Мұғалімнің

атыжөні

Алдиярова Рахат №172 жббм
28.11. 2016 ж Қазақ тілі 7-сынып  
Сабақ атауы Белгісіздік  есімдігінің түрленуі
Сілтеме Оқулық, интернет, қазақ тілі дидактикалық материалдары.
Жалпы мақсаты Белгісіздік есімдігі, оның жасалу жолы, өзіндік ерекшелігі, түрленуі туралы түсіндіру; Өзіндік ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже Белгісіздік есімдігі мен оның жасалу жолы туралы түсінеді; Өзіндік ойлау белсенділігі мен  шығармашылық қабілеттері дамиды.
Негізгі идеялар Белгісідік есімдігінің түрленуі.
Тапсырмалар  Жеке, жұптық, топтық
Әдіс-тәсілдер Ой қозғау, көру диктанты, семантикалық карта, үлестірмелі карточка.
Ресурстар Оқулық, дәптер, интерактивті тақта, А4 парағы.
 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты Мұғалім  іс-әрекеті Оқушы  іс-әрекеті
 

10 минут

Кіріспе.

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуларын тексеру.

Топқа бөлу.

Бас, жүрек, қолды таңдау арқылы 3 топқа бөліну.

 Үй тапсырасын сұрау

104-жаттығу. «Өз ертегім» тақырыбында жазылған әңгімелерін оқу.

1-топ: Әңгімені оқып, жіктеу, сілтеу есімдігін анықтау.

2-топ: Әңгімені оқып, сұрау, өздік есімдіктерін анықтау.

3-топ: Әңгімені оқып, ертегі дегеніміз не?

Көру диктанты (Достар туралы жыр)

Оқушылар сәлемдесіп, сабаққа қатысуды айтады.

Бас, жүрек, қолды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасына берілген 104-жаттығу бойынша құраған әңгімелерін оқып, әр топ өздеріне тиесілі есімдіктерді анықтайды. Ертегі туралы мәлімет береді. «Достар туралы жыр» әнін көру диктанты арқылы анықтап жазып есімдіктердің жасалуына тоқталады.

  5 минут

 

 

 

 

Тұсау кесер

Ой қозғау

Сөйлемдер арқылы белгісіздік есімдігінің түрленуіне тоқталу.

1. Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған.
2. Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол…
3. Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап.
4. Әсемпаз болма әрнеге.

Оқушылар берілген сөйлемдермен тынысып, есімдік түрлерін анықтайды. Жасалу жолына назар аударады.

 

 

20 минут

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Слайд-шоу (белгісіздік есімдігі туралы мәліметтер беру)

Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді нақты емес, жорамалдап нұсқау, меңзеу мағынасында көрсететін белгісіздік есімдіктері көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдайды.

Семантикалық карта

Мысал Көптік Тәуелдік Септік
Әрқайсысының      
Біреулер      
Әлденең      
       
       
       

 

Оқулықпен, дәптермен жұмыс

1-топ: 105-жаттығу. Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерге мән беріп, талдап, түрленуіне тоқталып өтіңдер.

Әркіммен – түбірі әркім, -мен көмектес септік жалғауы; біреуден – түбірі біреу,-ден шығыс септік жалғауы; Кейбіреулер – түбірі кейбіреу, -лер көптік жалғауы; біреуге – түбірі біреу,-ге барыс септік жалғауы.

2-3 топ: 106-жаттығу. Есімдіктерді көшіріп жазып, мағыналарына қарай топтаңдар. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуіне назар аударыңдар.

2-топ: ол, осы, кейбіреулеріне, бұл, қайда, бірдемені, бұ, соны, әлденеше, әлдене, ешкім.

3-топ: әркім, өз, қалай әрқайсысына, әлдене, ол.

107-жаттығу.Төмендегі есімдікті пайдаланып сөйлем құрап, морфологиялық талдау жасаңдар.

1-топ: мен, бұл, қандай.

2-топ: сен, өз, біреу.

3-топ: ол, сол, әлдекім.

Слайд арқылы белгісіздік есімдігінің түрленуін жоғарыдағы пікірлерімен салыстырып, бірнеше оқушы слайдтан оқып береді. Семантикалық картаға белгілейді. Жаттығу жұмыстарын орындайды.
 

5 минут

ІҮ. Білімді жинақтау және жүйелеу

Үлестірме карточкалармен жұмыс (жұптық жұмыс)
№1. Берілген белгісіздік есімдіктерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
1. Біреу: ______________
2. Кейбір: _____________
3. Бірнеше: ____________
4. Әрбір: ______________
5. Әрқашан: ___________

6.Әлдебіреу: ___________
№2. Берілген белгісіздік есімдіктерді тәуелдеңіз.
әрбір кейбіреу әрқайсысы
Біздің ________ _________ _________
Сендердің _______ _________ ______
Сіздердің _______ _________ _______
Олардың ________ _________ _______
№3. Берілген белгісіздік есімдіктерді септеңіз.
Атау: әркім біреу әлдене
Ілік: ________ ________ _______
Барыс: ______ ________ _______
Табыс: ______ _________ ______
Жатыс: ______ _________ ______
Шығыс: ______ _________ ______
Көмектес._____ ________ _______

Үлестірмелі карточкалар арқылы жұптаса отырып жұмыс жасайды.
3 минут Рефлексия

Шульманның үш көмекшісі

 
 
 
Оқушылар Шульманның үш көмекшісі арқылы кестеге өз ойларын жазып қалдырады.
2 минут Үйге тапсырма. Ереже жаттау.

109-жаттығу. «Белгісіздік есімдіктерінің басынан кешкендері» тақырыбында ойдан шығарылған шағын да қызықты оқиға жазыңдар.  

Күнделіктеріне жазып алады.

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті

№ 172 жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Алдиярова Рахат