ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН оқытудағы  инновациялық  технологияларды      пайдалана  білудің тиімділігі

       Білімгерлеріміздің  интеллектуальдық  деңгейін  қалыптастыру мен көтерудегі, білімгерлерді  отаншылдыққа  баулудағы  гуманитарлық  пәндердің  ролі  ерекше. Гуманитарлық  пәндердің  ішінде  Қазақстан тарихы  пәнін жүргізу  арқылы  білімгерлерді  өткен  тарихымызды   білдірте отырып, біз оларды биік парасаттылыққа, адамгершілікке,   отаншылдыққа    тәрбиелейміз.

Гуманитарлық  пәндерді   оқыту  барысында   жылдар  бойы  қалыптасқан  оқытудың  әдістеріне   өзгерістер  енгізу,       оларды  сабақтардың  сапасын  арттыру  үшін және  білімгерлердің өзіміз  жүргізетін   пәннен   білімін   көтеру  үшін орнымен   пайдалануымыз    қажет.  Менің  бүгінгі  қозғайын деп отырған әңгімем, « Қазақстан  тарихы»  пәнінен дайын   қазақ  тіліндегі  мультимедиялық оқулықтар  туралы  еді.  Инновациялық технологиялардың  тиімділігіне көзім де  жете түсті.Олардың  артықшылығы мынада болып отыр,   яғни күнделікті оқытушыдан құлақпен еститіндерін , бір мезгілде  экран арқылы   көзбен көріп  оқу   арқылы,  білімгерлердің терең білім алуларына барынша жағдай жасалады деп ойлаймын.   Сонымен  қатар, қазіргідей  бәсекелестік заманында  жоғары оқу орнының  білімгерлеріне  сабақты  жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақ өтетініміз  ,  жалпы институтымыз туралы  рейтингінің өсуіне де  қосымша  ықпал етері сөзсіз  деп ойлаймын.

Белгілі педегог  Ян Амос Каменский : «    Ценность   и  значение   этих секунд, часов ,  дней  и   лет   в   судьбе   обучаемого  определяет   учитель »  деген   болатын  өзінің   «Великая  дидактика»  деген  кітабында

Біріншіден, тарих  бүкіл  адамзаттың  даму жолы  болғандықтан , онда

айтылатын  ауқымды  әңгімелер  оқытушының  дәрістеріне  сыймайды.  Ондай кезде , бізге  ең алдымен  соңғы  уақыттағы  жаңалықтарды сонымен қатар  жаңа технологияларды  игере  отырып,  сапалы да нәтижелі сабақтар өткізуге болады. « Қазақстан тарихы»   пәнінен алынған бір ғана мультимедиялық  оқулықтың артықшылығын айтып кеткім келеді.

Бұл  мультимедиялық  фильмнің  электронды оқулықтан едәуір айырмашылығы  әр і    үлкен  артықшылықтарын    білімгерлердің   өздері де бірден байқады.

 

Мультимедиялық фильмдер   мемлекеттік тілде,   диктордың   даусымен   дыбысталған. Ол фильмде белгілі тақырып бойынша  анимациялар,   гипертекст, жылжымалы  карточка түріндегі  тапсырмалар, әр  модульге  жинақталған тест сұрақтары мен  «Отырар» ,«Айша Бибі» , «Қожа Ахмет Иассауи», «Арыстан Баб » , «Жоңғар» деп аталатын видеофильмдер бар.  Міне, сосын  тағы да  айтатын  болсақ,  электронды оқулықтың           пайдасы өте көп.

Кез-келген  инновациялық технология оқытушыны ауыстыра алмайды, дегенмен   білімгерлерге білім берудің  сапасын  арттыру,  сабақ оқыту  шеберлікпен   дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда    ынтасы мен  жалпы  қызығушылығы орташа  білімгерді пәнге  қызықтырып қана қоймай, олардың  отаншылдығын, танымынының  дұрыс қалыптасуына  әсер ете аламыз. Қазақстан тарихы пәні  көптеген пәндердің арасында  болашақ  мамандардың  бойында  отаншылдық, патриотизм, адамгершілік  сезімдерін  қалыптастыратын  пән  болып  табылады.

Сондықтан,  оларды  отаншылдыққа  баулу үшін де  біздің  негізгі міндетіміз сабақтарға барынша  мән бере  өту.  Оларға  өткен  тарихымыздың  жарқын беттеріндегі   отаншыл  азаматтардың  өмірінен  мысалдар келтіре  отырып, бүгінгі  білімгер – ертеңгі  маман     азаматтарды  саналы азамат  ретінде дұрыс тәрбиелеуіміз  қажет.   Әрбір  білімгердің бойында  саналылық   пен  отаншылдық  қалыптастыру үшін де инновациялық технологияларды орнымен  қолдану  қажет деп ойлаймын.  Кез-келген  елдің экономикалық  қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық  даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы, қоғам дамуы  мен технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру жүйесінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру  экономика ,ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.

«ХХІ ғасыр — ақпараттар ғасыры болып отыр.Сондықтан да 1997ж. Елбасы «Ақпараттандыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Ендеше қазіргі заманнның ақпараттық және  телекоммуникациялық технологиясын игеру-міндетіміз.

Оқытудың ұйымдастыру формасы мен әдіс-тәсілдерінде қолданылып жүрген  жаңа педагогикалық технологиялар санын  кейбіреулер елуден асырады.Солардың арасында оқытудың компьютерлік ( ақпараттық ) технологиясы да бар, оның авторы –Апатова Н. В. Оқытудың компьютерлік технологиясының  мақсаты –ақпаратпен жұмыс істей  білуді қалыптастыру.

«Қазақстан Республикасының тарихы»  электронды  оқулығын  пайдаланып,  бүкіл  семестрдің  барысында    видео –аудиториясында жұмыс істеуге болады. «Оқытушылық  технология дегеніміз  білімгер мен оқытушы үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үдерісін жобалаудың , оны ұйымдастырудың  және өткізудің  бүге-шігесіне дейін  ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын  педагогикалық  қызметтің моделі. »  Оқытушылық  мамандықты таңдаған адамнан қашан да  шеберлік, табанды күш-жігер, көкірегіне ізгілік ұялаған парасатты мінез талап етіледі.

Өмірдің  өзі  бізден ғылымды дамытып,  алға  қарай тоқтаусыз жылжуымызды талап етіп отыр.

Инновация –жаңалық және енгізу деген сөзден шыққан, яғни аудармасы жаңару дегенді білдіреді. Қаншалықты  батыстық немесе шығыстық технологияларды мақтағанымызбен , ол технологиялар  біздің  қолдануымызда солғын  тарта бастайды   Төл технологиялар  қамқорлыққа зәру.

Көрнекті ағартушы Ы.Алтынсариннің айтуынша : «Қазақ халқы азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды; ой- пікірі еркін » деген екен. Бұл алғашқы маман-педагогтың пікірінен  мынадай ойға келуге болады: қазіргідей  дамып келе жатқан заманда ең бастысы білімгерлердің де талабы да ұлғайып отыр. Олардың бізден нені талап ететінін дұрыс түсіне отыра,  беретін білімімізді  үлкен  шабытпен  бере  білейік дегім келеді.  Білімді де шебер оқытушының  басты міндеті —   барлық  мүмкіндіктерді , жаңа технологияларды шебер ұштастыра  отырып,  гуманитарлық пәндердің  өзіне тән  ерекшеліктерін ескере отырып,  мысалы «Қазақстан тарихын »  оқытуда  «Қазақстан  Ұлы Отан  соғысы жылдарында »  деп аталатын  тақырыпты  өз дәрежесінде  өткен жағдайда   біз  білімгерлерді  өз Отанын қадірлей білуге  сүйе білуге  тәрбиелейміз   ,  патриоттыққа  тәрбиелей аламыз.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев : «Білім беру ісіндегі инновациялық  технологияларды дамытуға   баса   назар    салу   керек »   деді .         Жалпы алғанда ,  инновациялық  қызмет дегеніміз   ғылымның   жаңа   жетістіктерін  өндіріске  енгізу болып табылады, ал   нәтижесінде   мемлекеттің    бәсекеге  қабілеттілігі    артуы   тиіс.

 

                                                      Алима Джумабаева ,

Қаратау технология,білім және бизнес колледжі тарих пәні оқытушысы