№ 124 «Балдырған» бөбекжай балабақшасы

Ән- күй жетекшісі: Тойлыбаева М.Қ.

Шымкент — 2017ж.
Буратино, Түлкі, Аю, Ешкі, Жеті лақ, Қасқыр, Қоян, Карлсон, Гена мен Чебурашка
Буратино кіреді, түлкі жан- жағына таңырқай қарап.
— Буратино, мына балалар не үшін жиналып жатыр?
Буратино: Балалар мерекеге келіп отыр.Бүгін туылған күндерді тойлайын деп
жатыр екен.
Аю: А солай ма?
Түлкі: Мереке құрметіне көңіл көтеріп, бір ән салайық достар.
Қане жақын келіңдер. Бәріміз бірігіп И. Нүсіпбаевтың
«Дос болайық бәріміз»- әнін шырқайық.
«Ортеке» әуеніне жеті лақ кіреді.
Ешкі: Лақтарым мұнда неге келдіңдер? Мен сендерге үйден шықпай
отырыңдар дегенім қайда.
Лақ: Лағымын- ешкінің
Әдептімін, естімін
Бүгін мұнда бір қызық
Болатынын естідім
Сырттан сатырлаған дыбыс естіледі.
Ешкі: — Лақтарым, сыртта не болып жатыр көріп келіңдерші?
(Лақтар бір- біріне сілтеп, мен бармаймын сен бар- дейді).
Ешкі: Балалар, сендерде менің лақтарым сияқты аналарыңның тілін
алмайсыңдар ма?
Балалар: Анамыздың тілін аламыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Ешкі: Күрсініп енді қайтейін лақтарым тілімді алмаса өзім барып көріп
келейін- деп сыртқа шығып кетеді де өзімен бірге бір баланы жетектей
кіреді.
Ән «Жалқаубек».
Ешкі: Бұл ән қандай балалар жайында ?- деп лақтарынан сұрайды.
Лақтар: Аналарын құшақтап кешіріңіз енді біз тентек болмаймыз, айтқаныңды
тыңдаймыз, кешіріңізші- деп бәрі аналарынан кешірім сұрайды.
Ешкі: Қуанып, лақтарына мерекеде бір би билейік деп, билейді. «Ча- ча»
— Лақтарым, үйге барып тамақтанайық қарындарың ашқан болар- деп
шығып кетеді.
Қасқыр кіреді.
Қасқыр: Балалар ешкі мен лақтары қайда? Олар осында болды ғой? Мен иісін
сезіп тұрмын.
Жүргізуші: Қасаке, қасеке ешкіні лақтармен қайтесің, мына балалар мерекеге
келгенде шырықтарын бұзбаңыз.
Қасқыр: — Қандай мереке, не той?
Жүргізуші: Бүгін бізде туылған күн мерекесі. Анау келе
Жатқан қыздарды қара, тамаша би билеп береді.
Би «Көңілді би»
Қасқыр: Қарным ашты!
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын
Аппақ тонға орандым
Достар ерте келер деп,
Таңертеңнен ояндым.

Қоян мазақтап қаша жөнеледі.
Қасқыр қоянды қуа жөнеледі.
Түлкі келеді де:
Бағанадан бері әлі отырсыңдар ма? Қане орнымыздан тұрып менімен
бірге билеңдер. Көңіл көтерейік. Барлығы флешмоб биін билейді.
Буратино билеп келіп:
— Балалар, ән де салдық, биледік, енді ойын ойнасақ қайтеді. Ойын
ойнағыларың келе ме- деп Буратино қалтасынан рогатканы алып,
құстарды атайық дейді.
Жүргізуші: Балалар құстарды атуға бола ма?
Балалар: Болмайды.
Буратино: Олай болса мына таспен терезелерді сындырайық
Жүргізуші: — Терезені сындыруға бола ма?
Балалар: Болмайды.
Буратино: Енді қандай ойын ойнасақ екен деп ойланып « Мен не істеймін
сендерде де тура солай істеулерің керек- дейді.
Ойынан кейін Карлсон келіп: — Балалар, сендер мені танисыңдар
ма?- деп сұрайды.
Балалар: Танимыз Карлсонсың.
Карлсон: Сендер білесіңдер ме? Мен осы Қазақстандағы ең күшті, әң әдемі
сұлу жігітпін. Қане менімен кім күреседі, бәріңді жеңіп кетемін.
Бірнеше баламен күресіп бәрін алып ұрады да мақтанып ары- бері
жүреді.
Чебурашка мұңайып келіп тұрады. Қасына Гена келеді.
Чебурашка, саған не болды, көңілсізсің ғой неге мұңайып тұрсың-
деп сұрайды.
Чебурашка: Мен балаларға бірдеме айтайын деп едім, соны ұмытып қалдым.
Қолтырауын Гена: Сенің не айтайын дегеніңді мен білемін. Сен балаларды
мерекемен құттықтаймын деп едің ғой. Балаларға арнап сыйлық а
алғасың, сыйлықтар қайда? Балаларға таратайық.
Чебурашка: Сыйлықты жоғалтып алдым.
Қолтырауын Гена: — Ондай болса достарды шақырайық, сыйлықты іздеп табысып
Жіберсін, сырттан сыйлықты тауып алып достары келеді.
«Туылған күн» әні.
Барлығы: Осы айда туылған балалардың мерекесі құтты болсын!