«Мерейі    — асқақ Астанам !»

 

Қаратау технология ,білім және бизнес колледжі  акт залында  «Мерейі    — асқақ Астанам !»

атты  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Аталмыш іс-  шара     «6-шілде    Астана күні  құрметіне орай  ұйымдастырылды .

Дөңгелек  үстелді    ашқан   колледж   директоры   Е.М. Әнетбаев  мырза      оқытушыларды  және  дөңгелек  үстелге келушілерді     -Астана күнімен  құттықтап,  Астана  қаласында  өтіп жатқан  EXPO   -2017  Халықаралық көрмесіне  баруға          және      оқытушылардың   жазғы  демалыстарын      тиімді  өткізіп,  қайтуларына    шын     жүректен тілектестігін білдірді

Дөңгелек үстел   өткізуге      бастамашы           директор    оқу және тәрбие   ісі жөніндегі орынбасары  Жылбаева  Б.А.  аудандық  әкімдік    ішкі саясат бөлімінің  келісімі      бойынша     жоғары  деігейде          өткізілуіне   тілек білдірді.

Оны  ұйымдастырушылар осы  жолдардың авторы мен     «Арнайы пәндер »   циклы информатика пәні оқытушысы Сүлейменова  Айгүл    Алтынбекқызы  болды.

Тарих пәні оқытушысы   өз баяндамасын   Н.Ә.Назарбаевтың           «Астана –бұл менің  төл перзентім…»   деген жүрегінен шыққан  сөздерінен  бастап,  Қазақстан астанасы  Ақмолаға  1997 жылы 10  желтоқсанда     көшірілгені турасында, ал жаңа астананы  таныстыру  рәсімі 1998    жылы 10 маусымда   болғанын        тарихы туралы  егжей-тегжейлі  баяндап өтті.

Астана  не  себепті таңдап алынғаны турасында     тұжырымды  сөздер   айтты.        1998 жылы  тұсаукесер өткізіліп,    жалпы Қазақстан халқының     рухын көтерген   аса    маңызды     оқиғаға    19 жыл толғаны айтылды.     Астанада    қазіргі  уақытта «Әлем  көз тіккен EXPO   -2017»Халықаралық мамандандырылған көрмесі    өткізілуде,     Колледж     түлектері  Ахметова Ханумхас пен        Қарымсақ Майра    жыр -шашулар айтты.

Сүлейменова   Айгүл  осы   дөңгелке  үстел  тақырыбына байланысты     слайд –шоу         көрсетілімін  ұйымдастырды.

Директордың     оқу және  өндірістік  жұмыстары  жөніндегі орынбасары  Гүлстан    Оразбек      оқытушыларға  және   білімгерлерге «Астана қаласының        еліміздің  жастары  баратын  нағыз арман  қала  екендігі,онда   үлкен  үлкен маңызды  іс — шаралар  өткізілетіні турасында       толымды пікірлер     айтты.     Колледж   оқытушылары     мен   студенттері    кеңінен қатысып, аталмыш   іс- шара   жоғары деңгейде өтті.   Әндер шырқалды,  видеороликтер  көрсетілді.

 

Алима Джумабаева

 Қаратау технология,білім және бизнес колледжі   оқытушысы,

Қаратау қаласы.