Жамбыл   облысы, Мойынқұм   ауданы.

М.Әуезов  атындағы  орта   мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі:

Ділтаева  Баян   Сейтханқызы

Қазақстан тарихы. 10  сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ – Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан.

Сабақтың мақсаты: Өз елін, жерін құрметтейтін саналы азамат қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Қазақ-қытай қарым-қатынасы. Абылай хан туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
  • Ізденіс, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
  • Елін қорғаған батырларды үлгі тұтып, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже.

  • Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, өз идеяларын делелдей алады.
  • Топта өз бетінше жұмыс істеуді үйренеді.
  • Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс, автор орындығы, ЖИГСО, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, эссе жазу.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

Құралдар: интерактивті тақта, ватман, маркер.

Көрнекілігі: ХVIIIғ Қазақстанның картасы, ҚР-ның саяси картасы, Абылай хан, батыр, билердің портреттері.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту.

  1. Сергіту сәті «Сыйлық»
  2. Топқа бөлу. (Машиналардың маркасы бойынша)
  3. Бағалау туралы түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кіші жүздің Ресей протекторатын қабылдауы» тақырыбы бойынша сәйкестендіру тесті: мына жылдарда қандай оқиғалар болды

1735ж      Қазақстанға И.И.Кириллов бастаған  экспедиция  жіберілді.

1734ж     Әбілқайыр хан Барақ сұлтанның қолынан қаза  табады

1738ж     Ор өзені бойына Орынбор бекінісі салынады.

1742ж     Әбілқайыр хан И.И.Неплюевке сауда жөнінде  ұсыныс жасайды.

1731ж   Башқұрт халқының отаршылдыққа қарсы азаттық көтерілісі болды.

1746ж   Жоңғар әскери Орта жүз жеріне басып кірді.

1748ж    Кіші жүздің 29 биі патша әкімшілігі дайындаған грамотаға қол қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.

Жоспар.

  1. Жоңғар хандығының жойылуы. Қазақ- қытай қарым-қатынастары.
  2. Абылай хан
  3. Қазақтың ұлттық санасы.

XVIIIғ ортасындағы қазақ-жоңғар-қытай қатынастары.

Уақыты, жылы, айы Мазмұны
1741-1742 Жоңғарлардың Орта жүзге басып кіруі, Абылайдың жоңғар тұтқынына түсуі.
1745ж Жоңғар қонтайшысы (ханы) Қалдан Серен қайтыс болады. Тақ үшін талас-тартыс.
1755ж Цинь империясы әскерінің жоңғар хандығына басып кіруі.
1756ж Абылайға Цинь елшілігі келеді. Әмірсананы ұстап бермегені үшін қазақ жеріне әскерін енгізеді.
1756ж жазы, күзі Қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы береді.
1757ж жазы Жоңғар хандығы өмір сүруін  біржола  тоқтатты. Қытай үкіметінің жоңғар жерін басып алуы.
1757-1759 Қазақ – қытай арасындағы бейбіт келісім жасауға ұмтылу.
1761ж Қытай үкіметі қазақтарға Аягөз өзенінің оң жақ бетіне көшіп қонуға тыйым салған жарлық шығарады.
1767ж Қытай үкіметі Іле, Тарбағатай өңіріндегі жайлымдарды пайдалануға келісім береді, салық төленеді.
XVIIIғ 50-60ж Абылай Сұлтанның сыртқы саясаттағы бағыты
Цинь үкіметімен қарым-қатынасы
Жоңғарлармен қарым-қатынасы

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа білімді бекіту.

1-тапсырма. «Сандар сөйлейді» ойыны

1755ж көктем – Цинь империясының әскері ойраттардың ішіндегі алауыздықты пайдаланып, Жоңғар хандығына басып кіреді.

1756ж қыркүйек – Солт.Моңғолияда Циньдерге қарсы көтеріліс болды.

1761ж – Қытай патшасы қазақтарға Аягөз өзенінің оң жақ бетіне көшіп -қонуға тыйым салған Жарлық шығарады.

1771 ж – Абылай Түркістанда жалпы қазақ ханы болып сайланғаннан кейін Ресей патшасына елші жіберіп, өзін үш жүздің ханы ретінде мойындауды талап етті, бірақ орыс патшасы грамотасында оны тек Орта жүздің  ханы ретінде мойындайды.

2-тапсырма. Ішіне –сыртына стратегиясы бойынша Абылай ханның жетістіктері мен сәтсіздіктерін жазу.

 

Ішіне

Мемлекеттің дамуына көптеген үлес қосты.

Елді басқара білді.

Жауға қарсы күресе білді

Сыртына

Жоңғарларға тұтқынға түсуі.

Қытайлармен соғысуы.

Жастайыннан жетім қалуы.

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма. Биопоэма. Абылай хан туралы жазу.

  1. Аты
  2. Туған жылы
  3. Атқарған қызметі
  4. Қазақстанға сіңірген еңбегі
  5. Жетістігі
  6. Атақтары
  7. Үй тапсырмасы. §37. 203-207 бет. Сұрақтарға ауызша жауап беру. Абылай хан туралы эссе жазу.
  8. Кері байланыс
  9. Бүгін мен не үйрендім?
  10. Маған не ұнады/не ұнамады?
  11. Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірі