№ 124 «Балдырған» бөбекжай балабақшасы

Ән- күй жетекшісі: Тойлыбаева М.Қ.

Шымкент — 2017ж.

Шалқан ертегісінің жаңа нұсқасы

Бастаушы: Үй қасында бақша тұр
Қақпа алдында есінеп,
Ұйқыларын аша алмай,
Немере мен әжесі
Бір- біріне қарап тұр.

Ата: Денсаулығым мықты ғой,
Отырғызып шалқанды
Мәз қылайын бәріңді.

Бастаушы: Күректі алып қолына
Бет алды ол бақшаға.

Апа: Жаттығуды жасамаймын
Бірақ шалдан қалмаймын

Бастаушы: Аузын ашып апандай
Қыз тұрады есінеп.

Қыз: Дүйсенбіден бастаймын,
Қазір барып ұйықтаймын.

Күшік пен мысық: Жаттығуды жасамаймыз
Тығылмашақ ойнаймыз,
Жарқыраймыз, жайгаймыз.

Бастаушы: Мысықты қуып күшік кетті,
Мысық жеткізбей қашып кетті.
О, ғажайып, қараңдар
Спорттық киім киіп ап
Тышқан шықты інінен.
Жарасып тұр кигені,
Қолында үлкен гантельі

Тышқан: 1, 2, 3, 4
Жаттығуды жасаймын,
Циркте де ойнаймын,
Бөренені көтеріп,
Лақтырып мен тастаймын.

Бастаушы: Олай, былай жүгірді
Оңға, солға аяқты
Лақтырып кеп сермеді

Ата: Шаршадым- ау азаннан,
Барып тыным алайын .

Апа: Мен де онда барайын,
Ыстық пешке жатайын.

Бастаушы: Шалқанды көріп таң қалды.
Өзіне сенбей отырып қалды.

Ата: Эх, бульдозер болмаса,
Тірлігіміз бітпейді.

Бастаушы: Ары тартты, бері тартты,
Шығара алмады шалқанды.

Ата: Ей, кемпір, қайдасың?

Апа: Қазір, қазір барамын,
Ой, бұл не? Шалқан ба?
Үлкен болып қалған ба?
Бір тартқанда аламын

Ата: Қалай тартсақ болады?
Қай жағынан шығамыз?
Қане, қызым, келе ғой,
Бізге жәрдем бере ғой.

Қыз: Белім сынды, қолым талды
Шақырайық күшікті.

Күшік: Оятайық мысықты.
Олда қарап тұрмасын
Шақырыңдар тышқанды.

Апа: Онсыз шалқан шығар емес

Мысық: Тышқанды ма?
Масқара!
Күші жоқ қой тышқанда.

Бастаушы: Осы кезде інінен
Тышқан шықты жүгіріп,
Алды- артына қарамай,
Турникке кетті асылып.

Тышқан: Жаттығуға тұрыңдар,
Тарту үшін шалқанды,
Күш жинаңдар, тұрмаңдар
Бастаушы: Кезектесіп тұрды да,
Жаттығуды бастады.

Апа: Оңға, солға, оңға, солға,
Бәрі болды тамаша

Тышқан: Тұрайық, демімізді алайық,
Шалқанды біз тартайық,
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.

Бастаушы: Жұмысқа бәрі кірісіп,
Жұлып алды шалқанды.
(Барлығы тұрады, ортада шалқан.)
Шалқан өсті алақай,
Үлкен болған жақсы ғой,
Тамаша, тамаша,
Қуанады балаша
« Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей»- деп бекер айтпаған.