Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі және

міндеттері

Қылышбекова Гульмира Джомартовна

Педагог — психолог

Алматы облысы, Қарасай ауданы ,

« Үштерек орта мектебі »

 

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланы бірге тәрбиелейді.Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды.Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек.Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата — ана, ал ата — ана өмірінің жалғасы — бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым — қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші — көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып — соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек. Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жарым ырыс» деп бекер айтылмаса керек.Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз, тәрбие өмірдің әр сәтінде тіпті, сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз – осы іс — әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз балаңыздың көкейіне беймәлім жолмен жетеді, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», – дейді.Дегенмен де, ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті кейбіреулер қылмысқа да барады.Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді. Ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.Ең  алдымен үйде балаңыздың тұрақты жұмыс орны, жинақы үстелі, бойына шақ орындығы болуы, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс. Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу үстеліне жақын сөреде болғаны жөн. Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз үстелінің маңындағы көрнекі жерге  кестелер: сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыштар әзірлеген дұрыс.Бала мектептен шарашап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.Екінші ауысымда оқитындарға да ұйқы ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.Бала оқу еңбегіне әбден дағдыланғанша ерінбей, жалықпай, ұрсып зекімей шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсініп отыруына көмектесу, оның бірте-бірте өз міндетіне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік жасау керек.Бала өзіне парасатпен  қарағанды ұнатады және оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе,жекіріп бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ. «Баланы бастан» деген халық ғибраты айтқандай бастауыш сыныпта негізгі берік қаланған дағды өз жемісін берері хақ.

Оқушыны оқу еңбегіне дағдыландыру үшін оның оқу жұмысының  алдында мынадай ережелерді  іліп қою артық емес

 

  • Бөлмені желдетіп алу.
  • Компьютерді, теледидарды, телефонды қолданбау.
  • Ертең қандай сабақтар болатынын анықтап үй тапсырмасын күнделігіңе жазып қою.
  • Үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау.
  • Оқитын оқулығыңды, дәптер, қаламсабыңды т.б. ал да жазу үстеліңнің сол жағына реттеп қой.
  • Түзу отырып сабаққа кіріс.

Баланың тапжылмай ұзақ отырып алуы денсаулыққа зиян келтіреді. Әрбір тапсырманы орындап болғаннан кейін 10-15 минут бой жазып серігуі керек, бөгде бір іспен айналысуына да болады.Бірақ баланың оқуға ынта — ықыласын қалыптастыруға күнде көңіл бөліп отыру, тиісті уақытта тапсырма орындап, сабақ пысықтауға  отырғызып, оның нәтижесін қадағалау, күн режимін орындауды баланың дағдысына айналдыру  баласы мектеп табалдырығын аттаған барлық ата-ананың ортақ міндеті. Бала әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Петров  П.Е. «Бала тәрбиесі баршаға», «Мектеп» 1993 ж

 

  1. Мырзабаев А., Тұрбекова Н. «Ата-анамен жұмыс», «Рауан» 1993 ж