Ғылыми баяндама

   Керей мен  Жәнібек  хандарымыздың     -өазаө мемлекетін   негізін қалаудағы орны

                ХҮғасырдан бастап  Керей мен Жәнібек   еліміз үшін   орасан маңызды   тарихи шешім қабылдап,  қазақ мемлекетін құрды.

Ғылыми  жұмысымда   Қазақ хандығының  550  жылдығын     тойлаудың   еліміз  жастарының    отаншылдығын   нығайту сияқты   үлкен   тағылымы  мол   екендігін  дәлелдегім келеді.

ХҮ  ғасыр –Еуразия халықтарының   тарихындағы белесті    тарихи кезеңдердің  біріне  жатады. Әсіресе, қазақ халқының тарихында бұл  ғасырдың   алатын орны ерекше.

ХҮ ғасыр –сапалы өзгерістерге толы ғасыр болды. Өйткені, ХҮ ғасырда сонау  сақ дәуірінен жалғасып келе жатқан мемлекеттілік процесі ХҮ ғасырда ұлттық сипатқа ие болды. Екіншіден ,ХҮ ғасырда    үзілмей келе жатқан  этникалық процесс аяқталып, жаңа сатыға көтерілді. ,қазақ этносының  қалыптасуы аяқталды. Үшіншіден, Қазақ хандығының  құрылуы   мен қазақ этносының қалыптасуы –Қазақстан атауын дүниеге  әкелді.

`Мемлекеттілік барлық негізгі элементтері билік иесі –хан, оның нөкерлері-сұлтандар, мұрагерлері,  соттары-дауды шешіп отыратын   билер, сарайдағы ақын-жыраулар, халық –мал баққан  шаруалар ,   олардың   кедейлеу бөліктерінің   туыстарының малын бағып,күнелткені  және Түркістан,Сайрам, Сығанақ,Сауран, тағы басқа қалалар     елдігіміздің айқын жемісі болып табылады. [

Көшіп ,қонуға  негізделген мемлекеттіліктің   басты  ерекшеліктері   бар еді.

 

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ   тайпаларын   бастап   Шығыс Дешті – қыпшақтан   батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.  Сөйтіп,  1465-1466   жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.Тұңғыш   тарих аренасына  далалық мемлекеттіліктің  үлгісі ретінде  көшпелі мал шаруашылығын  дамытқан, материалдық және рухани  мәдениеті  бай  қазақ хандығы   құлыдған еді.
1458 жылдың көктемінде   Керейді ақ  киізге   көтеріп хан   сайлайды. Әбілқайыр ханға     наразы сұлтандар, әмірлер,   ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан      асып түседі.

Қазақ хандығының құрылуы осыған    дейін  бүкіл   Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және   этно   саяси процестердің заңды қорытындысы еді. 1468жыл   Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинап ,Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

 

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандығының  бесігі  болған ежелден келе жатқан жерлер еді. Қазақ хандары осы жерлер үшін   ең басты қарсыластарымен үздіксіз   соғысты.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Тарихи деректерден   білетініміздей     Сыр бойындағы   қалалар  Ясыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды.

Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керей    ханның  ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды.

Соның нәтижесінде ХУ ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді.

Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады.

Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.

Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті.

 

Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

 

 

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды.

Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға —

Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алды.  Мемлекеттің  басты  белгісі  оның  шекарасы екендігі  белгілі,   16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті.  Және  осы бір жер мәселесіне келгенде  біздің  билер мен шешендер     өте  жігерлі  және   ешбір жаудан тайсалмай  күресті.     Әлемде жері  жағынан  алдыңғы орында тұрған       еліміз  үшін     сол кездегі  Керей мен Жәнібек  және Мұрындық пен Қасым    хандар      « күндіз отырмады, түнде  ұйықтамады.»

Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.   [3]

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті.Қасым  өте ақылды ,   көреген  еді,   ол Мұрындық  ханға  бой  ұсына білді деп жазды  атақты тарихшы М.Х.Дулати.

Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.    Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ол     кезде     орыс мемлкетін ІІІ Василий   басқарды(1505-1533).

Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.[4]

Ол      Моғолстан   мемлекетімен де  достық ынтымақтастық жасай білді.  Ол турасында М.Х.Дулати   өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» шығармасында  жазып  қалдырды.Атақты тарихшы    өз  шығармасында     Керей мен Жәнібек, Мұрындық пен  Қасым  ,тағы да басқа хандар турасында өте  көп еңбектер  қалдырды.   М.Х.Дулати   еңбегі  қазақ хандығының  құрылған  жылы ,орналасқан бөлігі турасындағы жазылған  жазба  ескерткіш болып   табылады.  Тараз  қаласында Мұхамед Хайдар Дулати атында  Мемлекеттік университет   және    ғұлама тарихшыға арналған ескерткіш   бар. Біздің   археологтарымыз     осы    хандық орнын табуда орасан зор еңбектер сіңірді.

Ол еңселі ескерткіш  тарихшы  бабамызға   көрсетілген  шынайы  бір   құрметтің  белгісі  !

 

 

Джумабаева Алима  Алтынбековна,

 Қаратау технология,білім және бизнес колледжі тарих пәні оқытушысы,

 Қаратау қаласы,

 Жамбыл  облысы