Орындаған: Абитаева А.
Тәуелсіз ел- мәңгілік ел.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Тәуелсіздік –тірегім.
Тәуелсіз жер-мәңгілік,
Тәуелсіз ел-мәңгілік.
Биыл қазақ халқы Тәуелсіздіктің 25-жылдығын үлкен ықыласпен тойлауда. Тәуелсіздіктің қазақ халқына оңай жолмен келмегенін әр адам өз бар жанымен түсінеді,біледі.Осы Тәуелсіздік үшін қаншама қан,қаншама жан қиылды.Ата-бабаларымыз талай жылдар,армандаған , аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге көзді ашып жұмғанша 25-жыл толып отыр.Осы 25-жылда Қазақстан жақсы, жоғары деңгейде өсіп,өркендеді. Қазақстан елу елдің қатарына кіруді көздеп,Елбасымыздың парасаттылығы мен ақылдылығының арқасында қыран құстай биікке самғады. Сонау 1991 жылы қазақтардың маңдайына біткен,сол кездегі ауыр кезеңдерді артта қалдырып әр адамның бойына үміт отын жағып, болашағының жарқын болуына көп тер төккен,жарық жұлдыз, ол біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыздың ұстанған саясаты қазақ халқы үшін қол жетпес армандардың орындалуына, баға жетпес бақыттарына қол жеткізуіне ықпал етті.Тәуелсіздігімізге бар болғаны 25 жыл толсада Қазақстан адам айтса сенгісіз нәтижелерге қол жеткізді.Елбасымыз Қазақстанды әлемге мойындату үшін қаншама еңбек етіп, тер төкті.Алайда сол төгілген тердің нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай.Елбасының халыққа жіберген жолдаулары,Тәуелсіз елдің шоқтығының одан әрі биіктеуіне, одан әрі жарқырый беруіне бірден бір себеп.Дүние жүзін дүр сілкінткен «Азиада» қысқы ойындары, биыл өткен «Универсиада»,»ЕХSPO-2017» әлемдік деңгейде кез келген мемлекет өткізе бермейтін ойындар мен көрмелерді біздің мемлекетіміз өткізіп отыр.Осының бәрі Қазақстанның тәуелсіздігінің,Қазақстанның биіктігінің белгісі.Талай елді таңқалдырып, тамсандыратын Қазақстанның болашағы әлі алда.
Қазіргі Қазақстан 25-ке енді толған жас баладай. Аяғына нық тұрып, өз өміріне жоспар құра алатын, сол жоспарды орындай алатын жас жеткіншек секілді.
Иә, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуы –кемеңгер Көшбасшымыздың еңбегі.
Тәуелсіздік деген жеңіл-желпі айтылатын сөз емес.Тәуелсіздік –бағасын тілмен айтып жеткізе алмайтын ғажайып құндылығымыз.
Осы құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.Қазақстанның болашағы,ары қарай дамуы ,өсіп –өнуі қазіргі жастар мен білімді ұрпақтың еншісінде.Көк байрағымыз биіктен желбіреп,Әнұранымыз шарықтай берсін.
Болашағымыз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!