«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі»ММ

 Тақырыбы:МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖЕРІНЕ

ҚОНЫС АУДАРУЫ

 Дайындаған: 7 сынып оқушысы Сейілбек Мерейім

Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Исмайлова Жансая Бахытбековна

 МАЗМҰНЫ

Кіріспе——————————————————————————-3

1.Мұңғылия қазақтарының Қазақстанға көшуі процесі

1.1.Оралман мәртебесі және «Нұрлы көш» бағдарламасы

1.2. Мұңғылия қазақтары Қазақстанда

1.3. Мұңғыл қазақтарының Қостанай облысында

тарала қоныстануы

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда шетелдерде шамамен 5 миллионнан астам қазақ ирриденттері мен диаспора өкілдері тұрады. Біз оларды жинақтап «этникалық қазақтар» деп атаймыз. Шетелдегі қазақтардың саны біз ойлағаннан кем немесе одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қалай дегенмен де, Қазақстаннан сырт, алыс-жақын шетелдерде қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қомақты бөлігі өмір сүріп жатқаны белгілі. Қазақ ұлтының шетелдегі бұл өкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының өз ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті. Шекара сызықтарының әділ жүргізілмеуі, отаршылдық езгі, саяси қуғын-сүргін, т.б көптеген факторлар қазақтардың бүгінгі Қазақстан шегінен сырт аймақтарға, алыс шет елдерге қоныстануына әкелді.

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ-жоңғар соғысының ең ауыр алапатты, қазақ халқының басына ауыр зұламат алып келген 1723-1727 жылдар аралығында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары болды. Қоғамтанушы, ғалымдардың дерегіне сүйенсек, халқымыздың үштен бір бөлігінен айырылып, жоңғардай жаудың бетін қайтарған [1, 1 б.].

Шетелдегі отандастар туралы мәліметтер алу, қазақ халқына жасалған тарихи әділетсіздікті ашық айту тек Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2002 жылы 23 қазанда Түркістан қаласында өткен дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Отанынан тыс жердегі қазақтардың болашағы туралы былайша ой толғаған еді: «Қазір Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын қазақтардың саны 5 миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40 пайыздан астам шетелдерде тұратын бүкіл дүниежүзіндегі қазақтың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады» [2, 2 б.]. Елбасының қазақтар тұратын мемлекеттердің басшыларымен кездесулерінде қандастарымыздың қал-ахуалына қатысты мәселелер сан мәрте ресми түрде қозғалды. Бүгін де шетелдегі отандастардың келемін деушілерін елге оралту Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық саясатының құрамдас бөлігі болып отыр. Елбасы бастамасымен мемлекет бұл іске ұдайы көңіл бөліп келеді. Бүгінгі күнге дейін отандық тарих ғылымында жүйелі қарастырылмаған өзекті мәселе — шетелдегі қазақ диаспорасының өздерінің тарихи отанына оралу тарихы мен Мұңғылиядағы қазақтардың Қостанай облысына қоныс аударуы.

Еліміз үшін аса игілікті істі одан ары жалғастыру және оның барысында кездескен түрлі мәселелерді тиімді шешу, анағұрлым кемелденген, кешенді іс-шараларды ойдағыдай жүргізу үшін көші-қон үрдісін ғылыми тұрғыдан зерттейтін, отандастарымыздың елге оралуын, жерсіндірілуін, еліміздің экономикасы мен мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына тигізген оңды әсерін жан-жақты бағамдайтын уақыт жетті. Әсіресе, отандастардың елге оралу үрдісін, оралмандар мәселесін зерттеу және ол мәселелерді тарих тұрғысынан саралап, зерделеу өзекті.

Шетелдегі қазақтардың тарихи Отаны — Қазақстан Республикасына оралуы еліміздің тәуелсіздік тарихының құрамдас бөлігі. Өйткені, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жариялауы, елдің саяси тұрғыдан құқықтық-демократиялық даму жолына түсуі, экономикалық салада нарықтық қатынастарға көшуі, бәрінен бұрын республикадағы тұрғылықты ұлт қазақ халқының жан-жақты дамуына мол мүмкіншіліктердің жасалуы шетелдегі қазақтардың елге оралуының басты алғышарты болды. Ұзақ уақыт бойы тарихи әділетсіздік салдарынан Қазақстан Республикасының аумағын тастап кеткен немесе Қазақстаннан сырт және оған шекаралас өзінің тарихи ата қонысында тұрып жатқан қазақ ирриденттерінің өкілдері Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алу қарсаңында-ақ елге орала бастады. Бұл қазақ халқының төл тарихындағы өте айтулы оқиға, ұлттың ұлт болып ұйысуының, үлкен елдіктің белгісі еді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Германия, Израиль секілді елдер шетелдегі өз отандастарын елдеріне шақырды және олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық жағынан сол елдерде тұрып жатқан тұрғылықты халықпен түбегейлі теңесуіне жағдай жасады. Ал жапондықтар тіпті екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан азаматтарының мүрделеріне дейін түгендеп өз еліне алып кетті. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін елдің жаңа басшылығы шет елдердегі Қытай диаспорасымен тұрақты байланыс жасап, ең алдымен олардың арасындағы үздік ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің елге оралуына, елдің экономикалық-саяси өміріне атсалысуына, ғылыми-техникалық зерттеулер жасауына жағдай жасады. Шетелдегі қытай диаспорасы өкілдерін, зиялыларын елдің тұтастығын іске асыру сынды аса келелі саяси іске пайдаланды. Демек, шетелдегі отандастарын іздеу, олармен тұрақты байланыс жасау, қалағандарының елге оралуына жағдай жасау, әлемдік тәжірибеде бар дәстүр. Бұл елдерде диаспораны зерттеу (диаспорология) іргелі ғылымға айналған. Өз кезегінде бұл саладағы кешенді зерттеулердің сол елдердің саяси, экономикалық және мәдени дамуына әкелетін пайдасы шексіз. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің қарсаңында-ақ шетелдегі отандастарының өз тарихи ата мекендеріне қоныс аударуына жағдай жасады. Мысалы, 1991 жылдың наурыз айында «Еңбек шарты» деген айдармен Мұңғылиядағы ағайындарды елге көшіру ісі басталды. Тәуелсіздіктен кейін ел үкіметі шетелдегі қандастарды көшіріп алуды арнайы мемлекеттік бағдарлама және заң шеңберінде іске асыруға көшті. Бұл ретте ең алғаш «Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан республикасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» министрлер кабинетінің қаулысы, одан соң [3, 28 б.], «Халықтың көші-қоны» туралы заңды атауға болады. «Шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Соның әсерімен шетелдегі отандастарымыз өз бетімен елге орала бастады. Егемендіктің екпінімен Мұңғылия, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Түркия елдерінен келуші ағайындар күннен күнге көбейді. Оралмандар мәселесі баспасөз беттерінде қарала бастады. Тәуелсіздік жылдары қандастардың елге оралуы, ұлттық-патриоттық тәрбие,  тарихи Отанға оралудың түрлі қиындықтары, ел ішіндегі түрлі кедергілер, арнайы қаулылар мен бағдарламалардың, заңның қабылдануы т.б. мәселелер қазақ баспасөзінде кең қамтылды. Тәуелсіздік алған соң, қазақ баспасөзі, оның ішінде еліміздің «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ елі», «Шалқар», «Көш», «Айқын» т.б, облыстық газеттер, «Жұлдыз», «Ақиқат», «Жалын», «Парасат» журналдары шетелдегі қазақтар мен олардың елге оралуы, оларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар, оралмандардың азаматтық алуы мен жерсіндірілуі, т.б. мәселелер төңірегінде көптеген ақпараттық және проблемалық мақалаларды жиі жариялап келді. Қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесі және шетелдегі қазақ диаспорасына қатысты бұл үрдіс әлі де өз жалғасын таба бермек. Бас-аяғы жиырма жылдан бері қазақ баспасөзінде жарияланған мақалалар бүгін де Қазақстан Респуликасының тәуелсіздік тарихының дерек көзіне айналды. Оларды шетелдегі қандастардың елге оралу үрдісіне қатысты дерек ретінде қарау, саралау, көтерілген мәселердің ауқымын анықтау, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсету күн өткен сайын аса қажет болуда.

Сол себепті, тәуелсіздік алғаннан қазірге дейінгі қазақ көшінің мән-жайы, жетістіктері мен кемшіліктері, көші-қон үрдісінің жалпы ауқымы, мемлекеттік көші-қон саясатының орындалуы, заңдылықтың сақталуы, оралмандарды жерсіндіру, ортаға бейімдеу мен оларға мемлекет тарапынан жасалған материалдық және рухани көмектің жағдайы, ұлттық-патриоттық тәрбие т.б. мәселелердің қазақ баспасөзінде қаншалықты көтерілгені және қалай көтерілгені, ауқымы аталмыш зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуын және қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесіне байланысты зерттеулер қарастырлады. Олар: Кеңестік және қазіргі кезеңдегі іргелі зерттеулер; және бүгінгі зерттеушілердің әртүрлі мақалалары. Кеңес Одағы кезінде шетелдегі қазақтарды зерттеу ойдағыдай жолға қойылды деуге келмейді. Бұрынғы кездердегі асыра сілтеулерге байланысты билік басындағы әміршіл-әкімшіл жүйе барынша қателігін бүркемелеуге тырысты. Жаппай кеңестік ұлт құруға құлшынып отырған елде жекелеген ұлттардың ұлттық мүддесі мүлде ескерілмеді. Мұндайда шетелдегі қазақтар туралы салиқалы ой қозғау мүмкін болмады. Шетелдегі қандастарды ішке тарту былай тұрсын, оларды көбіне отан сатқындары, коммунизмнің жаулары ретінде көрсетуге тырысты. Елдегі қазақтардың олармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды. Шетелдегі қандастар туралы жазылған ғылыми жұмыстар қатал цензурадан өтті. Кейбіреуі қорғауға жіберілмеді. Мұндай жағдай шетелдегі қандастарымыз туралы жүйелі ғылыми түсініктің қалыптасуына кедергі болды. Соған қарамастан, шетелдегі қазақтардың тарихы туралы біраз ғылыми жұмыстар қорғалды. 1970 жылдары Л.Бадуамов «Шыңжаң қазақтарының Ұлы ықпалы мен төнкерісі» туралы диссертациясын қорғады [4, 116 б.]. Шетелдегі қазақтар туралы шамалы мәліметтер «Қазақ совет энциклопедиясына» енгізілді. Шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын «Біздің Отан» (кейінгі «Шалқар») газеті тұрақты шығып тұрды. ҚазКСР. ҒА. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шетелдегі қазақтардың рухани мұрасы туралы қолжазбалар қорын жасақтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді [5, 252 б.].

Кеңестік дәуірдің тарихи демография мәселесі бойынша М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиевтің бірлесіп жазған «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.)» [6, 143 б.], монографиясы аталған мәселе туралы тұңғыш рет талданып, қорытылған еңбек болып табылады. Бұл монографияда Қазан төңкерісінен кейінгі ұзақ кезең ретінде көп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт мәселелері елдегі көкейтесті әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тұрғысынан кеңінен зерттелді. Жоғарыдағы авторлар ХІХ ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі кезеңдегі көші-қон мәселерлеріне де көңіл бөледі. Бірақ, идеологиялық шектеулердің салдарынан шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесі жұмыста кеңінен қарастырылмаған. Қазақтардың шет жұрттарға бытырай қоныстануының саяси және тарихи себептері терең талданбаған. М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның «Демографические процессы современного Казахстана» атты монографиясында 1980-1990 жылдардағы демографиялық үрдістер, ел-жұрттың саны, даму динамикасы, оның сапалық көрсеткіштері, жыныстық, жастық құрамы, т.б. талданған [7, 2 б.]. Бұл еңбекте қазақтардың өз елінде азаю себептері талданғанымен, шетелдегі қазақтар мәселесі, оларды елге қайтару ісінің еліміздің демографиялық хал-ахуалымен болған тығыз байланысы қарастырылмады. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өзге ұлт диаспоралары тақырыбына да біршама зерттеулер жүргізілді. Кезінде өлкедегі жұмысшылардың қалыптасуы мен дамуын тарихи демографилық тұрғыда зерттеу мәселесі көп жақты күрделі құбылыс болғандықтан, мәселенің демографиялық, этнографиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілері баса қарастырылды. Мысалы, заң ғылымының кандидаты А.М.Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының құқықтық мәселелеріне арналған жұмысында осы заманғы ішкі көші-қон мәселеріне, атап айтқанда, еңбек көші-қоны, оның Қазақстандағы нарықтың жай-күйіне ықпалы қарастырылған [8, 283 б.]. А.М.Нұрмағамбетов «экономикалық босқындар» деп аталатын ерекше әлеуметтік топты бөліп көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарында алғашқылардың бірі болып қазақ диаспорасы жайында Г.Меңдіқұлованың «Казахская диаспора: история и современность» еңбегі жарық көрді [9, 170 б.]. Автор еңбегінде шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы мен қазіргі хал-жайына, Қазақстанмен байланысына кеңінен тоқталады. Еңбекте автор қазақ диаспорасының қалыптасуының тарихи себептерін талдай келе, шетелдегі қазақтарды «диаспора» және «ирридент» деген екі топқа бөлді. Ол бойынша шалғай шет елдерге: Ауғанстан, Иран, Түркия, Германия, АҚШ, Франция секілді Қазақстан шегінен оқшау, жырақта тұрған елдердегі қазақтарды «диаспора» деп, ал Қазақстанмен шекаралас, біртұтас геотарихи аумақта өмір сүрген қазақтарды «ирридент» деп атайды. Соңғысына Қазақстанмен көрші немесе оған жақын жатқан Қытай, Ресей, Өзбекстан, Мұңғылия елдеріндегі қазақтар жатады. Бұл елдердегі қазақтар өздерінің байырғы ата мекенінде жұбын жазбай, шоғырлы түрде отырғандықтан, ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін толық сақтаған деп айтуға болады. Ал диаспора аталған алыс шетелдердегі қазақтар өздерінің тілі мен салт-дәстүрінен ажырап қалған. Г.Мендіқұлованың аталған зерттеу еңбегі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі шет елдегі қазақ диаспорасын біршама жан-жақты зерттеген, қоғамда, әсіресе орыс тілді ортада олар туралы дұрыс көзқарастарды орнықтыруға әсер еткен бірегей еңбек деуге толық негіз бар. Осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар ретінде М.Б.Тәтімов, Н.В.Алексеенко, Ә.Ғали, Д.Ғали сынды ғалымдарды айтуға болады [10, 167 б.]. Аталмыш ғалымдар көші-қон мәселесін түрлі қырынан зерттеп, оның құқықтық-экономикалық және әлеуметтік-саяси жақтарына тұжырым жасады. Бұл еңбектер Қазақстандағы көші-қон мәселесі мен демографиялық жағдайды сипаттап қана қоймай, ондағы көкейтесті мәселелерді дәл көрсете алуымен құнды. Қазақстандағы көші-қон тарихына қатысты, халықаралық денгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді қарастырған, «Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі» атты монография жарық көрді. Бұл ұжымдық еңбекте диаспоратанудың және қазақ диаспорасының іргелі мәселелері қарастырылған [11, 65 б.].

Халқымыздың өз тағдырына деген ерекше ықыласы ХХ ғасырдың басында ерекше көрініс алғаны баршаға белгілі. Ол ХХІ ғасырдың басында да солай қайталанды. Академик Ә.Н.Нысанбаевтың редакторлығымен шыққан «Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы» атты еңбекте қазіргі жаһандану заманындағы еуразиялық кеңістікте орын алған қазақ диаспорасының маңызды мәселелері жан-жақты зерттелген [12, 472 б.]. Қазақ диаспорасының қалыптасуында кеңестік тоталитарлық жүйенің де қосқан үлесі мол болды. Ресей ғалымы И.И.Алиевтің «Этнические репрессии» атты монографиясын осы мәселелерді қарастырған еңбектердің қатарына жатқызамыз [13, 28 б.]. Ол ұлттардың репрессияға ұшырау себептерінің саяси қырларын ашып көрсетеді. Бұл үрдістің бел ортасында қазақ халқының да болғаны белгілі. 1991-жылдардағы көші-қон үдерісіне көптеген Қазақстандық ғалымдардың мақалалары арналды және Қазақстандық тарихшылардың келесі бір тобы — Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерттеуді мақсат тұтты. Бұл ретте А.Т.Тілесовтың «Саяси-әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының қалыптасу ерекшеліктері» [14, 28 б.], Б.Р.Найманбаевтың «Қазақстандағы 1970-1999 жылдар аралығындағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихы», Қ.А.Енсеновтің «Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959)» [15, 19 б.], Ә.Б.Аманның «Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары)» сияқты еңбектерін атауға болады [16, 28 б.].

1991 жылдардан бастап Қазақстанның көші-қон және демографиялық жағдайына, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани өміріне ерекше өзгерістер ала келген ағайындар туралы, олардың тарихи Отанына оралуы мен жерсіндірілуіне, жалпы оралмандар мәселесіне арналған іргелі зерттеулер жарық көре қойған жоқ. Ғалымдарымыз шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесін жекелеген мемлекеттер бойынша, белгілі бір мәселе төңірегінде зерттеді деуге болады. Бұл еңбектерде қазақ халқының бір бөлігінің түрлі тарихи жағдайда, әсіресе, Кеңес одағының әміршіл-әкімшіл саясаты салдарынан өз ата қоныс жерімен қоса шетелдік болып қалғанын немесе алыс шетелдерге бас сауғалағаны тарихи тұрғыдан біршама зерттелгенімен, 1991 жылдан бастап жаппай үрдіс алған көші-қон жағдайы жүйелі зерделенген жоқ. Бірақ, оралмандардың елге келуі мен олардың орналасуы, азаматтық алуы, әлеуметтік қамтылуы т.б. мәселелер қазақ баспасөзінде көптеп көтеріліп келеді. Қазақстандағы көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері оралман мәселесіне көңіл бөліп, оның шын мәніндегі ұлттық саясат деңгейіне көтерілуіне, Үкімет саясатының басым бағыттарының бірі болу керектігіне ықпал етіп келеді. Бұл қатарда Ш.Мұртаза, М.Мағауин, М.Жолдасбеков, А.Жағанова, М.Шаханов, А.Сейдімбек, Б.Тілеуханов, Б.Тайжан, Ә.Ысқақ, У.Қалижан т.б қайраткерлерді айрықша атап өткен жөн. Бұл іске Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен елімізге шетелдерден көшіп келіп, азаматтық алған және Қазақстанда бір кісідей еңбек етіп жүрген оралман зиялыларының өкілдері де атсалысып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Олардың қатарында шетелдегі отандастарымыз бен олардың елге оралуы жөнінде өзіндік зерттеу материалдарын жариялап, пайдалы ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтып жүрген З.Қинаятұлы, Н.Мұқаметханұлы, Т.Зәкенұлы, З.Қабылдинов, А.Мауқараұлы, Ж.Қамайұлы, И.Жеменей, Қ.Бодаухан, Р.Айыпұлы, Е.Кәпқызы, М.Бұлұтай, Б.Қайратұлы, А.Ахметбекұлы сынды азаматтардың қосқан үлесі зор. Олардың мазмұнды мақалалары, шетелдегі қандастар туралы зерттеулері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Шетелдердегі этникалық қазақтар тақырыбын бірінші болып көтерген және ол туралы үзбей жазып келген халықаралық «Шалқар» (бұрынғы «Біздің Отан») апталық газеті еді. Кеңес Одағы кезінде жарыққа шыққан бұл газет шетелдегі қазақтарға Кеңес Одағының қазақтар қоныстанған елдердегі елшіліктері арқылы тегін таратылып, шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасаудың бірден-бір рухани құралына айналды. Газет беттерінде үнемі шетелдегі қазақтардың айтулы тұлғалары туралы таныстыру мақалалары, тарихи деректер, Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар жарияланып тұрды. «Шалқар» газетімен бір уақытта шетелдегі қазақтар тақырыбын жиі тілге тиек еткен «Қазақ әдебиеті» газеті болды. Онда әсіресе шетелдегі отандастарымыздың әдебиеті мен мәдениеті туралы жазылды әрі шетелдегі қазақ жазушыларының шығармаларына да орын берілді. Қазақ баспасөзінде алғашқылардың бірі болып «Қазақ әдебиеті» газетінде Б.Тоқанұлының «Рухани ашаршылық, ұлттық өгейліктің басталғаны ма?» [17, 8 б.], Ә.Мендекенің «Социалистік Қазақстан» газетінде «Жақынынды жат етпе» [18, 5 б.] атты мақалалары жарық көріп, оралмандар мәселесі қарала бастады.

«Жұлдыз» журналында шетелдегі қазақ әдебиеті туралы арнайы айдар да ашылды. Журналдың 1994 жылғы 10-12 сандарында жазушы М.Мағауиннің «Ұлттың күре тамыры» деген айдармен «Ұлы көш мұраты» [19, 12 б.] және «Көші-қон шырғалаңы» [20, 166-167 бб.] атты мақалалары жарияланды. Онда қарымды қаламгер Қазақстанға бағыт алған ұлы көштің тарихи маңызына тоқтала келіп, оны Қазақ елінің жаңғыру жолындағы қайталанбас ұлы үрдіске балады, сондай-ақ, заман ағысына керағар, мүлде баяу жүріп жатқан көші-қон үрдісінің жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. Аталған екі басылыммен бір уақытта шетелдегі қазақтар және олардың елге келуін кең ауқымда жазған халықаралық «Қазақ елі» [21, 2 б.] газеті еді. Газет алғаш жарыққа шыққан күннен бастап шетелдегі қазақтардың хал-ахуалына, олардың елге келгеннен кейінгі жағдайына қатысты түрлі мақалалар мен хабарларды жиі жариялап тұрды.

«Қазақ елі» газетінің 22 наурыздағы санында журналист Есенгүл Кәпқызы Моңғолиядан көшіп келіп облыстан-облысқа, ауданнан-ауданға көшіп жан сақтап жүрген оралмандардың өмір тіршілігіне, бір жерде тұрақтамауының нақты себептеріне үңіліп көрді [22, 4 б.]. Бүгін де аталмыш газет өз бағытынан таймай оқырмандарының сұранысын қанағаттандырып келеді. Шетелдегі қазақтар және олардың елге оралу проблемаларын жиі көтеріп келе жатқан газеттің бірі — еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан». Газет тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шетелдегі ағайындардың Отанға оралуына қозғаушы болса, кейінгі кездерде «Халықтың көші-қоны» туралы заңының қабылдануына белсене атсалысты. Еліміздің көші-қон үрдісіне қатысты көптеген қаулылары мен бағдарламалары, үкімет шешімдері және «Халықтың көші-қоны» туралы заңы, дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы және онда көтерілген маңызды мәселелер осы газеттің бетінде жарияланды. Еліміздің көші-қон үрдісіне жауапты ең жоғары өкілетті органдардың (ҚР Көші-қон агенттігінің және кейінгі Көші-қон комитетінің) жұмысы да осы газет арқылы жұртқа жетіп жатты. 2005 жылы қыркүйек айының 28-30 күндері аралығында өткен әлем қазақтарының үшінші құрылтайы қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті өзінің мерекелік санында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы С.Балғабаевтың алдыңғы екінші қазақ құрылтайы кезіндегі атқарылған жұмыстар туралы «Еңсеру» [23, 4 б.] атты мақаласын, Қазақстан оралмандар одағының төрағасы А.Үкібаевтің «Елге ел қосылса құт» [24, 5 б.], Қытайдан келген профессор С.Жанболатовтың «Нұрлы болашақтан таймайық» [25, 2 б.], академик М.Асылбектің «Қазақстандағы демографиялық процесс тарихы мен ақтаңдақтары» [26, 53-60 бб.], З.Қинаятұлыны «Оралмандардың азаматтық құқын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» [27, 7 б.], Қ.Шамақайұлының оралмандарға қатысты «Не істеу керек?» атты мақалалары жарық көрді [28, 2 б.]. «Түркістан» халықаралық апталығы да оралмандар мәселесін өткір көтеріп жүрген газеттердің бірі. Осы газеттің тілшісі, кезінде Мұңғылиядан келген Есенгүл Кәпқызы оралмандар тақырыбын еліміздегі жиі көтеріп келеді. Бұдан басқа «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» жанынан шығатын «Алтын бесік» журналы тағы бар. Аталған басылым беттерінде жарияланған материалдар сан жағынан әр алуан және әртүрлі тақырыптарды көтерген, сол кездегі жағдайдан нақтылы мәлімет беретін дереккөздері болып табылады. Біз олардан ағайындардың елге келгеннен кейінгі жағдайы туралы мәліметтер алып қана қоймай, осы мәліметтерді өзіміздің саралау, зерттеу нысанымызға да айналдырып, одан сол кездегі қазақ баспасөзінің әлеуетін айқындауға тырыстық. Жалпы оралмандар мәселесіне қатысты мақалалардың ішінде Г.Ниязханқызының «Қазақстандағы көші-қон процестері және оралмандар» [29, 150 б.], С.Нұрмұратовтың «Қазақ оралмандарының өркениеттік мәселелері» [30, 4 б.], К.Нурумбетованың «Тәуелсіз Қазақстандағы оралмандардың орналасуы және әлеуметтік – экономикалық жағдайы» [31, 132-137 бб.], А.Айталының «…Адам Отанын іздейді» [32, 4-5 бб.] сияқты көлемді проблемалық, зерттеу мақалаларын атауға болады. Зерттеу жұмысының негізгі өзегі болып отырған оралмандардың Қостанай өңіріне қоныстануы, жергілікті тұрғындармен сіңісіп кетуі, ең көп шоғырланған аудан-қалалар назарға алынды. Еліміздегі көші-қон үдерісінің негізгі ағымына айналған бұл өзекті тақырып дипломдық жұмысыма арқау болды.

Зерттеудің нысаны Мұңғылия қазақтарының Қостанай жеріне қоныс аударуы жұмыстың басты нысаны ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ диаспорасының тарихи отаны Қазақстанға оралуы тарихын бүгінгі тарих ғылымы талабына сай, жаңа методологиялық көзқарас тұрғысынан талдау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

— шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қалыптасу тарихы, олардың біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі екенін дәйектеу;

— Қазақстанның озық ойлы зиялыларының, қазақ тілді басылымдардың қашан да алыстағы ағайынды назардан тыс қалдырмағанын, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тұсында да оларға қол ұшын беру, олармен мәдени-рухани қарым-қатынас жасау мәселесінің қазақ зиялылары тарапынан ұдайы өзекті болып келгенін зерделеу;

-Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың, ұлт зиялыларының тың бастамаларының арқасында мемлекеттік қолдау мен шетелдердегі қазақтардың атамекенге, тарихи отанына оралу мүмкіндігіне ие болғанын ашып көрсету;

— шетелдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;

— тарихи деректер мен ресми құжаттарға, баспасөз материалдарына талдау жасай отырып, оралмандардың қазақ ұлтының өсіміне, басқа ұлттармен салыстырғандағы үлес салмағының артуына тигізетін оң әсерін бағалау;

-қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне талдау жасау және осыған қатысты Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар жасауды қажет ететін тұстарын айқындау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2014 жылдар аралығында көшіп келген оралман отбасылардың тарихи отанына оралуы. Зерттеу жұмысында еліміз егемендік алғаннан бастап тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездердегі шетелдегі қазақтардың Қазақстанға оралу тарихына да шолу жасалды.

Дипломдық жұмыста шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуы және қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесінің көтерілуі алғаш рет кешенді қарастырылған және тарихи зерттеулердегі, баспасөздегі түрлі мәліметтер мен мұрағаттардағы деректерді бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттеудің нәтижесінде төмендегідей жаңа, нақтылы, ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

— зерттеу жұмысында алғаш рет шетелдердегі этникалық қазақтардың өздерінің тарихи отанына оралу үрдісі жан-жақты зерттелген, шетелдегі қандастарымыздың атажұртына оралу тарихының тек бүгіннен ғана бастау алмағаны, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңына дейін әр кезең, әр жылдары мұндай үрдістің заңды немесе заңсыз түрде әлденеше рет болғаны көрсетілді;

— шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирридентерінің тарихи әділетсіздік озбырлығы салдарынан өз еріктерінен сырт мәжбүрлі түрде шетелдік болып қалғаны ашып көрсету;

— алғаш рет қазақ баспасөзінде шетелдегі қазақтар мен олардың тарихи отанына оралу үрдісі, оралмандарды жерсіндіру, квотамен, тұрғын үймен және жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру туралы жарияланған материалдар сараланды және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі шетелдегі қандастарымыздың тарихи отанына оралу үрдісінің жалпы барысына, қарқыны мен ауқымына, көші-қон үрдісінің ұйымдастырылуына талдау жасалған;

— оралмандардың құқығын қорғайтын заңдар мен нормативтік құжаттардың әлеуеті және олардың жүзеге асуы сарапталған және оларды жетілдіруге байланысты тұжырымдар дәйектелген;

— шетелдердегі этникалық қазақтардың елге оралуының тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси маңызы көрсетіліп, оралмандардың отаншылдық тәрбие мен ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрмізді жаңғыртудағы, тілімізді, дінімізді әспеттеудегі мәдени-рухани өмірімізге қосқан үлесі нақтыланды;

— оралмандардың келуіне байланысты Қостанай халқының табиғи және механикалық өсімі, сонымен бірге Федоров ауданында ел-жұрттың ұлттық құрамы туралы мәліметтерді және облыстағы көші-қон үдерістерінің ағымдағы есебінің кейбір көрсеткіштері енгізіліп отыр;

Зерттеу жұмысында Мұңғылия қазақтарының Қостанай жеріне қоныс аудару тарихы туралы төмендегідей тұжырымдар жасалды:

— еліміздің егемендік жағдайында шетелдегі қазақ диаспорасын көшіріп алу мәселесін ұлттың стратегиялық жоспары ретінде қарап, бұл істе мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіру, «Нұрлы көш» бағдарламасы негізінде бірыңғай іс-шаралар кешенін қалыптастыру қажет;

— шетелдегі этникалық қазақтардың елге оралу тек келуші оралмандар үшін ғана жасалып жатқан шара емес, тұтас Қазақстанның саяси-экономикалық және мәдени әлеуетін арттыру үшін де жасалып отырған аса маңызды стратегиялық саясат ретінде қарастырылу қажет;

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысымда зерттеу әдісі — математикалық, салыстырмалы, генетикалық, типологиялық, жүйелік анализ әдістері қолданылды. Себебі өзекті тарихи мәселелерді, толық әрі ғылыми дәйекті зерттелуі үшін және оның эвристикалық мүмкіндіктерін ашу үшін, оның мазмұндық мәні мен сыртқы және ішкі қалыптарына сәйкес ғылыми-теориялық негізі бірнеше тұрғыда болуы тиіс. Біріншіден, мұңғыл қазақтарының тарихынан зерделеніп, тарихшылардың жазған еңбектері қолданылды. Екінші, мұңғыл қазақтарының діні, салт-дәстүрі туралы жазылған тарихи фактілер мен деректер қолданылды. Үшіншіден – ғылыми әдістерді қолдану талдау арқылы, топтау, саралау, салыстыру. Сондықтан осыларға нақтылап тоқталатын болсақ, онда осы зерттеудің методологиялық негіздерін айқындаймыз.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы тақырыптың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кіріспеден, негізгі мәселені қарастырған 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Мұңғылия қазақтарының Қазақстанға көшуі.

1.1.Оралман мәртебесі және Нұрлы көш бағдарламасы

 

Шетелдегі қазақ диаспорасының атажұртқа оралу қозғалысы туралы сөз болғанда, Мұнғылия қазақтарының белсенділігін ерекше атауға болады. Мұнғылиядағы қандастарымыз бұдан да бұрын Қазақстан нақты тәуелсіздікке қол жеткізбей, Кеңестер Одағының құрамынан шықпай тұрған кезде, дәлірек айтсақ 1991 жылдың сәуір айында атажұртқа көш түзеу идеясын қолға алған болатын. Өйткені, социалистік жүйедегі елдер құрамына жататын, шын мәнінде Кеңес Одағының отары Мұнғылияда коммунистік жүйе 1990 жылы құлап, демократиялық жүйе қалыптасып, халық еркіндікке қол жеткізе бастады. Осы еркіндікті Мұнғылиядағы қазақ зиялылары жақсы пайдалана білді. Оның үстіне Мұнғылияда ескі жүйе күйреген соң, халық тұтастай күйзеліске ұшырады. Елді жұмыссыздық жайлады. Мұңғылдардың өздері шетелдерден, әсіресе Оңтүстік Кореядан жұмыс іздеп, бұрынғы 70 жыл бойы жабық шекара қақпасының ашылуын аңсай күткен халық шетке шыға бастады. 1990 жылдың желтоқсан айында Мұнғылияда, үкімет Еңбек министрлігі жанынан жұмыссыздарды шетелдерге шығарып, жұмыс істету мәселесін реттейтін бюро құрды. Осындай оңтайлы сәтті пайдаланған Сағат Зақанқызы, Аятқан Тұрысбекұлы, Сайт Зақанұлы сияқты зиялы қауым көші-қон туралы Қазақстанда ауызға алынбай жатып, еңбек-шартын пайдаланып атажұртқа барғысы келетіндердің басын қосып, ұйымдастыру шараларын қолға алды. Олар Қазақ КСР-нің Талдықорған облысы (бұрынғы атауымен), Кербұлақ ауданының атқару комитеті төрағасының орынбасары В.М.Колупаев және ауылшаруашылығы бірлестігінің төрағасы Н.Жантілеуовпен алғашқы келісім-шартты 1990 жылы желтоқсанның 27-сі күні Сарыөзекте келісім-шартқа қол қойды. Бұл күнді шетелдегі қазақ диаспорасының атажұртқа қадам басқан алғашқы сәтті күн ретінде белгілеуге де болатын шығар. Өйткені, үкіметаралық келісім-шарт жасамай жатып-ақ жоғарыдағы келісім-шарт бойынша 96 қандасымыз 1991 жылдың 12 наурызында Мұнғылиядан Қазақстанға көш басын бұрды. Ал екі елдің Еңбек министрлері арасындағы келісім-шарттағы да сол адамдардың қолымен жасалып, 1991 жылдың мамыр айында Қазақ КСР-нің еңбек министрі С.Бейсенов, Мұнғылияның Еңбек министрі У.Цолмон арасындағы үкіметаралық келісім-шартқа қол қойылды. Міне, осылайша ұлы көш басталды. Осы сәт туралы Сағат Заханқызы «Ұлан–Батордан біздің адамдар бес күн жүріп 1991 жылы наурыздың 17-сі күні сағат 15 кезінде Сарыөзек бекетіне келіп жетті» деп жазды. Болашаққа үлкен үміт арқалап, атамекенге келе жатқан кілең жастар сәнді киініп, құлпырып кетіпті. Оларды қарсы алуға Нұрбай Жантілеуов бастаған аудандық атқару комитеті мен ауыл шаруашылық бірлестігінің жауапты қызметкерлері, көркемөнерпаздар, ауданның қариялары мен жастары жиналып күтіп тұрған. Олар алыстан келген қандастарын құшақ жая қарсы алып, ескі таныс туыстарындай шұрқырасып қарсы алды [89, 1 б.].

Тәуелсіздігін алған жас мемлекет өзінің алғашқы Ата заңы аясында көші-қон үдерісін реттейтін базаны қалыптастыра бастады. Әрі бұл жұмыс жедел қолға алынып, аз жылдың ішінде осы салаға қатысты көптеген заң, құқықтық актілер әзірленіп, қолданысқа енді. Бұған әсер еткен негізгі фактор бастапқы жылдарда Кеңес Одағы құрамындағы 15 республиканың көпшілігі өздерінің тәуелсіздігін алған тұста бұрын жоғарыдағыдай түрлі себептермен Қазақстанға қоныс аударып, тұрақтап қалған, көбі бірнеше ұрпаққа жалғасып Қазақстан туған отаны болып кеткен ұлттық топтар өзінің этникалық байырғы отанына қайта бастады.

Мұнғылиядағы қазақ қандастарымыздың да аңсары Қазақстанға ауды. Бүгінге дейінгі қазақтың соңғы, ұлы көшін Мұңғылиядағы қазақтар бастап, атажұртқа ағылды. Шетелдегі қандастарымызды тарихи отанына шақыру, біріншіден, тәуелсіз Қазақстанның адам факторы, ұлт факторы мәселесі, экономикалық қуатты мемлекет болу үшін адам ресурстары тапшылығын болдырмаудың жолы болса, екіншіден, тағдырдың тәлкегімен әлемнің әр шалғайына тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға қамқорлық жасау жөніндегі Елбасы идеясынан туындағаны анық. Бұл егеменді елге, оның шетте жүрген өкілдеріне деген әділеттілікті қалпына келтіру болып табылатындығында сөз жоқ. Бұл ретте ұлттығымызды сақтап қалудың ішкі мүмкіндігі бірінші орында тұруы заңдылық. Өзгеге тәуелді болса да, атажұртында отырған қабырғасы қалың ел күні ертең бар қазақтың басы қосылып, тәуелсіз тұрғыда бір шаңырақ астына жиналатын күннің туарынан үміттерін үзбей, санадағы рухты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып бүгінге жетті.

Мұнғылия еліндегі қазақтар бірінші болып бастады. Мұңғылиядағы қазақ диаспорасы көп жылдар бойы атамекендегі қазақтармен қоғамдық құрылымы, саяси-экономикалық және мәдени өмірі ұқсас жүйеде өмір сүрді. Осының нәтижесінде қазақ халқынын екі бөлігінің арасындағы байланыс, әсіресе, мәдени байланыстың үзілмеуі, қазақ диаспорасынын өзінің қазақы кейпін сақтап қалуы сияқты жағдайлар олардың көшті бірінші болып бастауының себебі болды деп есептеу қажет.

Мұңғылиядағы қазақтардың көшінің екпіні 1991-1992 жылдары қарқынды болды. 1991 жылы наурызда Мұңғылиядан Қазақстанға Мұңғыл қазақтарының көшін бастап 97 отандасымыз атамекенге көшіп келді. Оралмандардың легі Алматы облысы Кеген ауданына орналастырылды. Одан кейінгі көшіп келуші топтар республикамыздың басқа аймақтарына орынға бастады [90, 1 б.].

Қоныс аударушылар легінің көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты 1992 жылы Мұңғыл Халық Республикасы Баян-Өлгей аймағындағы қазақтар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Оның мақсаты олардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын анықтау және мүмкіндігінше Қазақстанға көшу ниеттерінің себептерін білу болды. Сұралған үш 354 қазақтың 80,5 пайызы Қазақстанға кешу ниетін білдірген.

Шетелде тұрып жатқан қазақтарды Қазақстанға шақыру идеясының туындауы туралы сөз болғанда дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары, сол форумдарда көтерілген тың идея, ұсыныс мүмкіндіктерді айтпау мүмкін емес. Жалпы шетелдердегі қазақ диаспорасының тәуелсіз Қазақстанға оралу мәселесі Елбасының бастамасымен күні бүгінге дейін үш рет шақырылған дүниежүзі қазақтары құрылтайын бір-біріне бөліп қарауға болмайтыны да белгілі. Өйткені, Отандастарымыздың атажұртына оралу мәселесіне қатысты ең бір күрделі мәселелер осы құрылтайларда әңгіме өзегіне айналып, алдағы ұйымдастырылатын шаралар мен ұстанатын бағыттар айқындалып, осы негізінде шешімін тауып келеді. Шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына шақыру бағытындағы іс-шараларға дүниежүзі қазақтарының 1992 жылы 29 қыркүйекте шақырылған бірінші Құрылтай жарқын жол ашты. Әлемнің 40-тай еліне тарыдай шашылып кеткен шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері байырғы отаны тәуелсіз Қазақстанда бас қосып, ұлттық бірлік мәселесін талқылады [91, 3 б.].

Дүниежүзі Қазақтарының алғашқы Құрылтайының негізгі мақсаты қазақ деген халықтың сан ғасырдан соң тәуелсіздігін жариялап ешкімге көз алартпайтын бейбіт қатар өмір сүруді мұрат еткен, Қазақстан атты дербес, егемен мемлекет құрғанын әлемнің қырықтай еліне тарыдай шашылып кеткен қазақ этностарының назарына толық іліктіру, атажұртқа ораламын деушілерге тәуелсіз Қазақстанның есігі ашық екенін жеткізу, осы саладағы Қазақстан Республикасының ұстанатын бағыт-бағдарын айқындау болды. Қазақ баспасөздері дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайында Елбасының сөйлеген сөзін және өкілдердің қосар ой ұсыныстарын, құрылтай шешімдерін, құрылтайдың маңызын жалпақ жұртшылыққа жеткізді. Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы, араға 10 жыл салып барып 2002 жылдың 23-24 қыркүйегінде Түркістан қаласында болып өткені белгілі. Құрылтайда ҚР Президенті дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстанның соңғы 10 жылда жеткен жетістігі мен келешегі, шетелдегі қандастарымызбен байланысын тереңдету жолында қолға алынып отырған игі шаралар жөнінде толығынан тоқталды. Баяндамада шетелдерде тұратын қазақтардың негізгі топтарын атап айтқанда Қытайда, Мұңғылияда, Өзбекстанда, Ресейде тұратын қазақтардың әрқайсысының ерекшелігіне тоқтала келіп, әрқайсысындағы өзекті мәселелерді қозғады [92, 3 б.]. Н.Назарбаев мәселенің ең бастысы, әр елдегі дүниежүзі қазақтарының дамуына, қазақтардың әртүрлі әліпби қолданып отырғаны қарым-қатынасқа, атажұртына оралған қандастарымыздың жаңа ортаға тез сіңісіп кетуіне, жұмыс-қызметке орналасуына кедергі келтіріп отырғанын ерекше атады. Сондай-ақ, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған күннен бастап шетелдегі қазақ жастарының атажұртқа келіп, оқып білім алуына айрықша назар аударып отырғанына тоқталды. Мәселен, шетелдегі қазақ диаспорасына арнап Жоғары оқу орындарынан жыл сайын арнайы квота бөлінетінін, олардың атамекенде қалып, білім алуының, белгілі бір мамандықты игерудің барлық мүмкіндіктерін жолдары қарастырылып жатқанын тілге тиек етті. Баяндамада шетелдегі диаспоралармен байланыс туралы ғана емес, байырғы Отанына оралар дейтін қандастарымызға жасалынатын қолдау, көмек, қамқорлық жайлы да атап көрсетті. «Біз жыл сайын көшіп келу квотасын белгілейміз». Ол жағдайға байланысты, бұл квота бойынша келгенде үй-жаймен қамтамасыз етіледі. Көшіп келуге жұмсалған жол шығыны өтеледі. Басқа да көмектер жетерлік. Жалпы өз еріктерімен келген қандастарымызды қоса есептесек, осы жылы жарты миллионнан аса қазақ атажұртына келеді. Елбасы бірде айтқан еді: «Аман болсақ біздің елге оралған қандастарымызға Германия мен Израильдей көмек жасаймыз деп. Оған да жетерміз. «Қазір істеп жатқандарымыз осы істің бастамасы деп саналу керек», — деді [93, 3 б.]. Алайда, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына қайтаруға байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер біздің қоғамымызда жетерлік.

Мәселен тарихи Отанынан қол үзіп кеткен, тіпті тегін білер-білмес ұлттың тілінен, мәдениетінен, дәстүрінен айырылғандардың бар екені рас. Екіншіден, диаспораның ерекшелігі — оның өзінің тарихи Отанындағы мәртебесі, деңгейі интеллектуалдық, экономикалық күш-қайраты мен жігері. Осыған қарағанда шетелдегі қазақтар әртүрлі деңгейде өмір сүруде. Мұңғылиядағы қазақтардың да кәсібі, мүмкіндіктері әртүрлі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылынан-ақ өріс алған шетел диаспорасында өмір сүріп жатқан қандастарымыздың Қазақстан Республикасына ат басын бұруы өткен жиырмаға жуық жылдың ішінде бірде қарқын алып, бірде саябырлап болса да тоқтаусыз жалғасып бүгінге жетті. Нәтижесінде статистикалық есеп бойынша осы аралықта бір миллионға жуық (кейбір деректер бойынша 800 мыңдай) [94, 250 б.] қандасымыз атажұртына оралып, алпауыт империяның сан жылдарға жалғасқан отарлау саясаты салдарынан өз жерінде азшылыққа ұшырап, ұлттық рухынан ажыратуға шақ қалған халқымыздың санын, сапасын арттыруға, рухын көтеруге, тіпті экономикалық өркенімізге де белгілі дәрежеде үлес қосты. Алайда, қандастарымыздың тарихи Отанына көшіп келу үдерісі даңғыл жолмен кедергісіз мүлтіксіз жүзеге аспағаны белгілі. Айталық, ең бергісі, оралмандарды елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына бейiмдеу өзектi мәселе күйiнде қалуда. Бүгінге дейін оралмандардың елде жеткiлiктi деңгейде қолдау таппай, бiрқатар қиындықтарды бастан кешкенi көпшiлiкке аян. Сонымен қатар Қазақстанға келуге тiлек бiлдiрген қандастарымыздың саны артқанына қарамастан, 90 жылдардың аяғында оларға бөлiнген квота көлемiнің азая түскендiгi көңiлге кiрбің келтiрмей қойған жоқ. Өз тарихи Отанына оралушылар үшін 1993 жылы он мың отбасына (50 мың адамға) квота бөлiнсе, ол кейiнгi жылдары қысқара түсiп, 1994 жылы жеті мың отбасына, 1995 жылы бес мың отбасына, 1996 жылы төрт мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары үш мың отбасына, 1999 жылы бес жүз отбасына, 2000 жылы алты жүз отбасына ғана квота бөлiнедi. Ал, 2001 жылда бастап квота қайта көбейді [95, 398 б.]. Дегенмен Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал, және шетелдердегі қазақтар мен оралмандар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, ұланғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы шақырымына 5,5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны ойлануды қажет етеді. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы саны 20 млн.-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді.

Міне, сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Сондықтан болашақта шетелдерден келетін қандастар арқылы еліміздің жан санын арттыруға мүмкіндік толық. Тек көші-қон үрдісін тоқтатпай оралмандар санын молайту үшін өткен мерзімдегі оралмандар ісін ұйымдастырудағы кемшіліктеріміз бен қателіктерімізге қорытынды жасап, бұрынғыдан да күрделі шаралар іске асыру қажеттілігі туындауда. Мүмкіндігінше квотаны шектемей, молайтып қазақтар тұрған шет мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездетуге жол ашу, ал көшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау еліміздің шетелдегі қазақ диаспорасын көшіріп алу жөніндегі саясатының күн тәртібінде тұр[96, 398 б.].

Жалпы, шетелдердегі қандастарымыздың елімізге қазақ тұратын барлық шет елдерден лек-легімен ағылуының ұлтымыз тарихында бұрын-соңды болмаған саяси маңыздылығын ескеріп, өткен 22 жыл ішінде көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Мұндай алдында сүрлеу соқпағы жоқ тың істі жүзеге асырудағы тәжірибесіздік, оралмандар өміріне қатысты қабылданған заңдар мен шешімдердің шикілігі, осы нұсқа дөп келген қоғамдық өзгерістер, әсіресе, нарықтық экономиканың өтпелі кезеңі көшіп келген ағайындардың тұрмысын түзеуіне қиыншылықтар туғызды. Мұның сыртында жергілікті жердегі басшылықтардың немқұрайлылығы, салғырттығы салдарынан туындаған, басқаша айтқанда, қолдан жасалған қиыншылықтар да аз болған жоқ. Міне осындай қиыншылықтар мен кедергілерді осы салаға жауапты үкіметтік органдардың қажырлылығы, бастамашылдығы арқасында және баспасөз құралдарының сын тездері нәтижесінде дұрыс жолға қойылып түрлі шаралар қолданып, кемшіліктердің орны толтырылды.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекетіміз бүгінге дейін шетелдегі қазақ диаспорасын байырғы Отанына оралтудың әртүрлі жолдарын дәйекті түрде қарастырып келеді. Ең бастысы елім деп келген қандастарымызға барлық жағдай жасауға саяды. Әрине, 22 жылға жалғасқан бұл үдеріс барысында мемлекет мүмкіндігі келмеген іс шаралар да, қолдан келетін шараларды дұрыс ұйымдастыра, ұқсата алмаған салғырттық, немқұрайлылық та болғаны белгілі. Осындай әртүрлі себептерден болып атажұртына оралған бауырластарымыздың жаңа ортаға бейімделгенге, тіршілігін түзеуге дейінгі уақыттарда біршама қиындықтарды бастан кешіргені жасырын емес. Ондай қиындықтардың бастысы ретінде келген ағайындарды әуелі баспанамен қамдау, сонан соң тіршілігін жалғастырып кету үшін еңбекпен айналысуына, жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туғызу тұрғысындағы кемшіліктерді атауға болатынын баспасөз құралдарының материалдарын зерттеу, сараптау барысында көз жеткіздік. Елбасымыз Назарбаевтың тапсырмасы бойынша  үшін Қазақстан Республикасының үкіметі 2008 жылдың 2-желтоқсанында №1126 қаулысымен «Нұрлы көш» бағдарламасын қабылдады.Жоба бойынша қандастарымызды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі және басқа да жеңілдіктер қарастырылған [97, 1 б.].

Оралмандардың көбі Қазақстанға 1993-1998 жылдар аралығында миграциялық квотаны пайдалана отырып келген болатын.  Олардың территориялық шоғырлануының басты аймақтары Алматы қаласы, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары болып табылды [98, 2 б.].

2009-2011 жылдар аралығында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша, 60 мың отбасы, 300 мың адамды көшiрiп алу жоспарланған. Бұл бағдарламаның мемлекеттiк көшi-қон квотасынан ерекшелiгi сол – сыртқы көшi-қонды жүйелi түрде реттеу мәселесi қолға алынған болатын. Шетелдiк қандастарымызды қоныстандыру арқылы, оларды солтүстiк аймақтарға көбiрек қоныстандыру және баспана әрi жұмыс мәселесiн шешу осы бағдарламаның басты артықшылықтары едi. Былтыр «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша, 3 пилоттық жобаның қолға алынғаны белгiлi. Ол – Оңтүстiк Қазақстан облысының Шымкент қаласында, Ақмола облысының Красный Яр ауылында және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалаларында жүзеге аса бастаған [99, 3 б.].

Бағдарламаның негізгі мақсаты да көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу болып табылады.

Демек, қолдау бар, қаржы бар мөлшермен – 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды Қазақстанға көшіріп алу. Яғни, бір жылға бөлінген квота, Елбасы растағандай 20 мың орыннан аспайды. Инфрақұрылымдық дайындық қалай десеңіз, әзірге биыл бұл бағдарламаны іске асырудың сынамасы Оңтүстік Қазақстан (Шымкент қаласында «Асар» елдімекені) 575 отбасына, Шығыс Қазақстан (Курчатов қаласы) 200 және Ақмола облыстарында (Красный Яр ауылы) 276 отбасына баспана салу жұмыстары қарқынды жүрді [100, 3 б.]. Сөйтіп, бұрынғыдай стихиялы көші-қон келмеске кетеді. Оралман өзі тұратын жерді таңдамайды, Үкімет ұсынған жерге барады. Себебі, елімізге келетін әр азаматтың жасы, білімі, еңбек тәжірибесі, мамандығы сарапқа салынады да, жұмысқа тұруына лайықты деген аймаққа жіберіледі. Сонымен бірге, бұрын оралмандарды ауылдық жерлерге қоныстандыру көзделсе, бұл бағдарлама бойынша республикалық және аймақтық қалалардың маңайына орналастыру көзделіп отыр. Бағдарлама бойынша үш жылдың ішінде (2009-2011 жылдары) 60 мыңнан астам отбасы қабылданады. Олардың жартысынан астамын солтүстік аумақтық даму кіндігіне жататын өңірлерге бағыттау қарастырылады. Бағдарламаға қатысушылырдың үштен бірі орталық аумақтық даму кіндігіне жататын аудандарда, шамамен 20 пайызы оңтүстік кіндігінің елді мекендерінде қоныстанатын болады. Өкінішке қарай, 2009-2010 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру Қостанай облысының аумағында құрылысқа қажетті мемлекеттік сатып алулар жүргізілмегендігіне байланысты және (немесе) «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу жүзеге асырылмағандығына байланысты тоқтатылған.  Бұл мәліметтерді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алдық.

Жалпы шет елден келген қандастарымыз алғашқы жылдары Алматы, Онтүстік Қазақстан өңірлеріне көптеп шоғырланды, бұл біржағы сол өлкелермен қанаттас ҚХР-сы мен Өзбекстаннан келушілердің көпшілігіне байланысты болса, екінші: жағы қай елден келген оралман болсын ауа райы қатал солтүстік өңірлерге қоныстануға құлықсыз болды. Тек ел ордасы Астана бой көтерген жылдардан бастап оралмандардың солтүстікке қоныстану саны да өсті. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп көзделген. Бұл орайда, тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу, сатып алу және жалға алу (Астана және Алматы қалаларындағы бағдарламаға қатысушылар үшін) есебінен қалыптастыратын болады.

Оңтүстік Қазақстан Алматы Қарағанды Солтүстік Қазақстан Павлодар Шығыс Қазақстан Алматы қаласы Атырау Маңғыстау Жамбыл Ақмола Ақтөбе Қостанай Қызылорда Батыс Қазақстан тұрғын үйді қалпына келтіру республикалық бюджеттен бөлінетін біржолғы өтемақы мен жәрдемақылардың есебінен, тұрғын үй құрылысы, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы несиесі есебінен, ал тұрғын үй арендасы бағдарламасына қатысушылар жергілікті бюджет қаражатынан және жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы негізінде жүргізілетін болады. «Нұрлы көш» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі, оралмандарға қатысты мәселені шешу үшін әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тартылуы. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы оралмандарды баспанамен қамтамасыз ету ісіне қатысатын болды. Бұл корпорациялар оралмандардың және бағдарламаға қатысушы өзге де тұрғындарды баспанымен қамтамасыз ету ісінде еңбасты тапсырыс берушілердің міндетін атқаратын болды. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құрылыс салушыны тартуы тиіс [101, 3 б.].

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталар болсақ, бағдарламаға қатысушыларды түрлы салаларда жұмыспен қамту ісі көзделген. Бұл өнеркәсіп, құрлыс, ауыл шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, басқарумен әлеуметтік қызмет көрсету салалары болуы мүмкін. Бұл ретте жұмыспен қамтамасыз етудің түрлі нысандары: жалдамалы еңбек, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысу шаралары да қолданылатын болады. Дегенмен, оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету ісі олар орналасқан өңірлердің стартегиялық маңыздылығы мен өндірістік ерекшелігіне де байланысты болмақ. Сондықтан, оларға ұсынылатын жұмыс түрлеріде өңірлерге қарай өзгеріп отыруы мүмкін, сонымен бірге бағдарламаға қатысушылардың білім, білік деңгейі мен экономикалық белгілі бір секторындағы жұмыс тәжірибесі болуы керек. Ал, қажет болған кезде жергілікті атқарушы орган ұйымдастырылатын оқуға және қайта оқуға дайын болу тиіс. Бағдарламаға қатысушылар өзінің жеке кәсібін ашуға ниетті болған жағдайда, олардың тиісті машығы мен тәжірибесі, кәсіпкерлікпен айналысу үшін қажетті белгілі бір қаражаты болуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар несие береді және өзгеде жәрдем көрсетіледі, жалпы, бағдарлама толық жүзеге аса қалған жағдайда еліміз бойынша 150 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Нұрлы көш» бағдарламасының маңызы, артықшалығы жайлы еліміздің қазақ тілді басылымдарында жарияланып жатқан материалдардың көптігі бағдарламаның өміршеңдігін көрсетеді. Алайда, көші-қон барысында «Нұрлы көш» сияқты нақты бағдарламалар жасалып, игі қадамдар жасалғанымен 22 жыл бойы айтылса да, қазақ баспасөз құралдары сан мәрте дабыл қақса да шешімін таппай келе жатқан мәселелер толып жатыр. Оның үстіне қолға алынған қандай іс болмасын жүзеге асу барысында жаңа проблемаларға тап болатыны да заңды құбылыс. Сондықтан оралмандар мәселесінің де болашақта дұрыс жолға қойылуы шешімін таппай келе жатқан кемішіліктерге қорытынды жасап, жеделдетіп шешудің тактикалық жолдарын қарастыру мен болашақта туындауы ықтимал өзекті мәселелерді болдырмаудың алдан-ала жолдарын қарастырған стратегиялық жоспар, бағыт-бағдар белгілеуге тіке байланысты болмақ [102, 2 б.]. Шетелдегі қандастарымыздың атажұртына оралуы елімнің экономикасын дамытудағы адам ресурсы атты негізгі мәселені шешу, ел-жердің байырғы иесі жергілікті ұлттың басымдығын арттыру, сабағынан үзілуге дәс қалған ұлттық рухымызды көтеру, сөйтіп, тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетіктерінің бірі екенінде дау жоқ. Әрі қандастарымыздың дені, нақтырақ айтқанда 5 миллионнан астам қазақтың әлі де шетелдерде тұрып жатқанын ескерсек, алыстағы ағайындарды атажұртқа оралту тұрғысындағы бүгінге дейінгі атқарылған шаруа үлкен істің бастамасы ғана. Ең әуелі біз өткендегі қателіктерден сабақ ала отырып, бүгінге дейін орын алып келген басты-басты кемістіктерді толық жоюға бағытталған іс шараларды жедел қолға алуымыз қажет. Оралмандардың болашағын нұрлы болдыруға кедергі болып отырған, әрі баспасөз құралдарында айтыла-айтыла жауыр болған ең басты кемістіктер мен оларды шешудің тактикалық жолдары ретінде үкімет тарапынан төмендегі жайлардың шешімін табу.

Бірінші: Оралмандардың жаңа ортаға келген соң ел қатарлы өмір сүріп кетуінің басты кепілі — баспана мәселесін шешудің жаңа жолдарын қарастыру. Бұл тұрғыда «Нұрлы көш» бағдарламасы маңызды рөл атқарғанымен мәселені түбегейлі шеше алмайтыны белгілі. Жоғарыдағы кемшіліктер жолға қойылды дегеннің өзінде бұл бағдарлама алда келетін барлық оралмандарды қамти аламайды. Ондай мақсат қойып та отырған жоқ. Сондықтан оралмандарды баспаналы болдырудың басқа жолдарын қарастыру немесе «Нұрлы көш» бағдарламасының ауқымын кеңейтіп, оралмандарды баспаналы болдырудың басқадай жолдарын да «Нұрлы көш» бағдарламасына енгізу қажет [103, 1 б.].

1 Баспана салуға бөлінетін квоталық қаржының көлемін кемінде ауылдық жердегі сатылатын үйлердің бағасының орташа деңгейіне жеткізу, жалпы квота мөлшерін арттырып республикалық бюджеттің бір пайызына дейін көтеру жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру.

2 Облыс орталығы, басқа да ірі қалалардан баспана салуына арнап оралмандарға жер телімін беруді түбегейлі шешу, әрі рәсімдеу жолдарына жеңілдіктер көрсету. Бұл оралмандарды баспаналы болдырудың ғана жолы емес қалалы жерлердегі қазақтардың үлес салмағын арттырудың да тиімді тәсілі болмақ.

3 Оралмандардың үй салуына арнап жеңілдетілген несиелер беру қазір «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй жинақ банкіне» ғана рұқсатталған. Алда екінші дәрежелі банктердің барлығына мемлекет тарапынан міндет жүктеу. Екіншіден көші-қонның алғашқы жылдарындағы үрдісті қайта жаңғыртып, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарды көлік апарып, жерінен көшіріп әкелу.

Үшінші: Күні бүгінге дейін көп айтылса да шешімін таппаған мәселенің бірі квотадан тыс өз күштерімен келетін оралмандарға арнайы қамқорлық жасап, қолдау көмек көрсетуді заң аясында шешу. Ол үшін ең бергісі өз күшімен келушілердің тіршілік деңгейін анықтау.

Шетелдегі қандастарымыздың байырғы Отанына оралуын жеделдету, оралмандардың санын молайту үшін мемлекет «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында стратегиялық төмендегі шараларды жүзеге асыру керек [104, 25 б.].         Бірінші: Қандастарымыз тұрып жатқан басты-басты шетелдердің әрқайсысының өз ерекшелігіне сай бағдарлама әзірлеу.

Екінші: Оралмандарды қоныстандыру мәселесіне байланысты стратегиялық жоспар жасау. Оралмандар мәселесіне байланысты шешімін толық таппай отырған мәселенің бірі келген ағайындарды барынша топтастыру, соның ішінде жергілікті ұлт өкілдері азшылық болып келетін солтүстік өңірлерге қоныстандыру мәселесі еді.

Жалпы көші-қон мәселесіне айрықша әсер еткен күштің бірі Президенттің тікелей Жарлығымен ел астанасының көшірілуі, Астана қаласының бой көтеруі болды. Басқа жағын айтпағанда оралмандарды солтүстікке орналастыруға,  соның ішінде көштің легі Қостанай облысына бұрылуына ықпал етті. Жалпы көші-қонның бағыт-бағдарына да үлкен өзгерістер әкелді деп а         йтуға әбден болады.

 

1.2.Мұңғылия қазақтары Қазақстанда.

 

Қазақстан Республикасының оралмандар мәселесін өзінің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап, көші-қон саясатын реттейтін заң және құқықтық актілер шеңберінде қарастырылып, бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар арқылы жетілдіріп, кемелдендіру үстінде. Жалпы, бұрын-соңды Қазақстанда көші-қон үдерістерінің заңды үрдісі болмағаны белгілі. Өйткені Кеңестік дәуір тұсында ел ішіндегі көші-қон қарқынды жүріп, тың игеру, жер қойнауын байлықтарын игеру деген желеумен миллиондаған отбасы басқа республикалардан көшіріліп әкелінсе де, ұйымдасқан түрдегі шара ретінде ғана баға беріп келді. Сондықтан көші-қон саясатын реттейтін заң, заңнамалық актілер еліміздің тәуелсіздігін нығайту, кеңестік империя құлаған кезде жұмыс күшін басқа жолмен толықтыру мақсаттарынан туындады. Бұл ретте елімізде жұмыс күшін шетелдегі қазақ диаспорасы есебінен толтыру, шет елдегі қазақтардың атажұрт, байырғы Отанына оралсам деген бабаларынан жалғасып бүгінгі ұрпаққа жеткен армандарын нақты жүзеге асыру, сол арқылы ғасырлар бойы отаршылдықтан өшуге айналған ұлттық рухымызды көтеру мақсатында шетелдердегі қандастарымызды көшіріп алу, басқаша айтқанда көші-қон, оралмандар мәселесі мемлекеттік саясат дәрежесінде күн тәртібіне қойылып, бұл мәселені ғылыми егізде реттеу қажеттілігі туды. Шет елдегі қазақтар мәселесін алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым Сабыр Ахметжанұлы Қасымов: «отандастарымыздың өзге елдерге көшу себептерін тарихи негіздерге сүйене  отырып, қазақтардың өз жерінен қуылуы, шеттегі диаспораларымыздың көптігі отаршылдардың халықты ыдырату мақсатындағы шараларынан туындаған зардап» [105, 3 б.]- деп түйіндейді. Сабыр Ахметжанұлы еліміз тәуелсіздік алған күннен-ақ оралмандар үшін саяси, құқықтық және ұйымдастыру әдістері ескерілген қазақ халқының тұтастығы бағдарламасын дайындау қажеттігін ұсынған еді. Ол өз тезистерінде оралмандардың тарихи отанына оралуы тек оралмандардың өздеріне ғана керекті мәселе емес. Егер Қазақстан ұлттық және тәуелсіз мемлекет боламын десе оралмандар мәселесін шешуші фактор ретінде қарастыру қажеттілігін атап көрсетеді.

Сонымен қатар бұл неше ғасырлық отарлау зардаптарын жою, сайлау компанияларын құру, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастыру үшін керекті бірден бір фактор деп бағалады. Ол сондай-ақ мелекеттік шешімдерге әсерін тигізер мынадай ұсыныстарды ортаға салады: «Теория жүзінде дәлелденген шетелдердегі 5 миллион қазақ диаспорасының көпшілігі Қытай Халық Республикасы мен Ресей империясының қазақ жерін бөлудегі құрбаны болып қана қоймай, Ресей жүргізген отарлау саясатының да отына түсті. Олар ұлттық, әлеуметтік діни көзқарасына байланысты КСРО орнатқан әскери жазалау шаралары салдарынан Қазақстаннан қуылды, жазаланды, мал-мүлкінен айырылды. Қарсыласқан қазақтар қырыла отырып, қазақ жерінің бүгінгі шекарасынан арман шегінді», — деді. Сондай-ақ, 1990 жылдардың басындағы Қазақстанның демографиялық жағдайын «жер бетіндегі қазақтың азайып кетуіне жол беру», [106, 3 б.]- деп бағалады. Ол шетелдегі қазақтар саясаттың жазасынан қашқан немесе күшпен айдалған репрессия құрбандарының ұрпақтары екенін үкімет деңгейінде мойындап, оған халықаралық нормаларға сәйкес репрессия құрбандарына арналған әділетті шешім шығарып, осы шараларды жүзеге асыра алатын заң жобаларын жасау керек деген ойын дәйектей түседі. Ол ел тәуелсіздігі қарсаңындағы декларация жобасын әзірлеу кезінде, «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы», «Азаматтық туралы», «Саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы» заң жобаларына сол кездегі депутаттар мен аппарат қызметкерлері арқылы көп ұсыныстар білдірді. Өкінішке қарай, мұның көпшілігі үкімет мүшелері тарапынан қолдау таппады. Егер Сабыр Ахметжанұлы айтқандай шеттелден келген қазақтарды «репрессия құрбаны ұрпақтары» [107, 3 б.] деген дәреже беретін құжат бекітілсе, қандастарымыздың көптеп келуіне жол ашатын еді. Оған қоса заңды түрде репрессия құрбандары ретінде мемлекеттік деңгейде жеңілдіктер жасауды жергілікті әкімшілік және құқық қорғау орындары мойынына алатын болар еді. Бұл шетелдердегі қазақтарды қорғап қалудың және өз мемлекетімізде қазақтардың сыбағалы салмағын молайтудың бірден бір негізгі жолы болар еді. Сондықтан көші-қон мәселесіне мемлекет айрықша назар бөлді. Сондай-ақ көші-қон мәселесіне жауапты Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін дербес орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы көші-қон және демография жөніндегі агенттігін құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты [108, 7 б.].

Көші-қон үдерісі құқықтық тұрғыда реттейтін алғашқы нормативтік акт «Халықтың көші-қоны туралы» Заң 1992 жылдың 26 маусымында қабылданды. Бұл заң елімізде жұмыс күшін тарату, (әсіресе түрлі мамандық бойынша) өз бетімен жұмыс іздеп келуші келімсек топтардың әрекетін реттеу, ең бастысы этникалық қазақтардың көшіп келуін ұйымдастыру, реттеу мақсатын көздеді [109, 7 б.]. Көшіп келуші оралмандарға осы заң аясында қамқорлықтар көрсетіліп, жағдайлар жасаудың негізін қалады. Осылайша қазақ халқының шетелдегі диаспорасын байырғы Отанына шақырудың құқықтық негізі «Халықтың көші-қоны туралы» заңының негізгі бөлігі ретінде қарастырылды. Алайда, көші-қон туралы заңның жалпы көші-қон мәселесін, соның ішінде еліміздің тәуелсіздігін арттыруға, ұлттық біртұтастығымызды қамтамасыз етуге қызмет ететін шетелдегі қандастарымыздың байырғы Отанына оралуына жеңілдік туғызатын, жағдай жасайтын, реттейтін баптарындағы олқылықтар, тіпті мүлдем ескерілмей қалған жағдайлар бұл заңның қажеттілікке толық жауап бере алмайтынын көрсетті. Әсіресе «Көшіп келуші» мен «босқын» түсінігінің ара жігі толық ашық-айқын сипатталмады. Осы кемішіліктің орынын толтыру мақсатында әртүрлі жолмен Қазақстанға келетін шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне жеңілдіктер көрсету мақсатында сол жылы 23 қыркүйекте «Қазақ диаспорасынның өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы министерлер кабинетінің Қаулысы қабылданды [110, 7 б.]. Қаулыда шетелдегі қазақ диаспорасынан түрлі оқу орындарына түсуге келген талапкерлерге Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей құқық беру, қажетті материалдық жағдайлармен мемлекет есебінен қамтамасыз ету, өндірістік ғимарат, тұрғын үй салуына жер бөлу, олардың Қазақстанда болған кезінде емдеу-сауықтыру жәрдемін пайдалану ережесін белгілеу қатарлы көптеген жеңілдіктер қарастырылып, қатысты министрліктер мен ведомстваларға міндет жүктетті. Көші-қон жөніндегі алғашқы заңның олқы тұстарына байланысты жалпы халықтың пікірі, баспасөзде жарияланған сын, ескертпелер осындай қорытындыға әкелді. Сондықтан Үкіметте, Парламентте және жеке адамдардың бастамасымен 1996 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңның бірнеше нұсқасы әзірленіп, халықтың талқылауына ұсынылды. Осы талқылау негізінде аталмыш заң жобаларының олқы тұстары жайлы қазақ баспасөзінде сын мақалалар көптеп жариялана бастады. «Қазақ елі» газетінде Б. Уатқанның «Отандастар тағдыры ойыншық емес» [111, 2 б.], «Егемен Қазақстан» газетінде Г. Сәдірқызының «Көш-керуен кері бұрылып кетпесе екен» [112, 3 б.] т.б. мақалалар жарық көрді, онда мемлекет тарапынан қабылданып жатқан заңдық құжаттар талданды. Е.М.Арын, Е.М.Әбенов, Қ.Бодауханұлының «Саясат» журналында «Қазақ диаспорасының көші-қоның үйлестіру жәйттері» атты бірлесіп жүргізген зерттеулерінде «…үкіметтік деңгейде үйлестірілмеген миграциялық процесс мемлекеттің экономикалық, демографиялық саясатына кері әсерін тигізумен қатар, ұлтаралық шиеленістің де туындату себепкері болады» деп [113, 40 б.], оралмандар мәселесіне жауапкершілікпен қарау жайлы ой түйілді. Қазақ баспасөзінің белсене араласуымен, 1997 жылы халықтың көші-қон мәселесін заңдастыратын өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, «Халықтың көші-қоны туралы» заңы қайта қабылданды. Сөйтіп, 1997 жылы 13 желтоқсандағы №204 заңы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының толықтырылған екінші реткі заңы қабылданды да, 1992 жылы 26 маусымдағы алғашқы заң өз күшін жойды [114, 7 б.].

Заң қабылданбас бұрын қазақ баспасөз беттерінде кеңінен талқылаудан өтті. Мысалы, «Қазақ елі» газетінде Ф.Оңғарсынова «Тағы да заң жобасы туралы» [115, 1 б.] мақаласында Үкіметті жобасын қабылдамай, депутат Ә.Ысқақұлы ұсынған заңның балама жобасын негізге алған дұрыс, себебі онда халықтың көші-қонының өзекті мәселелеріне байланысты талаптар толық ашылып көрсетілген дейді. К.Елемес «Кетушіден келушінің мүддесі биік болса» [116, 2 б.] мақаласында заң жобасының 5-тараудағы 26-бабын өзгертуді сұрайды, себебі Қазақстан Республикасынан кетушілерді қаржыландыру қаржыландырушы органдардың есебінен жүзеге асырылады, көшіп кетушілер сапырылысып жүре бермесіне кім кепіл? Сондықтан заң жобасындағы «Республикадан кетушілерді қаржыландыру» дегенді «Отанына оралушы оралмандарды қаржыландыру» деп өзгерту қажет деген елдік мүддеден туған ұсыныстар айтылды. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Ана тілі», «Түркістан» т.б баспасөз беттерінде осы мәселеге қатысты келіп түскен хаттар, үндеулер беріліп, заң жобасы кеңінен талқыланды. Осылайша бір жыл бойы халықтың, құзырлы мекемелердің талқылауынан өткен соң қазақ баспасөзі жарияланған сын, ескертпе, ұсыныстар ескеріле отырып, 1997 жылы 13 желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының толықтырылған екінші рет заңы қабылданды да, 1992 жылы 26 маусымдағы алғашқы заң өз күшін жойды [117, 7 б.]. 2001 жылдың бірінші наурызында 1997 жылы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Тәуелсіздіктен соң өріс алған қандастарымыздың атажұртына қайта оралуы бүгіндері кең тынысты, шешілмеген мәселелері көп, өзекті де өрісті дүниеге айналды. Соның бірі қандастарымыздың тарихи Отанына қайта оралуына мүмкіндік жасау жолындағы Елбасынан бастап мемлекетіміздің, мемлекеттік емес ұйымдардан басқа да күштердің қолға алып, олардың жүзеге асырып жатқан шараларымен тікелей байланысты. Осындай қоғамдық ұлы өзгерістің, ел өмірінде бірден емес, біртіндеп қана жүзеге асатын сан түрлі мәселелер туындататыны да сөзсіз. Тіпті терең талдау, зерттеу жасауды талап ететін қоғамдық ғылымның дербес саласына айналды. Ғалымдарымыздың бұл тақырыптағы теориялық мақалалары жарық көрді. Еліміздің тіпті шетелдердің баспасөз, ақпарат құралдары қазақ диаспорасы, көші-қон мәселесі жөнінде үзбей материалдар жазды. Әсіресе, республикамыздағы ұлт жаңашыры — қазақ баспасөз құралдары Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ «Халықтың көзі, құлағы һәм үні» бола білді. Шетелдегі қандастарымыздың атажұрты, байырғы отанына оралуына жасалып жатқан мүмкіндіктер мен қолға алынып жатқан шараларда, кеткен кемшіліктер, жаңадан туындайтын өзекті мәселелер, келген оралмандардың жай-күйі, тәуелсіз елінің дамуына қосып жатқан үлесі дегендей, барлығы да еліміздің баспасөз, ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған емес. Тәуелсіз еліміздің туын әлем аренасында биіктен желбірету үшін ұлы мақсатты жүзеге асырудың маңызды бір саласы, шетте жүрген қандастарымыздың Отанына оралуына мүмкіндік туғызу, олардың күш-қуат, әлеуетін пайдалануды насихаттау ерекше маңызға ие болды. Біз бұл еңбекте шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихи отандарына қайта оралуына еліміздің қазақ тілді басылымдарда жарық көрген қазақ диаспорасы мен тәуелсіз отанына оралған оралман ағайындардың өмір тіршілігіне, олардың өзекті мәселелеріне қатысты материалдар мен мемлекет, үкімет, басқа да қоғамдық ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға қатысты материалдарға талдау, сараптама жасап, олардың осы саладағы ауқымды іске қанша үлес қосқанын, проблемалық жайлардың шешімін табуға ықпалы, рөлі қай деңгейде болғанын саралап, бұл саладағы істің болашақтағы бағыт-бағдар, тенденциясына тоқталу мақсатын көздедік.

Келесі бөлімімізде Мұңғылия қазақтарының Қостанай облысына тарала қоныстану жайлы таратып айтып беретін боламыз.

 

Диаграмма 1.

Қазақстанда жұмысқа орналасу кезінде туындайтын қиындықтар:

 

 

33%

 

 

 

 

құқықтық базаның жетілмегендігі;                   

-квота берешектері;

-жұмысқа орналастыру;

-жер, мал жағдайы;

-тұрғылықты орын таңдау;

-азаматтық алу;


1.3. Мұңғылия қазақтарының Қостанай облысына тарала қоныстануы.

 

Қазақ еліне шетелдердегі қандастарымыздың алғашқы көшінің аяқ басқанына да, міне, ширек ғасырға жуықтап барады. Атамекенін аңсап жеткендердің басы республикамыз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Мұңғылиядан ат басын бұра бастады. Бастапқыда екі мемлекеттің еңбек келісім-шартына орай көшіп келе бастаған шетелдердегі қандастарымыз тоқсаныншы жылдардың ортасына қарай лек-легімен көшіп келіп жатты. Бұл да мемлекетіміздің бауырларымызды бір шаңырақтың астына жинаудың алғашқы үлкен қадамы еді.

Біздің облысымыз да алыстан оралған қандасын құшақ жая қарсы алғандардың басында тұрды. Әсіресе, сол кезде Ворошилов аталатын кеңшар, бүгінгі Қарабатыр ауылы атамекенге аяқ тіреген оннан аса отбасын бірден орналастырды. Бұл науқанды мойнына алғандардың бірі – күні кеше арамыздан кеткен Қазақстан ауыл шаруашылығының үздігі, білікті басшы, ұлтының қамын алдыңғы орынға қойған Жәзит Құдайқұл еді. Алғашқы көштің келуін ата дәстүріміздің оралуы деп қабылдады сонда қуанған ағайын. Олай дейтін реті де бар, алдымен, осындағы ағайын енді ғана тілі, дінімен қауышып жатқан тұста, алыстан оралған қандастарымыздың діліміз бен салтымызды жаңғырта келгені нұр үстіне нұр болды [118, 6 б.].

Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің деректеріне жүгінсек, 1991-2013 жылдар аралығында Қостанай облысының аумағына жақын және алыс мемлекеттерден 31 353 адам санымен 8 158  оралман отбасылары келген, олар: (Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түркменстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Молдова Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Әзербайджан Республикасы,  Мұңғылия Республикасы, Қытай Халық Республикасы) [119].

Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы қызметкерлерімен және Рудный қаласы бойынша «Тағдырымыз бірге» іскер әйелдер қауымдастығы мемлекеттік орган өкілдерімен  бірлесіп  әр ай сайын Рудный қаласына, Қашар кентіне, Таран және Федоров аудандарына барып, оралмандардың көкейтесті мәселелері бойынша этникалық қазақтармен және оралмандармен кездесулер өткізілді. Жеке мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, орындарында жергілікті органдардың мемлекеттік басқарма  өкілдерімен шешіледі. (Өздерінің құзіреттілік шегінде этникалық қазақтар және оралмандар балаларына мектептерден, мектепке дейінгі дайындық ұжымдардан орын беріліп, оқулықтармен қамтамасыз етіледі). Сонымен қатар, оңтайлы нәтиже беретін, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ЖШС, жеке кәсіпкерлік өкілдерімен келісім-шарт жасасу ұйымдастырылады. Шешілмей қалған мәселелер жазылып алынып, әкімдіктерге жолданады, жауаптар келіп түсуі барысында, келесі өткізілетін кездесуде іскер әйелдер қауымдастығы өкілі атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасайды.

Мұңғылиядан 1991-2013 жылдарда өзінің тарихи отанына қоныс аударғандар арасында Қостанай облысына қоныс аударғандардың басты мақсаттарын сараласақ, сауалнамаға жауап берушілердің

-21,3%-і өз туыстанына жақындау үшін;

-18,0%-і жергілікті әкімшілік тарапынан болған түсінбеушілікке байланысты;

-15,6%-і ауа райының жағдайына байланысты;

-13,6%-і мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмауына байланысты;

-10,6%-і орналасқан мекенінің шалғай болуына байланысты деген жауаптар қайтарған. Бұл туралы Рудный қалалық іскер әйелдер қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша жасалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, этникалық қазақтар санынан көшіп-қонушылар «Жол картасы-2020» бағдарламаның үшінші бағыттына қатысушылардың санына енгізілген.

Бағдарлама қатысушыларына жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері және әлеуметтік қорғаудың басқа түрлері  ұсынылатын болады.

Рудный қаласының жұмыс берушілеріне сауалнама жүргізу әдісі арқылы  өңірдің жұмыс күштерінің қажеттілігі анықталды.

Қаланың еңбек рыногында тау-кен өндірісінің білікті жұмысшыларының мамандықтары талап етіледі (үңгілеуші, жарушы, тау-кен жұмысшысы, бекітуші, экскаватор машинисі, бульдозер машинисі, электрослесарі, жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь, сылақшы, сырлаушы, жер қазушы және басқалар). Бағдарлама қатысушыларын, соның ішінде  оралмандарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, облыстың еңбек рыногында жіті талап етілетін мамандықтар бойынша  жүргізілді. Жіті талап етілетін мамандықтар тізбесі жұмыс берушілерге сауалнама өткізу әдісімен анықталынады.

2013 жылы облыс аумағына еңбекке қабілетті жастағы 639 оралман келген, олардың ішіндегі 26 оралман  облыстың еңбекпен қамту орталығына жүгінген, 20 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, 36 адам қоғамдық іске тартылған [120, 32 б.].

2011 жылға дейін «Көшіп-келу квотасына сәйкес келген оралмандарға тұрақты мекенжайына жеткенше жол шығындарының төлемін және үй мүліктерін тасып апаруға шыққан шығындарын, жаңа келген қонысында тұрғын үй сатып алу үшін және бір рет берілетін жәрдемақылары төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 23-10/И-677 тапсырмасымен Үкіметтің «2012-2014 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу туралы» 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1581 қаулысы кері қайтарылуына байланысты қазіргі уақытта оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу, мемлекет тарапынан өтемақылар мен төлемақылар төлеу жұмыстары жүргізілмейді, тек құжаттар оралман мәртебесіне ғана қабылданады [121, 32 б.].

2013 жылы Рудный қаласы Қашар кентінде Алматы талдау орталығының директоры, әкімшілік өкілдері және көші-қон бөлімінің мамандары оралмандармен кеңейтілген жиналыс өткізді.

Осы жылы қараша, желтоқсан айларында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы оралмандармен кездесіп жұмыспен қамтамасыз ету туралы, көші-қон бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы түсіндіру, сұхбат жүргізу ұйымдастырылды және 2013 жылдың 12 желтоқсанында жергілікті теледидары «Қазақстан-Қостанай» каналынан және «Алау» каналынан 2 рет сұхбат өткізілді. Әр апта сайын жұмысқа орналасу туралы Enbek.kz сайтынан бос орын іздестіру жолдарын қару үшін хабарлама жарияланады.

2013 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулер енгізілген туралы, Қазақстан Республикасының заң жобасында көзделген түзетулерді тиімді іске асыру үшін түсіндіру, оралман мәртебесін беру туралы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оралмандардың көшіп келу квотасын және тиісінше барлық ақшалай төлемдер мен өтемақыларды беруді тоқтату көзделген. Бірақ, оралман мәртебесінің иегерлері үшін басқа әлеуметтік көмектердің барлығы сақталып отыр. Олар:

         Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы заңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Осылайша, оралмандар Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтығының болуына не болмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Сонымен қатар, азаматтық және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғанға дейін оралмандарға зейнетақы төлемдерін тағайындау рәсімдерін жеңілдету мақсатында оралман куәлігінің негізінде зейнетақы тағайындау көзделген.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға қатысты (арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы)

1999 жылы қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңымен заттай жеңілдіктер арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылған, оның мөлшері бұрын берілген заттай жеңілдіктерге қарай сараланып белгіленген .

Бүгінгі күні азаматтардың 20 санаты, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын оралмандар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  алады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысты

         «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңына сәйкес оралмандар халықтың нысаналы тобына жатады, мемлекет оларды жұмыспен қамту бойынша шаралармен қамтамасыз етеді.

         Оралмандар сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алады (кәсіптік оқудан, қайта даярлаудан өту, біліктілігін арттыру, өз ісін ашу үшін шағын несие алу).

Тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты

         «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес оралмандар халықтың нысаналы тобына жатады, олардың жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігі қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар. Сонымен қоса, оралмандар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несие алу арқылы баспаналы бола алады.

ҚР заңына сәйкес Үкімет оралмандарды қоныстандыратын өңірлерді айқындайтын болады. Оралман мәртебесі тек осы өңірлерге келгендерге беріледі. Бұл ретте, олар бірінші кезекте ықтияр хат алу керек, содан кейін оралман мәртебесіне өтініш бере алады.

Оралман мәртебесінің келесі жағдайларда күші жойылады:

  • азаматтық алғаннан кейін;
  • ықтияр хаттың күші жойылған жағдайда;

3)оралман мәртебесін алған күннен кейін 7 жыл ішінде азаматтыққа құжаттар тапсырмаған жағдайда;

4)егер оралман мәртебесін алған өңірде 5 жыл тұрмай басқа өңірге өз еркімен көшіп кеткен жағдайда. Басқа өңірлерге келгендер басқа ұлттардың өкілдері сияқты ықтияр хат алып тұрақты тұра алады. Ол үшін олар өзінің төлем қабілеттілігін (банкке 2,5 млн. теңге көлемінде қаржы салу қажет) растауға міндетті.  Бірақ, олардың оралман мәртебесіне өтініш беру құқығы болмайды.

Оралмандардың қазақстандық азаматтықтығына өтініш беру құқығы тек қоныстанған өңірде 4 жыл тұрақты тұрғаннан кейін ғана беріледі.

Қостанай облысына көшіп келген оралмандарға тоқталсақ. Қостанай облысында тұрғылықты Мұңғылиядан келген 1582 этникалық қазақтар тұрып жатыр. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі 744 балалар. Репатрианттар 12 ауданда, облыстың 2 қаласында тұрып жатыр. Төмендегі кестеде көрсетілген: [ 122, 33 б.]

Рет

Аудандар отбасы Адам саны
1 Алтынсарин 50 222
2 Қарасу 26 158
3 Таран 39 203
4 Қостанай ауданы 26 132
5 Рудный қаласы 206 745
6 Федоров 28 135
7 Арқалық қаласы 40 220
8 Қостанай қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

30 95
  Барлығы 445 1910

 

Көптеген отбасыларға жағдай жасалып тұрғын үй және үй салу үшін жер берілді. Облыс бойынша үй кезегіне репатрианттардың 18 отбасы тіркелді, оның ішінде квота бойынша 1999 жылы 6 отбасы, 1998 жылы квота бойынша 12 отбасы келген. Жоғарыда аталған отбасылар уақытша үкімет үйлерінде, жалға алған пәтерлерде және жатаханаларда тұрып жатыр. Мұңғылиядан көшіп келгендерідің 774 еңбекке жарамды адамнан 221 адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің берген деректеріне сүйенсек, 1325 репатриант Мұңғылия азаматтығынан шығуға арыз берген. Оның ішінде тек қана 219 адамның ғана мәселесі шешіліп отыр. 2000 жылдың 1 мамырында 97 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды [123].

Көшіп келген отбасылардың 72 пайызы жұмыссыз. Әр үшінші отбасы көпбалалы және материалдық қиыншылықтарды тартып отыр. Бұлардың негізгі проблемалары оралмандар белгісіз себептермен Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай отыр. Сондықтан жұмыспен де қамтылмаған. Өмір сүру деңгейлері төмен. Ауылда тұратын қазақтар тек қана малмен ғана күн көріп отырса, ал Қостанай қаласында тұратын оралмандар материалдық қиыншылықтарды көруде [124].

Соңғы жылдары этникалық қазақтардың өзінің тарихи отанына қоныс аударуының маңыздылығын ескере отырып, Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы көші-қон және демография жөніндегі агенттік отандастарымыздың ел-жұртқа қайта оралуының жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын іздестіруде. Біздің ойымызша, бұл мәселедегі проблемалар уақытша қиыншылықтардан туып отырған көріністер, көштің зор мүмкіндіктері алда деп есептейміз. Ол өзінің нақты нәтижелерін берері сөзсіз. Менің дипломдық жұмысымда осы мәселелер көтеріліп, зерттеу жұмысыма арқау болды.

 

Мұңғылиядан келген оралмандарды Қостанай облысы бойынша қоныстандыру картасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұңғылия қазақтары Федоров ауданында

 

Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай тараған қандастарымызды бір шаңырақтың астына жинау үрдісін қолға алды. Осындай шара Федоров ауданында да іске асты.

Федоров аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген деректеріне сүйенсек, Федоров ауданында Мұңғылиядан келген алғашқы оралман отбасылары 1992 жылы келді. Ол кезде қандастарымызға аудан, ауылдарда түрлі шаруашылықтарда жұмыс берілді. Әлеуметтік-материалдық жағдай жасалды. 1995 жылы оралмандардың тілегімен бір жерде туған-туыстарымен шоғырланды. Барлық көшіп келген қандастарымыз Успенов селосына қоныстандырылды. 1992 жылы көшіп келген он екі отбасы әлі күнге дейін осы селода тұрады [125].

1993 жылы Мұңғылиядан көшіп келген әкем Зия Жамалхан алғашқы жылдарды былай деп есіне алады:

— Әкем Жамалхан ата-бабаларымыз 1870 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл, Зайсан аудандарынан кеткен деп отыратын. Қандай жағдаймен көшкенімізді білмеймін. 1954 жылы Мұңғылияның Баян-Өлгий аймағында Жамалханның отбасында дүниеге келдім. Кейіннен тарихи отанымыз Қазақстан 1991 жылы өз Тәуелсіздігін алған тұста елімізге қайтуға мүмкіндік жасалды. Сөйтіп 1993 жылы шілденің 20-сы күні Ұланқұс сұмынынан он екі отбасы Қостанай облысы, Федоров ауданына көшіп келдік. Минск ауылының Үй бөлімшесіне үш отбасы, Пешков селосының Новошумный бөлімшесіне үш отбасын, Кеңарал селосының Жыланды бөлімшесіне үш отбасын таратып жіберді. Үш жыл ауданның әр бөлімшесінде тұрдық. 1996 жылы барлығымыз бірігіп, Федоров ауданының Успенов селосына көшіп келдік. Кейін басқа да туыстарымыз келіп қосылып, олар да тарихи отанымызға қоныс аударып, қатарымызды көбейтті. Іргелес жатқан Озерный ауылында Мұңғылиядан келген бірнеше отбасы тұрады. Бүгінгі уақытта алпысқа тарта туған-туыстарым бар. Қазір біздің тұрып жатқан Успенов ауылында Мұңғыл елінен көшіп келген 30-35 отбасы бар. Барлығымыз бір-бірімізге жамағат болып келеміз. Мен отбасымда он ағайындымын. Бірге туысқан екі бауырым Мұңғылияда тұрады. Онда жүз елуден астам туған-туысымыз бар. Барып, олар бізге келіп араласып тұармыз.

Атадан қалған кәсіп пен қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрді де ала келдік. Ұлттық өнер, салт-дәстүрді ұрпағымызға, ұл-қыздарымызға дәріптеп отырамыз. Нағыз қазақы ортадан көшіп келдік. Балаларымның үлкендері ұлттық дәстүрді ұстанған, жаздай жайлауда киіз үйде тұратын ата-әжесіне қозы бағысып, көшпелі ғұмырдың бір шетін көрді, — дейді ол.

Еліміздегі түрлі реформалар мен орын алған нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен тоқырау кезеңдерінде оралмандарда жергілікті тұрғындармен қиыншылықтарды қатар бөлісті. Қорықпай тарихи Отанында қалу туралы шешімдерін өзгертпеді. Кейіннен көшіп келген оралмандарда осы ауылға бет бұрды. Бүгінгі күні Успенов селолық округінде 34 оралман отбасы өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы да бір-бірімен туыстық қарым-қатынаста. Успенов селосына көшіп келгенде туған балалар өз отбасыларын құрды. 2005 жылы 4 жас отбасы қатарға қосылды. Бұл ауыл олардың туған жеріне айналды [126].

Мұңғылиядан көшіп келген отбасылар әлеуметтік, психологиялық бейімдеуден сәтті өтті. Жергілікті билік өкілдері олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге барлық жағдай және мүмкіндік жасады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешті. Ал жұмыспен қамту мәселелесі бойынша арнайы кәсіби дайындықтан өтті.

Бүгінгі күні жұмыспен қамту өзекті мәселеге айналды. Федоров ауданындағы «Успенов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қандастарымыздың 26-сы тұрақты және маусымдық жұмыстар істейді. Басым бөлігі Успенов орта мектебінде сабақ береді. Сонымен қатар, «Алтын Жаз-2004» ЖШС жұмыс істейді. Оралмандардың басым бөлігі өздерінің жеке шаруашылықтарымен айналысады. Оралмандардың 450 бас ірі қара, 300 қой-ешкіден астамы, 25 жылқы ұстап отыр.

Успенов селолық округіне келген оралмандар жер телімдері бөліп берілген. Оралмандардың ұйытқы болуымен «Алтын Жаз-2004» ЖШС құрылып, мал шаруашылығын көбейтуде. Успенов орта мектебі жаңа мәртебеге ие болды. Бұрын орыс тілінде білім беріп келген білім ошағында қазақ сыныптары ашылды.

Зерттеу жұмысымда шет елден келген қазақтардың еліміздің демографиясын көбейтумен қатар, көзден таса қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосуда. Мұңғылия қазақтарының көшу процесін зерттей отырып, зерттеу жұмысымызда келтірілген түрлі қиындықтарға қарамастан, Мұңғылия қазақтарының көші алдыңғы орында тұрғынан көз жеткіздік.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен ХҮІІІ ғасырдың II жартысында Алтай асқан көш XXI ғасырда басын бері бұрды. Ғасырлар тоғысып, рухтар табысып жатыр. Небір нәубет-зобалаңдар артта қалды, ұрпағым, ертеңім деген ата-бабаларымыздың арманы орындалды.

Дипломдық жұмыстың барысы да қазақтың Алтай, Қобда бетіне қоныстанып, сол жерлерде түтінін түтетіп, әлі күнге дейін қалпын бұзбай отырғандығын көрсету болса, небір қиын кезеңдерді басынан өткізгендігі туралы да айтылмай қалған жоқ. Келешектің күнін ерте ойлаған бабаларымыздың ел ауып, жер ауып кеткендігі рас. Америка, Африка, Еуропа, Австралия бол, қай жерде қазақтың қаны бар, ол қазақтың байырғы Отаны  Қазақстанға бауыры бұрмай тұра алмайтыны ақиқат. Шетелдегі қазақтардың тарихи Отаны — Қазақстан Республикасына оралуы еліміздің тәуелсіздік тарихының құрамдас бөлігі екендігі, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің саяси тұрғыдан құқықтық-демократиялық даму жолына түсуі, бәрінен бұрын республикадағы тұрғылықты ұлт қазақ халқының жан-жақты дамуына мол мүмкіншіліктердің жасалуы шетелдегі қазақтардың елге оралуының басты алғышарты  болғанын қарастыра отырып, дипломдық жұмыстың зерттеу барысын, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес, жұмыстың мәнін, мазмұнын айқындаған болатынбыз.

1.Қазақ ұлтының шетелдегі бұл өкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының өз ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті. Шекара сызықтарының әділ жүргізілмеуі, отаршылдық езгі, саяси қуғын-сүргін, т.б көптеген факторлар қазақтардың бүгінгі Қазақстан шегінен сырт аймақтарға, алыс шет елдерге қоныстануына әкелді.

Қазақ диаспорасын көптеген себептердің салдарынан, жеті ғасырға (ХІІІ-ХХ ғасыр) жуық уақыттың ішіндегі пайда болған деген болжамды ұсынамыз. XIII ғасырда мұңғылдардың қазақ жеріне жасаған шабуылының салдарынан қазақ диаспорасының пайда болу тарихы басталады. Бұған қазіргі Қазақстан Республикасы территориясында ХІІІ ғасырдан бергі келе жатқан «найман қашқан» және тағы басқа жер аттары дәлел бола алды

2.Қазақстанның озық ойлы зиялыларының, қазақ тілді басылымдардың қашан да алыстағы ағайынды назардан тыс қалдырмады. Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тұсында да сырттағы отандастарымыздың көші тоқтамады. Қазақстандағы көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері оралман мәселесіне көңіл бөліп, оның шын мәніндегі ұлттық саясат деңгейіне көтерілуіне, Үкімет саясатының басым бағыттарының бірі болу керектігіне ықпал етті. Бұл қатарда Ш.Мұртаза, М.Мағауин, М.Жолдасбеков, М.Шаханов, А.Сейдімбек, Б.Тілеуханов, Б.Тайжан, Ә.Ысқақ, У.Қалижан т.б қайраткерлердің мақалалары газет беттерінде жиі жарияланды.  Сонымен қатар, бұл іске Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен елімізге шетелдерден көшіп келіп, азаматтық алған және Қазақстанда бір кісідей еңбек етіп жүрген оралман зиялыларының өкілдері де атсалысты. Олардың қатарында шетелдегі отандастарымыз бен олардың елге оралуы жөнінде өзіндік зерттеу материалдарын жариялап, пайдалы ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтып жүрген З.Қинаятұлы, Н.Мұқаметханұлы, Т.Зәкенұлы, З.Қабылдинов, А.Мауқараұлы, Ж.Қамайұлы, И.Жеменей, Қ.Бодаухан, Р.Айыпұлы, Е.Кәпқызы, М.Бұлұтай, Б.Қайратұлы, А.Ахметбекұлы сынды азаматтардың қосқан үлесі зор. Олардың мазмұнды мақалалары, шетелдегі қандастар туралы зерттеулері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көріп, тарихымыз тың деректермен толықтырылды.

  1. Соңғы 20 жылдан астам уақыттың ішінде Атамекенге деген сағынышын өздерімен бірге алып келіп жатқан қандастарымыздың Ұлы көші әлі тоқтаған емес. Олар Қытайдан   да,   Мұңғылиядан   да,   Ауғанстан,   Түркіменстан, Өзбекстаннан да, Түркиядан да келіп жатыр. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың,  ұлт зиялыларының тың бастамаларының арқасында мемлекеттік қолдау мен шетелдердегі қазақтардың атамекенге, тарихи отанына оралу мүмкіндігіне ие болғанын арнайы «Нұрлы көш» бағдарламасы, өзге елден келген отандастарымызды бейімдеу тұрғысында облыстарда бейімдеу орталықтары ашылды. Арнайы ҚР «Көші-қон туралы» заңы қабылданды. Бұл заңға екі рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. тарихи отанына көшіп келушілерге арнайы квота бөлінді. Осы тұрғыда мемлекетіміз тарыдай шашыраған қандастарды жинауда оң саясатын жүргізіп келеді.
  2. Әрине, сырттағы қазақтарды ата қонысына қайтару саясатында қол жеткізген табыстармен бірге, орын алған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерде кездесті. Мәселен, Қостанай облысына көшіп келген отбасылардың 72 пайызы жұмыссыз. Әр үшінші отбасы көпбалалы және материалдық қиыншылықтарды тартты. Бұлардың негізгі проблемалары оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмауы қатарлы қиындықтар кездесті. Сондықтан өмір сүру деңгейлері де төмен болды. Ауылда тұратын қазақтар тек қана малмен ғана күн көріп отырса, ал Қостанай қаласында тұратын оралмандар материалдық қиыншылықтарға кездесті. Алайда мемлекетіміз этникалық қазақтардың өзінің тарихи отанына қоныс аударуының маңыздылығын ескере отырып, Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы көші-қон және демография жөніндегі агенттік отандастарымыздың ел-жұртқа қайта оралуының жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын іздестіруде.
  3. Әрине, бұл тақырып бойынша нақты тарихи деректер жоқтың қасы. Мұңғылия қазақтарының тарихы туралы жазылған кітаптардан деректер алуға тура келді. Кейбір ғаламтор беттеріндегі, осы саламен айналысатын Қостанай облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан ресми құжаттар, баспасөз материалдарына талдау жасалды. Оралмандардың қазақ ұлтының өсіміне, басқа ұлттармен салыстырғандағы үлес салмағының артуына тигізетін оң әсерін болды. Осы тұрғыда  дүниежүзі қазақтарына,  алыс-жақын шетелдердегі қазақ ағайындарға  Қазақстан Республикасының жан-жақты қамқорлығы әрдайым қажет екенін, ол қамқорлық пен көмек жәрдемдерге шет елдегі қазақтар қашанда зәру деп білеміз.
  4. Көшіп келгеннен кейін қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне талдау жасалды. Облысымызда шоғырланған аудан-қалаларға әлеуметтік талдау жасалды. Соңғы 22 жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар жасалды. Көші-қон үрдісі әсіресе, Мұңғылия қазақтарының көші толастамай келеді. Мұңғылиядан Қостанай облысына көшіп келген отбасылар әлеуметтік, психологиялық бейімдеуден сәтті өтті. Жергілікті билік өкілдері олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге барлық жағдай және мүмкіндік жасады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешті. Ал жұмыспен қамту мәселелесі бойынша арнайы кәсіби дайындықтан өтті.

Дипломдық жұмысты қорытындылай келе, жыл сайын келетін оралмандардың артуы, квотаның сыртында өз күштерімен оралып жатқан қандастар санының көбеюі. Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанға ең керекті мәселе -жергілікті ұлт санының өсуі екенін ерекше атап өткім келеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Назарбаев Н.Ә. Бұл құрылтай–қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі //Егемен Қазақстан. – 2002, қазан – 24. – 1 б.

2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-Мемлекет саясаттың мақсаты. Президенттің халыққа Жолдауы //Егемен Қазақстан. –2008, наурыз – 6. – 2 б.

3.Бадуамов Л. Шыңжаң қазақтарының Ұлы ықпалы мен төңкерісі: истор. наук. дис. автореф. – Алматы, 1975. — 28 б.

4.Қозғанбаева Г.Б. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы – Қазақ диаспорасының қара шаңырағы. ҚазҰУ Хабаршысы, 2010. №1 (56)-116 б.

5.Асылбеков М.Х. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). – Алматы: Ғылым, 1991. – 252 с.

6.Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. – Алматы: Атамура, 1995. – 143 с.

7.Нұрмағамбетов А. М. Қазақтар саны 600 мыңға көбейді //Заң газеті.-2006, мамыр — 19. – 2 б.

8.Мендикулова Г. Казахская диаспора: история и современность. – Алматы: Всемирная Ассоциация казахов, 2006. – 283 с.

9.Тәтімов М. Қазақ әлемі. – Алматы: Ата-мұра, 1993. – 170 б.

10. Қазақ диаспарасы: бүгіні мен ертеңі. – Астана: Елорда, 2005. – 167 б.

11. Нысанбаев Ә. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. – Алматы, 2007. – 65 б.

12. Алиев И.И. Этнические репрессии. – М.: Радио Софт, 2008. – 472 с.

13.Тілесов А.Т. Саяси–әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының қалыптасу ерекшеліктері: Саяси ғылымдарының кандидат. дисс. автореф. – Алматы, 2004. – 28 б.

14.Найманбаев Б.Р. Қазақстандағы 1970-1999 жылдар аралығындағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихы:тарих ғыл. кандидат. дис. автореф. – Алматы, 2004. – 28 б.

15.Енсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959): канд. дис. автореф. – Алматы, 2007. – 19 б.

16.Аман Ә.Б. Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары): канд. дис. автореф. – Орал, 2009. – 28 б.

17.Тоқанұлы Б. Рухани ашаршылық, ұлттық өгейліктің басталғаны ма? // Ана тілі. – 2009, тамыз — 19. – 8 б.

18.Меңдеке Ә. Жақыныңды жат етпе //Социалистік Қазақстан. – 1991, сәуір – 12. – 5 б.

19.Мағауин М. Ұлттың күре тамыры; Ұлы көш мұраты //Жұлдыз. – 1994. –№ 10. – 12 б.

20.Мағауин М. Көші–қон шырғалаңы //Жұлдыз. – 1994. – №10. – 166-167 бб.

21.Зәкенұлы Т. Бүгінді біліп, болашақты барласақ //Қазақ елі. – 1998, шілде – 16. – 2 б.

22.Кәпқызы Е. Кері көшудің сыры неде? // Қазақ елі. – 1996, наурыз — 22. – 4 б.

23.Балғабаев С. Еңсеру //Егемен Қазақстан. – 2005, қыркүйек — 28. – 4 б.

24.Үкібаев А. Елге ел қосылса-құт //Егемен Қазақстан. – 2002, қыркүйек — 28. – 5 б.

25.Жанболатов С. Нұрлы болашақтан таймайық //Егемен Қазақстан. – 2006, шілде — 3. – 2 б.

26.Асылбеков М.Х., Әбжанов Х.М. Қазақстандағы демографиялық процесс тарихы мен ақтаңдақтары //Қазақстан мектебі. – 1991. – №5. – 53-60 бб.

27.Қинятұлы З. Оралмандардың азаматтық құқығын қамтамасыз ететін бүгінгі жай-күйі //Егемен Қазақстан. – 2005, қыркүйек – 28.-7 б.

28. Шамақайұлы Қ. Не істеу керек?//Егемен Қазақстан. –2007, наурыз — 6. – 2 б.

29.Ниязханқызы Г. Қазақстандағы көші-қон процестері және оралмандар //Отан тарихы. – 2005. – №3. – 150 б.

30.Нұрмұратов С. Қазақ оралмандарының өркениеттік мәселелері //Қазақ өркениеті. – 2005. – №3. – 4 б.

31.Нурумбетова К Тәуелсіз Қазақстандағы оралмандардың орналасуы және әлеуметтік – экономикалық жағдайы //Отан тарихы. – 2009. – №3. –132-137 бб.

32.Айталы А. Адам Отанын іздейді //Алтын Орда. – 2005, қазан — 27. – 4-5 бб.

  1. Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: //Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993. –14-15 б.
  2. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыры хақында). 22-42 бб.
  3. 35. Қайдаров Ә. Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын. Бұлда сонда, 71-83 бб.
  4. Сартаев С. Қуат күшіміз бірлікте. 43-56 б.
  5. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.
  6. С.Мұқанов. Қытайға саяхат. //Жұлдыз. – 1959 — №5, 75 б.
  7. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІІ-ХІХ вв. Алма-Ата. 1959, 272 б.
  8. Тортаева Ә. Шығыс Түркістан қазақтары. //Қазақ тарихы. –1998, №1, 18 б.
  9. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей.1980, 18 б.
  10. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей.1980, 18 б.
  11. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Жырлар жинағы. 28 б.
  12. Г.Н.Потанин. Очерки Северо-Западной Монголии. Вып. ІІ 1981, 22 б.
  13. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 32 б.
  14. Қозғанбаева Г.Б. Қазақ диаспорасы қашан, қалай пайда болды? // Қазақ тарихы . 1995. №4, 43-49 бб.
  15. Г.Н.Потанин. Очерки Северо-Западной Монголии. Вып. ІІ 1981, 23 б.
  16. Г.Е.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 1936, 114 б.
  17. Г.Е.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 1936, 114 б.
  18. Г.Н.Потанин. Очерки Северо-Западной Монголии. Вып. ІІ 1981. 26 б.
  19. Мініс Ә., Сарай А. МХР Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы тарихынан. Баян-Өлгей. 1960, 134 б.
  20. Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.
  21. Г.Е.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 1936, 176 б.
  22. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995, 237б.
  23. Г.Е.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 1936, 178 б.
  24. Г.Н.Потанин. Очерки Северо-Западной Монголии. Вып. ІІ 1981. 28 б.
  25. Мініс Ә., Сарай А. МХР Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы

тарихынан. Баян-Өлгей. 1960. 160 б.

  1. 58. Қазақ ССР тарихы. А., 1957, 1-т., 578-б.
  2. М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 бет.
  3. Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда./Лениншіл жас. 1990, 5 тамыз.
  4. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыр хақында) Мына кітапта: Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993, 38 б.
  5. 62. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? А.,1993, 154 б.
  6. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 б.
  7. Тынышбаев М. Қазақ халқы тарихынан мәліметтер. Алматы, 1990, 7б.
  8. Тәтімов М. Демография және халықтану. /Қазақ тарихы. 2004, № 6, 42-45 бб.

66.Мініс Ә., Әбілдев Н. Тұрар Рысқұлов Моңғолияда. Алматы «Қазақстан», 1994ж. 47-48 б.

  1. Мініс Ә., Сарай А. МХР Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы тарихынан. Баян-Өлгей. 1960 ж. 165 б.
  2. Қ.Салғараұлының massagan.com сайтындағы сұхбаттан. 8 б.
  3. 69. И.Қабышұлы. Керейлер керуені. Баян-Өлгей, 1978. 45 б.
  4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
  5. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
  6. 72. Т.Мамашев. “Салиқалы сұхбат”. Республикалық “Астана” телеарнасына 2008 жылдың наурыз айында берген сұхбатынан. 7 б.
  7. Г.Н.Потанин. Очерки Северо-Западной Монголии. 1981, 49 б.
  8. Г.Е.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 1981-183 б.
  9. Кәмалашұлы Б. Моңғолия қазақтары арасындағы құқықтық жүйе.\\ Жұлдыз. 1985, №5, 27 б.
  10. Қара Ә., Көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақтар және Қазақстан, -Алматы., 2006. 55 б.
  11. Төлепберген М. Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат. /Егемен Қазақстан, 2006 жыл 7-қазан — 6 б.
  12. Рахатұлы А. Моңғолиядағы қазақ баспасөзі. /Азия 15-маусым, 1994 жыл-56 б.
  13. Төлепберген М. Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат. /Егемен Қазақстан, 2006 жыл 7-қазан – 6 б.
  14. Рахатұлы А. Моңғолиядағы қазақ баспасөзі. /“Азия”/ 15-маусым, 1994 жыл, 8 б.
  15. Рахатұлы А. Моңғол жеріндегі Ислам. /Ислам және өркениет, №6, 16-31 наурыз, 2007, 6 б.
  16. Исаева Ә. Ғылыми зерттеулердегі найман тайпасына қатысты деректер. /Қазақ тарихы, 2004, №4, 51 б.
  17. Рахатұлы А. Моңғолия жеріндегі Ислам. /Ислам және өркениет №6, 16-31 наурыз, 2007, 6 б.
  18. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары. Өлгий-1992. 36 бетте.
  19. Рахатұлы А. Моңғолия жеріндегі Ислам. /Ислам және өркениет, №6, 16-31 наурыз, 2007, 6 б.
  20. Рахатұлы А. Моңғолия жеріндегі Ислам. /Ислам және өркениет, №6, 16-31 наурыз, 2007, 6 б.
  21. Рахатұлы А. Моңғолиядағы қазақ баспасөзі./ Шалқар, 1994, маусым, 55 б.
  22. Рахатұлы А. Моңғолиядағы қазақ баспасөзі./ Шалқар, 1994, маусым, 55 б.

89. ҚР.Президенті Назарбаев Н.Ә. «Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек» // Егемен Қазақстан. – 2000, шілде — 4. – 1 б.

90. Сәмитұлы Ж. Қытай қазақтары, Моңғолия қазақтары // Шалқар. – 1993, ақпан — 2. – 3 б.

91. Құрылтай елдіктің бір сыны // Егемен Қазақстан. – 1992, қазан, — 29. – 3 б.

92. Рамазан Д. Атажұртты аңсап келген ағайын, қасиетті Түркістанда бас қосты // Қазақ әдебиеті. – 2002, қазан — 25. – 3 б.

93. Рамазан Д. Атажұртты аңсап келген ағайын, қасиетті Түркістанда бас қосты // Қазақ әдебиеті. – 2002, қазан — 25. – 3 б.

94. Мамашов Т. Алыстағы ағайын. // Алматы: Атажұрт, 2008. – 250 б.

95.Қазақстан-цифрларда 2003: Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасының Статистикалық жөніндегі агентігі. – Алматы: Қазақстан ақпарат, 2003. – 398 б.

96.Қазақстан-цифрларда 2003: Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасының Статистикалық жөніндегі агентігі. – Алматы: Қазақстан ақпарат, 2003. – 398 б.

97. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы көш» — Нұрлы жол // Көш.–2009, наурыз–17.– 1 б.

98. Кәпқызы Е. Үкімет «Нұрлы көш» бағдарламасын қабылдады // Түркістан. – 2008, қазан – 23. — 2 б.

99. Мамашев Т Соңғы он жылда елге миллионға жуық қазақ оралды // Егемен Қазақстан. – 2010, қазан – 16. – 3 б.

100. Алмасбекұлы М. Елбасы қолдаған жоба. // Көш. – 2009, қыркүйек– 28. – 3 б.

101. Алмасбекұлы М. Елбасы қолдаған жоба. // Көш. – 2009, қыркүйек– 28. – 3 б.

102.Кәпқызы Е. Үкімет «Нұрлы көш» бағдарламасын қабылдады // Түркістан. – 2008, қазан – 23. — 2 б.

103. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы көш» — Нұрлы жол // Көш. – 2009, наурыз – 17. – 1 б.

104.Қазақстан-цифрларда 2003: Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасының Статистикалық жөніндегі агентігі. – Алматы: Қазақстан ақпарат, 2003. – 398 б.

105.Балғабаев С. Не істеу керек ? // Егемен Қазақстан. – 2002, қараша — 29. – 3 б.

106. Балғабаев С. Не істеу керек ? // Егемен Қазақстан. – 2002, қараша — 29. – 3 б.

107. Балғабаев С. Не істеу керек ? // Егемен Қазақстан. – 2002, қараша — 29. – 3 б.

108. Халықтың көші-қон туралы заңы (ҚР 2002.03.27.№ 313). – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 7 б.

109. Халықтың көші-қон туралы заңы (ҚР 2002.03.27.№ 313). – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 7 б.

А ҚОСЫМШАСЫ

ЖАЙЛАУҒА КӨШІП КЕЛГЕН ҚАЗАҚТАР

 

АСҚА ДАЙЫНДЫҚ

 

Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995, 237-238 б. [127].


Ә ҚОСЫМШАСЫ

ЖАЙЛАУҒА КӨШІП БАРА ЖАТҚАН АУЫЛ

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ӨНЕРІ

Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995, 239-240 б. [128].

Б ҚОСЫМШАСЫ

МҰҢҒЫЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫ МЕКЕН ЕТІП ЖАТҚАН

БАЙӨЛКЕ АЙМАҒЫ.

МҰҢҒЫЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫ

Қабышұлы И. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей.1980, 75 б. [129].

В ҚОСЫМШАСЫ

ҰЛТ АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС КӨСЕМІ

ҚАЛИБЕК ХАКІМ РАЙЫМБЕКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары. Өлгий-1992. 89 б. [130].

Г ҚОСЫМШАСЫ

 

1992 ЖЫЛЫ МҰҢҒЫЛИЯДАН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА

КӨШІП КЕЛГЕН САНАЙ ОТБАСЫ

 

1991 ЖЫЛЫ МҰҢҒЫЛИЯДАН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА

КӨШІП КЕЛГЕН ЖЕҢІСХАН МҰҒРАЖ ОТБАСЫ