Мен  көрген  «Бөріқазған» мен  «Тәңірқазған»…

 

 

«Туған жерге ,оның  мәдениеті     мен    салт –дәстүріне   айрықша   іңкәрлікпен   атсалысу  -шынайы  патриотизмнің маңызды көріністерінің  бірі».

                                                                         Н.Ә.Назарбаев

 

Шілде    айы ….Нағыз  жаздың     ортасында  алыстағы    оңтүстік астанадан —   Алматыдан    ғалымдар келді.

Ол кісілерді қызықтырған   Жамбыл облысында  ,Талас ауданының     Қаратау  жоталарында    орналасқан    «Бөріқазған» мен  «Тәңірқазған»  тұрақтары еді.

 

Мен тарихшымын. Қоғамтанушымын.   Қаратау технология,білім және  бизнес коллеждінде   сабақ  беретін оқытушымын,  есіме осыдан отыз жылдай  бұрын   шілде  айында  болған  оқиғалар  түсіп отыр.

1986 жылы   С.М.Киров атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің     тарих  факультетін    бітіргенмін.

Осындай    шілде   айында ,  мен  1986   жылы  Каз МУ-ді бітіген кезімде «мен     Жамбылға     бармаймын,анам  сұрауы   бойынша  өзім  туып өскен Оңтүстік Қазақстанға  барсам»      деген болатынмын.

Мені   тыңдап алған соң   академик  Өмірбек     Арыстанұлы  Жолдасбеков     аға        «  ….жолдама  жазылып,қойды. Біз  тарихшыларға  сұраныс  болып жатқан    жаққа    — Жамбылға    бара  берсейші! »  деді  ректор.

Академик Ө.А.Жолдасбеков   аға   өзі    жолдаған еді , сол кісінің     өзі  шынайы  ақ  батасын  берген-ау ,  Жамбыл облысындағы    қызметім,  мәнді   де есте қаларлықтай     болып,  оқушылардың    және   студенттердің    сүйікті     апайына айналып,     мол  ризашылыққа  бөленіп  жүргендіктен  өзімді    бақытты      оқытушымын     деп  ойлаймын.         Менің,   Жамбыл облысында       тарих пәні оқытушысы  болып келе жатқаныма  , отыз  жылдан асты.  Адам негізі  ,  асқан    үлкен  қалаларда  тұрмаса да   өзін  бақытты    сезінеді екен  ғой…

Ал, жақында  екінші  академикті    көргеніме   өте бақытты    болған едім,

деп  Қаратау     қаласында  қызмет еткелі    20 жылдан  асты,    ал менің арманым   —  мектептің   оқушыларына   арнайы    жазылған   кітаптарда     кездесетін ,  және     адамзаттың  алғаш  табаны  тиген ,     бір  миллион   жыл  бұрын     алғаш  адамдар   мекен еткен      палеолиттік     тұрақтарды   өз  көзіммен     көру  болатын.

Мұндай  идея   — Алматыдағы    Қ.И.Сәтпаев атындағы    Қазақ Ұлттық техникалық университетінің    геология-минералогия ғылымдарының   докторы,  профессор , академик  Әділхан Байбатша    мырза  мен  философия  докторы     Ерқожаға   да ұнаған сияқты.          ЖОО  -ның   студенттеріне  арналған    оқулықтарда      жазылған   тарихи  атаулары   —    «Бөріқазған» мен  «Тәңірқазған»  тұрақтарын көру үшін арнайы  келіпті.

Менің осы    Қаратауда  қызмет еткелі бергі   арманым,  палеолиттік      тұрақтарын         бір  рет   те  болса     көріп,    танысу  еді.

Сол арманым  осы  шілдеде  жүзеге асты.

Айтпақшы,      айта кететін    жайт    ғалым  кісілер  менің  «Алматы ақшамы »    газетінің  2013 жылы    жазылған      «Тарих туралы ойлар »  атты      мақаламды оқып,      сол мақаладағы       айтылған  жайттарға  ерекше  қызығушылық танытып,    алдын ала  менімен  хабарласты. Мен   сол  жаққа  ғалымдармен   баруға  қуана- қуана келістім.

Алыстан   шетелдік  көлікпен келген ағайларды  үйге шақыра алмадым,    пәтерім   қазіргі заманғы    сай   жөндеу  көрмеген ,  сондықтан   мейрамханаға    бардық,мұражайға бардық. Музейде     Қарабаева  Камшат     бізді    жылы   шыраймен қарсы алды,   және бізге   тұрақтарға  бастап  баратын  жол  бастаушы  да  тауып  берді.  Біздің  жолымыз Қаратау  қаласынан    солтүстік- батысқа     қарай  жалғасты.

Бұралаң- бұралаң  жолдар ,   кең  далада     тұрақтарға  апаратын    жол да  жоқ  екен.

Малшылардың     машиналарының    іздері   ғана  бар.

Палеолит  тұрақтары    «Бөріқазған»  тұрағы    кең    алқап    болып  шықты.   Малшылар    жылқылары емін- еркін     жайлап,  алыпты.Тіпті келе жатқан көліктерге     назар аудармайды, қорықпайды.

Палеолит  заманынан    қалған  еш бір   белгі  байқалмады. Тіпті  қойылған  белгіні  де  біреулер алып  кеткен  екен.

Алайда,  6-сыныпқа    арналған  «Ежелгі     Қазақстан тарихы»  оқулығындағы  « алғашқы адамдар   өміріне»    арналған     суретші     салған   сурет  бар ,  сол    суреттегі    пейзаж     біз көріп  тұрған      ашық алаңқайды     дөп   еске  түсіреді.

Ендігі  бағытымыз  «Тәңірқазғанды»  көру,   айтпақшы келген    қонақтар геологтар       болғанымен, Әль –Фараби   секілді     энциклопедист      ғалымдар  болып  шықты.

Әрбір  тастың    сырын  біліп  , кремний  сияқты тастарды  көрген     кезде      қызықты     әңгімелер айтқаны да есте   қалды.

Елбасы «Болашаққа  бағдар : рухани  жаңғыру»  атты мақаласында  «Қазақстанның   қасиетті жерлдерінің мәдени  географиялық  белдеуі-неше  ғасыр  өтсе де бізді   кез -келген  рухани   жұтаңдықтан  сақтап, аман   алып  шығатын символдық      қалқанымыз  әрі  ұлттық  мақтанышымыздың  қайнар  бұлағы»  деген     сөздерін  оқи отырып,    Елбасы тура  осы  бір палеолиттік  тұрақтар туралы  да  айтып отыр  деген   ойларға     келдім.

«Тәңірқазған»   тұрағы  таулы   шоқыда  орналасқан екен, оған  жету  өте  қиын болды.   Автомобильде отырғанда     бір  жағына  аударылып қала ма  деген    қорқыныш та  болды.

Бірақ,  Тәңірдің  өзі   бізді  қорғады  -ау  деймін.

Айтпақшы,   тұрақтар аты да  қызық  қой,    «Бөріқазған »  мен    «Тәңірқазған»     деп аталады.

«Тәңірқазған»   басында  қатты  жел  соқты,   бәлкім  ол   алғашқы  ата- бабаларымыздың  өздері  мекен еткен  тұрақтарға    еш бір   қамқорлықтың     болмай  жатқаны  мен  қоғамдағы   көзі ашық адамдардың      тас  керең  болып  көңіл  бөлмей  жатқанына  деген  өкпесі ме     екен ?

Әділхан      Байбатша  айтты:   «Біз   барған      Кениядағы  алғашқы  адам  табылған –Килиманджаро   тауындағы      Олдувэй  шатқалына    туристер ағылып     бүткіл  әлемнен     келіп, кетіп  жатыр,   ол  жаққа   жол  да салынған,  қонақ   үй  де   бар,     туристер де  көп»  деді  академик,  геология-минерология ғылымдарының  докторы  ,профессор  Әділхан Байбатша  мырза.    Тұрақтарды    табу  да  қиын, жету де   оңай  шаруа емес  екен,     «Тәңірқазған»  тұрағын    осыдан    60   жыл   бұрын  Хасен  Алпысбаев    атты  ғалым  зерттеп,  5000  -дай      еңбек  құралын     тапқан екен.

Ал,    қазіргі  халі…әттеген –ай  дегізгендей  ме  ,   қалай?

Айтпақшы,   менің  қызым  Кокушева Маржан   да   барды.   Ол жақта  көргендеріне  қатты қызықты.

Алматы қаласынан келген   қонақтар  жалпы,   өздері  діттеген  мақсаттары   орындалғанына    риза  болды,    Қаратауға қайтып    келе жатқанда,  Қ.И. Сәтпаев втындағы    Қазақ Ұлттық  Техникалық университетінде  құрылған   «Дос -Мұқасан»  ансамблі биыл    тура алпыс жылдығын   тойламақ екен,  осы ансамбль    туралы  қызықты  әңгімелер айтты.   Ал, Қаратауға  жақындағанда      жас  қонақ   Ерқожаға   «Жартас»  көлі  ұнағаны  білінді.

Ал, Ахмет Байтұрсынұлы  көшесінде келе жатқанда   Әділхан Байбатша аға :   «Мен Алматыда жүргендеймін,    мен Алматыда Ахмет  Байтұрсынұлы  көшесінде  тұрамын ғой»  деді.

Ағайлармен    қимай қоштастық.

Эпилог:

Мен   бұл мақала  арқылы  айтқым келетіні ,аттарының  өзі    керемет  осы  бір     үлкен     мекендер      аудан мен  облыс ,тіпті республиканың  қамқорлығына  бөленсе ,  туристер келетін     тарихи орындарға   айналып,    қамқорлыққа  бөленсе,  және       еліміздің      тарихи  орындарына  деген  қамқорлық шын мәнінде     жүзеге    асса  дегім келеді.|Биыл   ЕХРО -2017  өтуде , осындайда  еліміздің  тарихи жерлері  көп  болған сайын   ,  келген    қонақтарды   тарихи  жерлерімізбен     таныстырсақ    құба -құп еді  деп ойлаймын. Ол үшін   ең бастысы    тарихи орындарға   деген   үлкен қамқорлық , үлкен   қолдау  қажет деп ойлаймын.

 

 

 

Алима Джумабаева ,

Қаратау  технология,білім және бизнес колледжі тарих  пәні  оқытушысы, Қаратау қаласы, Жамбыл облысы.