Мектеп алды дайындық сыныбының жетекшісі  Исабекова Махираш Амановна                     

Шығармашылық  тақырыбы: Тілінде ауыр кемістігі бар оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда бос уақытын тиімді пайдалануда атқарылып жатқан жұмыстары

 

Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу бүгінгі күн талабы.

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды  ұйымдастырудың негізгі түрі-ойын.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.

Әр ойын өзіне тиісті үш мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында.

 

 

 

Балалардың жас ерекшеліктеріне орай ойын түрлерінің басымдылығы байқалады. Ойын түрлеріне қарай балалардың көптеген қасиеттерін дамытуға бағытталады. Оқу, қарым-қатынас ойын және еңбек бұлардың әр қайсысы негізгі әрекет болып табылып, белгілі бір функцияларды атқарып баланы дамытады. Ойын пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ойын арқылы баланың көзқарасы, болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Ойын ұйымдастыру түрлерін, әдіс тәсілдердің технологиясын тәрбиешінің өзі таңдайды.

Сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлауға, танымдылығын дамыту үшін ойынның орны ерекше. «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттаманы қай ғалым болсын өздерінің ойын туралы еңбектерінде сипаттама береді, өйткені  ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағандағы көзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне май құрылып, оларды шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек. Тәрбиеші ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізуің  құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.

Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды.

Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы – баланы мұқияттылыққа, еңбекте жолдасымен ынтымақтықта болуға үйретеді.

Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналаны танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырады дегенді айтады.

В.А.Сухомлинский  ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды-деп санайды. Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек талантты педагогтардың өздері ойынды алғашқы сатыға қойған. Тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне үйретеді. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойынның тәрбиелік маңызы көп жағдайда педагогтің кәсіби шеберлігіне баланың психологиясын білуіне, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеруіне, қарым-қатынасты жасаудың дұрыс әдістерін таңдауына, түрлі ойындарды дұрыс ұйымдастырып өткізуіне байланысты.

Ойын арқылы және ойынды ойнау барысында балада біртіндеп болатын өмір өзгерістеріне, жора-жолдастарымен және үлкендермен қарым-қатынасқа түсуге дайындайды, тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Ойында өзіндік, ұйымдастырушылық секілді қасиеттер шығармашылық қабілеттер дамиды. Ұжыммен жұмыс істеу қабілеті артады.

Дидактикалық ойын – бүкіл тәрбие, білім беру жүйесінің бәріне де қатысты басты құралдардың бірі. Дидактикалық ойындардың қай-қайсысы болсын балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды. Олардың сезім қабілетін, ойланымпаздығын, тапқырлығын, сенсорлық қабілетін дамытуға тәрбиелейді. Бала ойын процесінде ең қарапайым құбылыстардың байланысын, заттардың атын, түсін ажыратады.

Сабақта дидактикалық ойынды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Ойын жұмыс түрін түрлендіруге және оқушылардың назарын аударуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі, сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болу керек. Белгілі тақырыптар баланың жас шамасына қарай біртіндеп тереңдетіле дамытылады.

Мақсаты: Енді осыған орай материалды балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы туындату, жеке тұлғаларын дамыту, қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын, таным өнерін сөздік қарым- қатынастарын дамыту мақсатында сабақты жүйелі түрде өтемін.

Балалардың назарын сабаққа аударуда ұлы педагог Василий Александрович Сухомлинскийдің «Баланың миы-саусақ ұшында» деген ұғымға сүйеніп саусақ ойынымен бастаймын. Осы кезде барлық информация баланың миына жүктеледі де көру, тыңдау рецепторлары жұмыс істей бастайды. Бұл ойындар өте оңай және өте ыңғайлы.

 

Ғажайып қапшық

Көрнекі құралдар:  Қапшық,ұсақ ойыншықтар,ойыншық үйрек,қаз,балапан, жолбарыс, торай, піл, бақа,

марғау және т.б.

Аталған ойыншықтар қапшықтың ішінде тұрады. Тәрбиеші қапшықты қолына алып,балаларға жақындап келіп онда көптеген қызықты ойыншықтар бар екенін айтып,оған қолын салып

бір ойыншықты басқаларға көрсетуін және оның атын дауыстап айтуын сұрайды. Мұғалім баланың ойыншық атын толық,дұрыс айтылуын қадағалайды.Егер біреу жауап беруге қиналып тұрса мұғалім оған көмектеседі.

Магазин (Дүкен)

Көрнекілік құралдар: (р, ғ, с, т, ш, ж, з, қ ) әріптері кездесетін ойыншықтар: зымыран,  ғарышкер,  садақ, трактор, шана, жылқы, жаңғақ т.б

Педагог үстелге ойыншықтарды қойып, балаларға ойнауды ұсынады.   Мен сатушы боламын дейді да, қайталап «Мен кім боламын?» деп сұрайды. Балалар жауап береді. Ал сендер сатып алушы боласыңдар.Кім боласыңдар? «Сатып алушы» — деп жауап береді балалар. «Сатушы не істейді?» — «Сатады»,  «Сатып алушы не істейді?» — «Сатып алады». Тәрбиеші ойыншықтарды көрсетеді. Балалар атын айтады. Одан соң мұғалім бір баланы үстелге шақырады да қандай ойыншық сатып алғысы келгенін сұрайды. Бала айтады мыс трактор. Тәрбиеші сатуға келіседі, бірақ сөзді дыбысқа бөлуін өтінеді. Тәрбиеші ойыншықты бере отырып, баладан ол не үшін керек деп сұрайды. Бала жауап беріп орнына отырады. Дүкенге келесі бала шақырылады. Ойыншықтар таусылғанша осылай жалғасады. Тәрбиеші жоғарыда айтылған дыбыстарды балалардың дұрыс айтуын қадағалайды.

Әдептілік сайысы

Мақсаты:

  1. Білімділігі: Ертегілерді көрсету барысында кейіпкерлердідұрыс атауға ертегінің мазмұнын айта

білуге, буынға дұрыс бөлуге, дауысты, дауыссыз әріптерді ажырата білуге машықтандыру.

  1. Дамытушылығы: Сурет салдыруда ептілікке, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа баулу. Мақал- мәтел

айтқызу арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелігі: Балаларды еңбексүйгіштікке, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

“Күн ” Құм терапиясы

Мақсаты:

көңіл – күйді бағалау.

Жан – жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, елестету, кеңістікті бағдарлауға үйрету, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, жаттығу,музыка,арт терапия.

Спорттық ойын – сауық. “Болу үшін мықты, спорт сайысына шықтық”

Мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой- өрісін дамыту. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың  нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты: Мерекелі берекелі күз мезгілімен қоштасу.Күз мезгілі және табиғатты сүюге тәрбиелеу. Күз ерекшелігі туралы түсінік молайту. Балалардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген сүйіспеншіліктерін ояту, оны қорғауға, ойлауға үйрету. Тәрбиелеу мақсатын көздеу.Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру.Сөздік қорын молайту, ұйымшылдық пен достықты нығайту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Кіріспе сөз.

— Балалар сендер ертегі тыңдағыларың келе ме?

— Олай болса мұқият барлығың маған қараңдар.

— Орманда бір үйшік болыпты. ————-   (ауызды кең ашу)

— Ол үйшіктің шарбақтары бар екен. ———— (тістерді қабыстыру)

— Ол үйшіктің ішінде бір қоян өмір сүріпті, —- (керілу, тілді сыртқа

-қоян ұйқысынан тұрып, сыртқа шығады. ——   (жалпақ етіп шығару)

— Аспандағы күлімдеп тұрған күнге қарайды. —(тілді жоғары көтеру)

— Жерге қарайды. ————————————— (тілді жоғары көтеру)

— Жан-жағындағы талдарға қарайды ————- (тілді оңға,солға қозғау)

— Кенеттен күннің бетін бұлт қаптап, жел соғады. у – у – у.  (қабақты түю)

— Қоян жаурап қалады. —— (тілдің екі бүйірін ортаға жинау)

— Кенеттен жаңбыр жауып, қатты тырсылдаған дауыстар

естіледі.

тырс-тырс-тырс. ш – ш – ш. ——(саусақтармен тырсылдату)

— Жаңбырдан қорқып кеткен қоян,

көзін жұмып қалады. ————- (көзді жұму)

— Жапырақтар себіледі.

Суретпен жұмыс.

Қараңдаршы балалар суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

  • Алтын күз.
  • Жарайсыңдар балалар.
  • Бүгінгі біздің берекелі, мерекелі өткізген отырған «Алтын күз» және «Сиқырлы менің қаламым» атты мерекелік байқауымызды бастаймыз.
  • «Сиқырлы қыл қалам».
  • Балалардың бізге ала келген тақпақтары бар екен.
  • Оқушылардың жыр шумақтары.
  • Жер Ана кіреді.

Ән: «Бақытты балалық».

Ойын: «Жер Ана». (Жер, су, ауа.)

Жері байдың- елі бай.

Жер — байлықтың көзі.

Күте білсең жер жомарт.

  • Күз аруы кіреді.

Оқушылардың өлең шумақтары.

«Күз аруы» ойыны.

Жемістер жинау.

ааа рор