Алима Джумабаева

 «Қазақстан    мен      Ресейдiң    өз  ара қарым-қатынасының даму тарихы »

(1990-2015  жылдар).

          2016 жылы  25 мамырда  Қазақстан  Республикасы мен Ресейдің  арасындағы  «өз ара достық   және ынтымақ» туралы   шарт  жасалғанына  тура 24 жыл   толды.

Бұл  біздің  есімізге  көптеген тарихи  жағдайлар туралы  тарихи оқиғаларға  шегініс жасауымызға  үлкен  мүмкіндіктер  берді. Еліміз Президенті  де   9-мамырда    РФ Жеңіс  мерекесін Мәскеуде    В.В.Путиннің  шақыруы  бойынша  Қызыл алаңда  қарсы алуы да   екі мемлкет арасындағы  үлкен  достықты аңғартса керек.  Еліміз  ширек  ғасыр   уақыт  өз алдына Тәуелсіз ел  болу арқылы  сыртқы саясатта  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.

Тәуелсіз  тарихымыздан ойып тұрып  орын алатын, еліміздің сыртқы саясаты саласы, менің ойымша қазіргі уақытта  ең бір назардан тыс қалып отырған сала болып табылады.  Біздің еліміз-өзінің қоғамдық,тарихи байланыстарында-сыртқы ортадан бөлек бола алмайтыны түсінікті ғой. Тәуелсіз еліміздің тарихын зерттей отыра, мені көптеген мәселелер қызықтырды. Соның ең бастыларына келсек, «Қазақстан мен Ресейдің өз ара достығы  мен қарым-қатынасының тарихын»   зерттеу  өте  үлкен  маңызды,   басты мәселе болып отыр . Қазақстанның өз  көршілерімен  сыртқы  байланыстары — қазіргі уақытта әртүрлі деңгейде баспасөз беттерінде жарияланып жүргенімен, бір жүйеге келтіріліп, нақтылы қорытындылар жасайтын уақыт жеткен сияқты. Міне, бұл тақырыптың тағы да бір актуальды жағы мынада болып отыр.

Қазақ хандары әуел бастан-ақ,  Ресей сияқты алып елдің   мемлекет ретіндегі маңызын  дұрыс бағалай білді. Есте қалған ескі жылдарда,  еліміздің ең көрнекті хандары Тәуекел де, онан кейін  Тәуке хан да  бірнеше рет Ресей патшаларына   елшілер жібергені, тоқтаусыз болған жоңғарлардың, қалмақтардың  шабуылдарынан   қорғану үшін көмек сұрағаны тарихтан  белгілі.

Хандар  елшілері  арқылы  айшылық ұзақ жердегі көршілерімен  дипломатиялық байланыстарға түсіп отырды. Қазақ елі  мен  Ресей елінің  достығының  тамыры тым тереңге кеткен.  Онан бергі тарихымызға үңiлсек, сонау  жоңғарлардың халқымызға жасаған   жойқын да  аяусыз  қырғындарынан «Ақтабан Шұбырынды,  Алқа көл Сұлама»  деп аталған қасіретті оқиғалар мен  әйгілі  «Елім-ай»   әні қалғаны   белгілі.1731  ден басталған    бодандық  1865-1866  жылдарға  дейін жалғасты.

Алғашында,әскери одақ  қана  құру  жоспарланғанымен бұл  Әбілқайыр ханның  қадамы   бодандыққа алып келгені  белгілі, хандардың  сол заманда  өз ара татулықтарының болмауы, еліміздің   берекесін кетірген  Жоңғарлардың    қан құйлы  шапқыншылықтары, еліміздің басына  төнген  зұлматтың ауырлығы     ,қазақ халқының  үштен екісін жалмап кеткен    «Ақтабан Шұбырынды ,Алқа көл сұлама »    хандарды      бодан  болуға итермелеген болар   деп ойлаймын .

Қалай десек те  тарихи   фактіні  бұрмалай   алмаймыз.  Әбілқайыр хан  да тарихи тұлға  ,елді қоғаған  батыр  сардарбек  болғаны белгілі ! Осындай    жарқын  тұлғаның  Ресейге бодан  болу  туралы елші  жіберуі  тарихтың  бір жұмбағы десек те  болғандай!

Дегенмен,   қазақ хандығы шекараны  қорғайтын әскер де  ұстамады, бір бірінен  Үш Жүз болып ,  дау –дамайлары  да бітпеді.

«Жеті Жарғыны »  оқып қарасақ  бәрі де сол  «Жер дауы,жесір  дауы»  .

Ресей   бізге  қарағанда  бұл кезеңде өзін  әбден күшейтіп алған болатын, Ресеймен  бір болуымыз  ,оның  қол астына  өз еркімізбен  қарауымыз ,  бұл  еліміздің  тарихының   көп бұрмаланған    бетерінің  бірі.  Кеңестік  к езең    тарихы   «Өз еркімен қосылу»  деп атады, ал

Тәуелсіз  Қазақстан тарихы     «Ресейдің     отарлауы»  деп  оқытып  отырмыз.

Қалай десек те , бұл тарих !

Қазақстан мен Ресей  тарихында   көптеген жарқын беттер  де бар екені   шындық!

Мысалы, бетке ұстар  қаймақтарымыздың  барлығы да   Шоқан,  Ыбырай,  Абай   елімі жастарына «орыстың  мәдениетін, тілін   үйреніп, олардан көп  жақсы  нәрсені  үйренуге  шақырған ! »

 

 

1991 жылы 20 желтоқсанда КСРО құлағаннан кейін, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен «өзара тату көршілік,  мәңгілік достық»  жайында шарт жасасты.Бұл шарт  25 мамыр 1992 жылы  жасалды.  Бұл шарттың негізгі мазмұны, яғни көп ғасырлық  тарихи байланыстары, қалыптасқан екі тату елдің бір-бірімен байланысқа түсуі қай жағынан алып қарасақ та тиімді еді.

Тәуелсіз мемлекет ретіндегі мұнан былайғы уақыттағы өз саясатымызды өзіміз құра алатынымыз-Тәуелсіздіктің алып берген ең үлкен жемісі болғаны даусыз.

Бұл уақытта бізге ең жақын көршілерімізбен, тығыз  ынтымақтастық  орнату  қажет болды.  Міне, осы айтылғандардан шығатын қорытынды, барлығы да оңай болмағандығын көреміз.

«Қазақстанның  болашағы — әлемге  ашықтығында» деп            Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай,  «біздің мемлекетіміз Шығыспен де, Батыспен    де бірлесіп  қимыл жасауға әзір.

Сонымен қатар,   қарым-қатынасты жасай отыра,   біз тарихи тамырластық жайлы да ұмытпауымыз қажет,   сонымен қатар  қарым-қатынасты құра отырып, біздің елімізге   жай ғана территориясы  жағынан  жақын ғана емес, туыс болып кеткен елдер туралы да ұмытпауымыз қажет, олардың арасында мен бірінші кезекте  Ресейді айтып отырмын.  Біздің Ресеймен достығымыз бір ғасырға жуық уақытты алып,  бұл жылнамада көптеген  жарқын беттердің болғанына тарих та куә болды. Ресейліктер өз кезегінде біздің өнеркәсібімізді, ауылшаруашылығымызды құрып беріп,  Қазақстанның ғылымын дамытуға үлес қосты. Өз кезегінде Ресейліктер де жүз мыңдаған саяси тұтқындардың, тұтас халықтардың,   әміршіл-әкімшіл жүйеден зардап шеккен кезде   Қазақстаннан  пана тапқанын  біледі. Ұлы Отан соғысы (1941-1945 ж.ж.) жылдарында қазақ даласының батыр ұлдары мен қыздары — сол уақыттағы ортақ Отанымызды қорғады.  Қазақстанның қалалары мен далаларындағы  тұрғындары өз жұпыны  үйлерінің есігін айқара ашып, Ресейдің, Украинаның және Белоруссия  бойындағы отқа оранған  елді мекендерден  келгендерді   жатсынбай, өз  бауырларына басып, қолындағы барларымен бөліскенін де    Ресейлік,Украиналық және көптеген басқа да  ұлт өкілдері    ұмыта қойған жоқ.1  

Сол бір Тәуелсіздігімізді алған тұстан бастап-ақ, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасында  небір  жарқын беттердің болғандығына  сеніміміз  кәміл.  Тақырыпты ашу үшін көптеген фактілер келтіру қажет.

Ю.А.Гагариннен кейін, 30 жыл өткен соң,  көне қазақ жеріне орналасқан «Байқоңырдан»  1991 жылы 2 қазанда бірінші қазақ ғарышкері болған  Тоқтар Әубәкіров,   оның артынша екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев та ғарышқа сапар шекті.

Бұл оқиға  жалпы біздің Ресей мектебінен өткен  ғарышкерлеріміздің  тыңғылықты дайындығының арқасында жүзеге асырылды. Ресеймен  достық қарым-қатынаста болуымызды  Тәңірінің өзі де қалаған тәрізді.

Себебі, ХХ ғасырдың  өзінде-ақ Ресей Федерациясымен  қарым-қатынас жасауымызға  ең бір өткір жол салып берген  ғарыш саласы болды.

Әсіресе, Талғат Мұсабаев  ғарышкер ретінде де, әрі Ресей ғарыш мектебінен  алған тәжірибесін   елімізге әкеліп, көп іс тындырды.

1994 жылы наурызда «Байқоңыр»  космодромы  Ресейге 20  жыл мерзімге жалға берілді.  1995 жылы  20 қаңтарда  Мәскеуде Н.Ә. Назарбаев пен  Б.Н. Ельцин 20-дан астам құжатқа қол қойды. Ол құжаттарда экономика мен рухани, әскери–саяси салалар туралы айтылды. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасының жемісті дамуы  ең алдымен екі елдің басшылары — Н.Ә.Назарбаев пен  Б. Н.Ельциннің тікелей достық және тату қарым-қатынасының арқасы болды. Борис Николаевич Ельцин  өз дәуірінің аса көрнекті тұлғасы ретінде КСРО-ның тарап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  орнауына үлкен роль  атқарды.

Борис Николаевич  Алматыда болған кездерінде  Қазақстанға келіп, «Медеу» шатқалынан Алматыға көз салғанды, емін-еркін Н.Ә.Назарбаевпен  пікірлескенді ұнатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  дипломат ретіндегі харизматкасының жоғары деңгейде болғанын айтып кетуіміз қажет.Нұрсұлтан Әбішұлы  130-дан астам ұлттарды өркендетуге үлкен мән беріп отыр. Олардың ішінде орыс ұлты еліміздегі басым ұлттардың бірі болып отыр. Қазақстанда өзінің саны жағынан орыс ұлты қазақтардан кейінгі екінші орынды алып отыр. Біздің еліміздегі орыс немесе орыс тілінде сөйлейтін ұлттардың көпшілігі, Ресей Федерациясындағы туған-туыстарымен  туыстық қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Алайда, Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілдері  Ресейді өз Отандары деп есептемейді. Олар Қазақстандағы  жетістіктерге қуанып, патриоттық сезімдерін білдіріп отыр.

Ал  1999 жылдан бастап , Қазақстан мен Ресейдің өз ара қарым-қатынасының дамуына үлкен үлес қосып отырған — танымал тұлғаға айналып үлгерген    Владимир  Владимирович Путиннің еңбегі зор  екендігі даусыз.

Жоғары есеп бойынша  Мәскеу мен Астана  екеуі де бір тілде сөйлесіп отыр. Сондықтан олардың  арасында ешқандай проблема болмайтынына сенімдіміз.

В. В. Путиннің    Н. Ә. Назарбаевқа жазған хатында, кейде Ресеймен келісе алмаған  тұстарымыз да болды,  ондай сәттерде біздің еліміздің көрегенділігі өз ролін атқармай қоймайтын еді. 2006 жыл  «Ресейде Абай, ал Қазақстанда  Пушкин жылдары»   болып         жарияланды. Біздің  көрнекті тұлғаларымыз  , Президентімізден бастап, түрлі өнер , ғылым қайраткерлері Ресейдің ең жоғары наградаларымен марапатталғаны белгілі.  Олардың ішінде белгілі өнер қайраткері Асанәлі Әшімов бар болатын,  ол кісіге  Қазақстан мен Ресейдің  арасындағы достықты нығайтқаны үшін берілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Қыздар Педагогика       Институтының орыс тілі пәнінің оқытушысы Жұмағұлованы айтуға болады.

Сол уақыттан  бастап  екi ел   арасында осы ұлы тұлғалардың шығармашылығы мен өмірін ұлықтауға арналған  саяси, мәдени    шаралар   өткiзiлдi. Басты республикалық баспасөз беттерінде бірнеше дүркін мақалалар жарияланды. Сол шаралардың  ең маңыздыларының  бiрi  — бұл   Мәскеу қаласында Абай ескерткiшiнiң   ашылуы  едi.

Сол  ескерткiштiң  ашылуында   Ресейдiң  Президентi  В.В. Путин  мен   Қазақстан Президентi  Н. Ә. Назарбаевтың   достық  кездесулерi   өттi. Ресей Федерациясымен біздің сауда байланыстарымыз ерекше қарқынды дамыды.

Әлем  назары  сол бiр  кездегiдей    Мәскеу қаласына ауысты.          Ұлы қасiрет жылдарынан кейiн ,  Кiшi Жүз ханы  Әбiлхайыр   хан    Ресейге елшiлiк жiберген едi.Көптеген тарихшылар Тәуелсiздiк алғаннан кейiн,

Қазақстан  мен Ресейдiң  арасындағы   өз ара  достық  қатынасты   дамытуды   бұрынғысынша  насихаттай беруден  еш   ұтылмайтынымыз  белгiлi. Оның себебi,  барлық  уақытта  да  Қазақстан үшiн  сенiмдi серіктестің  маңызы зор. Оның үстiне қазiргi уақытта Қазақстанда негiзiнен көптеген ұлттар тұратынын ескерсек,   жоғары оқу орнының бiлiмгерлерi де сол көп ұлттардың   өкiлдерiнен құралатынын,  әсте естен шығаруға болмайды.Қазақстан мен  Ресейдің өз ара қарым-қатынасындағы ең дамыған саласы деп бірнеше басты саланы айтуымызға болады:ол салалар  ғарышты игеру мен отын-энергетика саласы. Қазақстан Тәуелсіздік алмай тұрған уақыттың өзінде-ақ  Ғарышты игеру саласы шын мәніндегі ең жемісті  сала болып табылады. Шын мәнінде қиындық,  сын  уақыты адамдарды шыңдап, олардың бойында түрлі қасиеттер оятатыны сөзсіз. Осы арада біздің байырғы қазақ елінде орналасқан,  «Байқоңыр» ғарыш  айлағының біздің жерімізде орналасуы  да  біздің үлкен бағымыз болған сияқты. Көптеген мәселелерде ортақ шешімге келетін  ғалымдар да өз ойларын тәжірбеден өткізіп отырады.

 

2015 жылы   құрылған  Евразия  Экономикалық Одағы    ұйымы қазіргі  уақытта  жемісті  жұмыс  жүргізуде.  Ресей арқылы  біздің  сатылуға шығарылған өнімдеріміз  сонау  Еуропаға    кедергісіз барып  жатыр. Ол елдерге барған  шикізат  біздің  мұғалімдер мен дәрігерлердің  жалақысы ,  және   ең бастысы   еліміздің  сырт елдермен тату  көрші  болуына әсер етуде.