Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы, Қаратау технология,білім және бизнесколледжінің
оқытушысы, Алима Джумабаева,
Елбасы мақаласы -елімізді рухани жаңғыртуға бастайды
«Мәңгілік ел» болуға бет алған мемлекетіміздің ендігі даму бағытын айқындап берген бұл мақаланың біртұтас ұлт болып ұйыстырудағы зор маңызын әрбір қоғам мүшесі зердесімен аңғарды деп ойлаймын. Елімізді рухани жаңғыртуға өзінің қолынан келетін үлесін қосу — әрбір қоғам мүшесінің тікелей міндеті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшілікке серпіліс әкелді.

Мақалада айтылған тың ойлар ұлттық сананы жаңғыртуды уақыттың өзі талап ететіндігін аңғартуды. Жаһандану және әлемнің шапшаң өзгеруі елімізден рухани мықты ел болуды талап етеді.
Елбасы әлемдегі өзгерістердің динамикасын алға тарта отыра, қандай да болмасын сынақтарға төтеп беріп, оны жеңу үшін санада жаңғыру қажет екендігін алға қойып отыр.
Қаратау технология,білім және бизнес колледжінің директоры Е.М.Әнетбаев басқарып отырған орта оқу орыны оқытушылары мен қызметкерлері арнайы өткізілген жиында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын қызығушылықпен назарға алып ,ондағы айтылған әрбір жоғары мәнді идеяларға жан –жақты қолдау көрсетететіндіктерін жеткізді.
Жиында сөз алған тарихшылар мен саясаттанушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық пәндерге байланысты айтқан ойлары көкейлерінен шығып отырғандарын айтты. Тарихшылар мақалада айтылған ойлардың кез келгені еліміз жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен бағдаршам болатындықтарын жеткізді.
Колледждегі білімалушы жастар да Елбасы айтқан ойларды үлкен жігермен қабылдап, туған елге деген сүйіспеншіліктері арта түскендігін сезінуде, әсіресе киелі өлкеге құрметпен қарай бастағандықтарын айтуда.
«Бұл мақалада айтылған идеялар қазақ қоғамын рухани жаңғыртып, латын һәрпіне көшіруге дайындық жұмыстары басталып, жаңа бағдарламалар жасалатын болады және өткен тарихымызды , киелі орындарды құрметтейтін «Туған жер » бағдарламасы жасалатын болады ,осы құжаттағы айтылған маңызды ойлар мен идеяларды насихаттау барша оқытушылар мен оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасарларының тікелей міндеті екендігі айқын» деді Ерлан Әнетбаев.
Білімалушы — жастар еліміздің келешегі болғандықтан алдымызда күтіп тұрған өзгерістерге жан -жақты өздерінің білімге деген құштарлықтарымен үлес қосатындықтарын ,Елбасы мақаласына деген терең құрметін бүткіл білімалушылар атынан 3-курс білімалушысы Жұмабай Ескелді үлкен толғаныспен жеткізді.
«Киелі жерлерге бай өлке қазыналы Қаратау жотасындағы тарихи орындарға бүткіл қазақстандықтар бір кісідей назар аударатын болар» деп ойлаймын.
«Киелі Қаратау» келешекте туризм мен тарихи ескерткіштердің ең көп шоғырланған аймағы ретінде археологтардың қызығушылығын, жалпы көпшіліктің қызығушылығын оятар өлке болар деп үміттенемін.
Тарихшы ретінде, түрлі деңгейлерде, телеарналарда ««Ежелгі Тараз айтылған кезде, ағылшын тілінде жүргізілетін телехабарламалардан «киелі Қаратау» өлкесіндегі « Бөріқазған» мен «Тәңірқазған» сияқты ең алғашқы адамзат мекен еткен қоныстар да назардан тыс қалмаса екен» деп ойлаймын.
Мақала қазақ қоғамының еңсесін тіктетіп, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына жету үшін зор мүмкіндіктер силайды. Әлемдегі өзгерістер бізден жедел өзгеруді талап етуде, сана- сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан бас тарту қажет.
Мақаланы баспасөзден оқыған сайын руханиятқа зор мән берген Елбасының көрегендігіне тәнті бола түстік.