Құқықтық сананың  қоғамның  өзекті мәселелеріне ықпалы

Ыбырайым Мәулетбай Асқарұлы,

№2 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің

Адам, Қоғам. Құқық пәндерінің мұғалімі, жоғарғы санатты ұстаз

Талғар ауданы

Алматы облысы

 

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:

  1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
  2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
  3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
  4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.

Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.

Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:

  1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
  2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
  3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
  4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

Басқа тіршілік иелерінен адамдардың  айырмашылығы — олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.

Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.

Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.

Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық сана, құқықтық мә­дениет және құқықтық тәр­бие әрбір азаматтың қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз – тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық нор­­ма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.

Бұдан құқықтық сананың не­гізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құ­қық­тық психология қолданыс­тағы құқық нормаларын же­тіл­діруге, жаңа құқықтық норма­ларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәти­жесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қа­жет­тілігін білдіреді.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­­­ғаттандыратын құқықтық нор­­­­­ма­­ларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса – құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды  бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқық­тық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нор­маларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.

Құқықтық тәрбие – қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет не­­ғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе – құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқық­тық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Тәртіп  — барлық жетістік­тер­дің қайнар көзі, негізі Пре­­зидент дәрісіндегі осы ай­тыл­ған идеяларды жүзеге асы­ру үшін не істеуіміз керек де­ген сұ­рақ тұындайды. Ол үшін – от­ба­сында, балабақшада,  орта мектепте, жоғары оқу орын­дарында құқықтық тәрбие, бі­лім беруді заман талабына сай же­тілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиім­ді жақтарын ұрпақтар сана­сы­на сіңіріп, оларды заңды құр­меттеуге, әділеттілікке, тура­шыл­дық жолға түсетіндей етіп тәр­биелеуі қажет.

Балабақшаларда – еліміз­дің Ата Заңы Конститу­ция­да көр­сетілген – адамның, аза­мат­­тың басты құндылықта­ры – құқықтары мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктер­дің мазмұнын мемлекеттің, мем­лекетіміздің рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылы­сының негізгі ұғымдарын тү­сіндіру қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пә­нін қайта сапалы түрде да­йын­дап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіз­деп шығару керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дә­ріс беретін пән мұғалімінің ар­нау­лы заң білімі болуына та­лап қойған жөн. Өйткені, білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгір­лігіне тікелей байланысты.

Жоғары оқу орындарында қазіргі кезде «Мемлекет және құқық негіздері» пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. Мемлекет және құ­қық негіздері пәні барлық жо­ғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондай-ақ, Президенттің «Жал­пыға ортақ  ең­бек қоғамына қарай 20 қадам­ды»  атты ма­қа­ласында да құқық не­гіздері оқу­лығын даярлау, жо­ғары білімді оқу орындарын бі­тірген жас­тардың құқықтық бі­лімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқу­лық дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Құ­қық­тық білімді жетілдіру са­ла­сында бұқаралық ақпарат құ­ралдарының маңызы да ерек­ше. Осыған орай, құқықтық са­уаттылықты насихаттайтын ар­наулы телехабар арнасы да қажет. Бұқаралық ақпарат са­ласында құқықтық насихат, тәр­бие беру мен жұмыс істейтін жур­налистердің құ­қық­тық білі­мі болғаны жөн. Университеттерде журналист кадрларын даяр­лай­тын фа­культеттерде құқық­тық журна­лис­тика деген ма­­ман­дық ашып, болашақ жур­на­лис­терге заң мамандығы бойынша қосымша пәндерді оқытуды енгізіп, са­уат­ты, білімді журналист-заң­гер­лерді дайындауды  жү­зе­­ге асырған  дұрыс болар еді, өр­ке­ни­ет­ті  елдердің  журналис­терінің құ­қықтық сауаттылығы осындай талаптарға не­гіз­дел­ген.

Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру кең байтақ Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары және арнау­­лы оқу орындарында заңгер ма­­мандырын даяр­лау жарысқа түс­­кендей көбе­йіп кетті. Көп­­­те­­ген оқу орын­да­рында бо­ла­шақ заңгер­лер­ге са­палы білім беретін ұс­таз­дар же­тіс­пейді, заң оқу ор­ын­дарында оқитын студент­тер мем­­ле­кет­тік тілдегі оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндір­ме­леріне зәру, көптеген заң ма­мандарын даярлайтын оқу мекемелерінің ұстаздары, бас­шылары мемлекеттік тілде дә­ріс бере алмаса да, басшы­лық жасай отырып, мемле­кет­тік тіл­дегі оқулықтар мен бағ­дар­ла­малардың дайын­далуына нем­­құ­райлы қарауда. Міне, ос­ын­дай кемшіліктер болған рет­те құқықтық білім деңгейінің өз дәрежесінде көтерілуі қиын шаруа. Сапасыз даярланған заң­герлердің көбі қазіргі кезде жұмыссыз қалып отырғаны да осыдан. Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған жа­ңаша бағдарлама қажет сияқты.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­­­ғаттандыратын құқықтық нор­­­­­ма­­ларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса – құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды  бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.

Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.

Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.