смичсмчсмчявсмявсмыявсмвячс  Спорт  ойындарындағы  арнайы  жаттығулардың   маңызын  арттыру.

Дене  тәрбиесі   оқушының  денсаулығын  қалыптастырумен  қоса  отаншылдық  және  рухани тәрбиенің  көзі   болып  табылады.Дене  тәрбиесі  пәні  басқа  пәндермен  салыстырғанда мазмұны  жағынан  да  өзіндік  ерекшеліктері  бар.Сондықтан  бұл  пәннің  міндеті  мен  мақсаты   мынандай  талаптарды  алға  қояды.

Дене  жағынан  жан  жақты  даму,еңбекке  дегенқабілеттілігін  арттыру  және  денсаулығын  нығайту;

Президенттік тест  жаттығуларының  нормативтерін  орындауға  дайындау;

Оқушылардың  мамандығына  қарай қалыптасуына  арналған  жаттығуларды  орындауға  бейімдеу.Дене  тәрбиесінің  жаттығулары  дене  тәрбиесінің  алдына  қойған  мақсаттарын  іске  асыру  үшін  оны  қалыптастыру  мен ұйымдастыруды  шешетін  тәрбиенің  түрі.Сонымен  қатар ол  науқастарды  емдеуге және  түрлі  аурулардың  алдын  алуға  пайдаланылады.Әрбір  жаттығудың  өзінің  мазмұны  мен  орындалу өзгешеліктеріне  сәйкес оның  денеге,жүйкеге  тигізетін  әсерлері  де  әр  түрлі болады.Ол  өзінің тәнге  тыныс  алу,қан  айналысы,зат  алмасу ,жүйкенің  қозуы,тежелуі  сияқты  әсер  етуімен  белгілі.Дене  тәрбиесі  жаттығуларының орындалу  әдісі  деген  атау да  осыдан  барып шығады.Осы әдістерді  дұрыс орындау жаттығуларды  адамға  пайдалы  етеді.Жеке  бастың   және  қоғамдық  гигиенаның талаптарын  сақтау,режиммен  жұмыс істеу,дұрыс  тамақтану  мен ұйықтау,адамдардың  көңілін  көтеру  оларды еңбекке  қабілетті  дене  тәрбиесімен   айналысуды  пайдалы  етеді.Күнделікті  тұрмыста жан  жақты  шынығу,күнге  қыздырыну,суға  шомылу,туристік  жорықтарға  шығу,салауатты  өмір  салтын  ұстау.Дене  тәрбиесі  жаттығуларымен айналысқан  кезде оның  әсерлілігін  арттыру  үшін барлық  санитарлық  гигеналық  шараларды  сақтау, жүктемелерді  есептеу,жаттығулардың  мақсатын  анықтап,оны  ғылыми  негіздемелерге сай жүргізу  мен тәсілдерін  таңдаудың  маңызы  зор. Мұнда  дене  тәрбиесі  жаттығуларымен  айналысушының жасы,жынысы,денсаулығы,жан  жақты  дайындығы  еңбек  ету,оқу  ерекшеліктері,мінезі, барлығы  да  және  үнемі  дәрігердің  бақылуында  болуы  есепке  алынады.Дене  тәрбиесінің  сапасы жаттығулардың  нәтижесінде  қимыл  қозғалыстың  нәтижесін  көрсететін  өлшем.Бұл  өлшемдер  күш,  шапшаңдық,ептілік,  икемділік  арқылы  көрінеді.жақсы  спортшы  атанып,жоғары  көрсеткіштерге  жету  үшін адамның   бойында  осы  қасиеттер біркелкі  дамуға  тиіс.Жаттықтыру  мен жаттығу бір  бірімен байланысты болғанымен әр  түрлі  ұғым.Жаттықтыру  кешенді  бағытта,жаттығу  өте  әсерлі болуға  көмектеседі.Арнайы  жаттықтыру  бұл спорттық нәтижелерді шығарудың  ерекше  түрі.Ол  ағзаның үні  мен мінезінің  шыдамдылығын  алып  шығады.Арнайы  жаттығудың  мәні жан  жақты  жүйенің қаталдығы  мен жұмыстың  тұрақтылығында.Мысалы  жүгіруде  жаттығу  әр  жыл  сайын қиындай  түседі.Оның  себебі  жаңа  әдістер ғана  емес, жаттығу  уақытында  туындайтын мәселелермен  қатар тапсырмалардың бірнеше  мәрте  қайталанып берілуі.Күшті  қалпына  келтіру  мен күш  жинауға біршама  уақыт  кетеді.Ол  үшін  жаттығу залынан  көп  уақыт шықпаумен  жеке  бас  жұмысына уақыт  тығыз  болады. «Өте көп»жаттығу жасау ,күш жұмсаудың әсерін жаттықтырушы шегімен  білсе  нәтиже  шығады.Ойланбай  ережесіз жаттығу  жасап  жүгіру  текке күшті  сыраптау  болып  табылады,одан ешқандай жетістікке  жете  алмайды.Спорттық жұмыс қабілеттілігінің ,жаттығу әдістері мен тәртібін сақтамау,нәтижесінде спортшы денесінің және нерв психикалық жағдайдың нашарлауымен сиптталатын жағдай.Әдетте спортшының жеткілікті жаттыққандығы немесе спорттық қалыпқа келуінде дамиды.Бұл аз жаттыққан  адамдарда жиі кездеседі,артық қан айналысына әкеледі.

Жалпы жеңіл атлетикалық жүгіріс жаттығулары адамның дене күшін жақсы дамытатын мейілінше қарапайым жаттығулар.Денсаулықты нығайтуға көмектеседі.Шалттық пен төзімділікті дамытады.Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшінарнайы жаттығулардың маңызы зор.Ең маңыздысы  дұрыс белгілеген күн тәртібі,және оны дәл орындау.Арнайы спорттық жаттығулардан кейін булы моншаны пайдалану керек.Мүмкіндігінше бу ылғалды болмағаны дұрыс.Булы моншаны жаттығулар өтетін күндердің арасында немесе жаттығудан кейін бір,екі сағат өткесін қабылдауға болады.Жаттығу кезінен сылап сипаудың  тек жүйелі жүргізілуінің маңызы бар.Жаттығудан кейін көп ұзатпай  массаж  алу керек.Арнайы  жаттығулардапедагогикалық бақылау жасаужәне  есеп жүргізуді жаттықтырушы орындайды.Ол жаттығу барысында спортшының нені орындағанын ,жаттығу мен жарыста олар көрсеткен  барлық  нәтижелерді (оның  ішінде  ең қарапайым жаттығуларды  да)спортшы жағдайындағы өзгерістер мен машықтанудың  тиімділігіне және  жарыстардағы  табыстарға әсер ететін қоршаған  сыртқы ортаның себептерін үнемі тіркеп отырудан тұрады. Сөйтіп  спортшы  денсаулығының жақсаруы мен жаттыққандық деңгейінің жоғары өсуі ,яғни олардың жоғары спорттық жетістіктерге жетуі қаматамасыз етіледі.Қазіргі  уақытта спорттық жаттығудың теориясы мен  әдістемесінде үлгілік құрылымдардың екі тобына басымдық берілуде.Біріншісіне жарыстық қызметтің ,арнайы дайындықтың ,ағзаның морфологиялық ерекшеліктерін және жекелеген функционалдық жүйе  мен олардың  компоненттерінің мүмкіндіктерін бейнелейтін үлгілер  кіреді.Екіншісіне   жаттығу  процесінің ірі  құрылымдық бірліктерінің  үлгілері   көп  жылдық дайындық,дайындықтың  кезеңдері мен  макроциклдердің сатыларының, жекелеген  машықтану жаттығуларының және  олардың кешендерінің үлгісі  енеді.Спортшының  моделдік сипаттамасын пайдалану негізінде жаттығу  процесін басқару функционалдық сынамалар мен  арнайы дене дайындығының мәліметтерін,жарыстық қызметтің сипаттамасын  міндетті  түрде есепке  алғанда  тиімді болады.Мысалы спорттық  циклді түрлерінде жарыстық қызметтің негізгі  компоненттері сөреден  шығу,қашықтықтағы шапшаңдық  мәреге  жету  болып  табылады.Спортшының  арнайы дене  дайындығын  сипаттайтын  және қашықтық бойындағы шапшаңдықты  анықтайтын интегралдық қасиеттер арнайы  шыдамдылық пен  шапшаңдық,күштілік  қабілеттері  болып  табылады.

Арнайы  жаттығулар  арқылы жаттығушының  бойына ізгі  қасиеттерді қалыптастырады.Денесін шынықтырып,бойына қуат,жігеріне қайрат күш жинайды,әлем әдемілігін,қимыл құдіретін  сезінеді.Спорттық  жаттығулар арқылы  тек денесін шынықтырып,жетілдіріп қана  қоймайтұлғасына рухани байлық жинайды.Спорттық  ойындардың  түрлері өте  көп.Олармен  айналысқан  кезде  жаттығудың  өзіндік ерекшеліктері болады.Мысалы күрес спортына  жаттықтыруда  жаттықтырушы «үстірттіктен»қаша  отырып,жаттықтыру  мен  тәрбиелеудің барлық педагогикалық үрдісін қалыптастыруға және шұғылданушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге ,оларды бірінші  кезекте күреспен шұғылданудың   тәрбиелік қоғамдықмаңызы алға шығатындай ұйымшыл ұжым құратындай және адамгершілікке тәрбиелейтіндей   етіп ұйымдастыруға міндетті.Арнайы  жаттығулар  арқылы тәрбиелеу тек спортқа қызықтыруға ғана арналып қоймай,сонымен қатар ерік жігер  қасиеттерін де дамытуға бағытталады.Қыз  балаларды күрес  спортына жаттықтыру қиындығы мен қызығы мол жауапты жұмыс.Жаттықтыру үрдісі ең  басынан  дұрыс ұйымдастырылса  соғұрлым нәтижелі,сапалы болады.Жаттығудың өзі үлкен жұмыс,оған ықыласпен қарау  керек.Жаттығу  үрдісінде жаттықтырушының айтқан  сөзі,шұғылданушыларға үн  қатуы зор тәрбиелік рөл атқарады.Сондай  ақ көрсеткен дене жаттығуларының үлгілері.техникалық тәсілдері өте  сәтті орындалуы тиіс.Арнайы  жаттығуларға үйрету дегеніміз жаттықтырушы әр түрлі  әдістер  мен үйрету тәсілдерін пайдалана отырып,шұғылданушыларға  дене тәрбиесі мен спорт саласындағы білімдерді хабарлау және оларға бұрыннан  ойластырылған қоғамдық маңызы  бар білімдер  мен дағдыларды сіңіру. Жаттығулардың маңызын  арттыру жаттығушылардың жеке  басы мен беретін тәрбиесі бір  бірімен өзара үйлесіп  жататын күрделі  үрдіс.Осы жаттығу  үрдісі  спортпен  шұғылданудың  техникалық  жағымен тығыз  байланысты  болу  керек.Спортшыларды дене жаттығуларына үйрете отырып ,жаттықтырушы олардың дене тәрбиесі жөніндегі білімдерін арттырады.Спорт  ойындарында  арнайы  жаттығулармен  шұғылдану  кезінде  спортшыныңденсаулығын  сақтау  мен қауіпсіздігін қаматамасыз  етушараларын  ұмытпаған  абзал.Жарыс  барысында жарысқа  қатысушылар спортшылар ережелермен  танысады.Төрешілер алқасы қатысушылардың  қауіпсіздікке  көзқарасын ,жарыс  өтетін орынды ,көпшілік пайдаланатынқұралдар мен  жабдықтарды,жаттығушылардыңқорғаныс  аспаптпрын тексеруге міндетті.Спорттың жекелеген  түрлерінде қамсыздандырудың  ерекшеліктері  бар.Спорт ойындарындағы арнайы  жаттығулар белгілі  бір мақсаттарға  жетуге,қозғалыс міндеттерін шешуге, бағыталған үздіксіз бір бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы.Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша  жоғары спорттық  нәтижелерге  жетуге бағытталған.Спорттық жаттығулардың  басым  көпшілігі оның  ауқымына  байланысты.Арнайы  жаттығулардың  көпшілігі динамикалық (жүру,жүгіру,жүзу)болады.Күштің ,қуаттылықтың  және  олармен  байланысты жұмыс  жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру  дене жаттығулары күшті,шапшаңдық  күштілік және  шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді.Спорт ойындарындағы арнайы жаттығуларға  спорттық  машықтану (ағыл- training)  жоғары нәтижеге жету  мақсатында спорттық жаттығуларды  қайталап орындау  мазмұны біртіндеп кеңейе түсті  және  ХХ ғасырдың  30-жылдарынан бері  қарай спорттық тәсілге ,амалға үйретуді оларды  жетілдіруді дене қасиеттерін дамыту ерікті  тәрбиелеуді біріктіретін жоспарланған поцесс ретінде түсіндіріліп келеді.Бұл  ретте табыстарға жетуге  ғана  бағытталған.Жүйесі педагогикалық процесс есебінде  дене дайындығының(жалпы,арнайы)әдістік  және  тәсілдік шеберлікті  меңгерудің ,моральдік және ерік  қасиеттерін тәрбиелеудің  біліміналудың  органикалық үйлесімділігіне  құрылады.Спорттық машықтанудың барысында осы негізгі  компоненттер бірінен  соң бірі ,бірыңғай  өзара  байланысқан процесс  есебінде бір  мезгілде  іске  асырылады.Бұл  ретте шұғылданушылардың жасына,жынысына,жекелеген спорт түрлерінің арнайы ерекшеліктеріне,дене  және  спорттық дайындықтың  деңгейіне  және  жаттығу кезеңдеріне байланысты қойылған міндеттерді  шешу  үшін құралдар мен жаттығулар іріктеп алудың арақатынасының өзгеруі мүмкін.Осы  негізгі  қағидаларға  сүйене отырып  спорттық арнайы  жаттығулардың маңызын  арттыру  бапкердің педагогикалық шеберлігінің  негізін құрайды.Спорт  ойындарындағы  арнайы  дайындыққа   дене  және  ерік  қасиеттерін,шеберлікті  дамытып,жетілдіру жатады.Спорттық  машықтанудың  басты құралы  есебінде   қарастырылатын дене жаттығуларын тұрақтыорындаудың арқасында  жаттығулар  қалыпты  жүріп жатады.Таңдап  алған спорт  түрінде қолдануға келетін дене  қасиеттерін дамыту  үшін,сондай  ақ әдістер  мен  тәсілді жақсы  меңгеру  мақсатындағы арнайы  жаттығулар жетекші спортшылардың жаттығу  тәжірибесінде кеңірек  қолданыла  отырып,елеулі орынға  ие  болуда.Осымен  бірге әдістерді қайталауда да дене қасиеттерінің дамуына себепші  болады.Арнайы  жаттығулардың маңызын  арттыра  отырып жас  спортшылармен жүргізілетін  жұмыстың келешегін жоспарлау өте  маңызды,өйткені ол өсіп  келе жатқан жас  ұрпақтың дамуы  мен өсу  заңдылықтарын есептей  отырып,жаттығу  барысын  соларға  ыңғайлап  құруға  мүмкіндік  береді. Дене жаттығуларын көрсетуге қойылатын кейбір  әдістемелік талаптарды  орындау  арқылы  арнайы  жаттығулардың  маңызын  арттыруға болады.1.Көрсету әрқашанда  сөзді пайдаланумен  байланысты болу  керек.Бұның  өзі түсініксізқайталаудан  қашуға және үйренетін қимылды ізденіспен орындауға қабілеттіліктіарттыруға  көмектеседі.  2 Көрсету мен  сөз  мазмұнының қатынасы  жаттығудың қолдану жиілігі  мен уақытқа  бөлу  секілді педагогикалық  міндеттермен және үйретудің нақты  қалыптасқанжағдайымен   анықталады.3 Көрсетудің мазмұны үйрету  міндеттеріне сай сәйкес  келуге  тиіс.а)қимыл қозғалысты қалай меңгерукеректігін көрсету  қажет  болса ,онда көрсету  кезінде шеберліктің  жоғары  деңгейін көрсететін,орындаудың дербестехникасы  көрініс  табуы керек.

Б)Егер оқушылар  назарын  жеке  қозғалыстар  мен денеге  күш  түсіру керектігіне  аудару  қажет  болса, онда көрсету кезінде тек осы кезеңдерге барынша назар аударылады.

4.Дәл көрсету көбінесе жалпы  дамытатын қарапайым,дене  жаттығуларын қолданған  жағдайда ғана тиімді.Күрделі қимылды  көрсеткенде  дәл  көрсету,әдетте  табиғилықтың ,орындау  жеңілдігінің бұзылуына әкеп  соғады.5.Көрнекі  құралдарды көрсетуде ,заттың  көрсетілуімен оқушының  қозғалыс қимылын  қабылдау  үшін  қосымша  мүмкіндіктер жасалады.Ол  қозғалыс  кезеңінің  реттілігі  мен қосалқы  жағдайда оқушылар  зейінін  топтастыруда артықшылыққа  ие.Көрсету  үйретудің көмек қажетті дидактикалық  маңызғаие.Спорт  ойындарындағы  арнайы  жаттығулардың  маңызын  арттыру  мақсатында  қажетті біліктілік  пен  дағдыларды  меңгеру  әрбір  жас  жеткіншектің  міндеті.Себебі  кез  келген  елдің  болашағы  оның  халқының,соның  ішінде,жастардың  денсаулығы мен күш  қуатына  байланысты.Олай  болса,қазіргі  мектеп  оқушыларының денсаулығы елдің  де,қоғамның  да  байлығы  деген  сөз.Сондықтан  да  ел  Президентінің Қазақстан  халқына  арналған «Қазақстан -2030» Жолдауында  да  осы  міндеттерді  шешуге  арнайы  назар  аударылып,келешекте  Азия  Барысына  айналатын  еліміздің  іргесін  нығайтатын  қазіргі  жас  ұрпаққа  зор  сенім  білдірген.

Дененің қалыпты  дамып, жетілуіне  арналған  даярлық  жаттығуларын  пайдаланғанда, төмендегі  жүйені  сақтаған  жөн:—Арқа  бұлшық  еттерін  динамикалық  жұмысқа қосатын  керіліп, созылу  түріндегі  жаттығулар.  Қол  мен  иыққа  арналған,асылып  тұруға  негізделген  жаттығулар  кеудені  аяққа  жақындастыратын, алға  қарай  еңкейетін  жаттығулар.  Аяққа  арналған  жаттығулар.Бүйірге қарай  қисаю  арқылы  немесе айналу  және  бұрылу  түріндегі  кеудеге  арналған жаттығулар.Қол,  аяқ  және  дене  арқылы  жасалатын  қимылдардың  үйлесімділігіне арналған  жаттығулар.Тапсырма  түріндегі  жаттығулар.Денеге  жалпы  әсер  ететін жаттығулар(жүгіру,бір  орында  тұрып  қарғу,тез  жүрелеп отыру және т б ) Көп  күш  жұмсалып,жүрек  қан  тамырлары  жүйесінің күшті қызмет  істеуіне мәжбүр  ететін жаттығулардан кейін  дәлдікке  немесе  қимылдардың  үйлесімділігіне арналған жаттығуларды  орындауға болмайды.Мұндайда  денені  босаңсытатындай,организмді  қалпына  келтіретіндей жаттығуларды  орындау  қолайлы  болмақ.Арнайы  жаттығулардың  дененің  қай  мүшесіне  қалай  әсер  ететінін  түсініп,қандай  да  бір  жаттығуды  орындағанда  да,оның  мүсінге  ықпал  жасайтынын  есте  ұстау  керек.Денежаттығуларымен  айналысқан  кезде денеге  түсетін жалпы  физиологиялық ауырлықты мөлшерлеу  үшін  мыналарды  есте  ұстаған  жөн:

1.Берілген  жаттығулардың  қайталау  сандарын  көбейту  немесе  азайту;

  1. Жаттығулардың орындау уақытын  немесе  ұзақтығын  көбейту  немесе  азайту.
  2. Жаттығуларды орындаған кезде ,мысалы, алға және  артқа  қарай  еңкейген  кезде  қолды  бүйірге  таяну,бастан  жоғары  көтеріп  ұстау.

4.Жаттығулардың  формасын(бағытын,жаттығудың аралығын,бір  мезгілде  жасалуын,  бірті  бірте  орындалуын(немесе  сипатын(жүйкеге, бұлшық  еттерге күш  түсуін,шапшаңдығын,қарқынын,ырғағын)өзгерту.Сонымен  бірге  арнайы  жаттығуларды орндаған  кезде мынандай  тәсілдерді пайдалану  қажет  болады:

а)Денеге бірден  шұғыл  ауырлық түсіруден  сақтану  үшін бастапқыда бір  екі  көмекші  жаттығу  жасаған жөн.ә)Ауыр  жаттығулардан және  бұлшық еттерге ауыр  күш  түсіретін жаттығудан  кейін денені  бос  ұстауға  арналған   жаттығулар  орындау  керек. аб)Жеке  бұлшық ет топтарына түсетін  ауырлықты кезектестіріп отырған  жөн.(мысалы ,қолға  арналған  жаттығулардан  кейін кеуденің  бұлшық  еттеріне  немесе  аяққа  арналған  жаттығуларды  орындау  қажет  болады.)

в)Ең  маңызды  жаттығуларды  тың  кезде,сабақтың  бірінші  жартысында  орындауға  тырысу қажет Жаттығулардың     әсерлі  болуы  тез  шаршатпайды,мұны  берілетін  жүктемені  мөлшерлеу  кезінде  еске  алу  керек.Денеге  түсетін  ауырлықты  жаттығудан  жаттығуға бірте  бірте  арттырған  жөн,жүктемені  мөлшерлеген  кезде ,оның  жүйелі  және дәйекті болуын мейілінше сақтап  отыру  керек.Ер  балаларға арналған жаттығулармен  салыстырғанда ,қыз  балаларға  арналған жалпы  және  жекелеген мүшелерге  түсетін жүктеме  жеңілірек  болуы  қажет. Дұрыс іріктеп алынған дене  жаттығулары организмнің қалыпты, жүйелі  қызметіне  жағымды әсер  етпек.Арнайы дене  шынықтырумен айналысуға немесе жаттығуға құлшыныс денсаулығы  мықты балалар  мен жеткіншектерге  тән.Спортпен  айналысу ,жаттығулармен  шұғылдану денсаулығы  мықты балалар  мен  жеткіншектерге тән.денешынықтыру  және  спортпен айналысуға  деген құлшыныс денсаулықты  нығайту  мен тұрмыс  тіршілікке қажетті  әрекеттерді арттырудағы  өте  маңызды  көрсеткіші,және  керісінше, мұндай  ұмтылыстың  болмауы    қажудың,көп  жаттығулардың  белгісі.

Спорт  ойындарындағы  арнайы  жаттығулардың  маңызын  арттыра  отырып,мынандай  нәтижелерге  жетуге  болады:

1.Сергек  көңІл  күй,өзін  тамаша  сезіну;

2.Сергіткен  қалың  ұйқы

3.Шаршаудың  аз  болуыжәне  күш  қуатын  жылдам  қалыпқа  келуі;

4.Ақыл  ой  және дене жұмыс  қабілеттілігінің  артуы.

5.Жаттығу  және жарысқа қатынасуға  деген құлшыныс;

6.Асқа  тәбеттің  ашылуы;

7.Дененің  салмағының  артуы;

8.Күш, жылдамдық,шыдамдылық,икемділік секілді  дене  қасиеттерінің  жақсаруы;

9;Өкпе  сыйымдылығының  өсуі;

10.Спорттық  нәтижелердің  жақсаруы.

«Спорт  -тек  метр,  секунд  және  килограмм  ғана  емес.Бұл  соларға  қоса жолдастық  өзара  көмек  ,ұжымшылдық  сезім,бұл  жалпы  алғанда тәрбие  деген ұғым  арқылы  ұштасатын кең  дүние» деп ұлы  ойшыл  ақын

Л Шамардина бекер  айтпаса керек.Спорт  арқылы  адам  бойына  ізгі  қасиеттер  қалыптасады,денесін  шынықтырып,бойына  қуат,  күш, жігер  жинайды.Еліміздің  ағытын  бекіткен  «Саламатты  Қазақстан» бағдарламасында өмір  салтын  ұстану,дене  тәрбиесімен шұғылдану  мәселелері  ерекше аталды,сонымен бірге Елбасымыз Н Ә Назарбаев «Біздің  балаларымыз өмір  бойы  дені  сау  болып  және олар  табиғи  ортада өмір  сүрулері  тиіс»деген  сөздерімен жастардың  жүрегіне ұлтқа  деген сүйіспеншілік  сезімін,  спортқа  деген  құлшынысты  арттыруды  көздеп  отырғандай.Ендеше,  ел  болашағы  деп жарқын болашақты  көздейтін болсақ  намыстың найзағайындай  жарқылдап  тұрған  шыңдалған    шырайлы  қыздарымыз  бен  ұлдарымызды  дені  сау,мықты, жігерлі  етіп тәрбиелеуге  мүмкіндік зор.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:Донской. А.А . «Спорттағы  қозғалыс  заңдары», «Мектептегі  денешынықтыру»  журналы №5 2012ж  «Энциклопедиялық  анықтамалық», «Қазақстан  спортшылар  елі», «Қазақстан  мектебі»  журналы.№5, 8, 9 , 2005ж