Ихсанова Гүлмаржан Төленқызы

МКҚК №13 «Балапан»                                      балабақшасының

психологы

Атырау қаласы

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілерге мың алғыс.

Мақсаты:Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін,жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге,адамгершілікке,сыйлап түсіне білуге үйрету.Алғыс сөздердің адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы келісімге жақсы әсер ететінін түсіндіру,сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

Саз әуенімен балалар залға кіреді шаттық шеңберге тұрады.

Ризамын.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге.

Ризамын,ризамын,ризамын бүгінге,

Ризамын,ризамын,ризамын қазірге.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі «Тәрбиешіге мың алғыс» атты ашық шарамыз ашық деп жариялаймын. Адамдар бір біріне ризашылықтарын алғыстарын білдіріп тұру керек. Әр күні біз өз зімізге «Бүгінгі күнге не үшін алғыс білдіреуіміз керек» деген сұрақты қойып аттыруымыз керек.

Балалар: 1) Біз бейбіт аспан үшін, жарқыраған күн үшін ризашылығымызды білдіріуіміз керек.

2) Балабақшада білім алып жатқанымыз үшін тәрбиеші апайларымызға алғыс айтуымыз керек.

Жүргізуші: Адамдар бір біріне деген алғыс сезімдерін қандай сөздер арқылы білдіреді.

Балалар: «Рахмет» алғыс айтамын», көп көп рахмет»

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі әсем әнмен шырқайық.

Ән: «Ардақты ұстазым»

Саз әуенімен Жалқаубек кіреді доп теуіп.

Жүргізуші:балақай доғар тентек болуды.Доппен кез келген жерде ойнауға болмайды.Егерде көлік жолына түсіп кетсе не істер едің.

Жалқаубек: Жолда ойнаса не болады екен.

Жүргізуші :Доппен  балаларға арналған ойын алаңына ойнау керек.Көлік жолында доппен ойнау өте қауіпті.Ал енді барағой ,бізде бүгін мереке өтіп жатыр.

Жалқаубек: Мереке,ол қандай мереке.

Жүргізуші :Балақай сен алдымен балалармен амандасаңщы .Балалар саған қандай мерек екенін айтады.

Жалқаубек :Сәлем достар

Бұл мен Жалқаубекпін

Доппен ойнаймын

Көңілденемін,қыдырамын

Футболды жақсы ойнаймын.

Жүргізуші: Асен Жалқаубек екенсіңғой.Ендеше сен ештеңе білмейсің.Бүгінгі  мерекені де білмейсің.

Жалқаубек: Неге білмейді екенмін мен бәрін білемін.Қане қойыңдар сұрақтарыңды жасырыңдар жұмбақтарыңды мен бәрін білемін.

Тақпақтар  орысша,қазақша.

Жүргізуші :Ал енді тыңда.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек.

Жалқаубек: Тартып алып жеу керек.

Балалар: Рахмет деп жеу керек.

Жүргізуші:  Бүгінгі мереке қалай аталады. Алғыс күні.

Жалқаубек: Ендеше менде мерекені қарсы алайыншы.Менде сендер сияқты ақылды,білімді бала болғым келеді.

Ойын: «Кім жылдам.»

Екі топ балалары Астана,Атырау деген сөз құрады.

Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнадыңдар,қандай ептісіңдер,білімдісіңдер

Ән:«Бала бала баламыз.»

Жүргізуші : Жалқаубек сен санап білесің бе

Жалқаубек: Иә әрине білемін.Қазір санаймын. 1 2 5

Би қазақ,орыс.

Жалқаубек: Ой балалар рахмет сендерге.Енді менің  көп достарым бар.Сендермен мен «Достық» ойынын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Достық»

Жалқаубек:Балалар сендерге көп рахмет ,сендер білімді балалар екенсіңдер.Мен көп нәрсені үйрендім.Осы білімді сендерге жеткізе білген тәрбиеші апайларыңа мың алғыс.Көңілім көтеріліп қалды.Мен үйге барып анама сендерден үйренгендеріңді айтайын.Сау болыңыздар деп жүгіріп шығып кетеді.

Жүргізуші:Міне балалар бүгінгі мерекеміз аяқталды.Балалар,біз балабақшада жақсылыққа.ұйымшылдыққа,сыйластыққа,достыққа,татулыққа үйрендік.

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.