Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ-КММ
тарих пәні мұғалімі Кульмаганбетова Р.А.
«Жаһандық болмысқа – ғылым баспалдағымен»

Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенін атап өтті. Табыстарымыз бен жетістіктерімізді бүкіл әлем мойындап және жоғары бағалап отыр. Білім беру жүйесіне қатысты арнаған сөзінде Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өзбетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет деген болатын.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауы жаһандық бәсекеге қабілеттілікке арналды. Жаңа әлеуметтік, жаһандық кеңістікте жаңаша өмірге дайын болу үшін мектеп жаңару процесіне бар ынтасымен бейімделуі қажет. Жаңару процесі ұмтылыс серпілісінен басталады. Ұмтылыстың нәтижесі бағыт таңдауға байланысты. Қазіргі жаһандану кезінде ұстаздар қауымына қойылар талап та артты. Мұны Елбасы осы жолдауында Үкіметке арнайы ұсыныстар беруді тапсырған болатын. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі делінген. Сонымен қатар Елбасының бастамасымен биылғы оқу жылында «Баршаға арналған тегін кәсіптік – техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Бұл экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға өте тиімді жоба болмақ. Жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болып табылады. Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білім берудің бағыты тұлғаның құзіретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына икемді етіп тәрбиелеу айқындалып отыр. Бұл уақыт пен зор еңбекті талап ететін, жауапкершілігі мол жұмыс. Дегенмен ұстаздар қауымы осындай жұмыстармен жемісті еңбек етіп жүр. Ал оқушыларымыз мұндай зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, шапшаң, тез ойланып, көп көлемде білім меңгереді, оны ұзақ уақыт ұмытпай, ойға алған нәрсесіне, алдына қойған мақсатына қалайда жетуге тырысады және оқушыларымыздың мұндай мүмкіндіктерін ашатын қала, облыс, республика және халықаралық көлемде өтіліп жатқан сайыс, ғылыми жоба, олимпиада мен конференциялар да бар. Атап кетсем, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 27 қаңтарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Ш. Алинованың 70-жылдығына арналған «Жаратылыстану ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады: жаратылыстанудың ғылымы мен білімінде және өндірісте дамуының заманауи тенденциялары; мектеп пен жоғары оқу орнының өзара байланысы әлеуметтік серіктестігі дамуының негізі ретінде; үш тілге көшу кезеңіндегі тілдік дайындықтың проблемалары мен болашағы; ақпараттық қоғам: электрондық оқыту және қоғамды ақпараттандыру; өлкетану және этномәдени дәстүр – ғылымда, өнерде және білімде. Осы аталған бес бағыт бойынша жалпы саны жүз жиырма екі баяндама қорғалып, жинаққа енді. Осы жұмыстардың қатарында Екібастұз қаласының №18 мектебінің 7 «А» лицей сынып оқушылары Оразбекқызы Меруерт, Каиргелді Алинаның «EXPO-2017- Болашақ энергиясы» және Болат Данагүл мен Шалбай Тахминаның «Әулиекөлдің әулиелік қасиеті» атты жұмыстары да қорғалып жүлделі ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушылар өз жұмыстарын абыроймен қорғап, биология ғылымдарының докторы, Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінің профессоры (Омск қ, РФ) Сергей Александрович Соловьевтің алғысымен марапатталды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мансия Шарапатқызы Алинованың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға алыс-жақыннан келген меймандар қатарында Биология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология кафедрасының профессоры (Алматы қ) Анатолий Тимофеевич Иващенко, педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана қ) Ғалиябану Махметовна Кертаева, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ технология және бизнес университеті профессоры (Астана қ) Нұрмұхамбет Турлынович Ермеков, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті Физика-математикалық білім беру институты информатиканың теориялық негіздері кафедрасының меңгерушісі (Барнауыл қ, РФ) Марина Викторовна Афонина, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келген (Алматы қ) Ғалымжан Раушанбекұлы Абсаттаровтың жаңашылдық бағыттағы баяндамалары Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.