777

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлем көз тіккен  EXPO -17,мақтанышым!

Публицистикалық  эссе

          Міне, ақ түйенің қарны  жарылған ақжолтай күндер де  келіп жетті!

Міне,  Тәуелсіз еліміз  үшін  саяси  және  мәдени  маңызы  аса   жоғары, «ЭКСПО -2017»  Халықаралық мамандырылған көрмесінің ашылу  рәсімі де   өте    үлкен  дайындықпен  жоғары  деңгейде    өткізілгені     біз үшін     үлкен    қуанышты   оқиға  болып отыр!

Теледидардан       ашылу салтанатын тамашалаған     кезде     және  әр  бір    сәт сайын     келіп жатқан  қонақтар  арасындағы     аса мәртебелі меймандарды көріп отырған  кезде   -бойымызды    елімізге   деген мақтаныш  сезімі    кернеді!

Президенттер   мен  Халықаралық   ұйым  басшыларының    елімізге   арнайы  келуі де   еліміз   достарының    көптігін  танытып жатқандай.

Келген қонақтарымыздың  осындай    дүйімін    көргенде    Халықаралық     саясаттағы   Елбасының    бейбітшілік сүйгіш  саясатының     оң бағасын алып отырғаны  деп түсінгеніміз    дұрыс  болар .

Халықаралық аренада     еліміз  өзінің  алдыңғы  қатарлы  дамыған  отыз елдің  қатарына  қосылу үшін  барынша  еңбектеніп жатқаны айқын көрінеді.

«ЭКСПО -2017»    көрмесін  абыроймен    өткізу  үшін    бәріміз де Астана  қаласына    арнайы сапарлап барып,  аралап,  көрмені  өз    көзімізбен   көріп,  сондағы    әр  елден  келген     жаңа     қуат   көздері     туралы       білімдеріміздің  көкжиегін  көтере  түссек , рухани      жаңғырсақ ,   әр  елден   келген    тарихи    жәдігерлерді  өз  көзімізбен  көріп,  бейне  тарихпен     қауышқандай   әсерге     бөленерміз     деп  ойлаймын.

Халықаралық  көрменің  ашылу  салтанатында   сөйлеген    сөзінде Елбасы  «Тәуелсіз  еліміздің ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің    арасында осындай  ауқымды  халықаралық  көрме  өткізуде  бірінші болып  отырғаны  —  орасан зор жетістік екендігіне»    тоқталды.

Еліміздегі  көрменің ашылу салтанатына   келген  қонақтар арасында    алпауыт  елдер    Ресей Федерациясы    Президенті  В.Путин мен  ҚХР  Төрағасы Си Цзиньпин    қатысуларының     өзі де    еліміздегі    өткізіліп отырған   көрменің   маңыздылығының  жоғары  екендігінен  хабар  береді  деп ойлаймын.

Көрмеге   әлемнің   100-ден астам елдері    мен 20-дан астам    халықаралық ұйым  қатысып    жатқаны  белгілі.  Теледидардағы  беріліп  жатқан      көрсетілімдерден көретініміздей  шетелдік  қонақтар   алып отырған   павильондарда    өнердің озық  үлгілері қойылып,  қызығушылығымызды  онан  сайын  арттыра  түсуде.

Отандастарымыз   шет елдік  қонақтар   әкелетін    озық технологияларды  көру

арқылы    маңызды    деген  жетістіктерге  көз  жеткізіп, мәдени  іс -шараларды тамашалап, отандық  және  шет елдік    таланттардың      өнерін  тамашалайтыны  да  керемет емес пе ?

Мен  өзіме,     мысалы  теледидардан көріп      жатқан     Ресей павильоны қызық  болып отыр.   Ресей  Федерациясы,  ерінбей  -жалықпай        Арктикадан  мұз   әкелген,  ол мұздардың  қалыңдығы  4 метр  болмақ. Және ондағы  сәулелер    бір кезде   аса көрнекті    ғалым М.Ю.Ломоносовты    таң   қалдырған,    «Солтүстік  шұғыласы»  болмақ екен .        Қорыта  айтқанда,  ашылу салтанатында    Халықаралық   көрмелер  бюросының Президенті Стин Кристенсен  де  арнайы   елімізге  келіп,  Халықаралық көрмелер  бюросына  мүше 175 мемлекет атынан   Президент пен бүткіл Қазақстан халқын    құттықтады.  Ол осы тақырып    ,яғни   «таза  энергиясыз планетаның  болашағын көз алдымызға  елестете алмаймыз»,    деп  өзіне  іс шара  ұйымдастырып отырған еліміздің   барша азаматтарына  ыстық  рахметін айтты.

Көрмені  көрейік,тамаша  әсерлерге  бөлнейік  , Қазақстанның   өркендеуіне   өз  үлесімізді  қосайық !

 

                                                                Алима Джумабаева,

 Қаратау  технология,білім және  бизнес  колледжі тарих   пәні  оқытушысы .

Қаратау қаласы,

Жамбыл облысы.