Қасиетті  Қаратау қаласы  жаңара түскендей !

Қаратау қаласының   түні маған ерекше  әдемі әсер береді! Қаратау тауларынан салқын самал есіп, жаздың жайма -шуағында  жаның     жадырап ,ән салғың кеп кетеді!

Және  з-қабаттан қарағанда    қаламыздың   көпқабатты  үйлерінің    терезелерінің    жарықтары   Мәскеу  қаласынан түсірілетін фильмдерді еске салады!      Мен  қаланың  түнгі  көрінісін ерекше  жақсы көремін!      «Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы !»  деген атақты  сөз бар  ғой, біздің Таластан  ақындар мен батырлар көп  шыққаны  белгілі, осындай ауданның  орталығы- Қаратау қаласы    өркениет пен мәдениеттің, білім берудің  ошағы  болып,   кәсіпкерлікті    жанына серік  еткен азаматтардың  да көсегесін көгертіп отыр .

Міне, көктем де өте шықты!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  еліміздің барлық өңірлеріне аса үлкен қамқорлықты риясыз көрсетіп келеді. Моноқалалар  даму және қайта жаңару үстінде,  оған мысалды алыстан іздемей-ақ жаңарған, жастары еңселі,  көшелері оқтаудай түзу, жаңа заман талаптарына сай абаттана бастаған,түнгі шамдары  самаладай жарқыраған –бір кездегі кеншілер  қаласы ,жасыл желекті қала  -Қаратауға ат басын бұрсаңыз, өзіңіз де бәріне көз жеткізесіз!

Әсем қала –киелі,қазыналы қарт Қаратаудың  мойнына таққан  інжу  моншақтай боп оратыла орналасқан қала!

Қазір нағыз құрылыс алаңы  десек те болғандай   !

Әсем  де абаттанған аллеяларда    кешкі серуендеген жастар ,   әдемі киінген қарттар  кешкі салқында серуен  құрады.

Спортқа   жақын жандар «Фосфорит»   жабық спорт кешенінде  жүр.

Қаратау қаласында  кәсіпкерлер көп, олар қала тұрғындарының  аса маңызды   талаптарына  жауап беру   үшін     түрлі     мейрамханалар ашып,  қаланың  өмірін   қызықты  ете  тусуде  деп толық сеніммен айтуға  болады. Қаратау қаласында   дүкендер  көп, ол дүкендерден   жүздері жарқын  қалалықтар  азық-түліктерін  молынан алып, қала өміріне  дән риза екендіктері байқалады. Мұндай ,»қой үстіне бозторғай  жұмырқалаған заманда»  өмір сүргісі келетін  жандар аз емес  ,сірә!

«Ұлы Отан соғысы Жеңісіне    арналған   монументі  жаңартылды, оған еңселі Жеңіс солдаты    ескерткіші  қойылды!

«Балалар  қалашығы»   мен «Жеңіс »  аллеясы маңы      ерекше  күтімге   алынған,   жүретін  алаңқайлар  жаңа заманауи   кафельдер   төселіп,ерекше қамқорлыққа алынғандықтан ,   онда   дем алып, уақыттарын көңілді өткізген  жастарды,  қарттарды, жасөспірім студенттерді байқау  қиын емес.

Аудан әкімі Б.Рысмендиев,қала әкімі  Қ. Махашев   сынды  азаматтар мен       басқа да    қалаға     жауапты мемлекеттік      қызметшілер —   барлығы да қала  өмірін   жандандырып   отыр!

 

Адамдар қызық !  Теледидарды қоса қалсаңыз ,   алысқа шетелге демалуға барып , қиналған жандар туралы  жаңалықтар  жаз сайын  беріліп жатады.

Шіркін,құпияға  толы  Қарт Қаратау баурайлары   туристерге  толы  болса  деп ойлаймын. Талас  ауданы ,  «Тәңірқазған»,  «Бөріқазған» деген тұрақтардың     орны табылған ,   алғашқы еңбек құралдар табылған тарихи орын   ғой –осы ескерткіштер келешекте туристер келетін орындарға   айналса  ғой деп  ойлаймын.

Және,айта кетерлігі  Қаратау қаласында аудандық тарихи- өлкетану   мұражайы  бар.   Ол  мұражайды  Қуаныш Дәурембеков  атты  жаңашыл   , облыс арнайы   жіберген  басшы  басқарып отыр, жақында    мұражай  толығымен   қайта  жөндеуден өткізіліп, жап –жаңа болып шыққаны    көз  қуантты.  Қарт Қаратау  минералды  байлықтарға  бай, қазыналы, кейде  адуынды     ,   алайда  біз  табиғатты аяласақ   және құрметпен қарасақ Қарт Қаратаудың берері мұнан  да көп     деп ойлаймын !

 

 

                                                          Алима Джумабаева

    Қаратау технология,білім және бизнес колледжі оқытушысы ,                                                         Қаратау қаласы  ,

                                                                                  Жамбыл облысы