Мемлекеттік тіл –ұлттың келешегі

« Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу -әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Алдымызды атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз –берекелі бірлігіміз. Нұрсұлтан Назарбаев. »

Кез- келген қоғам жайбырақаттылық пен ескі болжамдармен өмір сүре бергенді көтермейтіндігі тарихтан белгілі. Жоғарыдан айтылатын реформаларды халықтың қабылдауы оңай емес.
Колледж білімалушысы «ағылшын тілінің» қажеттілігі туралы айтқан сөзімді дұрыс ой елегінен қабылдамаған соң ,осы жағдайларға алаңдап ойланып қалдым.
Біз өскен 80 –жылдары мұғалім беделі жоғары болатын, 30 жыл еңбек өтілі бар ,жоғары санатты оқытушы үшін қарапайым халықтың сөзі де ойланарлықтай терең мағыналы да болады екен кейде. Такси жүргізушісі былай деді: «Қазіргі уақытта мұғалімді оқушы силамайды. Оқушы өзін жоғары ұстайды!»
Қарапайым жүргізуші ары қарай өз ойын былай жалғастырды: «Біз бұрын мұғалімді көрсек қаша жөнелетінбіз. Әкемізді көргендей қорқушы едік» деді ол. Қарапайым кісі бар шындықты айтып отыр. Келіспеске амал жоқ.
«Қоғам не болып барады?» деп еріксіз ойға қаласың!
Еліміздегі сан ұлттар мемлекеттік тілге деген құрметі өте мардымсыз.
Себебі, орыс тілінде жақсы білетіндер қазақ тіліне онша бас ауыртқысы да келмейді. Тек өз ара емес кейде қазақ аудиторияларында да орыс тілінде ғана сөйлегенді дұрыс көреді, ал ағылшын тіліне келсек тек қана қымбат курстарда ғана тілді өз келешектері үшін үйреніп жатқандар бар.
Сондайда, « мемлекеттік тілдің ертеңі не болар екен» деген ойға қаламын.
Мемлекеттік тіл,ресми тіл, ағылшын тілі — балалар бәрін де үйренсе әрине ,құба- құп.
Мемлекеттік тіл –қазақ тіліне деген құрмет ерекше болса екен деп армандаймын.
Қазір, әдебиет сабақтарын өткізетін оқытушылар балалардың қызығушылығын ояту үшін елгезек, тіл жанашыры, талантты болса ғой деп армандайсың.
Міне, оқу жылы аяқталып келеді. Біздің көңілімізде күдік көп. Қоғам өзінің күйбең тірлігімен жүргенде ата бабалар тілі –қазақ тіліне деген құрметін , парызын ұмытпаса екен деп ойлаймын.
Қазір ақын мен жазушы көп,оларды құрметтеп еске алып та жатамыз.Ол дұрыс –ақ,бірақ елдің бәрі жаңағы ақынның бір өлеңін жатқа оқып жатса қандай отаншылдық оянар еді.
Бізде Нарша Қашағанұлы атты ақын болды,ол кісінің өлеңдерін көп адамдар біле бермейді.
Міне, нағыз ақын еді, отаншыл азамат еді.
Мансапқорлар мен парақорларға жаны қас еді.
Ақындар құрметке зәру, мен өзім де «Қаратау –қасиетті мекенім » атты жыр жинағын шығардым. Аудандық газетке «осы кісі кітап шығарды »деп жазыңыздаршы деп өтініш еткеніме 3 ай болды, ешкім селт етпеді. Мемлекеттік тіл бөлімдері пысықайларды құрметтеп жатады, ал ерен еңбегіңді ешкім көзіне де ілмейді.
Сондайда ,жүрегіңді өкініш кернейді екен.Мысалы, телеарналар әкімдік лездемелерін көрсетіп жатады,сол жердегілер «мемлекеттік мүддені ойлай ма ,жоқ әлде өз мүддесін ойлай ма » деген ащы ойлар келеді.
Адам ойындағысы орындалмаса өкпешіл болады екен ғой, мен де кейде ақын ретінде өзімнің сөздерімді ащы айтып қаламын.
Ал,бірақ елімнің барлық жеткен жетістіктеріне қуанамын.
КазМУ-де оқып, сол мамандықта 30 жыл тер төккеніме қуанамын. Алдымдағы шәкірттерім еңбегімді ұмытпай алғыстарын жаудырып жатады,мені сол шәкірттерімнің жылы сөздері қуантады.
Мені осы «Еңбекші « бұрын «Кәсіподақ жаршысы » газетінде шыққан көптеген мақалаларым қуантады. Сол мақалалар арқылы облыс азаматтарына да ой салып жатсам- ол үшін газетке мың алғыс!!

Тілді құрметтеуге тәрбиелеу үшін не жұмыс атқарса дұрыс болар еді?
Әрине , қазақ тілі адамдар үшін барған сайын қажеттілік және күнделікті қарым –қатынас құралына айналып отырғаны қуантады.
Адамзатқа біткен ең зор артықшылық біздің тіліміз екені барша жұртқа аян.
Әлемнің озық ойлы адамдары мұны білді, әдебиетшілерді ерекше құрметтеп келеді.
Тіл –ең біріншіден қару, қарым-қатынас құралы, тіл адамның мерейін көтереді, білімді адамның сөзі мен айтқан уәждері бірден ойға және іске шақырады. Тіл үшін майдан – ол біздің ең ұзақ та қажырлы майданымыз болса керек .
Жұмысты қайтсек жүргізе аламыз:
Табысты жүргізу үшін, кез келген жақсы бастама қолдау тауып ,тарап жатса артық болмас еді.
Мемлекеттік тілдің қазақ тілі екендігі баршамызға аян. Тіл -қарым-қатынас құралы, адамның ,азаматтың , жалпы қоғамның дұрыс түсінісуінде тілдің атқарып отырған қызметі орасан зор. Үлкен аудиторияларда айтылатын ой әрі анық, әрі қысқа, әрі тыңдаушыны жалықтырмайтындай қызғылықты болуы тиіс деп ойлаймын.
Елбасы өз Жолдауында айтып келе жатқан ең басты мәселе Мемлекеттік тілімізді меңгеру — әлі де болса күн тәртібінен түспей келеді.
Қазақ тілі –ең көне, ең бай тіл болып табылады. Кез-келген оқытушы өз ана тілімен қатар орыс тілін,ағылшын тілін де меңгеруі тиіс. Тіліміздің қаймағын, нәрін қайтару, ырысын көбейту және барлық қоғам мүшелерінің сана-сезімдерін шаршамастан,тоқталып қалмай, рухани дүниелерін байыту қажет деп ойлаймын. Тәрбие тіл, әдебиет, мәдениет және құзырлы жандардың өз халқына асқан жауапкершілікпен қарауынан басталады. Қоғамда тіл- қатынас құралы десек, аударма осы қатынасты барынша жеңілдетеді, оңайлатады, бір-бірімен байланыстыра және байыта түсері анық. Бірнеше тілді қатар меңгерген жан қандай істе болса да, өз қатарластарынан оқ бойы озық болары сөзсіз.Сонымен қатар ,елімізге білімді азаматтар бірінші кезекте өз ұлтының тіліне мән бе деймін.
Аударма- мәдениеттерді тоғыстырудың да ешбір бұлтартпас құралы болып табылады. Біз үшін осы бір маңызды тұжырымдаманы қоғамымыздың кез келген мүшесі мойындап, іске асыра бастаса нұр үстіне нұр болар еді. Тәуелсіздігімізді алған 25 жылдың арқасында біздің аударма мен тілдік аямыз өте кеңейіп, қанатымыз жайыла түскені үлкен бақыт емес пе?
Қазіргі ХХІ ғасыр беріп отырған мүмкіндіктер
қоғам адамдардың бір-бірімен тоқтаусыз араласа беруіне және мәдениеттердің алмаса беруіне барынша қозғау салады. Қоғам жеке адамдардың және әр түрлі әлеуметтік топтардың жаңа секірістер жасауына да жағдай жасайды.
Көршілеріміздің озық техникасы мен тауарын сатып алып,оларды өзімізде пайдалана отыра,солармен жұмыс істей білуіміз қажет,яғни сол техниканы алудың өзі біздің техникалық сауаттылығымызды көтеріп, мәдениетілігіміздің едәуір арта түсуіне әкелер факті болып табылады.
Мәдениет дегеніміз тілдерді пайдалана білуден де анық көрінеді.
Біздің елімізде аударма,тілдерді білуге деген көзқарас өте дұрыс жолға қойылған . ХХІ ғасыр – жаңа құндылықтарды , жаңа ұстанымдар мен әлемді серпілтер құндылықтарды қажет етіп отыр.
Қазіргі уақытта адамның жан дүниесін байыту үшін қолдан келгеннің бәрін де жасау қажет болып тұр, ол үшін ауылдан бастау бастау қажет деп ойлаймын. Тарихтан Англияның тәжірибесін алсақ та жеткілікті, ол уақытта Англияда биязы жүнді қой өсіру үшін шаруаларды туған деревняларынан қуып ,олар қаңғыбастарға айналды.Сонан кейін, үлкен қалаларға кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Англия әлемдегі ең өркениетті елге айналды.
Қазір бізде осы жағдай кең етек жайды. Ауылда ешкім қалғысы жоқ. Тіпті шағын қаладан үлкен қалаға кеткісі келетін жастар мен орта жастағылар, тіпті қарт кісілір үлкен қалада тұратын балаларына барып ,тұрғысы келіп жатыр. Демек,бұған қуану қажет.
Ауылдықтар қалаларға ауысқан сайын бүкіл Қазақстан қазақыланып ,қазақ тілі аясы кеңейіп барады.
Қазақ тілінде сөйлесе білу де өнер екеніне қала жастары да көздері жетіп келеді.
Тіл қарым -қатынас құралы ретінде өз маңызын ешқашан жоймайды, ендеше мемлекеттік тілімізді маңызды күн тәртібінен түспейтін ең маңызды мәртебелі міндет ретінде құрметтей білейік дегім келеді .

Алима Джумабаева
Қаратау технология,
білім және бизнес колледжінің тарих пәні оқытушысы
Қаратау қаласы