Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақтың мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін ,қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері.
Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, ит, мысық суреттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.
Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық,
Оң жақтағы балаға,
Шапалақта шапалақ,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта шапалақ.

Негізгі бөлім:
Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз?
— Үй
Үй қандай бөліктерден тұрады?
— Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.
Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
— Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.
Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық
— 1, 2, 3, 4, 5, 6,7
Балалар мен сендерге әр терезеде жұмбақтар бар екен. Мен сендерге соны оқып берейін
1. Терезе
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)

2. Терезе
Үстінде екі тауы бар,
Қызықты бір жануар.
(Түйе)
3. Терезе
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар
(Қой)
4. Терезе
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(сиыр)
5. Терезе
Үй жанында өмір сүреді
Біреу келсе үреді
(Ит)
6. Терезе
Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды
(Мысық)

7. Терезе
Секең- секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
(Ешкі)

Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. Үй жануарларының адамдарға тигізетін пайдасын кім айтады?
Жұлдыз:
Қой: Төрт түлік малдың бірі оның атасы – Шопан ата. Қой аша тұяқты, сүт қоректі жануар. Жылына бір рет төл береді. Шөппен қоректенеді. Қой адамдарға ет, сүт, жүн береді .
Асем:
Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Атасы- Зеңгі баба.Сиыр сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді, жылына бір рет төл береді.адамдарға ет, сүт береді. Сиыр сүтіннен: Айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды.
Бақдаулет:
Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Атасы- Ойсыл қара. Түйе шөппен қоректенеді, екі жылда бір рет төл береді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтіннен : ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Ерте кезде адамда көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған.
Өкен:
Жылқы:Үй жануарларының ішіндегі тостаған тұяқты , ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Атасы- Қамбар ата. Жылқы жылына бір рет төл береді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтіннен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды.
Балалар сендер маған үй жануарларының төлдері туралы тақпақты айтып беріңдерші. Кім айтады?
Дониербек:
Ақ бұзауым ұнайды
«Мә — мә» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Сехриназ:
Кіп — кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Әсия:
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Диляфруз:
Шөре — шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың.
Әмина:
Айналайын, ботам
Қандай күлте жотақ
Табандарың жалпақ.
Теріп жейсің жантақ.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Қолымызды созайық,
Қане қанат қағайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызды табайық.
Жарайсыңдар балалар кәне кім үй жануарлары туралы мақал- мәтел айтып береді:
Мал өсірсең қой өсір,
Пайдасы оның көл- көсір.

Төлден мал өседі,
Шыбықтан тал өседі.

Жылқы малдың патшасы,
Түйе малдың қасқасы.

Қой баласын қоңырым дейді,
Ұя бұзбас момыным дейді.

Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны
Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.
Барысы: қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.

Қорытынды: — Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
— Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы — кісінейді
Сиыр — мөңірейді
Қой, ешкі — маңырайды
Түйе — боздайды.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: Үй жануарларының, төлдердің аттарын, келтіретін пайдасы туралы біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Жұмбақ, тақпақтар, мақал-мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй жануарларының пайдасы барын түсінеді.
Орындаушылық қабілеті: Берілген тапсырманы түсініп, орындай біледі, сұрақтарға толық жауап береді.

«Бекітемін»
№124 «Балдырған»
бөбекжай б/б-ның
меңгерушісі:
Н.Н. Ергебекова
_________________

«Таным» білім беру саласы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, апталық жүктеме-0,5 (15-20мин)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. Танертең. Үлкен –кіші. Бір-көп. 1
2. Күндіз. Дөңгелек. Бір-көп. 1
3. Кеш. Үлкен-кіші. Бір-көп. 1
4. Түн. Бір – көп. Шеңбер. 1
5. Сол жақта- оң жақта. Заттарды сәйкестендіру. Дөңгелек. 1
6. Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта-оң жақта дайын пішіндерді жапсыру. 1
7. Шаршы. Ұзын-қысқы. Сол жақта- оң жақта. 1
8. Алыс-жақын. Шаршы. 1
9. Жоғарыда-төменде. Алыс-жақын. Логикалық тапсырма. 1
10. Үшбұрыш. Бір-көп. Логикалық тапсырма. 1
11. Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру. 1
12. Ұзын –қысқа. Заттарды бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру. Фигуралар туралы өткенді пысықтау. 1
13. Жоғары-төмен. Бір көп. 1
14. Алдында-артында. 1
15. Әр түрлі заттар тобын салыстыру және теңеу. 1
16. Алыс-жақын. Биік-аласа. Оң жақта-сол жақта. 1
17. Шаршы, шеңбер, үшбұрыш. 1
18. Үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын қысқа. 1
Барлығы: 18

«Қатынас» білім беру саласы.
Тіл дамыту, апталық жүктеме-1 рет (15- 20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Топпен танысу» (саяхат) 1
2. «Шұбар тауық» (әңгімелеуге дайындық) 1
3. «Шар мен текшені салыстыру» 1
4. «Балалар текшелермен ойнайды. Сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру» 1
5. «Дыбыстарды дұрыс айтайық» (а-ә, о-ө) 1
6. «Көкөністерден көже жасау» 1
7. «Ерке төлдер» (жануарлардың суреттері бойыншы әңгіме құрастыру) 1
8. «Сүйікті ойыншықтар» ( ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру) 1
9. «Бізге қуыршақтар келді» 1
10. «Көмекшілер» 1
11. «Ойыншықтар достығы» 1
12. «Ертегілер әлемі» 1
13. «Біздің ойыншығымыз» 1
14. «Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды?» (әңгіме құрастыру) 1
15. «Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз» 1
16. «Шана тебеміз» (әңгіме құрастыру) 1
17. «Жасыл- щырша жанында» ( өлең бойынша әңгіме құрастыру, жаттау) 1
18. «Қысқы серуен» (әңгіме құрастыру) 1
19. «Шай қайнатуды үйренеміз» 1
20. «Ойыншық дүкені» 1
21. «Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта» 1
22. «Кімге не керек?» 1
23. «Музыкалық ойыншықтар» 1
24. «Ертегіде қонақта» 1
25. «Менің сүйікті анам» 1
26. «Менің сүйікті мысығым» 1
27. «Әңгіме құрастырамыз» (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру) 1
28. «Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?» 1
29. «Менің көңілді добым» 1
30. «Әйгерімнің ойыншықтары» 1
31. «Көктем келді» 1
32. «Өзінің отбасы туралы әңгіме» 1
33. «Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі» 1
34. «Біз дәрігерде қонақта болдық» 1
35. «Ғажайып қалта» 1
36. «Сипаты бойынша таны» 1
Барлығы: 36 сағат

« Таным » білім беру саласы
Құрастыру, апталық жүктеме- 1рет (15-20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Жаяу жүргіншілерге және машиналарға арналған кең, тар жолдар» 2
2. «Торсық» (қиылған бөліктерден құрастыру) 2
3. « Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар» 2
4. «Түрлі түсті жапырақтар» 2
5. «Қақпа» (биік-аласа) 2
6. «Құрақ көрпе» (қиылған бөліктерден құрастыру) 2
7. «Орындық және кресло» 2
8. «Шырша» 2
9. «Диван және төсек» 2
10. «Пішіндер» 2
11. «Автобус» 2
12. «Қар жауып тұр» (қағазды умаждап бүктеу) 2
13. «Пойыз» 2
14. «Анама сыйлық» 2
15. «Үйлер» 2
16. «Жайылымдағы қошақандар» 2
17. «Трамвай» 2
18. «Бақбақ» 2
Барлығы: 36

«Шығармашылық» білім беру саласы
Мүсіндеу, апталық жүктеме-0,5 (15-20минут көлемінде)

Айлары Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Қыркүйек 1.Доп
2.Мандариндер мен апельсиндер 1
1
Қазан 3.Қояндарға арналған сәбіз
4.Алаңқайдағы саңырауқұлақтар 1
1
Қараша 5. Ұлу
6.Қуыршақтар 1
1
Желтоқсан 7. Аққала
8.Шырша ойыншықтары 1
1
Қаңтар 9.Мойын орағыш пен баскиім
10.Мысықтың ыдысы 1
1
Ақпан 11.Сылдырмақ
12.Құламайтын қуыршақ 1
1
Наурыз 13.Әжеге арналған сыйлық
14.Ұшақ 1
1
Сәуір 15. Пирамида
16.Көлшіктегі үйректің балапандары 1
1
Мамыр 17.Ұзын құлақ қоян
18.Құмға арналған қалақ 1
1
Барлығы: 18

«Шығармашылық» білім беру саласы
Сурет салу, апталық жүктеме-1 рет (15- 20минут көлемінде)

Айлары Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Қыркүйек «Сиқырлы таяқшалар» 1
«Түзу жолда мен жүремін тура» 1
«Түрлі түсті таспалар» (заттық сурет салу) 1
«Түрлі түсті орамалдар» (заттық сурет салу) 1
Қазан «Бұлт күнді жапты» (сюжеттік сурет салу) 1
«Кілемше» 1
«Алтын күз» (сюжеттік сурет салу) 1
«Қуыршаққа арналған сақина» (заттық сурет салу) 1
Қараша «Әдемі көйлек» 1
«Саты» 1
«Кесені әшекейлеу» 1
«Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр» (сюжеттік сурет салу) 1
Желтоқсан «Ұзын құлақ сұр қоян» (заттық сурет салу) 1
«Мерекелік отшашу» (сюжеттік сурет салу) 1
«Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің екі элементті» (жолақша)(сәндік сурет салу) 1
«Шырша шамдары» 1
Қаңтар «Қар кесегі» 1
«Сүлгіні әшекейлеу» (қазақтың ұлттық ою-өрнектерін шаршының бұрыштарына салу) 1
«Аққала» 1
«Қысқы шыршалар» 1
Ақпан «Қуыршақтың мойынорағышы» 1
«Тікенекті кірпі» 1
«Сылдырмақ» 1

«Қоянға арналған әшекей» (сәбіз, қырыққабат)
1
Наурыз «Анама арналған мойыншақтар» 1
«Тәрелкені әшекейлеу» (қазақтың ұлттық ою-өрнектерін дөңгелек пен сопақшаға салу)

1
«Күн жарқырап, шөп өсті» (сюжеттік сурет салу) 1
«Сүйікті ойыншықтар» (мұнара, машина) 1
Сәуір « Құстар» (заттық сурет салу) 1
«Бақбақ» (сюжеттік сурет салу) 1
«Саңырауқұлақтар» (заттық сурет салу) 1
«Жол бойымен арба келеді» (сюжеттік сурет салу) 1
Мамыр «Машина» (заттық сурет салу) 1
«Балапандар көк шалғында»(сюжеттік сурет салу) 1
«Алжапқышты әшекейлеу»(киімнің жиегіне ұлттық ою-өрнек салу) 1
«Кірпіге арналған әшекей» (алмалар, саңырауқұлақтар) 1
Барлығы: 36

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру, апталық жүктеме-0,25 (15-20 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Балабақша- біздің екінші үйіміз» 1
2. «Мен және менің достарым» 1
3. «Менің Отаным- Қазақстан» 1
4. «Жаңа жыл төрімызде» 1
5. «Қонаққа қуыршақ Сәуле келді» 1
6. «8 Наурыз- аналар мерекесі» 1
7. «Наурыз- көктем мерекесі» 1
8. «Туған қаламызға саяхат» 1
9. «Мамандықтар мен танысайық» 1

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Экология негіздері, апталық жүктеме-0,25
(15-20 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Түлкі бізде қонақта» 1
2. «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау» 1
3. «Жайлауға саяхат» 1
4. «Орман тұрғындары» 1
5. «Қармен тәжірибе жасау» 1
6. «Үрмебұршақты отырғызу» 1
7. «Күн сәулесі» 1
8. «Түктіараның саяхаты» 1
9. «Ауа қайда тығылды?» 1

«Таным» білім беру саласы
Экология негіздері, апталық жүктеме-0,25
(15-20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Шақырамыз күзді, шын ниетпен ізгі» 1
2. «Жеміс бағына саяхат» 1
3. «Табиғи оркестр» 1
4. «Бөлме өсімдіктері» 1
5. «Армысың, қар ұшқыны!» 1
6. «Суды жақсы көретіндер» 1
7. «Көктем» 1
8. «Гүлдер, гүлдер, әсем гүлдер» 1
9. «Алтын балық» 1

«Таным» білім беру саласы
Қоршаған ортамен таныстыру, апталық жүктеме-0,25
(15-20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Біздің топтың ойыншықтары» 1
2. «Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз» 1
3. «Фермаға саяхат» 1
4. «Біздің қанат достарымыз» 1
5. «Көліктер» 1
6. «Түрлі түсті мұздар» 1
7. «Тиінге арналған жиһаз» 1
8. «Құртақанды киіндіреміз» 1
9. «Аюдың қарағайлы орманында» 1

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Көркем әдебиет, апталық жүктеме-0,5 (15-20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Күз» (өлең) І.Жансүгіров 1
2. «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)
М. Әлімбаев 1
3. «Шалқан» (орыс халық ертегісі) 1
4. «Алтын дән» (өлең) К. Ахметова 1
5. «Арыстан мен тышқан»
(латыш ертегісі) 1
6. «Қайырымдылық» (әңгіме)
Д. Данабеков 1
7. «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі) 1
8. «Маша мен аю» (орыс халық ертегісі) 1
9. «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі) 1
10. «Суретші қыс» (өлең) К. Нүсіпов 1
11. «Отан» (өлең) Е. Өтетілеуұлы 1
12. «Әке мен бала» (әңгіме) Ы. Алтынсарин 1
13. «Ана» (өлең) Ө. Тұрманжанов 1
14. «Сыпайылық сабақтары» (өлең)
М. Әлімбаев 1
15. «Жақсы деген немене, жаман деген немене» (өлең) В. Маяковский 1
16. «Қызыл телпекті қыз» (ертегі)
Ш. Перро 1
17. «Айна» (ертегі) 1
18. «Құлыншақ» (өлең) М. Жаманбалинов 1
Барлығы: 18

«Қатынас» білім беру саласы
Көркем әдебиет, апталық жүктеме-0,5(15-20минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. « Дәрігер Айболит » (ертегі)
К.И. Чуковский 2
2. « Үш жолдас » (әңгіме) В. Осеева 2
3. «Бәріміз үшін бәрі де» (өлең) Ю. Тувим 2
4. «Өкпелеме» (өлең) М. Әлімбаев 2
5. «Түлкі мен тырна» (ертегі) 2
6. «Аққу қаздар» ойыны 2
7. «Наурызым, армысың!» (өлең) О. Асқар 2
8. «Жаз» (өлең) А.Құнанбаев 2
9. «Жайлау» (өлең) Н. Қазыбеков 1
Барлығы:

«Денсаулық» білім беру саласы»
Дене шынықтыру, апталық жүктеме-2 рет (15- 20 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 «Нарғызға қонаққа барамыз» 2
2 «Сылдыр-сылдыр сылдырмақ» 2
3 «Тауық пен балапандар» 2
4 «Күшікке қонаққа барамыз» 2
5 «Тышқандар» 2
6 «Көжектер» 2
7 «Қонжықтар» 2
8 «Тиінге қонаққа барамыз» 2
9 «Балапандарға қонаққа барамыз» 2
10 «Орманға пойызбен саяхат» 2
11 «Бүгін біз циркке барамыз» 2
12 «Цирктегі аттар» 2
13 «Цирктегі жануарлар» 2
14 «Аквариумдегі балықтар» 2
15 «Түрлі түсті автомобильдер» 2
16 «Аяз атаға қонаққа барамыз» 2
17 «Жаңа жыл, жаңа жыл!» 2
18 «Шыршалық көңілді шаттық шеңбері» 2
19 «Көңілді әткеншек» 2
20 «Менің көңілді добым» 2
21 «Қысқы орманға саяхат» 2
22 «Біз түрлі ойыншықтар дүкеніне барамыз» 2
23 «Марғаулар» 2
24 «Қуыршақпен серуендейміз» 2
25 «Әжейге қонаққа барамыз» 2
26 «Көктем келді» 2
27 «Автобуспен Наурыз мерекесіне барамыз» 2
28 « Құстар ұшып келді» 2
29 «Жайлауға саяхат» 2
30 «Аттар» 2
31 «Ұшақтар» 2
32 «Хайуанаттар бағына саяхат» 2
33 «Мерекеге барамыз» 2
34 «Қуыршақпен би» 2
35 «Түрлі түсті шарлар әлемі» 2
36 «Жаз мезгілі де келді» 2
Барлығы: 72

«Шығармашылық» білім беру саласы
Жапсыру, апталық жүктеме-0,5 (15- 20 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Алаша» 1
2. «Ыдыстағы жеміс-жидектер» 1
3. «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар» 1
4. «Жапырақтар жауғанда» 1
5. «Ұшақ» 1
6. «Тәрелкедегі қиярлар мен қызанақтар» 1
7. «Кесені әшекейлейміз» 1
8. «Шырша шамдарын жағамыз» 1
9. «Ұзын құлақ ақ қоян» 1
10. «Жемсауыттағы құстар» 1
11. «Машина» 1
12. «Бұршақты көйлек» 1
13. «Әжеме арналған түрлі түсті мойыншақтар» 1
14. «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз» 1
15. «Қоянға арналған баспалдақ» 1
16. «Көкалда серуендеген балапандар» 1
17. «Тышқан іні» 1
18. «Достарыма арналған шарлар» 1
Барлығы: 18

«Таным» білім беру саласы
Экология негіздері, апталық жүктеме-0,5 ( 10- 15 мин)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Балықтарға қамқорлық» 2
2. « Төлдерін тап және ата» 2
3. «Балықтарға қамқорлық» 2
4. « Төлдерін тап және ата» 2
5. «Жапырақтар» 2
6. «Балықтарға қамқорлық» 2
7. «Жапырақтар» 2
8. « Менің ойыншықтарым» 1
9. «Құстар біздің досымыз» 1
10. «Үлкендердің еңбегін бақылау» 1
11. «Табиғат құбылыстары» 1
12. «Құстар біздің досымыз» 1
Барлығы:

«Алғашқы қадам » бағдарламасы бойынша 2 — 3 жасар( І — кіші топ) балалармен жұмыстың 2015- 2016 жылға арналған күнтізбелік жоспары

«Денсаулық» білім беру саласы»
Дене шынықтыру, апталық жүктеме-2 рет (10- 15 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Жүгіру: шеңбер бойымен 2
2 Секіру: бір орында екі аяқпен алға қарай секіру 2
3 Еңбектеу: белгіленген бір бағытқа жүгіру 2
4 Жүру: белгілі бір затқа дейін еңбектеу 2
5 Еңбектеу 2
6 Жайлап, жылдам жүру 2
7 Жүгіру 2
8 Екі аяқпен алға қарай секіру 2
9 Белгіленген бір бағытқа жүгіру 2
10 Еңбектеу 2
11 Допты лақтыру оң және сол қолмен лақтыру 2
12 Допты қақпаға сырғанату 2
13 Допты қағып алу және лақтыру 2
14 Белгіленген бір бағытқа жүру 2
15 Белгіленген бір бағытта, қатарда, тәрбиеші соңынан жүгіру 2
16 Екі аяқпен алға қарай жіп арқылы секіру 2
17 Жайлап, жылдам, әр түрлі бағытта жүру 2
18 Төрт тағандап еңбектеу 2
Барлығы: 36

« Қатынас » білім беру саласы
Көркем әдебиет, апталық жүктеме-0,5(10-15 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. « Ойыншықтар» өлеңі 1
2. «Ешкі мен жеті лақ» 1
3. «Ақ лақ» Ә. Тобылдиев 1
4. «Ешкі мен жеті лақ» 1
5. «Бауырсақ» орыс халық ертегісі 1
6. « Ақ лақ» Ә. Тобылдиев 1
7. « Орманға барамыз» 1
8. «Орманға барамыз» 1
9. « Шұбар тауық» ертегісі 1
10. «Мысық» өлеңін оқу 1
11. « Қуыршақ» өлеңін оқу 1
12. Арыстан мен тышқан» ертегісі 1
Барлығы: 12
«Таным» білім беру саласы
Сенсорика, апталық жүктеме-0,5 (10-15 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. « Үлкен кіші заттарды топтастыру» 1
2. « Көлемі бойынша заттарды жинау» 1
3. « Әуе шарлары» 1
4. « Заттарды жинау» 1
5. « Әдемі шарлар» 1
6. «Әдемі гүл» 2
7. «Әдемі гүл» 1
8. « Пирамиданы жина» 1
9. «Заттарды жина» 1
10. « Жоғары – төмен» 1
11. «Қорапқа орналастыр» 1
12. «Түстері бойынша орналастыр» 1
Барлығы:

« Шығармашылық » білім беру саласы
Мүсіндеу, апталық жүктеме-0,5 (10-15 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Қоянға сәбіз береміз» 1
2. « Балапандарға дән береміз» 2
3. «Үлкен- кіші доптар» 2
4. « Балапандарға дән береміз» 1
5. «Үлкен- кіші доптар» 1
6. « Моншақтар» 2
7. «Тапа нан» 1
8. « Әдемі тәрелке» 1
9. « Күлшелер» 1
10. Әдемі гүлдер 1
11. Домалақ жаңғақтар 1
Барлығы:

« Шығармашылық » білім беру саласы
Сурет салу, апталық жүктеме-0,5 (10-15 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1. «Қоян жүретін ұзын жолдар» 1
2. «Әдемі шарлар» 2
3. «Түрлі- түсті жапырақтар» 1
4. «Әдемі шарлар» 1
5. « Өрнекті орамал» 1
6. «Жау- жау жаңбыр» 1
7. « Сиқырлы қаламдар» 1
8. «Әуе шарлары» 1
9. « Әдемі гүлдер» 1
10. « Балауса шөһптер» 1
11. « Доптар» 1
Барлығы:

«Зерек бала» бағдарламасы бойынша 3 -4 жасар( ІІ-кіші топ) балалармен жұмыстың 2015- 2016 жылға арналған күнтізбелік жоспары.

«Денсаулық» білім беру саласы» Дене шынықтыру, апталық жүктеме-2 рет (15- 20 минут көлемінде)

№ Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 «Нарғызға қонаққа барамыз» 2
2 «Сылдыр-сылдыр сылдырмақ» 2
3 «Тауық пен балапандар» 2
4 «Күшікке қонаққа барамыз» 2
5 «Тышқандар» 2
6 «Көжектер» 2
7 «Қонжықтар» 2
8 «Тиінге қонаққа барамыз» 2
9 «Балапандарға қонаққа барамыз» 2
10 «Орманға пойызбен саяхат» 2
11 «Бүгін біз циркке барамыз» 2
12 «Цирктегі аттар» 2
13 «Цирктегі жануарлар» 2
14 «Аквариумдегі балықтар» 2
15 «Түрлі түсті автомобильдер» 2
16 «Аяз атаға қонаққа барамыз» 2
17 «Жаңа жыл, жаңа жыл!» 2
18 «Шыршалық көңілді шаттық шеңбері» 2
19 «Көңілді әткеншек» 2
20 «Менің көңілді добым» 2
21 «Қысқы орманға саяхат» 2
22 «Біз түрлі ойыншықтар дүкеніне барамыз» 2
23 «Марғаулар» 2
24 «Қуыршақпен серуендейміз» 2
25 «Әжейге қонаққа барамыз» 2
26 «Көктем келді» 2
27 «Автобуспен Наурыз мерекесіне барамыз» 2
28 « Құстар ұшып келді» 2
29 «Жайлауға саяхат» 2
30 «Аттар» 2
31 «Ұшақтар» 2
32 «Хайуанаттар бағына саяхат» 2
33 «Мерекеге барамыз» 2
34 «Қуыршақпен би» 2
35 «Түрлі түсті шарлар әлемі» 2
36 «Жаз мезгілі де келді» 2
Барлығы: 72