Тәуелсіздіктегі    -Елбасы ролі   

                                             (ой толғақ)

   Тәуелсіздік    еліміздің сан  ғасырлық арман –аңсары ғана  болып келгені   тарихымыздан белгілі. Еліміздің азаматтары осы Тәуелсіздікке жету жолында  жандарын  қиды.   Ерен тұлғалар атқы  қонды.  Жандарын берді.   Кеңесары   Қасымұлы  бастаған  ұлт –азаттық күресі  соның  айқын дәлелі .       Атамыздың  бас  сүйегін еліміздің  азаматтары  Ресейден  сыпайы   түрде  сұрап,іздеп жатқаны     сол  ата бабамыздың    ерлігіне тағзым, құрмет.

Махамбет ,  Исатайлар осы бір азаттық  жолында     отаршы  Ресейге , өз еліміздегі  хандарымызға    да  бас көтеріп  ,қол жинап  ерен ерлік  көрсетті. Өздері де  қаза тапты.

Алаш ардагерлері  қандай еді десеңізші ?

Олардың       істеген істері  әлі де әділ,ақ бағасын  ала алмай келеді.

Онан беріде  1986  жылғы Желтоқсан   ерлері  де    осы   Кеңестік  мұз құрсауды жарып  шыққан  мұзжарғаш кеме секілді    КСРО-ны  құлатуға сүрлеу салған еді.

Тәуелсіздік  туралы Конституциялық күші бар  Заң 16 желтоқсан 1991 жылы  қабылданды.   Міне,осы бір тарихи маңызы бар оқиғаға  бері      де   жиырма  алты  жыл    өткелі  отыр.

Астана салынды.      Әлемге Қазақстан  танылды.       1992 жылы   2 наурыз –елімізді әлеммен теңестірген күн ретінде    тарихта алтын әріптермен жазылары  хақ.

Қазақстанның       талапкерлері      шет елдерге      «Болашақ »      бағдарламасымен    шыға алатын дәрежеге жеттік.

30   елдің  қатарына      қосылу  межесі де  алынары  хақ «Мәңгілік  ел »    болу арманы  іске асары  да  хақ.

 

Елбасы  ,Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев    халқымыз үшін ерен тұлға. Асыл азамат, бар күші мен білім-білігін  халқы үшін аямай  жұмсап келе жатқан  біртуар  тұлға.

Тәуелсіздіктің ақ таңы  Қазақ  елі   үшін  желтоқсан  айында атты.

Осы бір маңызды  оқиғаны сараптай келе ,  Елбасы  қандай  қиындықтан да жол  тауып ,  ішкі және сыртқы  саясатты шебер үйлестіре беретіндігіне   куә болдық.

Сол  бір тарихи  сәттерден бері   26  жылға   толар    уақыт   таяп  қалды.

Еліміз  осы  бір   ғасырға бергісіз жиырма  алты   жыл ішінде танымастай     өзгерді. Қазақстан   әлем    елдерімен   және   шет мемлекеттермен  достасты.     «Қазақстан-2050» Жолдауында  көрсетілгендей аса дамыған отыз елдің  ішіне кіру үшін бізге  жұмыла білу  және   әлем елдерінің    деңгейіне жету үшін әлі де болса озық технологияларды меңгере беру   қажет деп ойлаймын.

Әлем таныған       Ұлт көшбасшысының     көптеген  істерін   халық біледі.  Шет мемлкеттер мен  елшіліктер  де еліміз тарихына  қызығып отыр. Еліміз үшін  бұл дата үлкен абырой   әкелді.

Тарихи сана      қалыптасты.   «Болашаққа бағдар: рухани   жаңғыру  »  атты мақала  еліміз үшін       сананың  жаңғыруы ,  еліміздің     серпілісін әкелер       маңызды қадам болмақшы.           Елбасының тарихқа ,елді өткен жолына деген  өлшеусіз құрметі     жалғасын тауып келеді.

                                                                                                               Әлима Жұмабаева 

Қаратау технология,білім және бизнес колледжі тарих пәні оқытушысы ,

Қаратау қаласы,

Жамбыл облысы