“Аяжан – Қарасай” мед. колледжінің студенті

Адилбаева Мадина

Анатомия пәнінің оқытушысы

Копбергенова Клара  Агылмановна

Қан айналым жеткіліксіздігінің алдын-алу шараларын  ұйымдастыру .

Қан айналым жүйесі аурулары дүние жүзі бойынша I – орында тұрған күрделі мәселе. Қазіргі таңда осы ауру себебінен, өлім мен мүгедектік деңгейі жылдан-жылға өсуде. Дүние жүзі бойынша адамдардың  35-40% артериалдық гипертониямен науқастанады екен. Денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері бойынша 2025  жылы әлемде 2 млрд-тан астам адам осы аурудан зардап шегетінің ескертеді . Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, біздің елімізде артериалдық гипертония жасарып, өсу үстінде. Артериальдық гипертонияның өсуіне жаман әдеттер (темекі шегу, ішімдік ішу), гиподинамия, семіздік, халықтың салауатты өмір салты деген мәселеге көңіл бөлмеуі, дұрыс тамақтанбау, сондай — ақ әлеуметтік факторлар да едәуір әсер етеді.                                                                                                                                                                                                     Дүниежүзілік Жүрек күніне орай, осы жылы қыркүйек айында “Аяжан – Қарасай” мед. колледжі студенттерімен бірге “Жүрек өмірге тірек” атты шара ұйымдастырдық. Бұл  шараны халық көп жиналатын “Алтын Орда” базарында жүргіздік. Осы шара барысында байқағанымыз, халық гипертония жайлы аз біледі, уақытында дәрігерге көрінбейді. Қан қысымын анықтауға онша белсенділік танытқан жоқ. Көпшілік адамдар гипертонияның алдын алып, салауатты өмір салтын ұстанбайды.                                                                                                                                                                            Шара барысында студенттер тарапынан, қан қысымы жоғары  болған адамдармен жеке сөйлесіп, аурудың пайда болуының алдын-алу туралы пайдалы кеңестер берілді. Оларға емханаға барып қан құрамын тексеру сынамаларын тапсыруды, ЭКГ – аппараттарымен тексерілуді, тиісті мамандарға баруға, қаралуға кеңес берілді .