КГУ «Шульбинская средняя общеобразовательная школа»

«№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Тақырыбы:«Қазақстан суретшілерінің         шығармашылығы»

 Бағыты:    «Шығармашылық жоба»

                                              Жобаның авторы:

Куандыков Асет Раульевич

Джумадилова Сайрамгуль Гимарановна

 

Семей қаласы,2018ж

МАЗМҰНЫ

 

  1. Аннотация………………………………………………………

2.Кіріспе…………………………………………………………….

  1. Негізгі бөлім……………………………………………………

-Қазақстан суретшілерімен олардің шығармашылықтарымен таныстыру

-Қазақстан суретшісі А.Ғалымбаева туралы мағлұмат беру

  1. Қорытынды…………………………………………………….
  2. Әдебиеттер тізімі……………………………………………..
  3. Қосымшалар………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

Зерттеу  мақсаты:Қазақ халқының суретшілері туралы толық мәлімет беру, олардің шығармашылықтарымен таныстыру

Зерттеу міндеттері:

  1. Оқушылардың тіл байлығын,мәдениетін дамыту,танымдық қабілеттерін жетілдіру;

2.Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.

  1. Оқушыларды әдемілікке, сұлулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ,ой-өрісін, ойлау белсенділігін, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру
  2.  Патриоттык тәрбиені нығайту,оқушылардың бойында ұлтаралық және этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру.

Зерттеу жаңашылдығы мен өзектілігі: Оқушыны  жеке тұлға ретінде қалыптасып,қазіргі заман талабына сай білімді,білікті оқушы ретіндеқалыптасуына жол ашу. Бала бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, қазақ суретшілерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.оны үнемі алға жетелеп, оның талап- тілегін, сұранысын ескеру;шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;өз бетімен іздену- ойлауға жағдай жасау,өзін- өзі дамытатын жеке тұлға  қалыптастыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жаңашылдығы мен өзектілігі: Оқушыны жекетұлға ретінде қалыптасып,қазіргі заман талабына сай білімді,білікті оқушы ретіндеқалыптасуына жол ашу. Бала бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, қазақ суретшілерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.оны үнемі алға жетелеп, оның талап- тілегін, сұранысын ескеру;шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;өз бетімен іздену- ойлауға жағдай жасау,өзін- өзі дамытатын жеке тұлға  қалыптастыру;

 

Сурет салуды сүю – өмірді,табиғатты,айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл,ой,парасатын өсіреді,танымын кенейтеді,ізгілікке,әсемділікке үйретеді.Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп,жеріңе деген сүйіспеншілікке баулиды….

 

Өнер – өмір бұлағы,ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді,оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік,әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт.

Карл Маркстың мына тамаша қағидасын еске алайықшы,онда: -«Егер сен өнерден шын ләззат аламын десең,көркемдіктен тағлым алған адам болуың керек»,-дейды.Сондықтан біз халық өнерін,айнала қоршаған әсемдікті,сұлулықты жете түсініп,сүюіміз қажет,өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып,оқып-үйренуіміз қажет.

Өнер біздің қоғамда адамдарды,оның ішінде әсіресе,жастарды рухани,эстетикалық тәрбилеуде сенімді күшті құрал болып табылады.Өнер қашан да қамқорлықты,оған асқан жауапкершілікпен,жанашырлықпен қарауды қажет етеді.Жастарды көркемөнерді сүюге,адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

— Қазақстан суретшілерімен олардің шығармашылықтарымен таныстыру

 Николай Гаврилович Хлудов(1850-1935)1850 жылы 25 қарашада Орлов губерниясында дүниеге келген. Бастапқы көркемдік білімін Одесса мектебінде және Петербургтегі жекеменшік көркемөнер шеберханаларында алды.

Қазақстанға 1877 жылы келді. Басында сызушы, кейін Жетісу облыстық басқармаларында жерөлшеуші болып қызмет атқарады. Геолог И.В.Игнатьев, ботаник

А.Н. Краснов және профессор И.В.Мушкетовтар бастаған экспедиция құрамында суретші, топограф болып қатысты. Түркістан археолгтар үйірмесінің мүшесі, Жетісу бөлімінің орыс георафиялық қоғамдастығында құрылтайшы болды.

Ел, жер аралап экспедицияға қатысуы, мемлекеттік қызметі суретшіге қазақ халқының ерекшелігі мен рухының асқақтығын танытты, ұлттық салт-дәстүрінен, халықтың өмірінен өзіне көптеген мағлұматтар жинады. Осы мағлұматтар оның жұмысының негізгі тақырыбы болып табылады. Хлудовтың пейзаждарынан, портреттерінен, басқа да көптеген жұмыстарынан қазақ халқының тағдырын көруге болады. Және шығармаларының негізі қазақ халқына арналған. Ол өте білімді, ізденімпаз, алдына мақсат қоя білетін еңбекқор адам болатын. Суретшінің жұмыстары Мәскеу, Санк-Петербург, Бішкек, Алматы мұражайларында сақтаулы. Оның мұраларының маңызды бір бөлігі (211 жұмысы) Қазақстандағы орталық мемлекеттік мұражайында сақталған.

 

 Әбілхан Қастеев(1904-1973)Қазақтің үйгілі кескіндемешісі, график-суретші, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушыларының бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады.

Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродсийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге әкелген. Оның көптеген еңбектері бар:  «Қарындастың портреті»,  «Автопортрет», «Мектепте», «Түрксіб», «Жамбылдың портеті», «Ескі және жаңа тұрмыс», «Амангелді сарбаздары», «Жас Абай», «Жайлауда» т.б

 

Орал Таңсықбаев(1904-1974) (14.01.1904, Ташкент,-18.04.1974, Нүкіс)- кескіндемеші, КСРО халық суретшісі (1963), КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1958). Ұлты-қазақ. 1929 жылы Пенза көркемсурет училещесін бітірді. О.Таңсықбаевтың алғашқы шығармашылық кезеңіндегі еңбектеріне («Көш», 1931, Мәскеудегі Шығыс халықтары өнері мұражайы) композиция құрылымының монументтілігі тән. 1940 жылдары О.Таңсықбаев шығармаларының көркемдік шешімінен реалистік нақтылық басты орын ала бастады. «Туған өлке», «Шарба  құрылысында» атты пейзаждың картиналарында Кеңестік Өзбекстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын шынайылықпен бейнеледі. Бірнеше еңбектері қазақтың көркемсурет мұражайында сақтаулы.

 

Әубәкір Ысмайылов(1913-1999)(1913 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданы)- қазақ кескіндемешісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстан КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960).1928 жылы Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, 1932 жылы Вхутемасты,  1938 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газеті мен Петропавл өлкетану мұражайында суретші, 1933-1935 жылы Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1938-1944 жылдары қазақ драма театрында суретшісі әрі режиссер болды.  Ә.Ысмайыловтың «Қараңанды шахтасы», «Сарысу даласы», «Құрманғазы халық арасында», «Торғайға таң атты», «Исатай мен Махамбет», «Бәрі де майдан үшін», «Абай достарымен бірге», «Бурабай», «Екібастүз», атты картиналарында туған жер табиғатының сұлу көрінісі, тарихи және тарихи революциялың тақырып шынай бейнеленген. Ол бірнеше драмлар мен мен қазақтың халық билерін қойып, режиссер әрі балетмейстер ретінде де танылды. Актерлік өнермен шұғылданып, «Қожанасыр», «Медведьев» т.б бейнесін жасады. «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» орденімен, медельдармен марапатталған.

Қожахмет Қожықов(1910-1953) (1910, Перовск, қазіргі Қызылорда қаласы, — 10.09.1953, Алматы)- қазақ кескіндемешісі, қазақтың тұңғыш кәсіптенген суретшілерінің, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, карикатурашы, график. 1926-28 жылдары ВХУ-ТЕМАС-та оқыған. 1928 жылдан мерзімдік баспасөз беттерінен тұрмыстық және халықаралық тақырыптағы карикатураларымен танылды. 30-жылдары колхозшылардың науқандық еңбегін толғайтын «Егін орағы», «Газет оқу» атты шағармасымен және ауыл өмірін суреттейтін «Ал қызыл моншақты келіншек», «Ақынның толғанысы» атты картиналарын салды. «Жайлауда», «Кешқұрым», «Қызыл көш», «Шабындық», «Құлынды бие» акварельдерінде халықтық тарихи революциялың  өмір жолы, Кеңес өкіметі тұсындағы өзгерістер, Алатау бойының сұлу табиғатты көрініс тапты. Картиналарында нәзік сыршылдың басым. Ә.Қожықов карикатура, кітап көркемдеу ісіне де белсене араласты.

Үкі Әжиев (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Кемертоған ауылы) — қазақ суретшісі, суретшілер одағының мүшесі (1957). 12 жасынан Қазақстан Суретшілер одағы жанындағы сурет үйірмесіне қатысады. 1936 жылы Ленинград көркемсурет орта мектебінде А.Г.Сукостьяннан оқыды. 1950 жылы Алматы көркем сурет училещесін бітірді. Әжиев республика сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Ол Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінен бірнеше картиналар жазды. Суретшінің  «Бұхара», «Самарқан», серияларына енген «Хиуа көшесі», «Шайханада», «Хау 1968 жылы» деген шығармалары ерекше көзге түседі. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнелейді. Туған республика табиғатын танытатын «Асы жайлауы», «Алатау бүктерінде» картиналары шыншылдығымен, нақтылығымен құнды. Әжиев портрет жанрындада көп еңбек етті. «М.Әуезовтің портреті», «Студент қыз», «Механизатор» сияқты портреттер талантының жан-жақтылығын танытады.

Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев 27.08.1925 жылы, Қостанай облысы, Ленин ауданында туған. Қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1969). 1951 жылы Харьков көремсурет институтының мүсін факультетін (О.Н.Кудрявцева шеберханасынан) бітірді. 1952 жылы Алматы көркемсурет училещесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін үйымдастырып, 1966 жылға дейін сонда сабақ берген. Алматыдағы «Абай», «Шоқан», «Калинин», Жамбыл қаласындағы «Жамбыл» атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық колоритке аса көңіл бөлді. «Жасөспірім Жамбыл», «Салт атты Жамбыл», атты композицияларында мүсінші силуэт пен фактураны үлкен шеберлікпен пайдаланды. «Амангелді портреті», «Бала Жамбыл», «Құрманғазы», «Алдабергенов», «М.Хакімжанова», «Сәкен», «Шопан портреті», «Ленин портреті»атты еңбектерінде кейіпкерлердің жан-дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол Социалистік Еңбек Ерлері, Б.Шаяндин, Д.Серіков т.б мүсіндік порттреттерінің авторы.

Қазақтың бейнелеу өнерінде алақанының ыстық табын қалдырған біртуар суретшінің бірі Нағымбек Нұрмұхамедов болатын. Алматыға Баянауыл  жерінен өнер іздеп келген суретші өмір жолы тап картиналарындай, қою колоритке толып тұратын.

Соғыс кезінде Берлинге дейін жүріп өткені өз алдына, Үндістан, Жапония, Франция, Венгрия, Италия, Испания, Англия Бразилия елдерінде де аяқ басқан. Ыстық жақтың көз қарыңан шаққан табиғатымен, салқын өлкенің қорғасындай ауыр аспанын қатар көргендігінен болар, суретшінің картиналары да алуан  түрлі. Тақырыптарының ауқымы да мейлінше кең. «Қазақстан магниткасы», «Әскери-теңіз флотының  тыныс-тіршілігі», «Хиросима», «Тас түсеуші», «Бразилия моншағы», «Жоңғар шапқыншылығына күрес», «Бауыржан Момышұлының бейнесі» десек те суретші Н. Нұмұхаммедовтың қолынан  шыққан зор панорама көз алдыңа лезде пайда болады да еріксіз тақырқатад

 

Сағи Романов(1926-2002)(01.08.1926 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) — Қазақ кескіндемешісі, кино суретшісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1976). Ол қазақтың сурет өнерінің тамаша үкілі және қазақ кинематографиясының айтулы суретшілерінің бірі. Алты жасында ата-анасынан жетім қалады. Балалар үйінде тәрбиеленген. 1955 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтың  кинематографиялың институтын бітірді. «Қазақфильм» студиясында  жұмыс істейді. «Қырық өтірікке»  жасалған иллюстрациялардың, «Құрманғазы өмірі мен творчествосы» суреттер топтамасының «Жайлау кеші», «Жас шопандар», «Туған өлке», «Жер туралы декрет», «Қаратау мен байыту фабрикасы»,  картиналары мен көптеген  портрет , пейзаж және графикалық суреттердің авторы. «Алдар көсе » т.б фильмдердің декорация эскизін жасады. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған

Қанапия Темірболатұлы Телжанов (01.05.1927 жылы туған, омбы облысы, Байқұдық селосы) — қазақ кескіндемешісі,Қаз. КСР халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967). 1947-1953 жылдары Ленинград қаласындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М.И.Авиловтан білім алды. 1953-1958 жылдары Алматы көркемсурет училещесінде сабақ берді. Қ.Телжанов-қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал», «Бейбітшілік оттары», «Домбыра әуендері», «Атамекен», «Көкпар», «Тыныштық», «Бүркіт салу», «Қыз қуу» атты шағын поэтикалық көріністер  мен монументті еңбектердің, кең тынысы  әрі қанық бояулы триптихтардың «Октябрь», «Бозаралдықтар» деген портреттердің  авторы. Суретші творчествосы қазақ совет бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс алып келді. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Еңбектері негізінен Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайында.

 

Мәмбеев Сабыр Әбдірәсілұлы 1928 жылы туған. 1953 жылы Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген.

С. Мәмбеевтің өмір құбылыстарын көркем түрде қабылдауы шығармаларындағы бояу түстерінің жарасымынан, мейлінше нәзік әрі әсем құрылымынан айқын көрінеді. Ол өмір шындығын бояулар дүниесі арқылы бейнелейді. С. Мәмбеев шығармаларының ерекшелігі оның суреттеріндегі сезім тазалығынан бояу түстерінің нәзік жарасымынан, ұлттық сипатының айқындығынан анық көрінеді. Мысалы, «Киіз үй жанында» атты шығармасы суретші талғамының биік те нәзіктігімен және орындау шеберлігінің жоғарылығымен ерекше көз тартады. С. Мәмбеевтің әрбір картинасы терең зерттеу нәтижесінде туған, ұлттық бояулар үндестігін тапқан, нәзік сезіммен жазылған шығармалар болып табылады. Ол — живописьтің қыр-сырын терең меңгерген лирик суретші.

 

Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25.07.1925 жылы туған, Торғай облысы, Жанкелдин ауданы) — Қазақ суретшісі, Казақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.1931-1941жылы балалар үйінде тәрбиеленді. Алғашқы еңбектері 1938 жылы Республика және бүкілодақтың балалар бейнелеу өнері көрмесінде көрсетілді. 1956 жылы Мәскеудің В.И.Суриков атындағы көркемсурет институтының кескіндеме факультетін бітірді. М.Кенбаев «Шопан әні», «Сыр шерту» атты  шығармаларында  ұланғайыр  қазақ даласының асқаң жыршысына айналды. Алматыдағы «Алматы» қонақ үйі мен Неке сарайын, «Қазақстан» дүкенін, Мәскеудегі «Қазақстан» кинотеатрын және т.б қоғамдық мәдени мекмелерді безендірді. Бұларға әр түрлі материалдарды пайдаланып, мозаика, граффито, бедерлеу т.б. әдістермен жасады.

Дүниежүзілік өнер астанасы саналатын Париж қаласында қазақтың белгілі суретшісі Ерболат Төлепбай[1] атағы әлемге әйгілі қылқалам шебері Сальвадор Далидің шығармаларымен бірге арнайы көрме өткізді. Мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы өз елімізде кеңінен мәлім әрі жоғары бағаланады. Ол — Қазақстан Республикасының өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. Қазақстан меценаттары клубының «Платина Тарлан» атты мәртебелі сыйлығының иегері. Оның салған суреттерімен ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің көрермендері әбден таныс. Бүған дәлел ретінде Ерболат Төлепбайдың Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында, Бішкек қаласындағы бейнелеу өнері мұражайындағы, Прага қаласындағы көркемсурет орталығында зор табыспен өткен дербескөрмелерінен соң оған Ресей Федерациясы көркемсурет академиясының академигі, Қырғыз көркемсурет академиясының академигі, Чехия көркемсурет академиясының академигі атағы берілді.

Суретші осының бәрін де сиқырлы сызықтармен бұлыңғыр бейнелердің ырғақты қимылдарын жеріне жеткізе ойнатуы, қарама-қарсы түстермен құбылта құлпыртудың тиімді тәсілдері арқылы жеткізеді. Сөйтіп, бейнелеу өнерінің өзіне тән тамаша тілімен айтып бере алады. Парижде өткен көрмеде Ерболат Төлепбай кескіндемесінен айқын аңғарылған бір нәрсе — ырғақты әсем көріністерді кеңінен пайдалануға деген жан-жақты ізденгіштігі. Оның осы қасиеті адам мен сыртқы дүние арасын ажыратып тұратын шекті жойып жіберуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, оның туындыларындағы бейнеленетін бірегей жан дүниесі сыртқы дүние болмысының шетсіз-шексіз кеңістігімен емін-еркін әрі мейлінше табиғи тәсілмен үштасып шыға келеді. Мұның өзін суретшінің соңғы онжылдықтағы тамаша табыстарының бірі деуге болады.

 

Дүзелханов Ағым Салы Дүзелханұлы

Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін және В. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік институтын 1982 жылы өзінің шығармашылық еңбегін 1975 жылы Қазақстан баспасымен жұмыс істей отырып бастады.Суретші кітап иллюстрациясы, станоктык графика, плакат, өндірістік кескіндеме және тарихи суреттеме саласында жұмыс істеді. Үш жүзден астам ктітапты, 50-ден астам плакаттарды фольклорлық тарихи тақырыптарға иллюстрация жасады.Бүкілодақтық республикалық халықаралық көрмелер, кітап және плакаттар конкурсының дипломанты : 1985, 1986, 1987 ж.ж., бүкілодақтық дипломдарға, Абай, Әлішер Науаи атындағы сыйлыққа, «Үздік кітап» сыйлығына (Ташкент қ) және т.б. ие болды. Жаңа ағымдағы мектеп оқулықтарына иллюстрация жасады, сондай-ақ, кескіндеме факультеттерінің студенттеріне арналған мектеп оқу-әдістемелік құралдарын жазды. Ұзақ уақыт бойы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кескіндемелік дизайн кафедрасында доцент болып жұмыс істеді. ҚР Ағарту ісінің үздігі. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ваютасының дизайнын әзірлеуге тікелей қатысты.1996жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.2000 жылы Нью-Йоркте БҰҰ ұйымдастырумен өткен «Глобал-арт-2000»,халықаралық конкурс- көрмесінің жеңімпазы болды. 2000 жылғы желтоқсанда ҚР президенті Жарлығымен А. Дүзелханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 

Сидоркин Евгений Матвеевич — 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: «Ақсақал» (1959) линогравюрасы, Қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары «М. Әуезовтің «Абай жолы» (1960) романына иллюстрациялы сериялар, «Қазақ эпосы» (1962), «Қазақтың ұлттық ойындары» (1964) , «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып» (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді. Республикалық «Өнер» баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады.

 

— Қазақстан суретшісі А.Ғалымбаева туралы мағлұмат беру

Қазақ  бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А.Ғалымбаева. 1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.

А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері «Абай әндері» (1949), «Махаббат туралы поэма» (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен «Тоқымашылар» (1951), «Автопортрет» (1956) атты станоктың картиналары.

Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі «Халық таланттары» (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша Ғалымбаеваның «Халық таланттары» атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.

Осындай шығармаларының бірі – «Халық шебері Б. Бәсенованың портреті» (1958). Суретшінің «Батыр ана» (1960), «Қазақстан әуендері» (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.

Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына «Аяқ-Қалқан», «Үңгіртас», «Сарыағаш» шығармалары кіреді.

Суретшінің «Жайлау жолы», «Болашақ», «Совхоз», «Шопан қыздары», «Совхоздағы кеш», «Сенімді қарауыл», «Автолавка» шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.

А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған «Үш ғасыр», «Ертедегі керамика», «Қобыз», «Сары алма», «Айва» картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі.

Суретшінің «Бас киімдер» деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген.Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы жанрдың бірі – портрет. Ол 60-жылдардың соңында артист С. Қойшыбаеваның, жазушы Ғ. Мұстафиннің, актриса С. Майқанованың портреттерін жазды. Осы жылдары А. Ғалымбаева актер Н. Жантуриннің портретін және өзінің автопортретін жазып бітірді.

Алпысыншы жылдардың соңында суретші «Қырықтықшы», «Дәмді шай», «Бір кесе қымыз», «Нан», «Біз уақыттың мақтанышымыз», «Дала қызы», «Абай әндері», «Билердің соты», «Үйлену кеші», «Айдардың өлімі», «Айтыс», «Кездесу» сияқты картиналары мен эскиздерін кинофильмдер тақырыбына арнады. Бұлшығармаларқатарына «Дала қызы», «Батырларкездесуі» картиналарынқосуғаболады. ХалықсуретшісіАйшаҒаріпқызыҒалымбаеваныңшығармашылығысыҚазақстанреспубликасыныңмәдениеті мен өнерініңдамуынақосылғанжарқынүлесболыптабылады.

 

 

Қорытынды

-Сөз  соңыңда  айтарымыз, Қазақ халқының суретшілері туралы толық мәлімет беру, олардің  шығармашылықтарымен таныстыру басты міндетіміз.

Өз білімдерін  жинақтауға, іздене, пайдалана, салыстыра  алуға, өз  ойларын  нақты дәлелді деректер  арқылы  жеткізуге, ой  белсенділігін арттырып, шығармашылық  дағды қалыптастыру.  Іскерлікке,  ұшқырлыққа, еңбектенуге  тәрбиелеу.

Патриоттык тәрбиені нығайту,оқушылардың бойында ұлтаралық және этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі
— Каменова.А Кемпір қосақтың түсі кандай-Алматы:Өнер,1981ж

— Щипанов А.С. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге – М. Наука, 1984ж

— Федоров-Давыдов А.A. Русский пеизаж 19 века

— Шорохов Е.В. Композиционная живопись – М:Искуство, 1986

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар