Ихсанова Гүлмаржан Төленқызы

МКҚК №13 «Балапан»                                      балабақшасының

психологы

Атырау қаласы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Білім беру саласы: қатынас, таным, шығармашылық.

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау,ойлау қабілетін есте сақтау дағдысын бекіту. Жанды және жансыз табиғат туралы білімдерін пысықтау. Құстардың басқа жан жануарлардан ерекшелігін айта білу, сипаттау.Логикалық суреттемені танып шеше білу.Білетін тақпақтарын мнемокесте арқылы суреттеу.Табиғатқа беретін пайдасы туралы айта білу. Таныс ертегілерін жүру барысы бойынша әңгімелеп беру. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап.

Көрнекіліктері: ойын құраладары, құстардың суреттері, бейне таспа.

Қостілдік компонент: құстар- птицы, табиғат- природа.

 

Жүру барысы:

Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанамын менде

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан таңға.

(Балалар бір біріне қайырлы таң тілеп орындарына отырады)

Тәрбиеші:

-Балалар қалай ойлайсыңдар күн, су ,ауа, бізге керек пе?

-Осының бәрін бір сөзбен айтқанда не дейміз?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі және өлі табиғатқа нелер жатады?

Сүйейік табиғатты аялайық

Біз де одан жақсылықты аямайық

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша дем алайық.

-Балалар бүгін біздер табиғаттың бір бөлігін құрайтын құстар саябағына барамыз. Саяхатқа аттану үшін алдымен көзімізді жұмамыз.(Балалар саз әуенімен сяхатқа аттанады.) (Интерактивті тақтаға ормандағы әр-түрлі құстардыңдың дыбысы естіледі)

-Балалар тыңдаңдаршы бірнеше құстар сайрап жатыр,бірақ олар сендерге көрінбей тұр, құстар сендермен ойын ойнағысы келіп тұр.

-Біздер құстардың дыбысын ажыратып білеміз бе?

-Иә.

Ойын: «Дыбысын тауып ата»

Балалар бейнетаспаға қарап құстарды дыбысына қарай атайды, сипаттайды. Құстардың дыбысын келтіріп дыбыстайды.

-Қарлығаш- адамдарға жақсылық тілеп жүретін мейірімді құс. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Үй салуды адамдар қарлығаштан үйренген.Қарлығаш құсына қыздарды теңеп «Қарлығашым, қол қанатым»- деп еркелетеді, қыздардымыздың атын Қарлығаш деп қояды.

-Аққу- киелі , сұлу құс. Оның мамығы ақ, мойны ұзын. Қазақтар сұлу қыздарын аққуға теңеген. Аққу суға келіп қонады.

Бұлбұл- әнші құс. Ол өзінің әсем дыбысымен табаиғатты әсемдендіреді. Оны ән айтатын әншілерімізге теңейміз.

Көкек- маусымдық құс. Ол өзінің жұмыртқасын басқа құстардың ұяларына тастап кетеді, балапандарын басқа құстар өсіреді.Т.б. құстарды сипаттайды.

-Балалар бізге қандай құстар кезікті?

-Құстардың жануарлардан қандай айырмашылығы бар?

-Балалар құстар туралы қандай тиым сөздер , мақал- мәтел білесіздер?

1.Құстың ұясын бұзба.

2.Құстың жұмыртқасын алма.

  1. Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз.

4.Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

  1. Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Биік ұшса күн жылы болады.

Логикалық ойын: «Қатесін тап»

Интерактивті тақтаға жануарлардың, құстардың бейнелері шатасқан түрінде ілінеді. Балалар дене бітімінің бөлшектерін өз орнына орналастырады.

Сергіту сәті:

Алдымен мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырамын шешуін тапқан бала құстың денесін ретімен құрастырып береді.

Ойын: «Үй құстарымен, дала құстарын ажырат»

1.Тоқылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)

  1. Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)

3.Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап.(Қарға)

  1. Бір ақ сөз біледі,

Өз аты онысы

Соны айтып жүреді

Және жоқ қонысы.(Көкек )

-Біздер жыл бойы көптеген ертегілермен таныстық. Құстар туралы қандай ертегілер білесіздер?

Балалар білетін ертегілерін атайды. Интерактивті тақтаға ертегілердің суреті шығады , балалар ертегі әңгімелеп береді.

-Балалар сендерге құстар риза ,олардың сендерге көрсететін бір ғажайып көрінісі бар екен қане тамашалайық.

(Интерактивті тақтаға құстың пайда болу жолдары бейнетаспасын көрсету)

Мнемокесте арқылы білетін тақпақтарын айту.

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Көркем шығарма бойынша балалардан сұрақ жауап алу.

(Тәрбиеші балаларға топқа оралатындарын айтады).

Реалаксация: балалар  сазды әуенмен көздерін жұмады.

-Көзімізді жұмып қалықтап ұшқан құсты елестетіңдерші. Еліміздің болашағы мына сіздерсіздер. Ендеше сіздер білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар.Білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.

Оқу іс-әрекетін қортындылап балаларды мадақтау.