Алима Джумабаева
Қаратау технология,білім және бизнес колледжі тарих пәні оқытушысы
Тәуелсіз Қазақстан — бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 25 жылында !

Біздің бүгінгі жақсылығымыз да, жетістігіміз де, дамуымыз да бастауын «Тәуелсіздік » деген қасиетті бір ұғымнан алады. Ұлттық бірлік Тәуелсіздіктің іргетасы -1991 жылы 16-шы желтоқсанның кешінде қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесі екі күнге созылған пікірталастан кейін сол кездегі 360 депутаттың басым көпшілігі дауысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
Осы тарихи сәтті біз ары қарай былай жалғастырамыз : -Келесі күні Н.Ә.Назарбаев таңертеңгі сағат 9-да бәрін жинап былай дейді : «Тәуелсіз ел болғанымызды бірінші болып Түркия қолдады, АҚШ та құттықтап жатыр. Бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік бақыты біздің ұрпақтың тұсына келді. »
Бұл сөзсіз үлкен бақыт еді. Мемлкеттік институттың құрылуы оңай болмағаны белгілі. Ең асылы –біз көпұлтты бола отыра, халықтар достығын, ел байлығын сақтай білдік»,-дейді Президент.
Еліміздің тарихының ең жарқын белесі тәу етер Тәуелсіздігімізге 25 жыл !
1991 жылғы 16 желтоқсан «Қазастан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Міне, біз осы бір тәу етер Тәуелсіздігімізге
Бұл Заң қабылданарға дейін –ақ ешқашан құламастай көрінетін КСРО сияқты алып ортақ үйдің құлағалы тұрғаны белгілі еді.
Тарих көші зымырап,сол жылдарды санамызда қайта жаңғыртуды керек етеді, тарих үшін қас қағым сәтте қаншама үлкен үлкен істер қолға алынды.
Біз бүгінгі Тәуелсіз еліміз үшін , Тәу етер Тәуелсіздігіміз үшін осы жерді ,осы елді қорғап, сол үшін жанын пида еткен ата бабаларымыздың аруағы алдында әрқашан да қарыздармыз деген болатын Елбасы өз сөзінде.
1991 жылы 16 желтоқсан күні елімізде ақ түйенің қарны жарылды, ақ жолтай күнге жеттік.
Ата –бабаларымыз арман аңсары болған –Тәуелсіздік жолында үлкен үлкен күрестер өткені белгілі. Олардың ең бастылары — Исатай мен Махамбет, Кеңесары бастаған және Алаш арыстары бастаған көтерілістер екендігі тарихтан айқын. Қазір Қазақстан дүние жүзінің 130-дан астам мемлкеттерімен дипломатиялық, қарым-қатынас туралы құжатқа қол қойған.
Елдің де ,Елбасының да басты мақсаты –қоғам тыныштығы, Рим папасы –Павел ІІ Астанаға келді. Дүние жүзі католиктерінің көсемі қазақ Президентінің даналық саясатына қолду білдірді. Астанада елімізде 3 жыл да бір өткізілетін съез өткізілуде. Әлемнің 40 –тан астам елдерінен 100 ге жуық көрнекті өкілдер келіп қайтады.