Құрметті Жамал Ағабдолдақызы!

«Өрлеу» білім ғылым технология порталы   Сізді  мерейлі 60 жасқа толған  туған күніңізбен шын жүректен    құттықтайды!

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде  Сіз   бар саналы  ғұмырыңызды арнадыңыз. Мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіннен бастап, мектеп бітіруші жас түлекке дейін, еңбек жолын бастаған жас маманнан тәжірибесі толысқан шебер ұстазға дейін сан қырлы парасатыңыздың арқасында тәрбиелеп келесіз.

Сонымен бірге егеменді еліміздің туын биікке желбірететін ел қалаулысы болып келесіз. Бұл Сіздің қажыр-қайратыңыз бен іскерлігіңіз.

          Сіздің ұстаздық біліміңіздің  негізі мен еңбекқорлығыңыз қанмен  берілген тектілікте,адамгершілік қасиеттеріңіз терең біліміңізде  жатыр.

Құрметті Жамал Ағабдолдақызы ! Осынау қуанышты күніңізде Сізді шын жүректен құттықтап, бүгінде  Адал жар, Аяулы Ана, Сүйікті Әже, Ұлағатты  Ұстаз бола білген еңбекқорлығыңыз,білімділігіңіз, кішіпейілдігіңіз үлкенге– үлгі, кішіге – өнеге екендігін айтқымыз келеді.

Сізді тағы да мерейлі   60 жасыңызбен  құттықтап,  отбасыңызға амандық-саулық, өміріңізге  қажымас қайрат, мол қуат,  еліңізге  абыройлы, жақындарыңызға ардақты, ортаңызға мейірімді қалпыңызбен   жүре беріңіз деген  ақ тілегімізді  білдіреміз.

 

     Ізгі тілекпен,  

 «Өрлеу» білім ғылым технология порталының директоры

                                                                                                     Ж.Көшкімбаев                         

2017 жыл 24 маусым