Тарих және география пәнінің мұғалімі Әділбекова Набат
Пәні: География
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан
Сыныбы: 9- сынып.
Сабақ тақырыбы:§28 Оңтүстік Қазақстан (презентациясымен)
Сабақ мақсаттары: Білімділігі: Оңтүстік Қазақстанның экономикалық — географиялық жағдайы, табиғат ресурстары және халқы жөнінде түсінік беру
Тәрбиелігі: Тақырыпты түсіндіре отырып, туған өлкені білуге және құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оңтүстік Қазақстанның территориясы, халқы, табиғат ресурстары экономикалық жағдайы жөнінде дерек көздері арқылы оқушылардың білік дағдыларын, қабілеттерін дамыту
Сабақ көрнекілігі: Оңтүстік Қазақстан картасы, тірек — сызбалар, сұрақтар жазылған карточкалар
Сабақ өткізу әдісі: Сұрақ — жауап, ойын түрінде
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ байланысы: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабақ
Кіріспе сөз
Оқушылардың қызығушылығын оятуға арналған карточкамен жұмыс.
№1. Оңтүстік Қазақстан қалаларын атаңыз?
№2. Оңтүстік Қазақстан көлдерін ата?
№3. Оңтүстік Қазақстан өзендері?
№4. Оңтүстік Қазақстан таулары?
Ойды ортаға салу (Әңгімелету)
— Оңтүстік Қазақстан құмды шөл
— Оңтүстік Қазақстан ыстық жер
— Оңтүстік Қазақстан ежелгі ортағасырлық қалалар мекені
Оңтүстік Қазақстан аумақтары (картамен жұмыс)
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары
Су ресурстары бойынша мақал — мәтелдер жарысын ұйымдастыру
Су дүниенің басы
Су анасы — бұлақ
Су бергеннің сауабы бар
Су төккеннің жауабы бар
Аралым – арым,
Балқашым — бағым (слайдпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі)
Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды.
Арал теңізі Арал өңірінің экологиялық картасы жасалды (1992)
Балқаш көлі
Көл суының азаюы мен тұздылығының көбеюіне әсер еткен жағдайлар

Іледе Қапшағай бөгені салынған
Іледе егістік алқабы Ақдала мен Шеңгелдіге су жіберілген
Іледе Үлкен Алматы каналы салынды
Іледен Қаратау күріш атырабына су жіберілді
Білгір болсаң тауып көр ойыны (Пайдалы қазбалар қай жерде орналасқанын оқушылар картадан іздейді)
Текелі полиметалл кені Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінен оңтүстік — шығысқа қарай 27км жерде орналасқан. Кенді инженер — геолог М. Юдичев пен М. Қадылбеков басқарған геология отряды ашқан 1933ж
Полиметалл бұл — кентас. Полиметалл құрайтын 260 — тай минералдың ішінде кең тарағандары галенит, сфалерит, пирит, халькопирит. Негізгі металдары мыс, мырыш, қорғасын, күміс, алтын, висмут, кадмий, ванадий, скандий.
Халықтың қоныстану ерекшелігі
Жалпы халық тығыздығы 1км²- ге 8 — 10 адам
Оңтүстік Қазақстанда республика халқының орналасқан 38, 7%
Қазақтардың орналасқан 65, 8%
Орыстардың орналасқан 28, 2%
Басқа ұлт өкілдері орналасқан 5%
Оңтүстік өңірлеріне өлең жолдарын арнау (Үш қатардан бір оқушыдан өз өлеңін айтады)
Сабақты бекіту
1) Экологиялық проблемаларды атаңдар?
2) Арал проблемасы қайткенде шешіледі?
3) Балқашта балықтың қандай түрлері бар?
4) Қапал — Арасан шипажайы туралы сұрау
5) Біздің Алматы облысында тағы да қандай шипажайлар бар?
6) «Менің қиялымдағы шипажай қандай болуы керек»? пікірсайыс
Бағалау
Үйге §28
Ойтолғау жазып келу. «Аралым — арым, Балқашым — бағым»