«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

ЖОБА ЖҰМЫСЫ
«ҚҰСТАРҒА ЖЕМ ШАШАМЫЗ»

Орындаған: Женисова Ж.К.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Семей қаласы

«Құстарға жем шашамыз» атты жобаға талдау жасау.
Мәселе: қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
Мақсаты: Балабақша ауласындағы құстарға, аязды күндері аман қалуына көмек көрсету. Балалар мен ата-аналадың осы мәселеге байланысты шешімдерін қабылдау.
Міндеттері:
• Балалардың табиғатқа деген қамқорлығын қалыптастыру.
• Құстарға бақылау жасай білу көзқарасын қалыптастыру.
• Қыстап қалған құстарға қиын кездерде көмектесу.
• Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

ЖОБА
Тақырыбы: «Құстарға жем шашамыз»
Жобаның кезеңі:
1. Жобаның дайындалуы
• Әдебиеттерді таңдап алу, жобаға байланысты құрал-жабдықтар.
• Ата-аналар алдындағы міндеттер: жем салғыш жасау, құстарға әр-түрлі қоректер жинау.
2. Жобаның бастамасы
• Тәрбиеші мен балалардың жобаны бірігіп дайындауы.
• Сабақтың өтілуі, көрнектіліктерді қарастыру, әңгіме құрастыру.
3. Жобаның қорытындысы:
4. Ұяның жасалу презентациясы
5. Ұяларды бала-бақша ауласына орналастыру.
Негізгі кезең:
Құрметті балалар!
Қыс айы құстарға өте ауыр. Олар бізден көмек күтеді. Далада күн суық. Жолдардың барлығын аппақ қар басқан. Арықтағы судың беттерін мұз басқан. Түнгі уақыттарда күн өте суық болады. Қыста қыстап қалатын құстарға біздің өңірде өте қиын. Өйткені аяз өте қатты болады. Көптеген құстар өліп қалады. Қыстыгүні торғайлар үйдің төбесіне, шатырдың астынан жылы ұя жасап алады. Олар өздері аш болса да, бір бірімен тапқан тамақтарын бөлісіп жейді. Қараторғайлар әр-түрлі жерде мекендейді. Олар ұяларын ағаштың қуыстарына, үңгірлерге салады. Қысты күндері жер үйлерге ұяларын жақын салуға тырысады. Кей кездері почто жәшігіне де ұя салады. Құстарға қыстың күні тек адамдар ғана көмектесе алады. Қараторғайлар -10 градустық суықтарда өз салмақтарын 10% жоғалтады. Ал, аш құстар тез үсіп қалады. Қатты аяздарда он қараторғайдығ біреуі ғана тірі қалуы мүмкін. Ал, қарны тоқ құстарға аяз да қорқыныш емес. Сондықтан құстарда адамдар. Қара нан беруге болмайды. Құстарға бұл кез өте қиын, өйткені азық табу қиынға соғады. Сондықтан біз балалармен келісіп құстарға көмек ретінде ұя жасадық. Ұяны балалар бәріміз бірігіп бала-бақша ауласына орналастырдық, оның іштеріне балалар құстарға арнап жем шашты. Бақылап көріп едік ұядағы жемге құстар тиіскен жоқ. Құстар ұшып келмеді. Біраз күннен кейін біз олардың жемді бақылап, қарап жүргендерін байқап қалдық. Олар ұяда жем бар екенін көріп бір-біріне өз тілдерінде хабар берді. Ұяда құстар көбейіп кетті. Енді біз күнднлікті ұяда жем болғанын қадағалап отырамыз. Құстар өз тілдерінде ән салады. Олардың қуанып жүргендері байқалады. Осындай тамақты ұйымдастырғанымызға қуанатын сияқты. Енді құстар аш боламыз деп қорықпайды, қыстың келгенін асықпай күтеді. Өз міндетімізді естен шығармауымыз керек: құстардың сенімінен шықпауымыз керек, құстарды тамақтандыруды қолға алған екенбіз енді қыс біткенше күнделікті тамақ салып отыруымыз керек.
Құстар ұшып келіңдер, біз барлық жағдайды жасаймыз!