Белсенді оқытудағы мұғалім ролі

Орманбекова Л.Ж., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,аға оқытушы

 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктіліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Мұндай мұғалімге қойылатын талаптар :

  • бәсекеге қабілеттілігі,
  • білім беру сапасының жоғары болуы,
  • кәсіби шеберлігі,
  • әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-

  • рефлекцияға қабілетті,
  • өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған
  • зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы
  • коммуникативтілік, ақпараттық жоғары деңгейлі,
  • азаматтық жауапты,
  • белсенді, сауатты,
  • шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен  тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен  шығармашылық  мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын  үрдіс қажет.

Басқаша айтқанда, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтердің еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.

Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу.Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады.

Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып, тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. «Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің деңгейіне байланысты.

Қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

«Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында» педагог кадрлардың кәсіби — тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

  1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
  2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
  3. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

  • бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
  • мәдениеттанымдылық
  • оқу-танымдық құзіреттілік
  • (коммуникативтік құзіреттілік
  • ақпараттық-технологиялық құзіреттілік
  • әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі
  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана  оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.

Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.Бүгінгі күн талабына сай бейінді оқыту барысында педагогтің атқарар жүгі  салмақты болып тұрғандығы белгілі.

Бейінді оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын  және олардың  келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту.

Бейінді оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индивидуализацилау.Бейінді оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген.

Ал  міндеттері:
бірнеше пәнді қандай да деңгейде тереңдетіп оқыту
оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру
орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.

терең бір ғана сала бойынша білім беру

Орта жалпы беретін мектептің жоғарғы сыныптарында бейінді оқытуды енгізуге байланысты  қолданбалы  және таңдау курстары сияқты түрлеріне ерекше назар аударыла бастады. Оқу жоспарының вариативті компоненті ретіндегі қолданбалы курстар жоғарғы сыныптардағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қолданбалы курстар дегеніміз — бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар. Қолданбалы курстар оқушы қатысуына міндетті, оқыту бағдарының құрамына кіретін және мектеп компоненті есебінен жүзеге асырылатын курстар.

Олар екі функцияны атқарады :негізгі бағдарлы пәндерді тереңдетіп оқуға және оқуды бағдарішілік мамандыққа бағдарлауға себептеседі.Бұл курстар оқыту бағдары аясынан тыс, оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады. /жеке сабақтар, консультациялар/

Қолданбалы курстар, бір жағынан, білімді тереңдету функциясын, екінші жағынан оқушылардың әрі қарайғы оқуын жалғастыруға өзіндік бағдар болуы тиіс. Сондықтан мұғалім өзінің іс-әрекетін көрсете білу жағына көңіл аударуға тиіс және ол оқушы үшін түсінікті, тартымды қызықты, болуы тиіс. Қолданбалы курстар бағдарлы курстарды терең игеру үшін оларға қосымша ретінде қалануы, көтеріңкі деңгейде, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асырылуы үшін құрылуы мүмкін. Оның көмегімен бағдарлы пәндер бойынша тереңірек білім беру үшін материалды қарастыруға болады. Тереңдетілген курстар бағдарлы курстың қандай да бір бөліміне тереңірек тоқталуға мүмкіндік береді. Алайда қолданбалы курстар бойынша өткізілетін сабақтар міндетті оқудағы үлгермеген материалды оқуға арналмауы қажет. Қолданбалы курстарды оқыту әдістемесі оқушылардың ой еңбегі мен өз бетімен білім ала білу дағдысын дамытуы тиіс. Қолданбалы курстарды игеруі барысында оқушының әртүрлі қайнар көздерді: оқулықтарды, оқу құралдарын, энциклопедияларды,электрондық оқулықтарды  және т. б пайдалануына мүмкіндік туғызу қажет.

Оқу жоспарының вариативті компоненті   ретіндегі қолданбалы курстарға қандай талаптар қойылады?

1.Оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, талабын басты назарда ұстауы.

2.Ең басты назар бейіндік бағытты басшылыққа ала отырып жасалауы.

3.Оқушылардың болашақ кәсіби іс-әрекеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерге сүйенуі;

4.Оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталуы

5.Оқушылардың саналы түрде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беруі;

6.Оқыту барысында  ішкі бағдарлы мамандандыру үшін жағдай жасауы;

7.Оқушыларды теориялық тұрғыдан негізделген оқытуға  сәйкес практикалық іс-әрекетке тарту;

8.Оқушылардың танымдық дағдыларын жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлауы;

9.Базалық курстар мен қолданбалы курстар арасындағы сабақтастықты орнықтыруы;

10.Оқушылардың қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесінде қолдана білуіне жағдай жасауы;
11.Өзгермелі қоғам жағдайында оқушының әлеуметтенуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне мүмкіндік туғызуы

Оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны, яғни қолданбалы курстардың бағдарламаларына енгізілетін білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:

Мазмұнының толымдылығы,

Курс материалдарының  жаңашылдығы

Ғылыммен байланыстылығы

Практикалық  жағының нақтылығы

Оқу материалдарының жүйелілігі

Қорыта келгенде,жоғарыда айтылған талаптарға сүйене отырып дайындалған жағдайда ғана ұсынылатын қолданбалы курстар өзінің негізгі мақсат міндеттерін  дұрыс орындап, мектеп бітірушілерді өз бетімен ізденіп білім алуға талпындырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді, ғылымның, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандықты таңдауға бағыттайды деп есептейміз.