Тексерді оқу ісінің меңгерушісі:               Г. Исахова

Сабақтың тақырыбы:  Уақытты өлшеу . Секунд .

Пәні:Математика

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Базаркулова

 

Күні:28.02.17 ж.

СЫНЫП:2 А Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны
Сабақ негізделген

Оқу мақсаттары:

 

 

Уақыт өлшем бірліктерімен толық таныстыру .Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынасты анықтау.

Күнделікті өмірде уақыттың  және әр түрлі өлшем бірліктерінің қолдануын ұғындыру.

 

 

Сабақтан күтілетін

Нәтиже:

1-деңгей (білу,түсіну):

Уақыт өлшем бірліктерімен танысады.Уақыт өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты біледі.Өмірде қолданылу жолдарын түсінеді
2-деңгей

(қолдану,талдау)

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:өрнек құру және оны шешу.
3-деңгей

(жинақтау,бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:ұзындықтың өлшем бірліктерін өрнектеуді.
Тілдік мақсат: Жазу ,  оқу , тыңдау , дәлелдеу .
Ресурстар: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау дәптері , ресурстар , ойын түрлері
Пәнаралық

байланыс:

Дүниетану ,   қазақ тілі
Алдыңғы оқу: Ұзындықты өлшеу . Километр .
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және  жоспарланған

уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер: Аквариумдегі балық ойыны , интервью әдісі , Джиксо әдісі , ойлан тап ойыны , қоянға көмек-тесейік  ойыны .

.

 

Бағалау критерийі

1.Ұзындық өлшем бірліктеріне өрнектей білу.

2.Уақыт өлшем бірліктерін ажырата білу.

3.Уақыт өлшем бірліктерін қолдана білу.

 

 

 

 

 

Бағалау критерийлері

және жұмыс

түрлері: Бағалау дәптері.

Жеке , жұптық , топтық жұмыс.

ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ

3 минут

Топтастыру кезеңі.

Балық түрлерін таңдау арқылы топтау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру         Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

 
ҮЙ

ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ

5минут

1-деңгей(білу,түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)Аквариумдегі балық ойынын жүргізу.

 

Санды өрнек құр, мәні үш таңбалы сан болсын.

 

 

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады. Жеке жұмыс.

Смайликпен бағалау

2-деңгей

(қолдану,талдау):

Санды өрнектің мәнін тап.. Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады
3-деңгей

(жинақтау,бағалау):

Ұзындық өлшем бірлігімен өрнекте.

 

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады
ЖАҢА САБАҚ

12 минут

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру); интервью әдісін пайдаланып суреттегі 1.Заттарды білеміз бе ?  өмірде қажеттілігі бар ма ?

2.Берілген суреттерге уақыт өлшем бірлігін қосып сөйлем құраңдар. Электронды оқыту құралын пайдаланып жаңа сабаққа түсінік беру .

 

 

 

 
САБАҚТЫ БЕКІТУ

15 минут

1-деңгей (білу,түсіну)

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)( Ойлан , тап ! ойынын   пайдаланып  оқулықпен жұмыс жүргізу № 2 есеп 188 бет ( нүктелердің орнына тиісті уақыт өлшем бірлігін қойып жаз )

 

Жұптық жұмыс.

дұрыс жауаптарға

1 балл қойылады.

2-деңгей

(қолдану,талдау):

Жеке жұмыс : Сұрақтарға жауап бер .№ 3 есеп 188 бет .

Дұрыс жауабы: 1. Ғасыр  2. Сағат  3. Сағат  4 . минут 5. Секунд.

Дұрыс жауаптарға          2 балл қойылады
3-деңгей

(Шығармашылыққа,ғылыми зерттеушілшікке бағытталған тапсырмалар):

Топтық жұмыс: Джиксо әдісін пайдаланып №4 есепті орындау , дәлелдеу .

 Үкі- 68 жыл

Аққу — ?,44 жыл қысқа

Аққу неше жыл тіршілік етеді?

Шешуі: 68 – 44 = 24

 

Бүркіт -46 жыл

Жапалақ-?,31 ж. қысқа

Қарға-?44 ж.ұзақ

Қарға неше жыл тіршілік етеді?

Шешуі: 46 -31 +44 = 58

 

 

 

 

Дұрыс жауаптарға    3 балл қойылады
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

2минут

1-деңгей (білу,түсіну

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)

№ 5 189ет

 

Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей

(қолдану,талдау):

 Логикалық сұраққа жауап беру 189 бет. Тапсырманы орындағагға «4»баға қойылады
3-деңгей

(Шармашылыққа,ғылыми зерттеушілшікке бағытталған тапсырмалар):

 Теңдеу құру, шешу  жолын дәлелдеу?. Тапсырманы орындағагға «5»баға қойылады
БАҒЛАУ 3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады

6-8 балл жинаған оқушыларға «4»баға қойылады.

9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. Қорытынды балдары қойылады. Оқушылар өз бағаларын айтып шығады

 
КЕРІ БАЙЛАНЫС

 

Оқушылар бағалау дәптерлеріне  сабаққа кері байланыс береді.

Бағалау критерийі

1.Уақыт өлшем бірліктерін білу.

2.Теңдеу құра білу.

3. Шешу жолын дәлелдеу.

 

 

 

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болады?  
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болады?  
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?