделген «Нұрлы жол» бағдарламасының тарихи маңызы өте зор. Себебі, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс және жақын болашағымыздың бағдарын айқындап отыр. Сондықтан, Жолдауды бәрімізді біріктіретін, болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Жолдаудан туындайтын міндеттер ел экономикасының қуатын еселеуге бағытталады. Халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер белгіленген. Келесі жылдан бастап ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін бес жүз миллиард теңгеден екі гранш бойынша бір триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 жүз миллиард теңге көлеміндегі екінші гранш қаржысын тиісті мақсаттарға бағыттауды тапсырды Елбасы.
Жолдауда тұрғын үй бағдарламасын одан әрі дамыту мәселесі де қамтылған. Мемлекет басшысы әсіресе, еліміздің болашағы- жастарға, жас отбасыларына арнап қолжетімді үй салу мәселесіне кеңінен тоқталды.
2015-2016 жылдар ішінде жалға берілген тұрғын үй құрылысын қаржыландыру қосымша 180 миллиард теңге соммасында ұлғайтылады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша білім мен ғылым саласына да ерекше көңіл бөлінеді. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш аусымда оқыту проблемаларын шешуі және анықталған 10 жоғары оқу орындарына 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға көңіл бөледі.
Жолдау халықтың әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту, ел бірлігін нығайту мақсатында барша қоғамды белсене жұмыс атқаруға үндейді.

Маржан Омарбекова

1. Мәтінді түсініп оқы
2. Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп денен сөздерді қалай түсінеміз?
3. Мәтін желісінен осы сөздің мағынасын ашатын жауаптарды тауып айтып бер

• Елбасының еңбектерін жаз (кітаптары )
1. …………………………………….
2. …………………………………….
3. …………………………………….
4. …………………………………….
5. …………………………………….
6. …………………………………….
7. …………………………………….
8. …………………………………….

11-сабақ
Азаматтың борышы-ел бірлігі
«Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шың¬дарына жете алатынын дәлелдеп берді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын мақаласында осылай деді. Жалпы, қай сөзінде болсын Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі. Оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатыр.
Елдің ауызбірлігі туралы жеті ғасыр бұрын жыраулар да күңі¬ренген, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», деп кешегі Абай да өкініп өткен. Абай өлеңдерін жатқа оқитын Елбасы жақында өткен бір кездесуінде «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ақын сөзін тағы да мысалға алды. Мысалға алып қана қойған жоқ , осы сөзді ертеңіне сенімді еліміздің әр ауыл, әр қаласының көшелеріне жазып қоюды тапсырды. Өзім басшылық етіп отырған Жамбыл облыстық газетінің «Ақ жол» деген «бөркінің» үстіңгі жағындағы «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды» деген сөзді де біз Елбасы саясатынан туындатып қойғанбыз. Енді оны газеттің әр санында жарияланатын қазақстандық достық туралы мақалалардың айдарына айналдырып, орнына Елбасы мысалға келтірген ғибратты шығарып отырмыз.
«Бөлінгенді бөрі жейді». Жүзін жарнамалап, ру аттарын аттандап жүрген «шолақ белсенділерге» Абай ақылы, Елбасы саясаты сабақ болса екен дейміз. Жамбыл жері ежелден ұлттық бірлікті санада сақ¬таған, татулықтың ордасы болған өңір. Сан этностың ұл-қызына құт мекен болған қазақ даласында бейбітшілік пен тұрақтылықтың салтанат құруы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жүзеге асуда. Ортақ Отанымыздың басты құндылықтарын, асыл мұрат¬тарын құрметтеп, қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Ұлт болып бірігіп, Елбасының алдымызға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру – әрбір азаматтың борышы.
Көсемәлі Сәттібайұлы
1. Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі туралы айтылған нақыл сөздерді мәтінен тауып оқы.
2. Өз ойыңды айта отырып, ел бірлігі туралы мақал мәтелдер айтып үйрен.
• Кестені толтыр
Мақал-мәтелдер
Отан, елдік туралы Ерлік, бірлік туралы












12-сабақ

Елімнің болашағы жарқын

Біз тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдарымен жүріп ғасырлар бойы небір қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткен елміз. Бірақ бұл бізге оп-оңай берілген жоқ. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болмаса, тәуелсіздікті алар ма едік? Бұл халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасқан күрес жолы. Шет жақтағы қандастарымыз: «Біз де Отан бар, ел бар, туған жеріміз Қазақстан деп, еңсемізді еркін көтеріп, айта аламыз»-дейді. Осыны естігенде жұдырықтай жүрегіміз қуанышқа бөленеді. Тәуелсіздік деген осы екен ғой дейміз ішімізден.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назабаев тәуелсіздік алғалы бері елімізді сүріндірмей алға жетелеп келеді. Бүгіндері біздің Республикамыз жан-жақты дамыған елдер қатарына қосылып келеді. Жыл сайын өркендеп, гүлдену үстінде. Болашақта елімнің дамыған елдермен терезесі теңесері анық. Себебі, біздің болашағымыз-жарқын болашақ.
Айжан Жабағиева
Алматы облысы

1. . 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болмаса, тәуелсіздікті алар ма едік?
2. Бүгіндері біздің Республикамыз жан-жақты дамыған елдер қатарына қосылып келуіне себеп болар қандай мақтаныштармыз бар?
• Кестені толыр
Астана Алматы












13-сабақ

Ел сенімін арқалаған Елбасы
Қазақтың ұлт болып өркендеуінің ең басты құндылығы-Отанымыз Қазақстан! Бұдан өзге біз үшін қандай биік мақсат бар?! Мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамға бармауы тиіс. Халқымызда «ынтымақты елде бақ болар» деген дана сөз бар. Біз қазіргі кезде мемлекеттілігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атын әлемге әйгілі етудеміз. Халқының саны аз, экономикасы даму үытіндегі елге технологиямен өсіп-өркендеу ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері бізбен санатын болады. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа асқан табандылықпен, ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізуге болады.
Толағай табыстармен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып экономикасы серпінді бола түсті. Елбасының арқасында Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Халқымыз қашан да қара қылды қақ жарар адал, әділетті, тура сөзге, ақиқат сөзіне жүгіне білген. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе-соны ертеңге жеткізу , келесі ұрпаққа , болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау, Елбасыға жүктелді.
Тәуелсіздік жолы тар, тайғанақ екеніне көзіміз жетіп келеді. Елбасы ретінде бұрын бодандықта болған тәуелсіз жас мемлекеттің тез нығайып, өркендеуі, бүгінгідей өтпелі ауыр кезеңнен халықты қажытпай, жүдетіп алмай алып өту- үкіметтен-атқарушы биліктен көп нәрсе талап етіледі.
Ендігі Елбасының басты мақсаты-еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаға мүмкіндіктерге жол ашу. Қазақстан-2030 Стратегиясын орындай отырып, 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру-ел дамуының аса маңызды шебі.
Елбасы өзінің жолдауында: «Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндеттіміз.
Біріншіден, біздің ең бақытты құндылығымыз-ол Отанымыз Тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-қуатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез-келген қадамға бармауы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану-дамудың аса маңызды шарты», — дейді.
Міне, ел аманатын арқалаған Елбасының жолдауын іске асуына атсалысу , болашақ ұрпақтың, яғни, біздің қолымызда.
Алтынай Мұратбекова
Алматы қаласы

1. Мәтінді түсініп оқы.
2.Халқымызда «ынтымақты елде бақ болар» деген дана сөзді қалай түсінесің?

• Семантикалық кестені толтыр
Қазақтың
ұлт болып өркендеуінің ең басты құндылықтары өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану-дамудың аса маңызды шарты» мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-қуатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез-келген қадамға бармауы тиіс.
біздің ең бақытты құндылығымыз-ол Отанымыз Тәуелсіз Қазақстан! экономикалық өрлеу әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс
Біріншіден +
Екіншіден +
Үшіншіден +
Төртіншіден +

14-сабақ
Бар береке Қазақстан жерінде
Бекзат Байқанов

Қыран құсым қалықтаған көгімде,
Бар береке Қазақстан жерінде.
Елу алты елден келген делегат,
Саммит өтті Сарыарқаның төрінде
Басында тұр Қазақ әлем көшінің,
Аппақ қардай секілді аппақ есімің.
Келісімге келе алмаған көп елдер,
Сол саммитте тауып жатты шешімін.
Жалғастырған батысы мен шығысын,
Үлгі болды бар әлемге бұл ісің.
Қазағымды мойындады бар әлем,
Қазақ елі сондықтанда ұлысың!
Мақтанышпен сезім билеп мені де,
Риза болдым қазақ деген тегіме.
Алпауыт ел басшылары таң болды,
Келген кезде ұлы Қазақ жеріне.
Қазақстан,
Ел жоқ сенен асатын,
Біз боламыз саған үлес қосатын.
Ынтымағы ,бірлігіміз жарасқан,
Алға!
Алға!
Қазақ елі жасасын!

1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқы

• Венн диагаммасын толтыр

15 сабақ

Әр мемлекетке 25 гектар жер бөлінді

Халықаралық көрмеге келетін әр мемлекетке 25 гектардан жер бөлінеді. Қонақтар мұнда өздерінің павильондарын орналастыратын болады. Мұндай ауқымды шараны өткізудің пайдасы мол.Біріншіден, техника саласының дамуына жол ашады. Оның үстіне, Қазақстанда қазірдің өзінде балама энергия көзін пайдаланатын аймақтар бар. Болашақта энергия тапшылығын көрмеу үшін де бұл көрменің пайдасы бар.
ЭКСПО өткізуден ақшадай қанша пайда түсетінін есептеу қиын. Дегенмен, 5 миллион адам келеді деп отырған ауқымды шараның пайдасыз болмауы тағы белгілі. Салыстыру үшін айтар болсақ , 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден 12 миллиард доллар пайда түссе Ганиовер қаласында өткен көрмеден 305 миллион еуроға жеткен екен. Өзге елдермен достық қатынастың нығаятыны өз алдына. Мәселен, көрмеге дайындық басталып та кетті. Германия құрылыс саласындағы тәжірибелерімен бөлсуге дайын екенін де жария етті.
ЭКСПО жастар үшін де мүмкіндік деуге болады. Мұндай үлкен көрме – жастар үшін тегін тәжірибе. Әрі халықаралық қатынас саласында бақ сынаймын деушілерге де пайдалы.
Бексұлтан Нукарбан

1. 25 гектардан жер не үшін бөлінеді?
2. Қонақтар мұнда өздерінің қандай нысандарын орналастыратын болады?
3. ЭКСПО өткізуден ақшадай қанша пайда түсетінін есептеу неге қиын?
4. Салыстырмалы түрде қандай дәлелдер келтіре аламыз?
5. Әрі халықаралық қатынас саласында бақ сынаймын деушілерге қандай пайдалы жақтары мен қырларын айта алар едің?

16-сабақ

Егеменді елім-ай!

Сөзін жазған: Әбдірахман Асылбеков
Әнін жазған: Марат Ілиясов

Елімізге қарашы,
Жерімізге қарашы.
Ұлан байтақ даласы,
Алтай-Арал арасы.
Қайырмасы
Егеменді елім-ай,
Еркін өскен жерім-ай!
Еркелеткен елім-ай,
Есілдей кең көңіл-ай

Қазақстан халқым-ай,
Әлемге аян даңқың-ай!
Елім бер деп тәуелсіз
Ән саламын шалқып-ай!

Алда асу аласы-
Елу елмен таласы.
Мақтанады елім деп
Бар қазақтың баласы

Дәнге толы даласы,
Әнге толы қаласы.
Бәйтерек тұр жасарып
Астанама қарашы!

1. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып жаттап алу

• «Құмырсқа» қаңқасына салу
(Сендер өз ойларыңмен басқаша да толтыруларыңа болады)

Қазақстан халқым-ай, Әлемге аян даңқың-ай!

Дәнге толы даласы Астанама қарашы!

17-сабақ
Ер елдің панасы

Биыл, міне, екінші рет қазақ еліне 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін тойлап жатыр.
Сондықтан мен де өз өмірімде ұмытылмайтын болып қалған қуанышты күнімді көпшілікпен бөліскенді дұрыс көрдім. Бұл менің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнап Елбасының елі үшін аянбай еткен еңбегін ұлықтау үшінқосқан тамшыдай болса да үлесім болар.
Со бір сәт қанша кәрілік жетті десек те естен шықпайды. Ол ұмытуға тиісті де емес еді. Бұл-қамкөңіл жұртқа қамқорлық жасап, жағдайын сұрай келген Елбасымен жүзбе-жүз кездескен сәт болатын…
2003 жылдың мамыражай мамыр айының тыныш түнінде ел-жұрт аяқ астынан дүрлікті. Ескертусіз келген табиғат апаты шырт ұйқыда жатқан халықтың тынышын алды. Жер сілкініп, ел түн ортасында абыр-сабырға түсті. Жаңа күн туып, таң атқанда жер бетінде болған алай-дүлейді, қираған үйлерді көрген тұрғындар жапан далад жалғыз қалғандай күй кешіп егілді.
Дегенмен, «Ел-ердің панасы, ер-елдің панасы» екендігі осындайда көрінеді екен. Сол күні-ақ зіл-заладан құлақдар болған Елбасы арнайы топ құрып, іске кірісті.
… Осылай күз мезгілі де келіп жетті. Ауыл жаңа тіршілікке енді. Ендігі халықтың күткені –Елбасымыздың келуі. 23 қазан күні Құлан жеріне арнайы іссапармен келген Н.Ә.Назарбаев жабырқау көңілді жұртты жігерлендіріп, рухын көтеріп тастады. Зіл-зала орын алған аймақтарды аралап, жаңа ғимараттар мен үйлерді өз көзімен көріп шықты. Әрине, Құлан жеріне табан тіреп тұрып, дүниежүзіне әйгілі жүйрік Абсенттің табаны тиген жерді көрмей кетуге тағы да болмайды. Елбасы Көгершін ауылына ат басын бұрып, мұнда да халықпен емен жақын жүздесті. Сол к.ні көшеге халық көп жиналды. Президент келеді дегенді естіген соң ешкім үйінде тыным тауып отыра алмасы анық қой. Сол күні мен ол адамның жай адам еместігін байқадым. Оның жүзіндегі жылылық пен көзіндегі нұр адам баласын өзіне бірден баурап алады екен. Мен одан алысырақта тұрсам да қалың елдің арасынан өтіп барып, қол алысып сәлемдестім. Ол жылы шырайлы жүзімен маған күлімсіреп қарағанда, өзімнің қалайша жас баладай қуанғанымды да байқамаппын. Менің осы бақытты сәтімді суретке түсіріп алыпты. Осылай халықпен аман-саулық сұрасып болған соң сапарын ары қарай өзге өңірлерге жалғастыруға жүріп кетті.
Мен осы кездесуден кейін Елбасының қарапайым, кішіпейіл жан екенін байқадым. Ол не істесе де қазақ үшін жасап жатқанына сенемін. Қазақ халқы-өлмейтін, мәңгі жасайтын ел. Ал, осындай елді Нұрсұлтандай жермен, ауылмен етене таныс азаматтың басқарып отырғанына Аллаға үшкіршілік етемін. Оның жатса-тұрса ойлайтыны қазақтың қамы екеніне менің еш шүбәм жоқ. Біз тек осындай ерлердің ісімен ғана әлемнің назарын аударып, дамыған елдің қатарына ене аламыз. Елбасымыз аман болып, жүз жасасын!

Игенбек Құрбанов
Т.Рысқұлов ауданы

1. Еліміздегі Президент күні қай күн?
2. Елбасы Құлан өңіріне не себепті сапармен келді?
3. Ата-аналарың осы зіл-зала туралы әлі есіне алады ма?
4. Естігенде сен қандай сезімде боласың?

• Қарияның Елбасыны суреттеген жерлерін мына жолдаға көшіріп жаз

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

18- сабақ
Ғаламдық дағдарыс дәрісі
Халықаралық ахуалды талқылаған форум қатысушылары жер жүзіне ортақ-жаңа эконмикалық модель жасау қажеттілігіне тоқтады. Ол үшін алдымен ашық та әділ жаһандық тәртіп орнауы тиісті. Ұлы елдер де, кіші елдер де осы мақсатта жұмыс істеуі қажетті. ХХІ ғасырда болашаққа нық қадаммен бет түзер жаңа әлем құрудың қарапайым 5 қағидасы ұсынылды:
Біріншісі-эволюциялық және революциялық өзгеріс жасаудан бас тарту;
Екіншісі:-әділеттілік, теңдік, өзара әріптестік;
Үшіншісі: -жаһандық толерантты және сенім;
Төртінші:-жаһандық ынтымақтастық байланыс;
Бесінші:- көпбағытты бірлесе даму;
Бұл ұлы мақсаттар тыңғылықты жүзеге асу үшін жаңа жаһандық қаржы-экономикалық жүйесі құрылуы тиіс.Жаһандық қауіпсіздік, әсіресе, ядролық қауіпсіздік құрылымы ауадай қажет.Өзара түсіністік пен келісімді нығайту үлесінде жаһандық үнқатысуды оң жолға қою шарт. Сонымен қатар, алдағы уақытта балама қуат көздерін дамыта отырып, «жасыл» экономикаға жаппай көшу де жаһандық экономиканың көздеген мүддесі. Сол себепті де, Астанада өтетін, «ЭКСПО-2017»-бүкіләлемдік көрмесі «болашақтың қуат көзі» ұранын ұстанған.
Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен арнайы ат шалдырып , Елордаға жеткен мәртебелі қонақтарда есеп болмады. Олар жиын мінбелерінде жарыса сөз алды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-ші сессиясының президенті Вук Еремич, Македония Премьер-Министрі Никола Груевский, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У.Хинбо, осы сала кеңесінің президенті Нестор Осорио, Ислам даму банкі тобының президенті Ахмад Мұхаммед Әли Әл-Мадани, т.б. қонақтар әлемге ортақ үйлесімді әрекетті бірауыздан қолдады.
VІ Астана экономикалық форумы аясында Инновациялық жобалар көрмесі ашылды. Көрмеге 15 еуропалық және қазақстандық технология жаңалықтары қойылды.
Алма Үмбеттегі

1. Жаһандық қаржы-экономикалық жүйе деген сөздің мағынасын түсінеміз бе?
2. «Қаржы-экономика» деген сөздер күнделікті өмірде жиі кездестіресің бе?
3. Біздің Елбасымыз БҰҰ-ның мүшесі деп айтар ма едің?
4. Эволюциялық және революциялық , жаһандық толеранттылық сөздеріне сөздіктерді (энциклопедияларды ) пайдалану барысында түсінік бер

• Кестені толтыр

Эволюция

Революция

Жаһандық толеранттылық

19-сабақ
«Қазақ елі»-ұлттық мақтанышымыз

Қазақстанның Тәуелсіздігін, тарихын, ұрпақтар сабақтастығын
бейнелейтін «Қазақ елі» монументі
2008жылдың 6 шілдесінде ашылған болатын.
Бұл күн-Астана қаласының 10 жылдық
торқалы тойы болған тарихи күн еді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей
бастамасымен салынған кешен ашылғаннан
кейін халықтың , арнайы мамандардың
ұсынысымен жаңа композициялармен
толықтырылып қайта жасалды.
Қазір «Қазақ елі» монументі Астана
қаласының сәніне сән, мәніне мән қосып
тұрған үлкен, бірегей архитектуралық
ансамбль.Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен
бүгінгі өмірінің лайықты бейнесі. Ұлтымыздың мақтанышы,болашағымыздың жарқын символы.
«Қазақ елі» кешенінің жалпы аумағы 5,2 гектар.Ал орталық тұғырнама орналасқан аумақ 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан өрілген сынтастың (колонна) биіктігі – 91 метр. Бұл –Қазақстан Тәуелсіздігін алған 1991 жылдың құрметіне, соған белгі ретінде арнайы салынған. Ақ түс біздің еліміз халқының достыққа адал, бауырмалдық ниетін паш етіп тұрғандай. Сынтастың ұшар басында аспанмен астасып,алтын түстес бояумен әрленген алып, Самұрық құс тұр. Самұрық құстың биіктінің өзі 3,3 метр. Еліміздің тыныштығын күзетіп тұрған Самұрық еркіндік пен күш-қуаттың символын білдіреді.
Орталық тұғырнаманың екі жағын ала ұзындығы 120 метр ге созылған доға пішіндес ақ мәрмар тізбегі орналасқан. Діңгектердің саны-28, әрқайсысының биіктігі 9 метрден. Осы діңгектер тізбегінің артында әрқайсының биіктігі 3,5 метрден 11 мүсін орналасқан. Тұғыр граниттің төрт қабырғасына қоладан құйылған 4 бедербейне орнатылған.
«Президент және халық» бедербейнесі. Қазақ елінің
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүсінінің
қаумалаған халқының ортасында осы бедербейнеден
көрініс табуы-елдігіміздің бір нышаны. Тәуелсіз
Қазақстанның символы-Ата заңымызға қол қойған
тұңғыш Президент болып табылады. Сондықтан да
бұл бедербейне ел мен Елбасының бір-біріне деген
анты мен аманатындай.

«Қаһармандық» бедербейнесі. Мұнда Отан қорғау қазақ
ұлтының ежелден-ақ басты және қасиетті
құндылықтарының бірі болғанын көрсететін
бейнелер шоғырланған. Бедербейне қазақ халқына
тән жауынгерлік ерлікті , батырлық пен
айбындылықты паш етеді.

«Жасампаздық» бедербейнесі Халқымыздың
көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі
даму және өркендеу жолын баяндайды.
«Болашақ» бедербейнесінде ғылымда, мәдениет
пен өнерде, спортта үлкен жетістіктерге
ұмтылып келе жатқан жастар бейнесі
көрсетілген.
Астана төрінде орын тепкен «Қазақ елі» кешені
төрт құбыламызды тең ұстауға деген ізгі
ниетімізді, қазақ халқының тәуелсіз ғана емес,
көркейіп келе жатқан мемлекет екенін, елдің ғасырлар бойы арманының жүзеге асқан ақиқатын паш етіп тұрған ғажайып өнер туындысы екенін біз әрқашан мақтан тұтып жүрейік.

1.Ұлтымыздың мақтанышы,болашағымыздың жарқын символдарын ата
* Семантикалық картаны толтыр

«Қазақ елі»-ұлттық мақтанышымыз
Болашақ Президент
және
халық Жасампаздық Қаһармандық
Көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі
даму және өркендеу +
Тәуелсіз
Қазақстанның символы-Ата заңымызға қол қойған
тұңғыш Президент +
ғылымда, мәдениет
пен өнерде, спортта үлкен жетістіктерге ұмтылып келе жатқан жастар +
Бедербейне қазақ халқына тән жауынгерлік ерлікті , батырлық пен айбындылықты паш етеді +

20-сабақ
Тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының
бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.
Ол 1996 жылы сол кездегі Жаңа алаң деп аталған
қазіргі Республика алаңында бой көтерді.
Бұл жер -1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің
кіндігі болған алаң. Тәуелсіздік монументі
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен
белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан аталарыңның
жобасымен жасалған. Еліміздің тарихына
арналған бұл ескерткіш биіктігі 28 метр болатын
сынтастан (колонна) және қаптал тастар мен
мүсіндер тобынан тұрады. Сынтастың түбіндегі
мүсіндер тобы: ақыл-ой иесі Абыз ата, Жер-Ана
және тайға мінген ұл мен қыз. Бұлар дүниенің
төрт бұрышын бейнелеп тұрғандай. Қазақ
шартарапты «дүниенің төрт бұрышы»дейді.

«Ол түгел болса жақсылық және береке болады.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деуі де
сондықтан.
Монументтің артқы жағында жартылай
шеңберленіп 10 рельефтік-мүсіндік қабырғалар
орналасқан. Олар еліміздің даңқты тарихын
бейнелейді. Ал сыныптастың ұшар басында
қанатты барыс мінген Алтын жауынгердің асқақ
мүсіні орналасқан. Сынтастың көше жақ бетінің
түбіндегі ашық жатқан кітаптың оң жақ бетіне
еліміздің тұңғыш Президенті , Тәуелсіздігіміздің
тұғырлы болу жолында аянбай тер төгіп жүрген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының алақан ізі бедерленген. Ал кітаптың сол жақ бетінде «Таңда да жұбан» деген жазу бар.
Монументке келген жастар Президенттің алақан ізіне өз алақанын қойып, тілек тілеп жатады. Тәуелсіздік монументі-Алматы қаласы қонақтары мен қала тұрғындарының жиі келіп тамашалайтын қастерлі орынға айналған жер.
Болат Үсенбаев

1. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандары туралы әңгімеле

• Кестені толтыр

Тәуелсіздік монументі

………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….
………………………………………………….

21-сабақ
Астана айшықтары
Толымбек Әбдірайым
Жылдан жылға толастаған Астана қаласы гүлденіп келеді. Биік-биік ғимараттары , кең , түзу даңғылдары мен көшелері көздің жауын алатын сұлу шаһарды көрген де көрмеген де арманда!
Ол туралы балалардың сүйікті ақыны Өтепберген Ақыпбекұлының:
Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды:
Қызықты боп барады,
Бір күнінен-
Бір күні
Әлемдегі дара бір,
Әсем
Сәнді – қала бұл.
Есіл бойлай салынған,
Көз арбайды жаңа үй …-деп жырға қосқанын оқыған боларсыңдар.
Астанамызды салумен айналысып жүрген құрылысшы-сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да ұмытпапты.
Есіл өзенінің сол жағалауына орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы балдырғандардың сүйікті орны. Мұндағы «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3 мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден-бір – «Мұхит аралы»
«Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрип шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі
11 аквариумнан тұратын екі үлкен керме аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршілігіне жақыннан қарауға болады.
Бас аквариумда «Мұхит аралдың» ең ірі тұрғындары акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар – Наполеондар, коралл трауттары және
Өзге де балықтар тіршілік етуде.
Бас акварумдағы осы ірі балықтардың тобын аңғарасыз.
Кәдімгі қазақ үйіне ұқсас алып ғимараттың іші самалдай жап-жарық. Күмбез сарайлары, ертегі қалашықтары, гүлзарлар мен ағаштар жайқала өскен ертегі әлемінде жүргендей әсер алады барған адамдар.
«Думандағы» балалар баратын орынның тағы бірі- киноаттракцион.
Осы заманғы қондырғылар қиял-ғажайыптар әлеміне сүңгітіп, экранда болып жатқан оқиғаларға көрерменнің қатысып отыруына мүмкіндік ашады.
Астанадағы балаларға арналған ғимараттардың бірі, 1998 жылы салынған «Самұрық» кинотеатры. Мұның кең залында 450 орын бар. Кинотеатр ескі қаланың дәл ортасында. Содан да болар келушілер бір толастамайды. Биыл «Қазақфильм» туындылары, әйгілі «Монғол», «Көшпенділер» көрсетілді. Негізінен Американың атышулы «Голливуд» компаниясының фильмдері экраннан түспейді.Оларды «Самұрық» кинотеатры қарайтын Алматыдағы «Отау-Синема» мекемесі екі аптаға жалға алады.
Астананы қақ жарып, ағып жатқансұлу, ерке Есіл өзені осы.
Есілдің суы мақпалдай жұмсақ. Өзі жылы. Тұнып, шымырлап, үн-түнсіз ағады.
Ұмыт та қалған жазылмай,
Есте жоқ ескі тағдырдай:
Әлем-
Әлі көрген жоқ,
Бәйтеректі дәл мұндай.
Нұр сыйлап қала көркіне,
Тағзым етіп:
Жер,Күнге,
Тұр ғажайып ғимарат-
Зор Бәйтерек кейпінде…-деп белгілі балалар ақыны Ө.Ақыпбекұлы жыр арнаған-биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері осы. Биіктен қала көркін тамашалаған бала түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі келеді.

1. Жылдан-жылға гүлденіп келе жатқан Астана туралы қандай ойлар айтылған?
2. Астана айшықтары туралы не білеміз?

• «Мұхит аралы» туралы мәлімет
«Мұхит аралы»
3 миллион литр су

… Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан

22-сабақ

Айтыс
Жақау Дәуренбеков
Айгүл-Астанада тұрады. Арман-Алматыда тұрады.
Бейсен атай немерелері келіп үй іші мәре-сәре.
Айгүл мен Арман атасының екі тізесіне отырып алып
мақтанып отыр.
Айгүл:
-Бізде Бәйтерек бар!
Арман:
-Бізде Алатау бар!
Айгүл:
-Бізде пирамида бар!
Арман:
-Бізде Көктөбе бар!
Айгүл:
-Бізде мұз қалашық бар!
Арман:
-Бізде Медеу мұз айдыны бар!
Айгүл:
-Бізде Есіл өзені бар!
Арман:
-Бізде Үлкен Алматы өзені бар!
Айгүл:
-Бізде аквапарк бар!
Арман:
-Бізде хайуанат паркі бар!
Айгүл:
-Бізде ақ бидай бар!
Арман:
-Бізде апорттар бар!
Айгүл:
-Бізде әдемі боялған түйелер бар!
Арман:
-Бізде әдемі боялған биелер бар!
Айгүл:
-Бізде … бізде … Президент бар!
Арман:
-Бізде… бізде де Президент бар!

Бірін-бірі қайталаған екеуі тосылып қалды.Енді екеуі де үмітпен атасына қарады. Атасы әділ қазы:
-Екеуіңнің айтыстарың әйбат екен, құлындарым.
Президент елге ортақ. Екеуің де дұрыс айтасыңдар. Айтыста екеуің де тең түстіңдер. Екеуің де жеңімпазсыңдар,-деді.
Айгүл мен Арман алақандарын шапалақтап айқайлап жіберді.
-Ура! Екеуіміз де жеңімпаз!
Атасының екі бетін екі жағынан кеп екеуі шөп-шөп сүйді.

1. Өлеңді рөлге бөліп оқы.

• Өздерің де осындай айтыс жасап көріңдер

23-сабақ
Мен президентпен қалай кездестім
Қайрат Қабделбаров
Мен былтырғы көктемгі демалыста Ново-Явленка ауылындағы апайымның
үйіне қыдырып барған едім. Осы ауылда Қытайдан көшіп келген қандастарымызға арнап жаңадан көп үйлер салынған екен. Бір күні апайым таңертең ерте оянып:
-Қайрат, бүгін біздің ауылға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келеді. Оралмандарға жаңа үйлердің кілтін тапасырады. Сен де бізбен бірге жүр. Президентімізді жақын жерден көресің,-деді.
-Шын ба, апа!? Міндетті түрде барамын,-дедім қуанып кетіп.
Ертеңгі асымды тез-тез ішіп, әдемі киімдерімізді киіп, жиын болатын жерге асықтық. Халық көп жиналыпты. Бәрі көңілді. Көп уақыт өтпей 4-5 әдемі машина келіп тоқтады. Біреуінен Нұрсұлтан ата түсті де тура бізге қарай жүрді. Қатар тұрған адамдармен жағалай қол беріп амандасып, біз тұрған жерге де жақындап қалды. Қуанғаным соншалық , қасымдағы балалардың ішінен сытылып алға шықтым да қолымды создым.
Президент ата өте көңілді екен. Күлген бойда менің қолымды алды да , қысып тұрып:
-Қал қалай,балам? Үлкен азамат бол!-деді. Тағы да бір нәрселер айтып еді, жүрегім дүрсілдегені соншалық , ол сөздерін ести алмай қалдым.
Мен сол сәтті өмір бойы ұмытпаймын. Ауылға келе салып қуанышымды ұстазыма айтып едім, ол кісі де қуанып кетіп бетімнен сүйіп алды да:
— Қайрат, сен Нұрсұлтан атаңмен амандасып, батасын алдың.
Бұл-екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Енді сен Елбасының батасына лайық болуға тиіссің,-деді.
Әрине, мен өскенде нағыз азамат болуды армандаймын. Сол арманыма жетуге күш саламын.

1.Елбасы бала Қайратқа тағы қандай бата берді деп ойлайсыңдар?
2.Елбасы батасын алған баланың болашаққа деген қөзқарасы қандай болу керек?
* Қайратқа хат жазу
Қыматты досым, Қайрат! Менің саған хат жазуымның себебі, ….

24-сабақ
Рухы тірі, жаны сірі халықпыз!
Еліміз өз мемлекеттігін бұдан 24 жыл бұрын жариялаған болатын. Тәуелсіздік мерекесі күнтізбесі бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып келеді. Қазір еліміз дүниежүзінде зор беделге ие. Аз ғана уақыт ішінде көптеген экономикалық, саяси табыстарға көп жеткізді.
Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегінде «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүрген 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы , біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған
болатын. Қазіргі таңда тәуелсіздік — бірліктің, ынтымақ пен татулықтың күні. Тәуелсіздігімізді жариялаған аздаған уақыттың ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Әлем қызыға қарайтындай ізгі істер атқардық. Мысалы, Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрелік етудеміз, Ислам конференциясы ұйымын басқаруымыз, Алматы мен Астана қалаларында VІІ қысқы Азия ойындарының өтуі зор мақтаныш.
Біз бүгін қалай мақтансақ та жарасады.

Толқын Шәміл
Алматы

1.Мәтінді түсініп оқы
2. Тәуелсіздігімізді жариялаған аздаған уақыттың ішінде көптеген елеулі қол жеткізген табыстарымызды дәлірек атап айта аламыз ба?
* Жалғастырып жаз:
1 Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрелік етудеміз
2 Ислам конференциясы ұйымын басқаруымыз
3 …
4 …
5 …
6 …

25-сабақ

Астанада

2009 жылы Астананның жаңа алаңында «Қазақ елі» монументі бой көтерді. Ол-Қазақстанның тәуелсіздік рәміздерінің бірі. Есекрткіштің жалпы биіктігі-91 метр.Бұл еліміз егемендік алған 1991 жылды меңзейді. Монумент авторлары – мүшіншілер Нұрлан Далбай, Мұрат Мансуров және сәулетшілер Сәрсенбек Жүнісов, Бақтыбай Тайталиев, Ерлан Жақыпбеков.
Ескерткіш діңгегінің ұшар басында кмиелі құс Самұрық бейнелеген. Ол қазақ халқының даму мен гүлдеп-көркеюге деген ұмтылысын көрсетеді.
Діңгектің негізінде төрт қола барельф орназаңның үстем болатынын меңзейді. Барельеф-жазықтықтағы мүсіндік бейне. Барельефте мүсіндер үстіңгі бетте көтеріліп шығып тұрады.
Батыс жағында «Тұңғыш Президент және халық» деп аталатын белельфтің орта тұсында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің мүсіні бейнеленген. Елбасының алақаны ел Конституциясының үстінде тұр. Бұл тәулсіз елде заңның үстем болатынын меңзейді. Сондай-ақ «Қаһармандық», «Жасампаздық», «Болашақ» деген барельефтер бар. «Қазақ елінің» басты идеясы- өткеніміз бен бүгінімізді, халықтың ынтымақ-бірлігін, елдің саяси және экономикалық өмірінің маңызын көрсету.

Қарлығаш Досанова

1.Астананың жаңа алаңында қандай монумент бой көтерді?
2. Таңы қандай барельефтер бар?
* Кестені толтыр

Тұңғыш
Президент
және халық Қаһармандық Жасампаздық Тәуелсіздік Жер-ана
Астана
Алматы

26-сабақ

Астана — елімнің жүрегі
Еламан Тұрысбеков ШҚО
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті асқақ та, абыройлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, қаңдай қағады. Сөзім дәйекті болсын деп мына бір мысалды келтіре кетейін. Анау жылы ресейлік телеарналардың бірінде танымал режиссер Ақан Сатаев түсірген «Ликвидатор» фильмін талқыға салды. Сондағы ерекше есімде қалған бір жайт-ресейлік киногерлер туындыдағы Астана көріністеріне таң ғалып, «біз мұны Европаның немесе АҚШ-тың , әлде басқа бір дамыған елдің қаласында түсірілген шығар деп ойладық» деді. Бұл сөзді ешкім оларға зорлап айтқызған жоқ . «Бізге жағынбақ болып, жалбақтап отыр» деу де қисынға келмейді. Анығында , бұл-біздің елдің жетістігін мойындау. Ару Астананың келбетіне шынайы сүйсініп отыр деген сөз. Осыны түсінген сәтте арқаланып, кеудемді мақтаныш сезімі билеп кеткен болатын.
Биыл алтын ұя мектебіммен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан менің ақ арманымның бірі- Астанада білім алу. Елімнің жүрегіне айналған ару қалада болмасам да, түсімде жиі көретінім бар. Кейде ерке Есілдің жағасын бойлап, кейде кең де келісті көшелерде алшаң басып, сәулеті жарасқан, көкпен таласқан ғимаратарды тамашалап жүремін. Анама айтсам: «Балам бұл түсіңді жақсылыққа жоримын, арманың орындалады»,-деп қуантып қояды. Бәлкім, анам бірдеңені біліп айтатын шығар. Ана жүрегі қашанда жақсылықты сезеді ғой. Әйтеуір, арманымның ақ мекені — Астанаға табаным тезірек тигенін қалаймын. Сәтін салып, елорданың белді деген жоғарғы оқу орнына білім алу бақытына ие болып жатсам, әрі қарай осы қалада біржола тұрақтап қалғым да келеді. Қазір ғана халқы 700 мыңнан асып кеткен екен. Бұйырса 2020 жылы екі миллионға жетеді деген болжам айтылуда. Сонымен қатар, Астанамыз – жастар қаласы. Мұндағы орташа жас мөлшері-32 жас. Бұл еліміздегі ғана емес, жалпы әлемдегі бірден бір жоғары көрсеткіш . Ендеше, арман қуған сол жастардың қатарында мен де бір күні астаналық атанармын. Ал әзірге «Асығам саған, ару Астанам, құшағыңа тезірек ал мені!» дегім келеді.

1. Елінің елордасын мақтан тұтатын жерлерді мәтінен тауып оқы
2. Көрген түсін бейнелейтін жолдарды мәтінен тауып оқы
3. Анасының түсін жорып берген тұстарын мәтінен тауып оқы
4. Мәтінді түсініп оқы
• Өзің Астана туралы түс көресің бе, көретін болсаң әңгімеп бер

27-сабақ

Салтанат қақпасы

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Астана төрінен тағы бір сәулет туындысы бой көтерді. Ол «Мәңгілік — ел» Салтанат қақпасы.
Салтанат қақпасы немесе триумфалды арка әлемнің санаулы қалаларында ғана бар. Әдетте, мұндай қақпа ірі жеңістердің құрметіне үлкен көше бойына орнатылады. Мысалы, Ресейдің бұрынғы астанасы Санкт-Петербургтегі арка Петр патшаның теңіздегі жеңістеріне арналған.
Ал Үндістанның Бомбей қаласындағы биіктігі 26 метрлік қақпа тәуелсіздік -тің символы саналады.
Астанадағы «Мәңгілік ел» қақпасының биіктігі-20 метр. Бұл -ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі.
Қақпаның әрбір қабырғасының табанында биіктігі 4,4 мертлік мүсіндер бар. Тұғыр үстінде тарихымыздан сыр шертілетін көріністер бейнеленген. Сол жақ қапталына «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Ол-бабалар бейнесі. Даналықтың символы. Оң жақ қапталдан қапталдан от иесі – «Әйел-Ана»
мүсінін көруге болады. Ана бейнесі халқымыздың таным-алынып түсінігіндегі «Отан-Ана», «Жер — Ана», «Ана тілі» сынды ұғымдарға ұласып тұр.
Әрбір мүсін астына көнетүркілік «Мәңгілік» таңбасы қойылған. Ал жоғары жағына Елтаңба бейнеленген.
Қақпа ойықтарының бедері таза шығыстық таза батыстық та емес. Өзінше бөлек, бірегей, ерекше ұлттық нақышта жасалған. Маңдайшадағы «Мәңгілік ел деген айшықты жазу халқымыздың ұлы арманын, мақсат-мұратын паш етеді.
Бүйір қабырғалары күрделі ою-өрнектермен безендірілген.Жоғарғы бөліктің дәл ортасында қазақ сарбаздарының бес қаруының бірі «Қалқан» бедерленген. Ал астыңғы бөліктің екі жағында «Сақ»-«Түркі», «Қыпшақ»-«Қазақ» дәуірлері көрініс береді. Мұндағы басты тақырып ретінде –«Ұлы көш» көшпенділер өркениеті алынып отыр.
Келесі қабырғаның басты тақырыбы – баршамыз үшін ең қастерлі құндылық – Тәуелсіздік. Мұнда Қазақстан Тәуелсіздігінің бастауы – Ел егемендігі туралы Декларация көрсетілген.Өрнекті қабырғадан бүгінгі әлем таныған Қазақ елінің бейнесін көруге болады.
Үйлесімді композицияны көшпенді сарбаз бен қазіргі Қазақстан жауынгерінің мүсіндері толықтыра түскендей. Олардың бірі – кешегі батыр бабалардың ерен ерлігін бейнелесе, екіншісі – «жаным – арманымның садағасы» деген өр мінездің бүгінгі ұрпақ санасында сақталғанын анықтайды.
«Мәңгілік ел» ару Астананың кіреберісіне,Орынбор даңғылының бойына салынуы тегін емес. Шартараптан келетін қонақтар дәл осы жерден бастап-ақ елорданың ұлттық сипатына қанығатын болады.
Ғимаратқа жерасты жолдар тартылған. Олар қос қапталдағы саябақтардан қақпасын асықпай қарап, суретке түсуге ыңғайлы. Ал зәулім ғимараттың үстіне көтерілсең, елорданың әсем келбетін тамашалауға мүмкіндік аласың.
«Мәңгілік елдің» авторлары – Астана қаласының бас дизайнері Сағындық Жанболатов пен сәулетші Қанат Қорғановтың айтуынша, болашақта қақпа
айналасына басқа да мәдени нысандар бой көтерері анық.
Б.Бақтықұлы

1. Мәтінді түсініп оқы
• Семантикалық картаны толтыр

Тәуелсіздік символы Санкт-Петербургтегі арка Мәңгілік ел
Ресей
Үндістан
Астана

28-сабақ

Ғасыр ғимараты

Жуырда елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қабырғасында кішігірім көрме ашылды. Көрме ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық құрметіне арналды. Мұрағаттың ұзына бойғы қабырғасына болашақта Астанада бой көтеретін ғимараттардың макеттері ілінді.
2020-30 жылдары елорда келбеті жаңаша мазмұнға ие болмақшы. Ең таңқаларлығы -88 қабатты «Абу-Даби плаза» кешені бой көтерді. Одан бөлек тұтас ықшамаудандар, қонақ үйлер, «Елорданың технологиялық паркі» сынды кешендер көз қуанышына айналады деп күтілуде.
Астананың архитектуралық ансамблін ашатын айшықты құрылыс -«Абу-Даби плаза» кешенінің авторы, сәулетші Н.Фостер . 2009 жылы басталған құрылыс бүгінде қызу қарқын алды. 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға берілмекші. 88 қабаттан тұратын мұнара төңірегіне ойын-сауық орталығы, мейрамхана, қонақ үйлері, т.б. демалуға жайлы орындар үйлесімді топтастырылады. Футбол алаңындай жерді алып жатқан қысқы бақ бүгін қалашыққа ерекше сән берері даусыз. Сарыарқаның алты ай бойы міз бақпайтын, қытымыр қысы, көбесі сөгілмейтін оппы қары ортасынан жап-жасыл . желекті бақты көріп таңқалмау мүмкін емес, сірә! Кешен ішінде саяхат құрушылар орналастырылған. Кешенді құрылыс 1,5 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. «Абу-Даби плаза» демалыс аймағы тәулік бойы жұмыс жасайды. Әзірге 88 қабатты бұл кешен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат, ал әлемдегі ең биік деген 14 ғимараттың бірі саналады.

Алма Үмбеттегі

1. Мәтінді мәнерлеп оқы
• Кестені толтыр
Астанада бой көтерген ұлттық мұрағаттар Алматыда бой көтерген ұлттық мұрағаттар












29-сабақ
Немеремнің арманы
Тұрсын Елеусізұлы
Тәуелсіз қазақ елінің
Ертеңі болсам деп келем.
Атамекен жерімнің
Өлеңі болсам деп келем.
Нұр-атам басшы Отаннан
Қуат алсам деп келем.
Сол бір дана атамнан
Бата алсам деп келем.
Қазақ елі-халқыма
Қорған болсам деп келем.
Қажет болар жалпыға
Орман болсам деп келем.
Өз Астанам-заңғарым
Күні болсам деп келем.
Әуезге толы таңдардың
Үні болсам деп келем.

1. Өлеңді жатап алыңдар
• Кестені толтыр

Тәуелсіз қазақ елінің


Нұр-атам басшы Отаннан


Қазақ елі-халқыма

Өз Астанам-заңғарым

30-сабақ
Арман
Серік Үсенұлы
Айбек сол күні таңның атуын күтіп түннің бір уағына дейін ұйықтай алмады. Ертең Астанада оқитын ауылдарынан шыққан алғашқы студентпен кездесетінін ойлап қуанып, «Бәйтерек» туралы, Ақ Орда туралы қоятын сұрауларын жұптап, іші қыз-қыз қайнап жатты. Сөйтіп жатып, қай уақ екенін өзі де білмейді, бір кезде ұйықтап қалыпты. Ертесі оянса, күн көтеріліп кетіпті. Беті-қолын жуып келіп, шайға отырғаны сол еді, дәл осы сәтті күтіп тұрғандай Нұрбек ағасы келді жымиып. Айбек өзінің сәл де болса ерте тұрып кеткеніне қуанды. Болмаса үлкен қаладан келген студент «ұйқышыл, маубас» деп сөгіп кетуі мүмкін ғой. Осыны ойлай жүріп, орнынан тұрып апасының соңынан кірген қонаққа сәлем берді. Сәлемін алып, қол берген Нұрбек ағасы қасына келіп отырды.
Айбек оған қызыға қарады. Өйткені, ол өзі бір көруді армандап жүрген «Бәйтеректің» қасынан келген дүниедегі ең бақытты жан ғой. Денемен, көкейіндегі сұрағын бірден қоя алмай іркіліп қалды. Осы аралықта :
-Мен шәй қояйын,сендер сөйлесіп отыра тұрыңдар,-деп апасы сыртқа шығып кетті де, екеуі оңаша қалды.
-Айбек, оқу қалай?-деп сөз бастады кешікпей Нұрбек ағасы.
-Жақсы, -деді Айбек сәл тартынып, соңынан тосын батылдыққа мініп:
-Нұрбек аға сізден бірдеңе сұрауға бола ма?-деді.
-Болады, әрине. Не сұрайын деп едің,айта ңой.
-Сіз Астанада оқисыз ғой,ә?
-Иә.
-Онда «Бәйтеректі» көрдіңіз бе?
-Көрдім.Ол өте керемет.
-Онда маған сол «Бәйтерек» туралы айтып беріңізші?
-Болады. Ол өте биік, 97 метр.Төбесінде тұрғанда аспанға шығып кеткендей сезімде боласың. Бүкіл қаланың көз жетер аумағы алақаныңда тұрғандай анық көрінеді.Жайшылықта зәулім көрінетін көп қабатты үйлер пәкене болып, сонау төменде қалады.Оның ұшар басына жедел сатымен және жәй баспалдақпен көтерілуге болады. Ұшындағы дөңгелек үйдің іші айтарлықтай кең. Айналып жүріп төңерекке көз жіберсің. Айналаға асықпай қарағанда, көңілің көтеріледі. Көкірегіңді бір мақтаныш сезімі кернейді.Күннен-күнге құлпырып келе жатқан Астананы көріп, керемет бір әсерге кенелесің.
Оны айтып жеткізу мүмкін емес. Әр адам өзі барып көруі керек.Сонда ғана оны анық сезіне алады.
-Менің де барып көргім келеді,-деді осы тұста Айбек қатты қызығып.
-Мен тағы Ақорданы көруді армандадым.
-Дұрыс! – деді Нұрбек.
-Бұл-барша қазақ балаларының арманы. Адамда сондай арман болуы керек.Сонда ғана ол алға басады.
Осы аралықта шәй келді. Нұрбек ағасы шәй іше отырып Ақорда туралы баяндады.
Нұрбек ағасы бұл жолы өзі оқитын жоғары оқу орны жайында айтып берді.
Айтуына қарағанда,барлығы керемет екен. Айбек сұмдық қызығып кетті.
-Нұрбек аға, — деді содан бір кезде өзін-өзі тоқтата алмай,-демалысыңызды аяқтап, қайтар кезде мені бірге ала кетіңізші!…
-Бұл ма?-деді Нұрбек ағасы сәл ойдланып қалып, — бұл меніңше болмайды.
Себебі, біріншіден, Астана өте алыс, барғаныңмен, өзің қайтып келе алмайсың. Әкеп тастауға менде уақыт жоқ. Әрі оқудан қаласың. Ол кезде сенің де сабағың басталады. Екіншіден, адам арманына өз күшімен қол жеткізуі керек.Сонда ғана онда мағына болады.Сондықтан, өзің талпынуың керек.
-Қайтып?
-Ол оңай. Ол үшін сен жақсы оқуың керек. Сонда, кейін мемлекеттік емтиханнан жоғары балл жинайсың.Сөйтіп, Астанаға баруға, Еуразия оқу орнында оқуға мүмкіндік аласың. «Бәйтеректің» түбінде жүресің. Арманың орындалады.
-Білдің бе?
-Білдім. Оған дейін сіз Астанада жүресіз бе?
-Иә.Сен барған соң екеуіміз бірге жүреміз. Ауылға бірге келеміз.Келістік қой.
-Келістік ,- деді Айбек үлкен адамдарша қолын ұсынып.
Екеуі қол алысты. Осы кезде сырттан кірген Айбектің апасы:
-Екеуің немене уәделесіп жатырсыңдар?-деді сұраулы көзбен қарап.
-Айтуға болмайды. Құпия-деді Айбек пен Нұрбек бір-біріне қарап жымиып.

1.Ертең Астанадан келетін алғашқы студент Айбекті қалай толғандырды?
2.Айбектің Нұрбекке не туралы сұрақ қоятыны ішін қыз-қыз қайнатты?
3.Нұрбек ағасын қалай күтіп алды?
4.Нұрбек нелер туралы әңгімеледі?
*Астана айшықтарына эссе жазу

31-сабақ
Кемеңгер көшбасшыма

Елім менің – ұлан — ғайыр бас далам,
Ал Астанам — бой көтерген жас қалам.
Қазақ елін күллі әлемге танытқан
Елбасым бар ұлтты өрге бастаған.

Кемеңгерім, көштің басы жан-жақты.
Ата жолын, баба жолын таңдапты.
Көшбасшымыз нүкте қойды көп іске,
Жапты талай полигонды, зардапты.

Шаңырақта ұят пен ұлыс тоғысты,
Қуанышты, қайғыны бір бөлісті.
Ең алдымен Елбасының арқасы,
Атқарса егер елім үшін көп істі.

Ел ертеңі жас дарынды қолдайды,
Ал білімсіз болашағың болмайды.
Ал «Болашақ» — шәкірттердің арманы,
Ел еңсесін ертеңдерге жалғайды.

Жас ұрпаққа үлгі болар нар тұлға,
Риза оған көрші біткен, халқың да.
«Мәңгілік ел» стратегиясы ауқымды,
Өсіретін елдің атақ даңқын да.

«Нұрлы жол бар»,айтатұғын жарқын деп,
Алла жазса, көретұғын бал күн көп.
«ЕХРО» бар, асқақтатар елімді,
Жеткіншекке алға қарай талпын деп.
Назым Сапарова

1. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқы

• «Балық қаңқасына» әдісіне жаз

32-сабақ
Айналайын Нұрсұлтан, Көгершінге келдіңіз

Мен биыл тоқсанның екеуіне шықтым. Жиырмасыншы ғасырдың басында дүние есігін ашқан біздер талай қиындықтарды бастан кештік. 1932-1933жылдардағы ашаршылық. 1941-1945 жылдардағы Қлы Отан Соғысы, 1954 жылдағы Тың игеру науқанын көзімізбен көрдік. Біздің заман сондай болды. Ал, бүгінгі заман ше? Бүгінгі заман бейбітшілік пен тұрақтылықтың заманы болып қана қоймай, білікті, өрелі жастардың заманы.
Кешегі Жәнібек пен Керей хандар өз алдына дербес Қазақ хандығын құрғанда бүгінгі ұрпақтарының «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»
заманда өмір өмір кешетіні білді ме кен деп ойлайсың.Бүгінгі ұрпақ сонысымен бақытты.
Бұл күллі әлемге көрегендігімен, алысты болжай білетін халықтың ұлы елімізде өзінің салихалы саясатын жүргізіп отырған Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. Нұрсұлтан Әбішұлы 2006 жылы Көгершінге келгенде алғаш рет көрдім. Сонда ұлт көшбасшысына:
Айналайын Нұрсұлтан,
Көгершінге келдіңіз.
Мекенді біздің аралап,
Хал-жағдайымызды білдіңіз.
Жұмыссыз жүрген жастарға
Жұмыс тауып бердіңіз.
Зейнетақыны көбейтіп,
Қарттарды мақтан еттіңіз.
Бұл сөзімді қабыл ап,
Еңсеріп жүзге жетіңіз,-деп бергенім есімде.
Жақында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауын арнады.
Жолдауда:
-Бөлінген қаражаттарды тиісті жеріне жетуін қадағалау турасында,- айтылды. Бұл жөнінді тіпті мемлекеттік комиссия құрылып, Президенттің өзі тексеретін боламын,-деген жолдар маған қатты ұнады.
Әр ел өзінің осындай тұлғасын мақтан етсе күллі қазақ жұрты яғни, біздер Нұрсұлтан Әбішұлымен мақтанамыз. Себебі, Қазақстанды сонау дүрбелең жылдардағы қиындықтардан бүгінгі таңға жеткізді. Қазақстан бүгін адам танымастай өзгерді. Тіпті дамыған 50 елдің қатарына еніп, енді 30 елдің қатарына енгелі отырмыз. Осы заманды көрген мына менде арман бар ма, сірә!
Талай қиындықты еңсеріп, тығырықтан шығудың жолын білетін, көреген Президенті бар-Қазақ елі бақытты. Нұрсұлтан Әбішұлы аман болса, әлі-ақ Қазақ елі биік шыңдардан көрңнері сөзсіз. Нұрсұлтаным аман болсын.
Хадиша Күмісова
Т.Рысқұлов ауданы

1. Мәтінді түсініп оқы

• Жәнібек , Керей хандардың хандық құрған кезеңіндегі жақсы қасиетеріне эссе жазу.

33-сабақ
Отаннан қымбат ештеңе жоқ

Біздің Отанымыз-өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы кеңінен қанат жайған, ғылымы мен мәдениеті озық ел. Қазақстан азаматтарының жүрек түпкірінде Отанға деген аяулы сезім бар. Біздің санамызда «Отан-Ана» деген қасиетті сөздің орын алуы тегін емес. Отанға деген сүйіспеншілік –патриотизм. «Партиот», «патриотизм» деген сөздер гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Отан деген мағынаны білдіреді.
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, халқы үшін
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш-қуатымды аямадым,-деп Күлтегін бабамыз айтқандай, әр адамға өз Отанынан асқан қымбат ештеңе болмайды. Оған тарих пен тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымыздың ерлігі куә.

Оразбай Ермахан
Алматы

1. Мәтінді түсіп оқы
2. Күлтегін бабамыздан басқа да Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би аталарымыз «Отан», «Бірлік» туралы айтқан нақыл сөздерін жаз

Б Б Ү

34-сабақ

Қос қанатты-Алматы мен Астана

Алматыдағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта «Қазақстан» монументалды-мүсіндік композициясы ашылды.Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бой көтерген бұл ескерткіш дәл ортасына Елбасы
Н. Назарбаев мүсіні орнатылған.
Алыстан қарағанда ескерткіш қанатын жайған қыранға ұқсайды.
Қос қанат-Алматы мен Астана қалалары. Оларға Елбасының сөздері алтын жалатылған әріптермен жазылған. Сонымен қатар, қанаттарда қос қаланың сәулетті ғимараттары көрініс тапқан.
-Тәуелсіз Қазақстан десек, Нұрсұлтан Назарбаев есімі ойға оралатыны ақиқат. Ескерткішті жасағанда осы тұжырымды негізге алдым. Мен Президентті креслода емес, таудың шыңында отырғандай етіп бейнеледім. Өйткені ол кісі-еліміздің өткені мен бүгінін паш етеді,-дейді ескерткіштің авторы Шоқан Төлеш.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері,зиялы қауым өкілдері қатысты
Берік Мәжитов
Алматы

1. Мәтінді түсініп оқы
2. Мәтін тақырыбына эссе жаз

Қос қанатты-Алматы мен Астана

Мен Алматы мен Астана қалаларын қос қанатты аққуға теңер едім.
Себебі, ….