Жамбыл   облысы, Мойынқұм   ауданы.

М.Әуезов  атындағы  орта   мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі:

Ділтаева  Баян   Сейтханқызы

Сыныптан тыс жұмыс

Тарихи-танымдық  ойын: «Тарих  айналымы»

                                       Қатысатын   сыныптар: 8-11сыныптар

  Ойынның   мақсаты:

1.Оқушылардың    тарих  пәнінен  алған  білімдерін  тереңдетіп  оқыту, білімдерін  жан-жақты  дамыту.

2.Оқушылардың   ойлау  қабілеттерін дамыту, тарих  пәніне  деген  қызығушылықтарын  арттыру.

3.Оқушылардың  Отаншылдық  рухын  жаңғырту, еліне, жеріне  деген  сүйіспеншіліктерін   арттыру.

Көрнекілік: интерактивті  тақта,слайд  көрсетілімдері, қима  қағаздар.

Ойын   6  кезеңнен   тұрады:

1.Сергіту.

2.Білімділер  сайысы.

3.Төртіншісі  артық.

4.Хронологиялық  кезең.

5.Тарихи   тұлға.

6.Блиц-сайыс.

                          1 кезең: Сергіту  сәті:

Анаграмманы  шеш:К,Е,Н,Е,Л,Е,Г,І,М,І,Д (Егеменділік)

 

          2 кезең:Білімділер  сайысы:(Сұрақтар  кезек-кезек  екі  топқа  қойылады)

1 топ:

-30  тамыз  мерекесі  қалай  аталады?(Конституция  күні)

-Қазақстанның   астаналарын  атап  беріңдер?(Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана)

-Қазақ  халқының  салт-дәстүрі  бойынша  әр  ру  бір-бірінен  не  бойынша  ажыратылды?(Таңба)

-Қазақтың   ұлттық  валютасы  қашан  енгізілді?(1993ж  15  қараша)

2  топ:

-16-17  желтоқсан  қандай  мереке?(Тәуелсіздік  күні)

-Қазақстан  Республикасының  Президентінің  бірінші   сайлауы  қашан  өтті?(1991ж 10  желтоқсан)

-Қазақ  хандарының  арғы  ата-бабалары  кім?(Алаша  хан)

-Қазақтың  ұлы  күйшісі  Құрманғазының  Орталық  Қазақстанға  арналған  күйі?(«Сары-Арқа»)

 

                             

                                            3 кезең:Төртіншісі  артық:

1  топ:

  1. Қаған,шаньюй,вакуф,гуньмо.(вакуф)

2.Бумын,Керей,Камбиз,Тәуке.(Камбиз)

3.Кереге,уық,шаңырақ,күйме.(күйме)

 

2  топ:

1.Спаргапис,Мөде,Аттила,Чжи-Чжи.(Спаргапис)

2.Сәукеле,тұмақ,күндік,кимешек.(тұмақ)

3.Айран,қымыз,кеспе,шұбат.(кеспе)

 

              4  кезең:Хронологиялық  кезең.(Жылға  байланысты  оқиғаны  анықтау  керек.)

1)б.з.б. 530ж-Кир  бастаған  парсы  әскерлерінің  сақ  жеріне  шабуылы

2)б.з.б. 518ж-Сақ  жеріне  І  Дарийдің  шабуылы

3)б.з.б. 330ж-Александр  Македонскийдің  Орта  Азия  мен  Қазақстанға  жорығы.

4)552-603ж.ж.-Түрік  қағанатының  өмір  сүрген  жылдары.

5)1218ж-моңғолдардың  Жетісуға  басып  кіруі.

6)1465ж-Қазақ  хандығының  құрылуы.

7)1731ж-Кіші  жүздің  Ресейге  қосылуы.

8)1837-1847ж.ж.-Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліс.

9)1835-1865ж.ж.-Шоқан  Уәлихановтың  өмір  сүрген  жылдары.

10)1914-1918ж.ж.-Бірінші  дүниежүзілік  соғыс   жылдары.

11)1917ж-Ресейдегі  Қазан  төңкерісі.

12)1954ж-Тың  игеру  жылы.

13)1986ж-Алматыдағы  Желтоқсан  оқиғасы.

14)1992ж-Мемлекеттік  рәміздердің  қабылдануы  туралы  заң.

 

          5 кезең:»Тарихи  тұлға».(Қысқаша  мінездеме  бойынша тарихи  тұлғаны  анықтау)

Сұрақтар  екі  топқа  кезек-кезек  қойылады.

1.Тәуелсіз  Қазақ  хандығының  соңғы  ханы.XVІІІ ғ.жоңғарларға  қарсы  үш жүздің  басын  қосқан  хан?(Тәуке)

2.Қазақ  халқының  арғы  ата-бабасы.Бұдан  үш  жүз  тарайды?(Алаша  хан)

3.Ағартушы,тұңғыш  педагог.Қазақстанда  қазақ  қыздарына  арнап  мектеп  ашты?(Ы.Алтынсарин)

4.Қазақтың  ұлы  ғалымы,тарихшы,этнограф,саяхатшы?(Ш.Уәлиханов)

5.Атақты  ақын,қобызшы.(Қорқыт)

6.Философ-ғалым,математик,Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз?(Әл-Фараби)

7.Орта  Азияны  жаулап  алушы,әйгілі тұлға?(Әмір  Темір)

8.Ғұндар  мемлекетінің  негізін  қалаған.Оның  атымен «Халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы» байланысты?(Аттила)

9.Қазақстанда  Ғылым  Академиясының  негізін  қалаған,тұңғыш  геолог-ғалым?(Қ.Сәтпаев)

10.Ұлы  Отан  соғысына қатысқан,Кеңес  Одағының  батыры,Мәскеу  үшін  шайқасқан,жазушы?(Б.Момышұлы)

11.»Ленинградтық  өренім»өлеңінің  авторы?(Ж.Жабаев)

12.Қазақ  хандығының  тәуелсіздігі  үшін  курескен,1837-1847 ж.ж.қозғалыстың  басшысы?(К.Қасымұлы)

 

                                      6 кезең: Блиц-сайыс.Әр  топқа  10  сұрақтан  беріледі.

1 топ:

1.Қазақ  КСР-де  тұңғыш  жоғары  оқу  орны?(Абай  атындағы  пединститут)

2.Қазақстандағы  ең  ірі  өзен?(Іле)

3.Елтаңбаның  авторлары?(Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

4.»Невада-Семей»антиядролық қозғалыстың  жетекшісі?(О.Сүлейменов)

5.Отырар  қаласының  билеушісі?(Қайырхан)

6.Қазақтың  ұлттық  киімі?(Шапан)

7.Ақындардың  сайысы  не  деп  аталады?(Айтыс)

8.Қымызды  қандай  ыдыста  сақтайды?(Торсық)

9.Шоқанның  Уәлихановтың  азан  шақырып  қойған  аты?(Мұхаммедханафия)

10.Ш.Уәлиханов  қандай  оқу  орнын  бітірді?(Сібір  кадет  корпусын)

2 топ:

1.Бұрын  тұтқындарды  қалай  атаған?(аманат)

2.Түрік  қағанатының  негізін  қалаған  кім?(Бумын  қаған)

3.Қазақстандағы  мәдениет  және  діни  орталық  болған  қала?(Түркістан)

4.Қазақстандағы  түбек?(Маңғышлақ)

5.Қазақстандағы  ең  қауіпті  өрмекші?(Қарақұрт)

6.Орта  ғасырлық  қалада  қолөнершілер  мен  қарапайым  халық  тұратын  бөлік  не  деп  аталады?(рабад)

7.Орта Азия,Әзірбайжан,Иран  және  басқа  да   халықтар  ұстанатын  дін? (Зороастризм)

8.Мешіттің  азан  шақыратын  жоғарғы  бөлігі?(Минарет)

9.Ислам  дінінің  негізін  салушы  кім?(Мұхаммед  пайғамбар)

10.Ақмоланың  бұрынғы  атауы?(Целиноград)

 

Ойынды  қорытындылау. Жеңімпаз  ойыншылар  мен  топтарды  анықтап, марапаттау.