«Мені толғандыратын өзекті мәселе»

Бала әрбір халықтың,  әрбір мемлекеттің болашағы. Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап,  оның келешек қоғамының бет бейнесін көруге болады . «Бала келешек жеке тұлға емес, ол — осы күннің өзінде- ақ жеке тұлға.  Балалар бізді толғандыратын барлық сезімдер мен ойлардың бастауына негіз болатын тіршілік иелері,  бұл бастауларға жетекшілік етуде нәзіктік пен мейірімділік таныту керек».

Еліміздің болашағы -бүгінгі балалар . Қарым –қатынас  —  ол адамның жеке басының дамуында қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Тілдесу арқылы адамдар өзара қарым -қатынас жасап, бір-біріне білдірмек болған ойын  жеткізіп пікір алысады.Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым – қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге.

Бала тәрбиесіндегі баланың  бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

XXI ғасыр адамдардан не талап етуі мүмкін?

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі –әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді.

Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Мен көптеген сыныпта кездесетін  « үлгерімі төмен оқушы » деген сөзді жиі естимін.Осы сөздің өзінен гөрі ырғағы мені қатты ойландырады.Себебі оны  оп-оңай ,зерттеп зерделемей –ақ сол баланы құлдыратып , бір жақты пікірмен тағдырын шеше салатынымыз көрініп тұрады.Қарапайым қарындаштың алты қыры бар,ал оқушының неге бір ғана қырынан көреміз. Оның әр қырының сырын табу мұғалімге аманатқа ұстатқан кілтте. Сол кілттің иесі бола тұра мен ұстаз ретінде кінәлі оқушы немесе қоғам деген пікірден бас тартып,парызымды өтеуге міндеттімін.Егер оқушының қабілетін, талантын, дарынын, сәулесін, адамгершілігін, күштілігін таба алмасам, мен оны мүгедек етем деген сөз. Оқушының бәрі мұндай болмайды деп таласа аласыздар. Мен бұл қасиеттердің біреу болмаса біреуі бар деп сеніммен айта алам.Біз оқушы барлық жағынан мүлтіксіз 100 пайыз білгенде ғана нағыз тұлға болады деп сенеміз.Менің пікірімше ондай болса әрине жақсы, дегенмен ол робот емес қой.Ең бірінші біз өзіміздің көзқарасымызды түзетейік.Ол туралы бір  жақты пікірде болмайық,сенім артайық.Кінәні орта мен қоғамға және ата- ана мен балаға арта салу жеңілдігінен арылайық.Оқушыға түсіністікпен қарау дегенді ,олардың ыңғайына жығылу деп емес,талаптың да түрі мен орны бар,тек соны шатастырып алмау қажет. Мектебімде бұл кедергіні  әріптестеріммен де талқылап өттім.Олардың да ортаға салған тәжірибелері болғаны да демеу болды.  Әрине өзгеріс үдірісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушіліктер немесе қиындықтар тудыратыны рас.Дегенмен  оның соңынан жаңа дүние,өзгеріс туындайды.Бұл бір сәтте болатын нәрсе емес.Оған уақыт беруіміз қажет. Мен өз көшбасшылығымды қолдана отырып оқушыларымды ынталандырдым.Өз іс-әрекеттерімді реттей отыра мен көшбасшылық қасиетімді танытумен қатар, бірлесе отырып дамытуды мақсат еттім. Оқушыларымды бақылауда олардың сабақ үстінде өздерін ұстауынан нені бақылау қажеттілігін біле отырдым.Бұл бақылау  алдағы сабақтарымда өзімнің келесі қадамдарымды жасау қажеттілігін көрсетті. Сонымен қатар іс- тәжірбиемді алмасу мақсатында басқа әріптестерімнің де сабаққтарына қатыстым.

Алдағы уақытта да мен Осы оқушының үнін назардан тыс қалдырмауды өзіме жауапкершілікке артамын.

 

 

 

 

 

 

                  Орфографиялық қателердің болмауы өте маңызды.

 

Қазіргі мектеп бағдарламасында окушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның , оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.

  1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін сөздерін кесте
    ретінде жазып, сыныпқа іліп қою қажет. Кестедегі сөздермен танысып,
    дұрыс айтуға төселу керектігі оқушыларға алдын ала ескертіледі.
  2. Дыбыстық алмасу кездесетін сөздерді оқушыларға жаздырып,
    алмасып естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.
  3. Кестеге я тақтаға диалектілік нұсқалары бар сөз жазып, қайсысы
    әдеби нұсқаға жатаныны айтқызылып және дәптерлеріне жаздырылады.
  4. Көркем әдебиет шығармаларынан арнаулы текстер оқып, қажетті
    дегендерін жаттатады.
  5. Көркем сөз шеберлерінен жазылып алынған электронды дискілер
    тыңдалады.

Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік меңгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр турлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында фонемалар өзінің ерекшелік сипатын сақтауы да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.

Фонетиканың «үндестік заңы» деп аталатын тақырыбы бастан — аяқ орфографиялық мақсатты көздейді. Мұнда орфоэпиялық та ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынның жуан я жіңішке блып келуіне қарай қосымшүа да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Бұл ережені окушылар жеңіл меңгере алады. Алайда тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы сияқты тәртіппен жалғана бермейді. Міне, осыған байланысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалу керек.

Оқушылардың жазу жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды қолдану керек:

  1. Мұғалім барлык   қателерді   түзетіп,   соңғы   өтілген   негізгі тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсетуі керек.
  2. Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялык шартты белгілерді қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуы тиіс.Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушылардың қателерін тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе
    қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналылықпен түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесеіне бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.
  3. Емлелік қателерді   түзеткен   кезде   мұғалім   әр   оқушының психологиялық   және   жас   ерекшеліктерін,   олардың   орфографиялық сауаттылық дәрежесін еске алуы қажет. Бұл жағдай қателерді түзетудің дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
  4. Емлелік қателерді   түзеткен   кезде   орфографиялық   катенің ерекшелігін еске алу керек.
  5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі тиіс. Түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның іскерлгін, қабілеттілігін арттыруға көмектесуі тиіс.
  6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға белгілі бағыт
    көрсететіндей болуы тиіс.Мұғалімнің емлелік     қателерді     түзетуі     оқушылардың  орфографияны түсінуге деген белсенділігін арттыруы керек. Жұмыстың табысты болуы көп жағдайда осыған байланысты.
  7. Мұғалім емлелік қателерді түзетуде жеңілден ауырға, белгіліден
    белгісізге бірте-бірте өту принциптерін сақтауы керек.

Қорыта келгенде, оқушылардың емлелік қателерін түзету тәсілдері мынадай болуы тиіс:

Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы: калхоз, енбек, сех, бүгүн, қүлұн, мазмын.

Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ, ыстанқия, минута, газета.

Үшінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы: Еге білсең, уақытта, жерде, суда жетеді.

Мұндай тәсілдердің кейбір артықшылығын атап көрсету керек.

Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздерді жазылуында кате жібермейтіндей есіне сақтайды, оның сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп, оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана қоймайды, кей уақытта сөздің мазмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігін де айқындайды.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді мұғалім іскерлікпен, орфографиялық қателердің сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланып жұмыс жүргізсе, сауатты жазуға үйрететіні сөзсіз.

Мұғалімнің бір ғана тәсілді пайдалануы жеткіліксіз. Ыңғайына қарай барлық тәсілдерді қолданғаны жөн. жапа-тармағай тәсілдердің бәрін қатар қолданғаннан да мұғалім үтпайды. Керісінше, бір тәсілден екінші тәсілге бірте-бірте көшіп отырған жөн. Осылай еткенде ғана оқушыларды өз ісіне ұқыптылыкпен қарауға үйрете алады.

К. Маркске жазған хатында Ф. Энгельс араб графикасының күрделігігі болмаса, парсы грамматикасын 48 сағатта біліп алар едім деген болатын.

Ағылшын балалары күн қүрғатпай, үздіксіз тоғыз жыл оқығанның өзінде кеңес қағаздарына қатысты жүмыстарды ойдағыдай жаза алмайды екен. Әйгілі жазушы Бернард Шоудың есептеуінше жазу жұмысымен шұғылданған ағылшындар эрбір минуттың 12 секундын «басы артық» эріптерді жазуға жұмсайды екен. Ондай басы артық эріптерді жазуға бір жылда 73 күн кетеді. Англия мен АҚШ-та жазу жұмысы, кеңсе қызметі, ғылыми зерттеулермен 2,7 миллион адам шұғылданады. Олар бір жылда 540 мың жыл жоғалтады екен.

Жазу сызуда мұндай қиындықтар болмас үшін орфографияны тілдің құрылым жүйесіне лайықтап, ондағы өзгерістерді бейнелейтіндей етіп, жазу нормаларына эволюциялық өзгерістер енгізіп отыру қажеттілігі тіл құрылысы тәжірибесінде де айқындала түсіп отыр.

Қазіргі қазақ орфографиясы әдеби тілдің жазбаша түрінің нормалану процесіне зор ықпалын тигізді. Оның 40 жылдан астам тәжірибесі жазу нормаларының тұрақталып, ала -құлалықтар арыла, жетіле түскендігін байқатады. Бұл процесте 1957 жылғы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері», «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» тәрізді т.б. практикалық қүралдардың, ғылыми зерттеулердің орны айрықша. Әрине, бұл нәтижелер қазақ орфографиясының барлық мәселелері зерттеліп болды, жазу мәдениетіміз ешбір мүлтіксіз дегенді аңғартпайды.

Қазақ орфографиясының ғылыми тұрғыда әлі де зерттеле беретіні даусыз. Өйткені, біріншіден, қазақ тілі де, өзге тілдер тәрізді, құрылым жүйесі өзгеріп, дамып отыратын тіл. Осыған байланысты ондай құбылысты айқындап, зерттей отырып, жазу нормаларына да ішінара өзгеріс енгізіп отыру қажеттілігі туады. Екіншіден, қазақ тілінің құрылым жүйесінде әлі де танылмаған заңдылықтар бар екендігі сөзсіз. Оларды зерттеп, танып білмей, жазу-сызу нормаларын сол жүйеге лайықтап белгілеу мүмкін емес.