22.02.2017.

Логикалық математика

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Карижанова Раушан Акажановна

 Тақырыбы: «Кім  тапқыр?»(Көбейту және бөлу)

Мақсаты: оқушылардың  математика пәніне  қызығушылығын   арттыру,

танымдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын  дамыту

Көрнекілігі: өрнектер,логикалық есептер,практикалық  есептер,ши

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі

А) Оқушыларды  екі  топқа  бөліп отырғызу

Б) Әділқазылар  алқасын  белгілеу

В) Екі  топтың сәлемдесуі, ұрандары.

«Достар» тобы:     Достар  тобы алға!!!

Қарсыластан  қалма

Биіктерге  самға

Достар  тобы  алға.

 

«Болашақ» тобы:  Болашақты біз бастаймыз

Қиындықты  артқа  тастаймыз.

Әрқашан  жеңіске  ұмтылып

Достарды жеңіп тастаймыз.

 

А) І-тур  (жүргізушінің  сұрағына жауап  беру)

Б) ІІ-тур  (көбейту және бөлу амалдарынан сайыс,тақтамен жұмыс)

В) ІІІ-тур (Математикалық сандар сөйлейді)

Г) ІV-тур ( Практикалық  жұмыс)

Д) V-тур   (Логикалық есептер.)

  1. Сайыс  қорытындысы

А) Әділқазылар  алқасының  пікірлері (марапаттау)

В) жүргізушінің сайыстың  аяқталғанын  хабарлау.

І-тур

Қане балалар қараңдар,

Біз биікке самғайық,

Математика ғылымын,

Ғаламшарда шарлайық.

Бәріңіз де ат салыс,

Ешкім қалыс қалмасын,

Кім біледі, кім ойшыл.

Білімді де барлайық деп

Сайысымыздың бірінші турын бастайық. Ойын шарты бойынша екі топқа бөліп, қатысушыларды орындарына орналастырамыз. 10 сұрақ екі топқа  кезекпен қояды.

  1. Шектелген түзу?         (кесінді)
  2. Нәрселерді  санағанда, керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жап-жығыңа қарамай                                 (натурал сан)

 

  1. Бір мезгілде 2 ауылдан бір-біріне қарама –қарсы 2 жолаушы шықты. Бірінің жылдамдығы 3км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың ара қашықтығы қандай?                          (21 км)
  2. Қосарланып жегілген ат арбамен  Самат 8 шақырым жол жүрді, оның әр аты неше шақырым жол жүрді.                                                             (8 км)
  3. Қағазға екі таңбалы сан жазылған. Қағазды төңкергенде ол сан 75-ке азайады. Бұл қандай сан?                                                                                (91)
  4. Ұзындығы 5 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап?

(14 см 10см2)

  1. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар,  балалар пікір  демейді                                      (бөлшек сан)

  1. Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, Сырдария

бойында дүниеге келген данышпан, ойшыл ғалым кім?              (Әл-Фараби)

  1. Дастархан басында 2 әке 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Әрқайсысы

неше алма жеді.                                                               (1)

  1. Позициялық системада аса маңызды рөль атқаратын сан.           (0)

 

ІІ-тур

Математика патшасы ғылымдардың,

Бастан кешкен талай ғасыр ағымдарын,

Сан құпия сырымен өрнектелген,

Бүгінгі кеш тарту етер сан сырларын, — дей келе  сайысымыздың 2 –турына да келіп жеттік.

Көбейту және бөлу амалдарынан сайыс,тақтамен жұмыс

І –топ                                                                                 ІІ-топ

627*408 =255816                                                            539*306=164934

758*204 =154632                                                            438*309=135342

945*109=103005                                                              524*124=64976

2176:32= 68                                                                       17150:175=98

14112:28 = 504                                                                   71400:204=350

 

Шындықты алғаш таратқан,

Жыл, күніңді санатқан,

Тауып ғажап жаңалық,

Жоқтан барды жаратқан

Есеп емей немене?

Білмегенді білгізген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген

Есеп емей немене?

 

— деп сайыстың

ІІІ – турын бастайық.

«Математикалық сандар сөйлейді»

  1. Үш санына байланысты мыналарды ата

а) Үш жұрт; (өз, шағашы, қайын)         б) Үш арсыз. (ұйқы, тамақ, күлкі)

  1.  Мақалдарды жалғастыр

а) Үш қайнаса …..          сорпасы қосылмайды.

б) Үш ұйықтаса …..       түсіне кірмейді

в) Ер кезегі …….             үшке дейін

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой — өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш би: Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би

  1. Мақал – мәтелдің құрамындағы санды табыңдар.

а) ..1.. құмалақ, ..1… қарын майды шірітер.

ә) ..50… жылда ел жаңа

б) ..100.. сомың болғанша, ..100…. досың болсын.

в) Бір тал кессең, … тал ек.

г) Білекті ..бірді…. жығар, білімді .мыңды.. жығар.

ғ) Жігітке  ..7.. өнер де аз.

ІV-тур

Практикалық  жұмыс

Шимен жұмыс.

 

 

 

 

 

Екі шиді қозғалту арқылы  балықтың бағытын өзгерт

 

 

 

 

 

Екі шиді қозғалту арқылы нәтижесінен 8-ді шығар.

 

 

 

V-тур

Логикалық есептер.
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

 

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
-Балалар, сабақ ұнады ма?
— Сабақтың қай кезеңі қызықты өтті?
-Қандай тапсырмаларға белсенділікпен қатыстыңдар?
Бағалау, мадақтау.