УДК 54. «5_ Шетенова_статья          

         «Химия  пәні  арқылы  зерттеудегі  ізденістер».

 

Е.Н. Шетенова

№ 48 мектеп – лицей , Астана қаласы, Қазақстан, shetenova@mail.ru

          Аннотация:  автор  34 года работает учителем химии и биологии. На уроке химии применяет технологию критического мышления. На примере разработанных  уроков  9 класса алюминия и железа, показывает как использует стадии критического мышления. Автор так же показывает достижения своих учеников.

         Тірек сөздер:  СТО, алюминий, темір, ой толғаныс,  жетістіктер.

Өзектілігі :  9 сыныпта химия сабағын сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өткізіп, оқушылардың үлгерімі мен сапасын  арттыру.

Жанашылдылығы:  СТО   химия сабағында қолданғанда, оқушылар білімдерінің  үлгерімі мен сапасын жақсарту.

         Мақсаты:  Темір, алюминий және оның қосылыстары туралы жан-жақты мағлұмат беру, темір, алюминий қосылыстарына есеп шығаруды ұйымдастыру.

 

Химия пәнінің мұғалімінің  жиі кездесетін  қиыншылықтарының бірі: оқушылар арасында  химиялық реакциялардың теңдеулерін жаздып, химиялық есептерді шығару . Оқушыларым  тек кітаптағы мәтінді оқып келіп, соны айтып берумен ғана шектеледі. Ал оқушыларға зертханалық немесе практикалық жұмыстарды істесек, мына сұрақтарға жауап беру « Не істедім? Не көрдім? Қорытынды жасау» өте қиынға түсетін.

Менің мұғалім ретінде ой толғанысым басталды, бұл сұрақты шешу ретін іздедім, оны шешу оқушы өзінің ой толғанысы ретінде қабылдау жолын іздедім.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сабақты жоспарлай бастадым.Сабақты жоспарлау үшін, және сонымен бірге оқушыларды белсенді ізденуге және жаңа білімді құру үшін уәждендіретін ой шақыруды өткізе бастадым.

Оның мақсаты- оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу, ол:

-шындалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау:

-күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық:

-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым  [1,80-85 бет].

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлмасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л. Жоба негізі Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алдым.  Оқушыларға  бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз  [2,62-67 бет].

Сын тұрғысына ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі  оның жұмысының жемісі болмақ .   Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:
  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру:
  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау:
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау:
  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау:
  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету:
  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау:

Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар   [3, 43-48 бет]. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дұрыс қалыптасуға көмектеу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы   [4, 12-23 бет]. Ой салу- ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту- (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу, оқушы тарапынан жүзеге асады.

Сын тұрғысынан ойлау сабағы менде  қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.:Қызығушылықты ояту сатысы. Судың кермектігі  [5, 112-116 бет ]. Су кермектілігінің түрлері.

Мағынаны ажырату сатысы. Алюминий.

 

 

         Ой толғаныс сатысы: Зертханалық жұмыс  [5, 132- 136 бет] . Алюминий гидроксидін алып, оның қышқыл  мен сілті ерітінділерімен  әрекеттесуі. Сынауққа алюминий хлоридінің ерітіндісіне 2мл ерітіндісін құйып, тұнба алу. Тұнбаны екіге бөліп, қышқыл және сілті ерітіндісін құйып, бақылап, дәптерді толтыру.

AlCl3+ 3NaOH  Al(OH)3  +3NaCl

Al(OH)3  +NaOH NaAlO2 +2H2O

Al(OH)3 +3HCl AlCl3 +3H2 O

[6, 152 бет] есептерді  шығару.

Үй жұмысы:  [5, 132-137 бет]  .

« Темір және оның қосылыстары» тақырыбы  бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясын былай қолданамын.

Үй жұмысын қайталау. Қызығушылықты ояту сатысы: айналымдарға орындауға мүмкіндік беретін химиялық  реакциялар теңдеулерін жазу.1,2,3 қатарға  мына

Al→AlBr₃→Al(OH)₃→Al(NO₃)₃

Аl= Al2 (SO4)3 = Al (OH)=AlCl3 =Al(NO3)3

Мағынаны  ажырату  сатысы:

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны. Физикалық қасиеттері.Табиғата таралыуы.
  2. Темірдің биологиялық маңызы, қолданылуы.
  3. Темірдің химиялық қасиеттері.

Әр топтан оқушы тақтаға шығып,өз еңбектерін қорғайды.

Сабақтың екінші кезеңі — мағынаны таныту.Мақсаты: мәтіннен әр топ берілген тапсырмаларға сұрақ іздеу арқылы жаңа мәліметпен танысады.

 

Ой толғаныс сатысы.  Мақсаты: мағлұматтар жинау арқылы қорытынды жинау.
Зертханалық жұмыс [5, 142-145  бет] .

  1. Темірдің тұз қышқылымен әрекеттесуі. Сынауықты алып, темір ұнтағын салып, үстіне 2-3 мл тұз қышқылын құйып, шыққан газды байқайды:
  2. Темір гидроксидтерін алу. Екі сынауық алып , біреуіне темір(ІІ ) хлоридін, екіншісіне темір ( ІІІ ) хлоридінің ерітінділерін құйып, үстіне сілті ерітіндісін құйып, темір ( ІІ ),  (ІІІ )  гидроксидтерінің  тұнбаларын салыстырып, сипаттау.

Fe Cl2 +2NaOH Fe (OH)2 + 2NaCl

FeCl3  + 3NaOH Fe (OH)3 + 3NaCI

Теңдеулерін жазып, қорытынды жасау.

Не істедім? Не көрдім? Қорытынды,химиялық теңдеулерді жазу
1      

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.     Есептерді шығару   [6, 154  бет]. 

              Бағалау критерийлері: мәтінді айтып беру оқулықтан «3»  бағаланады, химиялық теңдеулерді жазып, жеке заттардың қасиеттерін ажырата алу «4»  бағаланады, ал зертханалық жұмыс жасап, қорытындылап, бірнеше заттардың қасиеттерін салыстыру, есептерді шығару «5»бағаланады.    Енді сабақтан соң қандай сұрақтар қойылуы мүмкін?  Онда нұсқалау сатысын  қолданамын.

  1. Жасалған жұмыстар бойынша топтпрдың немесе жеке презентациялар жинау.
  2. Ой толғау сатысын әрі қарай жалғастыру, ерекше мәліметтерді жинау, қосымша зертханалық жұмыс жасау.
  3. Әр оқушы өз жұмысын ортаға салып талқылау. Оқушы қоршаған ортамен еркін әрекеттестік үрдісінде жақсы және көп нәрсеге үйренеді.
  • Үй жұмысы: [5, 167 -169 бет]. Алюминий мен темірдің қасиеттерін салыстырып,жазып келу.

2015-2016 оқу жылындағы химия пәнінің  оқу сапасының көрсеткіші.

Оқушыға жеке өз тәжірибесін өзі жинақтауы – оның дамуы үшін құндырақ. Әр баланың жеке мүдделерін және қажеттілігін құрметтей отырып,  мен оның немен және қалай айналасу керектігін шешеміз. Сөйтіп, оқушыға өзіндік және зерделі таңдауын жасауға көмектесемін.

Біртіндеп оқушымен жеке тәжірибені белсенді  жинақтау үшін, оқушымен  нәтижелі оқу нысанын зерттеу деп қарастырамыз. Мен оқушының іс әрекетін   бақылай отырып, олардың әрі қарай дамуына қажетті мөлшерде көмек және қолдау көрсетіп отырамын.

Оқушыларды бақылап және олардың жеке даралығын барынша ашу, іс әрекетіне көңіл аудару.

2015-2016  оқу жылында  аудандық олимпиадада химия пәнінен Бекмухамедов Дидар  ІҮ орын 10 cынып, Қазбеков Дамир ІІ орын алды.

Ал қалалық олимпиадада химиядан  Қазбеков Дамир ІІІ орын алды.                       Оқушылардың  республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар сайысында  11 «а» сынып оқушысы Тлеубердиева  Альфия І орын алды.

Қалалық  Астана  Дарыны  өткізген  оқушылардың  ғылыми жұмыстар сайысында   11 «а» сынып оқушысы Тлеубердиева  Альфия  ІІ орын алды.

Тлеубердиева Альфия «Адам — Жер — Космос» Бүкілроссиялық қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми жобалар  олимпидасында  Королев қаласында  ІІ дәрежелі Диплом алды.

11 «ә» сынып оқушысы  Оспан Қасиет химия пәнінен «ИНТЕР- ХИМИК — Юниор – 2015» ХІІІ халықаралық қашықтық  олимпиадасына қатысып,  Д.И.Менделеев атындағы химико- технологиялық университеттің  ректорынан  ГРАМОТА  алды.

Астана қаласы  оқушылардың «Жас зерттеуші -2016»  оқушылардың ғылыми сайысында  10 «б» сынып оқушысы Диханбай Әсел  І- орын алды, телефонмен марапатталды.

9 «ә» сынып оқушылары ІІ халықаралық «Суды сақтаушылар» атты  химиядан экосабақты өткізуге қатысқаны үшін Мектепке «Алғыс хат», ал мен Диплом алдым.

Химия сабағының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

«Сыни тұрғысына ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы ой  қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау болып табылады.

                          Қолданылған әдебиеттер:

  1. С. Мирасеитова.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011, 80-85 бет .
  2.    Линда Б.Габриелл «Оқуға ынталандырудың жеті ережесі». «Дауыс & көрініс» журналы №2 (54) 2013, 62-67 бет.
  3.      Халперн Д. Психология критического мышления. СПб.,2000, 43-48 бет.
  4.    Томина  Е. Ф.  ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ИДЕИ ДЖОНА ДЬЮИ: ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ. Журнал. Вестник Оренбургского государственного университета. Выпуск  № 2 (121) / 2011, 12-23 бет.
  5.     Н. Н.Нұрахметов , К.М.Жексембина, Н.А.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманов  «Химия» . Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2013, 112-167 бет.
  6.    Ә.Е. Темірболатова  «Химия». Есептер мен жаттығулар жинағы. Жалпы білім беретін  9- сыныбына арналған оқу  құралы.  Алматы «Мектеп» 2013, 132-164 бет.