«Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен »

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Тақырыбы:«Абайдың қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік   мәні.»

Жиырма тоғызыншы қарасөзі

Орындаған:Сатыбалдиев Дастан Ерланұлы

Жетекшісі:  Мұхамеджанова Гүлшат Билалқызы

2016-2017 оқу жылы

Ғылыми жоба

Тақырыбы:  «Абайдың қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік мәні.»

Жиырма тоғызыншы қарасөзі

 

Бағыты:қазақ әдебиеті

 

Орындаған:Сатыбалдиев Дастан Ерланұлы

 

Мектеп: «Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен »коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Сыныбы:10«а»

 

Мекен-жайы:Алматы облысы,Панфилоф ауданы,Ават ауылы

 

Орындалған уақыты:2016 жыл,қазан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі:

 Мұхамеджанова Гүлшат Билалқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні,бірінші санатты мұғалім

 

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Абстракт

Жұмыстың мақсаты: Абайдың  қара сөздерінің астарлы мағынасын ашып, жастарға жеткізу және оны дұрыс жерде көмек беру.Сондай-ақ,ынтымақшыл,арлы,адал,еңбекқор,иманды,талапты,үлкен жүректі кісі болу керектігін насихаттау.Абайдың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей,сын көзбен қарауға,өзіне керекті нәрсені танып,талғап ала білуге шақырады.

Зерттеудің барысы: Абай Құнанбаевтың жас ұрпаққа қалдырған қара сөздерін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау;

-Әдебиет пәніне деген қызығушылығын ояту;

-Қара сөздерді оқи отырып мәдениет пен руханиятты молайту;

-Алған білімді өмірде қолдана білу;

-Қорытынды жасау,қабілеттілікті арттыру;

Зерттеудің әдістері:Мағынасын ашу,салыстыру,тура және ауыспалы мағыналарын қарастыру

Зерттеу жұмыстарының кезеңдері:Мерзімдік баспа материалдарын оқу мақсатында кітанханаға бару,электронды ақпарат көздерін оқу

Жұмыстың нәтижесі:Ғылыми ізденістерге,өмір бойы білім алуға деген құштарлығын арттыру,мектепте алған білімдерін дамыту,әлеуметтік бейімделуде түрлі өмірлік жағдайларда сөздерді қолдана білу және сапалы шешім қабылдауға бейімделу;

Аннотация

Жоба Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мағынасына бөліп қарастыру,тура және ауыспалы мағыналарын ашу арқылы зерттелді.Жиырма тоғызыншы қара сөзінің тақырыптық мәнін ашу мақсатында негізделінді.

В проекте исследованы сравнения,раскрытие прямого и переносного значения слов нареданий Абая Кунанбаева.Здесь заскрывается значение 29 слова наредания Абая.

The project investigale the disclosure of direct comparison and transitional meaning exhortations of Abai.Here is revealed the value of  29 words of edification of Abai.

Қысқаша шолу           

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) –ақын,ағартушы,жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып,орыс және еуропа мәдениет пен жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздерінің»- тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері  — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс,қытай, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.Қара сөздер тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады.Абай адал еңбек ету,егін салу,саудамен айналысу,өнер үйрену,білім мен ғылымды игеру,қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті,мінез-құлқы,адамгершілік,имандылық секілді,бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды,үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.Ендеше,Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мағынасына қарай бөліп қарастырайық:

 

Ар-ұят,адамгершілік 5,9,11,18,24,36,40
Дүниенің тылсым сырларын тану 7,19,31,38,43
Надандық,жалқаулық т.б сынау 3,6,8,11,18,20,21,28,30
Ғылым,білім,өнер 1,13,17,32,33,34,44,45
Қазақтардың мінез-құлқы 4,10,12,14,15,16,22,23,24,26,35,38,41
Қазақ мақалдары 5,6,29,37,39
Еңбек 2,4,25,42

Абайдың қара сөздерінің саны 46.Бірақ біз 46-шы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарих шығарма ретінде қарастырып  жүрміз.

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ  ҚАРА СӨЗ

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген — ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

 

Ал енді осы қара сөзді жеке-жеке талдап көрейік.

Мақалдар Тура мағынасы Абай атамыздың сыны Қолданылуы
«Жарлы болсаң,арлы болма» Тұрмысың нашар,кедей болсаң, жұрттан бір нәрсе сұраудан ұялма. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі Қиыншылық-та,біреуге ақыл кеңес бергенде.
«Қалауын тапса,қар жанады», «Сұрауын тапса,адам баласының бермейтіні жоқ» Кез-келген істі,ебін келтірсе,жолын тауып істесе орындалмайтын, қолдан келмейтіні жоқ Ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. Жұмысты істеудің қисыны келмей кеткен кезде,жұбатуға, төзуге
«Атың шықпаса,жер өрте» Кім болсаңда ел-жұрт танитын адам бол Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? Сын,пікір
«Жүз күн атан болғанша,бір күн бура бол» Өмір бойы елге сыйсыз адам болғанша,бір күн елге сыйлы адам бол . Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? Ақыл кеңес бергенде
«Алтын көрсе,періште жолдан таяды» Байлық,мансап адамды түзу жолдан тайдырады. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны Ақыл кеңес,сын, пікір
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» Ата-анасын қадірлемеген,сый-ламаған адамның дүниесі мен жаны тәтті дегеннің құны жоқ Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек. Сын,пікір