8 сынып

4 апта 3-4 күн 3-2 сабақ
Сабақтың тақырыбы №6 практикалық жұмыс

Белгілі бір аудандардың кешенді кесіндісін сызу

Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Жалпы мақсаты Қазақстанның ірі географиялық аудандарының орнын білу,ол аудандардың геологиялық құрылысын,табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарының ерекшеліктерін түсіну,аудандардың орналасуын айқындау үшін қосымша мәліметтер мен географиялық карталарды қолдану
Күтілетін нәтиже Қазақстанның ірі географиялық аудандарының орнын біледі,ол аудандардың геологиялық құрылысын,табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарының ерекшеліктерін түсінеді,аудандардың орналасуын айқындау үшін қосымша мәліметтер мен география-лық карталарды қолданады
Негізгі  идеялар Қазақстанның ірі географиялық аудандарын,орнын,геологиялық құрылысын,табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарының ерекшеліктерін,аудандардың орналасуын  қосымша мәліметтер мен географиялық карталарды қолдану арқылы оқып үйренді
Оқыту құралдары Қазақстанның физикалық, геологиялық, тектоникалық, климаттық, табиғат зоналар, тақырыптық карталар
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Ой қозғау» сұрақтары

Жеке  жұмыс :Кестемен жұмыс

Сұрақ-жауап

Жұмыс дәптері

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу.

2.Топқа бөлу: ( арқылы топтастыру) (2 минут)

І. «Ой қозғау»

1.Қазақстанның ірі географиялық аудандарына қандай нысандар жатады?

2.Ол нысандардың қандай ерекшеліктері бар?

3.Өздерің қандай географиялық аудандарда орналасқансыңдар?

ІІ. Жаңа сабақ: Жеке кестемен жұмыс

р/с Физикалық-

географиялық

 аудандар

География-

лық орны

Геологиясы,

жер бедері

Пайдалы қазбалары Климаты Ішкі

сулары

Табиғат зоналары,

өсімдіктері,жануарлары,

топырағы,қорықтары

1 Шығыс Еуропа жазығы            
2 Тұран жазығы            
3 Батыс-Сібір жазығы            
4 Сарыарқа            
5 Орал            
6 Алтай            
7 Сауыр-Тарбағатай            
8 Жетісу Алатауы            
9 Тянь-Шань            

IІІ.Сұрақ-жауап

1.Бұл географиялық аудандардың ең ірі ауданы

2.Сарыарқа  қандай ерекшелігімен көзге түседі?

3.Тянь-шань тау жүйелерінің басқа биік таулардан ерекшелігі

4.Тұран жазығының орналасуы

5.Ең ежелгі жазықтың қалыптасуы туралы не білесіңдер?

6.Тарбағатайдан Сауырдың ерекшелігі

7.Ең ірі жазықтың орны

Мұғалімнің бағалауы

Кейінгі тапсырмалар Ірі географиялық аудандарға сұрақ-жауап құрастыру
Кейінгі оқу Тақырыпты  қорытындылау

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

 

Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің георафия пәнінің мұғалімі Сыздықова Айгүл