Алима Джумабаева ,

Қаратау технология,білім және

 бизнес колледжі

тарих пәні оқытушысы ,

   Қаратау технология,білім және бизнес колледжіне  — 10 жыл !

« Оқытушылар мен   Білімалушылар  туралы   бірер  сыр »

Қаламыздағы    жаңа заман талаптарына  сай  білім  беретін арнаулы  орта  оқу орындарының     бірі —  Қаратау технология,білім  және бизнес   колледжі . Қаратау технология, білім және  бизнес колледжінің   құрылғанына     он жыл    толды.

Колледж   түлектері  осы бір он жыл  ішінде    өмірдің  сынына шыдамды,       отаншыл ,ширақ,  өмірден    өз орнын  тауып кете алатын  түлектер   болып   шығуда,   себебі    олардың көпшілігі    ары  қарай      еліміздің     үлкен –үлкен    қалаларында     қызметтерін жалғастыруда.

Бұл айтарлықтай  маңызды   мерейтойға  білімалушылар      өздерінің     сапалы білімдерімен,      түрлі     спорттағы  және  өнердегі  табыстарымен үлес қосты.

Колледжді   ауданға белгілі  білікті  басшы  Ерлан Махашұлы   Әнетбаев    басқарып отыр.  Сонымен қатар, көптеген    сапалы сабақ беріп  жүрген оқытушылар  да   білімалушылардың   силы да қадірлі   ұстаздары  болып отыр.   Е.О.Машкова ,   Цой Радион,  Ахамаханова Әлия , Сабденбекова Жәния, Жүзжасаров   Алмас , Қаныш Тәшімбет, Дәурен  Түменбаев ,   Эльмира    Қарнақбаева, Жилбаева Баян  апайларды  аудан халқы  жақсы таниды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен  тұспа –тұс келген соң   коллледж    іс  -шаралары   еліміздің  ширек ғасырда жеткен  жетістіктерімен де  байланыстырылды.    Аса   үлкен  мерейлі  конференцияларға     осы  колледждің       ашылуына үлес қосқан        қонақтар шақырылды. Колледжді      ашуға еңбек сіңірген  Исақов   Ғали,  Сәбденбеков  Данияр  Оралбекұлы сынды    басшылар  колледждің    материалдық –техникалық базасын   жаңартуға ерекше үлестерін  қосты.  Қазіргі уақытта колледжде түрлі ұлт өкілдері   білім алуда.   ,

Сонымен  қатар,  біз     спортта  жетістіктерге жетіп жүрген студенттер турасында  жазғымыз келді.

Республикалық қол күресінен  Шымкент қаласында  өткен   чемпионатта  3-курс білімалушысы  Мұхтар  Иса   2-орын алып,  күміс медальмен   марапатталды.

Тәуелсіз діктің 25 жылдығына    арналған  тоғызқұмалақ бойынша    облыстық     жарыста  1-курс  білімалушысы Рахымжан Жақсылық  та  2-орын алды.

Жалпы, ХХІ  ғасыр   білімалушылары   босқа  жүрмейді,  олар  білім алумен қатар   түрлі   өнер  түрлерімен жарыстарға   да қатысуда.

3-курс    «Бастауыш  білім беру»   тобының білімалушысы    Кокушева Маржан     «Тәуелсіздік жастар көзімен»  атты «Дарын  өнер  мектебі  және  «Талас жастар  кадрлық   резерві» орталығы      ұйымдастырған    конкурсқа      қатысып,    суретшілер  байқауынада      «Ақорда  -Тәуелсіздік  символы»  атты   суреті     үшін    «Алғыс хатымен »

марапатталды. Және    Кокушева Маржан — өте қарапайым, бірақ  сабаққа  ынталы   білімалушы   ретінде   көрініп келеді.

3-курс  білімалушысы  Әлжаппар     Толғанай     аудандық іс  -шараларға  да белсене  қатысып келеді.      4-курс білімалушысы   Қарымсақ Майра,   1-курс  білімгері  Ерік Аяулым сияқты   жастарымыз    колледжде   адамгершілігімен, сабақтағы   тиянақты   болуларымен  көзге  түсіп келеді.  Білімалушылар   «КТК»  аудандық  түрлі  жарыстарда   өнерімен танылып жүрген   1-курс білімалушысы  Нүкеров  Бектің,   4-курс  білімалушысы  Мұхамметов Нүркен    сынды   білімалушылардың    өнеріне  де  тәнті болып келеді.

Биыл 4-курсты      бітіретін  «Электрмен қамтамасыз ету» грант тобында да талантты   білімалушылар   көп.  Олар  биыл    дуальды    жүйе бойынша білім алды.

Ертеңгі   мамандар   колледжден сапалы    білімдер    алуда, оларға     «электрмен  қамтамасыз етудің»  қыр –сырын       үйретуде   кураторы   Теңізболат  Оңалов   атты  әріптестің    еңбегі ерен. Грант  тобында   өнерлі   білімалушылар  көп,  олардың қатарында  Берікбай Ердос,Құлпанов  Нұржан ,Смағұлов  Бақдәулет , Аманбай Рамазан   атты  білімалушылар  ертеңгі  күні   елімізге қажетті мамандар     болып,  мемлекеттік  тапсырыс    бойынша  алған       білімдерін   ақтайды   деп  шынайы    сеніммен айта аламын.  Колледжде  білімалушылармен өткізген қызықты  сәттер   ұстаздарды  ары қарай да  білімдерін аямай  үйрете    беруге  шабыттандырады !