Оспанова Зауреш Сейтановна

№81 Astana English School гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Математика

3-сынып

 

Сабақтың  тақырыбы: Көп таңбалы сандарды көп таңбалы

сандарға көбейту,бөлу

Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлу дағдыларын меңгерту

1) білімділік:көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту,бөлу

ережелерін,оны іс жүзінде қолдану,тік төртбұрыштың ауданын табу және

пәнаралық байланысты бекіту;

2) дамытушылық: логикалық ойлау,ауызша есептеу

дағдыларын,математикалық тілдерін дамыту,ой-өрістерін

кеңейту,танымдық белсенділіктерін  және  математикаға

қызығушылықтарын арттыру;

3) тәрбиелік: ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге,көздеген мақсатқа жетуге

ұмтылуға тәрбиелеу;

 

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: суреттер,интерактивті тақтада слайд түрінде  берілген  тапсырмалар, «Логика алаңы», «Есепте» өзені, «Білім» теңізі.

Сабақ  ҮӘЖ /үшөлшемді әдістемелік жүйе/ технологиясы бойынша  СТО жобасының  стратегияларын  қолдану  арқылы өтеді. Оқушылардың бағалау парағы.

 

Сабақтың  барысы

I.Қызығушылығын ояту

Алдымызда үш жол жатыр.Үш жол  үш мақсатты көздейді.Біз осы үш жолдың біреуін таңдап сол жолмен Білім саяхатына шығуымыз керек.Ең алдымен біз өзіміздің мақсатымызды білеміз бе? / Оқушылар өздерінің  мақсаттарын айтады/ /экранда үш жол /

I деңгей

  1. 14х200; 15х3; 240: 13; 45:3; 24 х 2; 150:3; 34х 2;

1- жолдың мақсаты «Алған білімімізді іс жүзінде көрсетеміз»

  1. 2- жолдың тапсырмасы ұзындық өлшем бірліктеріне байланысты

1м =….. мм             7км=….м               …..см= 80 мм

2км…. 2000м              2005 м= …..км …..м

2- жолдың мақсаты «Күш бірлікте»

  1. (124 + 10) х 3; 48 : (24: 4); 72 : (36: 4);

3- жолдың мақсаты «Білім мен еңбек, бәрін ………  »

 

II деңгей

  1. Мағынаны тану
  2. Алдымызда «Логика алаңы»

       +

 

  2…2…2…2 =22                                   9…9…9 =2

2…2…2…2 =  3                                   5…5…5…5 = 12

1…2…3…4…5 = 1                               5…5…5…5 = 2

 

  1. 2. «Есепте» өзені. Өзенде кеме тұр.Ол кемеге жету үшін тастарға секіріп өтуіміз керек.Тастарда тапсырмалар берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Міне,кемеге де жеттік.Кемеде біз Математика оқулығымыз күтіп жатыр.

Оқулықтың     бетін ашып    тапсырманы орындайық. № 5 тапсырма

3.Кеменің бортында хат.Хатта үш тапсырма беріліпті.

а/ тапсырма.

Өзеннен 54 кг сазан балық,одан 6 есе кем алабұға ауланды.Сазан мен алабұға қанша болса,сонша шортан ауланды.Балықтарды әрқайсысы 9 килограмнан  бөшкелерге бөліп салды.Барлығы қанша бөшкеге балық салынды?

Шешуі:  1)   54 : 6 = 9 (кг)

2)   54 +9 = 63(кг)

3)   54 +9 + 63 = 126 (кг)

4)   126 : 9 = 14 (бөшке)

Жауабы: 14 бөшкеге салынды

ә/тапсырма: /жұппен жұмыс/

Тапсырмаларды орындап,дұрыстығын тексер:

357 х 13        24 800 :12         238 х 3000            684 000 : 25

3- тапсырма:

Белгісізі бар өрнек қалай аталушы еді?

 Теңдеу /тақтада үш қатардан үш оқушы орындайды

 

   Х : (36 + 64) = 543                                  (190 — 90) .  А = 38 600

Х :  100 = 543                                              100  х  А = 38 600

Х = 543 х 100                                              А= 38 600 : 100

Х= 54 300                                                    А= 386

54 300 : (36 + 64) = 543                                (190 — 90) х 386 = 38 600

543=543                                                        38 600=38 600

 

III. Ой толғаныс

Алдымыздағы  «Білім» мұхитына жету үшін, бізге алтын балықтар

көмектеседі. 6 алтын балықтың тапсырмасы

 

 

 

648 : 8 =         ж                           39 х 5 =         к

 

                              

     23 х 6 =        ң                               а=16см,  b=8     S=?          е

                                                   

19 х  8=        е

 280 : 2 =        б                      
Шыққан нәтижелерін өсу бағытымен тиісті әріптерді қойып оқу керек.

Соңында төмендегідей сөз шығады:

 

81 128 138 140 152 195
ж е ң б е к

 

Үшінші жолдағы аяқталмай тұрған мақсатымызды қалай аяқтаймыз?

 

«Білім мен еңбек, бәрін  жеңбек»

«Еркін жазу» стратегиясы

Қорытынды.Бағалау.

 

 

 

1-4 ұпай  «3»

5-16 ұпай  «4»

17-29 ұпай  «5»

 

 

Оқушылардың   «Еркін жазу» стратегиясы бойынша жұмысы

 

«Білім мен еңбек, бәрін  жеңбек»

 

Біз қазір мектеп оқушыларымыз.Болашақта  мектепті бітіріп, ұнатқан мамандықтарымыз  бойынша жұмыс істейтін боламыз.Сол кезде  көп қиындықтар болады деп ойлаймын. Олардан біз қашпауымыз керек, ерінбей жұмыс істеуіміз керек.Сонда біз сол қиындықтарды жеңеміз.

Мұстафин Алишер

 

«Білім мен  еңбек, бәрін жеңбек» деп тегін айтылмаған. Біз сабақта берілген  қиын  тапсырмаларды орындау  үшін, көп оқуымыз керек. Ережелерді , математикадан сандарды көбейтудің жолдарын, өлшем бірліктерін  білмесек  қиын тапсырмаларды да орындай алмаймыз.Үздік оқушы болу үшін  жалқаулықты тастап, көп оқуымыз керек. оларды