Спанбетова Дина Алгибаевна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әл-Фараби атындағы ДБАГ

Күні:08.10.15 Коучинг  жоспары Өткізген: Спанбетова Д. А
Тақырыбы: Орта мерзімді жоспарлау арқылы оқыту деңгейін арттыруға бола ма?
Мақсаты: 7 модульді байланыстыра отырып, оқыту үдерісін жоспарлауды, орта мерзімді сабақ топтамасын жасаудың тиімді жолдарын көрсету.
Оқыту нәтижесі: Мұғалімдер: орта мерзімді жоспарлау туралы түсінік алады және жоспар құруды үйренеді. Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, www.cpm.kz
Әдіс-тәсілдер: Әдіс бірлестіктері бойынша топтасу,  «Аялдама» әдісімен қорғау, «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен, бағалау критерийлерімен бағалау, рөлдік ойындар,шығу билеті.
Дереккөздер: Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуал тудыру. Тренинг. «Жүректен жүрекке жылы лебізі». 4 мин

 

 

Топқа бөлу. 2 мин

 Ұстаздар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді. Мұғалімдер  әдіс бірлестіктері бойынша топтарға бөлінеді.
Ø Тақырыпқа шығу: Коучинг басында «Президенттің сайлау алды бағдарламасы»  атты тапсырмасы беріледі 3 мин.

Ø Топтар бір ұстазды ұсынады , сол ұстаз өз бағдарламасымен таныстырады. Осы пікірлерден тақырыпқа шығу.5 мин

Әр ұстаз ұзақ, орта, қысқа мерзімге арналған жоспарымен таныстырады, сол арқылы тақырыпқа шығу.

 

 

Ø Тақырып анықталып, мақсаты айқындалады.2 мин

Постер.

Әр топқа орта мерзімді жоспар шаблондары беріледі, сол бойынша топтар жоспар жасайды.

 «Орта мерзімді  жоспар» тақырыбына постер қорғау. 15мин

Ұстаздар тақырыпты айқындайды да, өздерінің не білгілері келетіндіктерін айтады.

Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.

Спикерлер жобаларын

қорғайды, жобалар топтар арасында ауысып,бірін-бірі  «Бағалау критерийлерімен»  бағалайды. Бағалар жарияланғанда от шашу, яғни қол шапалақтау арқылы қолдау кәрсетіледі.

Қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды жасалынады. Жалпы осы тақырып бойынша презентация көрсетіліп, «SMAPT мақсат » жазудың жолы көрсетіледі.

Презентация арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын жасау үдерісін жақсарту. 6 мин

 

 

Слайдтар арқылы көрсетілім

 

 

 

Ø Келесі кезеңде, сергіту мақсатында  «Мақсатына жеткен кішкентай жәндік» атты аңызы бойынша видеоролик тамашалау.

Ø 5мин

Ø

Тамашалау, талқылау.
Шығу билеті

3 мин

Коучинг барысында:

—         нені жақсы жасай алдыңыз?

—         қандай қиындық  кездестірдіңіз?

—         келесі коучингтің қай тақырыпта өткенін қалайсыз?

 

Осы стратегия арқылы коучингті аяқтау. Рефлексия жазу, келесі коучингтің тақырыбын анықтау.

 

 

 

 

Спанбетова Дина Алгибаевна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әл-Фараби атындағы ДБАГ

«Орта мерзімді жоспарлау арқылы оқыту деңгейін арттыруға бола ма?» тақырыбында өткізілген коучингке рефлексия.

Коучингтің негізгі мақсаттары: 7 модульді байланыстыра отырып, оқыту үдерісін жоспарлауды, орта мерзімді сабақ топтамасын жасаудың тиімді жолдарын көрсету болды. Нәтижесінде,м ұғалімдер: орта мерзімді жоспарлау туралы түсінік алып, жоспар құруды үйренеді. Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді деген табыс критерийлері күтілді. Негізгі идея: Мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінік қалыптастыру.

Мұғалімдер ұйымшылдықпен қатысты. Барлығы да бір нәрсеге үйренсем екен деп ынталанды. Орта мерзімді жоспар жасауды үйренейік,- деп талпынды. Оны ұстаздардың жұмыла жұмыс жасағанынан көруге болады.

 

Балаға жүрек жылуын жеткізіп, еңбек етіп жүрген жандар бір біріне де жылы лебіздерін аямады.

Берілген үлгі бойынша орта мерзімді жоспарларын жазып, қорғауда жас мамандар белсенділік танытты.

 

Мұғалімдер бағалау критерийлері бойынша топтардың жұмысын бағалады.

Сонда ғана бағалаудың әділ болатынына тағы көздерін жеткізді.Коучингтің тақырыбын тапсырма арқылы өздері болжап шығарғандарын, табыс критерийлерін жазғандарын өз сабақтарында кейбір мұғалімдер қолданатындарын айтты. Жас және жаңадан келген ұстаздарға бұл әдіс ұнады.Теориялық тұрғыда 7 модуль, жоспар түрлері,SMART мақсаттың сипаттамасы,критерийлер құру сияқты мағлұматтар берілді. Проблеманы шешуге арналған видеороликті талқылауда да жоғары белсенділік көрсетті.

Мақсатына жету жолында еш қиыншылықтан тайынбаған кішкентай жәндіктің қайсарлығына тәнті болды. Осы аңыз әңгіменің өмірлік философиясының мәнін таратып айтқан әңгіме де мұғалімдер танымына үлкен әсер етті ,- деп ойлаймын.

Менің коучингім қызықты да мәнді болды, мұғалімдерге үлкен көмек берді ,- деп айта аламын.Себебі мұғалімдердің жазған кері байланыстарындағы ризашылық лебіздері маған да дем берді. Алдағы жұмысыма құлшындырды.

Гимназиямыздағы психологиялық жұмыс жоспарлы түрде және де кәсіби деңгейде жолға қойылған. Оның дәлелі ретінде психолог ұстаздардың бірі қалмай осындай коучингтнрге қатысуынан көруге болады. Білім сапасының көрсеткішін диагностикалау мен мониторинг жасауда осы мамандардың көмегіне барлық мұғалімдердің жүгінетіні сөзсіз. Бүгін де олар өте жоғары белсенділік көрсетті. Және уақытты үнемді пайдаланатындарын бәріне үлгі етіп көрсете алды.

Жас мамандарға коучингтің тақырыбын анықтауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне өз кандидатураларын ұсынып, сайлау алды бағдарламасымен таныс тырған тапсырманың ұнағаны белгілі болды. Бұндай рольдік ойындарды сабақтарына қолдану керек екен,- деген ой түйді.

Гимназия әкімшілігі мен психолог мамандар келген жас мамандарға қолдау көрсету дәрежесін кәсіби деңгейге көтеруге үлкен мән береді.Жас мамандар мектебі мен тәлімгерлер бірлесе қызмет етеді. Оларға арнап коучингтер мен семинарлар, тәлімгерлік сессиялары ұйымдастырылады. Өткен оқу жылында жас тәлім алушылардың тізбектелген сабақтар топтамасының ашық сабақтар акциясы өтті.Олардың арасынан үздіктері облыстық семинарда сабақ көрсетті. Коучингтің тағы бір ерекшелігі деңгейлік бағдарламаның I (ілгері) деңгейлік курсында жүрген жас маман Жүнісова Әселдің қатысуында болды. Себебі Әсел бірінші бетпе бет кезеңін бітіріп практикада өзгеру кезеңінде тәжірибе жинап жүр. Осы өзімнің коучингім арқылы Әселдің практикада  өзгеру үдерісінде қандай да болса үлес қосқаныма қуаныштымын. Коучингті Әсел бейнетаспаға түсіріп алды. Біткен соң екеуміз отырып талдау жасадық. Фотосуреттерді де сараладық. Алдағы болатын коучингтің СТО стратегияларына арналатынын ұстаздардың жазған шығу билетін оқығанда аңғардық. Тездетіп келесі коучингтің тақырыбын анықтап, дайындыққа кірісіп кеттік. Гимназиямызда деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен ұстаздардан құрылған шығармашылық топтың және бөлінген көшбасшылықтың дұрыс жолға қойылуының нәтижесінде әдістемелік семинарлар мен коучингтер жиі өткізіледі. Бөлінген көшбасшылық білім беретін мектептердегі қалыпты жағдайға айналып келеді. Ал оқудағы көшбасшылық оқушылардың жан- жақты дамуына әсерін тигізеді. Оқу, тәрбие ісіне арналған іс-шаралардың басы-қасында оқушылардың өз ішінен шыққан лидерлер қатысып, жоспар, сценарий жазу, жүргізу сияқты істерді өздігінен атқара алады. Сынып жетекшілері оқушылардың өзін-өзі басқаруына көп көңіл аударады. Осы ретте әріптестер тобымен бірлесіп жұмыс жасау үдерісі оқыту мен оқу саласындағы көптеген шешімін таппай жүрген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Өткен оқу жылында мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығы аясында жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімділігі жайлы коучингтер, шеберлік сыныптары, семинарлар  өткізілді. Әріптестерге өз деңгейінде сұраныстарына сәйкес көмек беріліп отырды.

Ата-аналармен  жеке сыныптарда да, жалпы жиналыстарда да жаңа тәсілдерді пайдаланып, мәселені шешу жолын қарастыратын стратегияларды пайдаланып өткізген коучингтер өз жемісін берді. Ата-аналарға баланың мінез-құлқын басқару стратегиялары жайлы психолог мамандардың дайындаған слайдты көрсетілімдері ұнады. Желілік қауымдастыққа келетін болсақ, бұл игілікті іс өзімізге де ұнады. Жауапкершілікті арттырып, көбірек ізденіп, бой түзеп,өзіңе сырт көзбен қарауға мол мүмкіндік береді екен. Бірнеше мектептерде өздерінің сұранысы бойынша сабақтар, коучингтер, шеберлік сыныптары көрсетілді. Қорыта айтатын болсам, осы жұмыстар ұнайды, дегенмен көп уақытты талап етеді, пәнің бар, сыныбың бар, ғылыми жұмысың бар, ата-аналарың бар, қоғамдық жүктемең тағы бар, үй-жайың бар дегендей, бәріне үлгеруің керек, үлгереміз де.