Есимова Жамила Керімчеқызының   2015- 2016-2017ж есебі технология пәні бойынша

2015 жылы кезекті еңбек демалысым біте салып,шілде айында Алматы қаласында өткен халықаралық информатика пәнінен  пән олимпиядасына бірнеше мемлекеттен  шетелдік дарынды,талантты  оқушылар, жетекшілер және қонақтар келді.Келген шетелдік қонақтар мен олимпиадаға қатысушы оқушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын,өнерін,қолөнерін,ұлттық ойындарын,салт-дәстүрін насихаттау барысында 29-30 шілде  аралығында Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы маңындағы «Алтын адам» табылған жер «Түрген аңғарында»  Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен  бірнеше аудандардан  сән-салтанатымен безендірілген киіз үйлер, «шеберлер  ауылы» шатырлары тігіліп,ұлттық қолөнер бұйымдарынан сатылым көрме  ұйымдастырылды.Сол көрмеге қатысып,киіз басудан шеберлік сыныбын көрсетіп,келген қонақтардың ризашылығын алдым.Тамыз айында Астана қаласында өткен Еуразиялық дизайнерлер Одағының  төрағасы:Е.С.Асылхановтың ұйымдастыруымен откен семинарда осы аталған ұйымға мүше ретінде қабылданып,мүшелік №219 билетті алдым.2015 жылдың 1-қыркүйегінде яғни «Білім күні» Ақтерек орта мектебінде Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзін ала отырып «Шығармашыл тұлға-өзі үйрене жүріп,өзгені де үйрете алады»  деген тақырыпта ауылымыздың  ата-аналарына келген қонақтарға  арнап оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырдым. Мұндағы мақсатым:Ата-аналарымыз, бір кездері ескінің көзі деп қараған ұлттық қолөнерімізді дамыту,жетілдіру ,қыз балаларымыздың бойына сініру.Ауылымызда қыз балаларды қолөнерге баулу дурыс жолға қойылғанын,атадан-балаға мирас болып қалған қолөнерімізбен сусындап өсіп келе жатқанына дән риза болды.  Қыркүйек айының 18-де «Өрлеу»ҰБАО АҚ филиалы АОБПҚБАИ,Тәрбие және тұлғаны әлеументтендіру кафедрасының аға оқытушысы М.М.Жалелов мырзаның ұйымдастыруымен Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылы №20 Түймебаев атындағы орта мектебінде өткен «Сумоншақпен жұмыс істеудің негізгі әдістері» атты дөңгелек үстелге қатысып, «Өнерлінің алтыны қолында,байлығы жолында» тәжірбие алмасу барысында  шеберлік сыныбын өткізіп,әріптестерімнің ризашылығына бөленіп  грамотамен  марапатталып және сол дөңгелек үстел соңында облыстың бес ауданынан қатысқан бірнеше мұғалімдер Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталы Білім беру саласында айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен мараппаталып қайттық.2015 жылдың 29 қыркүйегінде Талдықорған калалық ардагерлер кеңесі облыстық көркемөнер галереясымен бірге «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»тақырыбында тарихи-мәдени құндылықтарды ұлттық салт-дәстүрлерді,Қазақ хандығының-550 жылдығын насихаттауға бағытталған іс-шараларды орындау барысында қолөнер шеберлерінің «Шебердің қолы алтын» көрме байқауына қатысып.1-орын иеленіп Алматы облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталып ел ризашылығына бөлендім.2015 жылдың қазан айының 11-12 деАлматы қаласы «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы АОБПҚБАИ,Тәрбие және тұлғаны әлеументтендіру кафедрасының аға оқытушысы М.М.Жалелов мырзаның шақыруымен технология пәнінің курс тыңдаушыларына «Жүн өңдеу» бойынша шеберлік сыныбын көрсетіп қайттым. 2015 жылдың 23-24 қазан аралығында «Ғылым,білім және инновациялар-«Қазақстан-2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары атты халықаралық ғылыми практикалық конференция І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде жоспарланып өткен еді.Сол конференцияға алыс-жақын шетел қонақтарына және конфернцияға қатысушыларға қолөнер көрмесі ұйымдастырылды,осы көрмеге өз үлесімді қосып,жүн бұйымдарын қойдым. «Мәдениет саласындағы мектептегі «технология» пәнінің маңызы атты ғылыми мақаламды конференцияға қатысушылар алдында оқып,өз тәжірбиеммен бөлісіп,ұсыныс,пікірімді білдірдім және «Инклюзивное образование:проблемы,поиски,решение»атты дөңгелек үстелге қатысып қайттым.Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балаларға  инклюзивті білім берудегі  проблемаларды шешу,кадрларды даярлау және әлемдік озық әдіс-тәсілдерді қолдану деген сияқты көптеген мәселелер талқыланды.Бұл конференцияға Ресей,Чехия,Польша,Түрік және т.б. алыс-жақын шетелдерден және Республикамыздың барлық жоғары оқу орындарының оқытушылары,ғылым докторлары мен профессорлары, педагогика ғылымдарының кандидаттары,магистрлар мен мектеп мұғалімдері қатысты.Ғылыми мақалам 3-томдық ғылыми материалдар жинағының 2-ші томына шықты және сол І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінің бас корпусында қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып,сол көрмеге де өз үлесімді қосып келдім. 2015  жылдың 29 қазанында мектепішілік «Алтын күз» атты 5-7 сыныптар арасында  және 30 қазанда 8-11 сыныптар арасында  күзгі бал мерекесі  өтті.Бұл мерекеде оқушылар технология пәнінен алған білімдері мен шеберліктерін көрсете білді. 31 қазанда 8А сыныбында «Кесте өнері» атты ашық сабақ өз дәрежесінде өткізілді.Қараша айының 5-де аудандық «Зерде»ғылыми практикалық конференциясына 6Ә сынып оқушылары:Мұхан Асемай мен Тәңірберген Мерей «Моншақтан жасалатын әшекей бұйымдардың технологиясы» атты өз жобаларын ұсынғаны үшін 3-орын иеленді.Қарашаның 6-шы жұлдызында аудандық «Дарын» ғылыми практикалық конференциясына 10Ә сынып оқушысы:Болатбек Аружан  «Көйлекті модельдеуде ұлттық ою-өрнекті қолдану» атты өз жобасын ұсынғаны үшін2-ші орын иеленіп облысқа жолдама алып,желтоқсанның 9-да Талдықорған қаласында  өткен облыстық «Дарын» ғылыми практикалық конференциясына қатысып келді.2015 жылдың қарашаның 6-шы жұлдызындағы №45(5777)аудандық «Атамекен» газетіне шәкіртімнің бірі 11-сынып оқушысы Болатқұл Қымбат «Ұлағатты ұстаз» атты ұстазы жайлы толғанған жүрекжарды мақаласы жарияланды. 11 қарашады технология пәні мұғалімдері шәкірттеріміздің жасаған бұйымдарынан аудандық «Оқушылар шығармашылығы-2015» көрме байқауына қатысып,көрермен көзайымына бөленіп аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталып қайттық.2015 жылдың қараша айының 18 жұлдызында  Алматы қаласы Зенков көшесі 24.Әскер үйінің Мәрмәр залында Қазақстан Республикасының «Әскери-тарихи мұражай»қоғамдық қоры «Неvi» қазақ –күрд  достық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих жаңғырығы» атты көрмесіне қатысып қайттым.Бұл көрмеге қатысуымның себебі:Алматы қаласы «Сымбат»сән академиясының 4-курс студенті,менің дарынды,талантты шәкіртім Қазақстан жас суретшілер Одағының мүшесі,академияның мақтанышы,президент степендиясының иегері,болашақ дизайнер: Мамыт Айкерімнің суреттері және жеке топтамаларының көрсетілімі болды осыған арнайы шақырылдым.Көрмеден үлкен әсер алып,шәкіртімнің алдағы уақытта биік белестерді бағындырарына  көзім жетіп,марқайып қайттым.Шәкіртім «Тарих жаңғырығы атты каталогын сыйға тартты. Қарашаның 28 жұлдызында 7Ә сыныбында «Құрақ өнері» атты ашық сабақ өткізілді.2015 жылдың 11 желтоқсанында Талдықорған қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұрпаққа аманат» атты Республикалық сәндік қолөнер және бейнелеу өнері көрмесіне қатысып «Жүн өңдеу» номинациясы бойынша шеберлік сыныбын көрсеткенім үшін 1-орын берілді,Жамбыл ауданы Ақтерек орта мектебі Республикалық көрмеге қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.Республикалық көрмеге қатысқанымды айғақтайтын сертификат және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрменің каталогына жүннен жасалған бұйымдарымның суреттері енді.

2016 жылы қаңтардың 29-да «Алматы облысының білім басқармасы»ММ «Әдістемелік кабинеті»МКҚК  ұйымдастыруымен  Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Л.Толстой атындағы орта мектепте  «Технология пәнін оқытудың дидактикалық ұстанымдары» атты аймақтық тәжірбие алмасу семинарында әріптестеріме  «Жүннен бұйым жасау технологиясы» атты шебер сынып сабағын өткіздім.

2016 жылдың 06 ақпанында Іле ауданы Байсерке ауылындағы №28 мектеп гимназиясында   атты облыстық семинар өтіп , тәжірбие алмасу барысында  «Жүннен берет жасау технологиясы» шеберлік сыныбын көрсетіп,әріптестерімнің алғысын алып алғыс хатпен   марапатталып,семинарға қатысқанымды растайтын сертификат иеленіп қайттым.2016 жылдың 16 ақпанында Алматы қаласында технология пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық  апталық курс өтті.Курс атауы: «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында кәсіптік оқытудың тұжырымдамалық негіздері» Осы курсқа

Алматы қаласы «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы АОБПҚБАИ,Тәрбие және тұлғаны әлеументтендіру кафедрасының аға оқытушысы М.М.Жалелов мырзаның шақыруымен технология пәнінің курс тыңдаушыларына «Жүн өңдеу» бойынша шеберлік сыныбын көрсетіп  қайттым.2016 жылдың ақпанның 24-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы  «Ломоносов атындағы ОМ «Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдері» атты технология пәні мұғалімдері үшін аудандық семинар өтті.Осы семинарға шақырту алып әріптестеріме ауданаралық тәжірбие алмасу барысында өзімнің 12 жыл бойы үзіліссіз «Дарын», «Зерде», КҒА ғылыми жобамен оқушы дайындап,оқушыларымның жеткен жетістіктерін айтып өтіп,тәжірбиеммен бөлісіп,соңында «Жүн бұйымдары»тақырыбында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бұйым жасаудың шеберлік сыныбын көрсетіп әріптестер ықыласына бөленіп қайттым.2016 жылдың наурыз айының 04 жұлдызында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Біләл Назым атындағы ұйғыр ОМ өткен облыстық «Қазақ қолөнері» атты семинарға  Панфилов аудандық білім бөлімінің технология пәні мұғалімдерінің әдіскері: Ғалымжан Қалиұлының шақыртуымен

барып,тәжірбие алмасу барысында «Жүннен байпақ жасау технологиясы» бойынша шеберлік сыныбын көрсетіп әріптестер ықыласына бөленіп қайттым.

2016 жылдың сәуір айының 14-жұлдызында  IV-мектепішілік «Сән шеруі» байқауы 6-11 сыныптар арасында өтті.22-сәуірде 5А;Әсынып қыздарының  арасында «Әдемі-ай» атты мектепішілік байқау қыз балаларды сұлулыққа,әсемдікке,шеберлікке баулу мақсатында өтті.

2016жылы мамыр айының 13 жұлдызында облыс  орталығы Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ата кәсібі-бала нәсібі» атты

 жеке қолөнер көрмесін өткіздім.жеке көрмені өткізудегі мақсатым: болашақ ұрпаққа ұлттық қолөнерімізді дәріптеп,насихаттау.

Ендігі өзімнің  алдыға қойған мақсатым:жылда дарынды,талантты шәкірттер тәрбиелеп,үлкен-үлкен көрмелерге қатысып,халқымның абройы үшін еңбек етемін деген ойдамын.

2016ж 07.06. №64(17145) «Огни Алатау»газетіне «Чудо-войлок Жамили» атты О.Кременцованың мақаласы шықты.

2016-2017 оқу жылы басталды.қараша айында аудандық кіші ғылым академиясына  11Ә-сынып оқушысы Болатбек Аружанды «Жібек матадан «нуно» технологиясын қолдана отырып,ұлттық нақышта орамал жасау» атты жобасын ұсынып нәтижесінде 1-орын иеленіп облысқа жолдама алды.

2016 жылы желтоқсанның  9-да  Талдықорған қаласында  бейнелеу өнері ,қолөнер шеберлерінің қатысуымен ЖОО және ОМ мұғалімдері мен оқушылар және студенттер арасында өткен  ҚР-ның 25-жылдығына арналған халықаралық «Ұрпаққа аманат» атты көрме байқауына  дарынды шәкіртім 11-сынып оқушысы Болатбек Аружанды қатыстырып,екеумізде сол байқауда шеберлік сыныбын көрсеткеніміз үшін  арнайы сертификат және 2-3 орын дипломымен марапатталып қайттық.

2017 жылы  көктемде  облыстық КҒА-на жолдама ала тұра бара алмадық себебі; ауданнан хабарлама келмеді.

2017 жылы мамыр айының 17-18 аралығында  Алматы қаласында  Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен  «Сымбат» сән академиясының 70 жылдығына байланысты өткен III халықаралық «Creative World» байқауына  қатысып,өздері жасаған көйлектерімен  7 мемлекет арасында өткен  байқауда топ жарып  3-орын иегері атанды олар төмендегі оқушылар

9А сынып оқушысы: Аманкелді       Нұрай

8Ә сынып оқушысы: Сүйін                Мөлдір

7А сынып оқушысы: Нұрқасымова  Дана

7Ә сынып оқушысы: Мұқан              Асемай

7Ә сынып оқушысы: Тахат                 Мария

7Ә сынып оқушысы: Тәңірберген      Мерей

2017 жылы 18 мамырда «Сымбат» сән академиясында өткен  Италия елінен келген сол мемлекеттің сән негізін қалаушылардың бірі Стефано Секоли,Бернардо Паолидің  «Секреты успеха дизайна одежды в Италии», «Как создать свой бренд» тақырыбында өткен семинарға қатысып арнайы сертификат алып қайттым.