Серикбаева Бибинур Абдикаримовна

№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің

физика пәнінің мұғалімі.

ШҚО. Семей қаласы

Сабақтың мақсаты:Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып магнит өрісі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік:Магнит өрісі.Ампер күші тақырыбын жетілдіру,

Дамытушылық:Зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдерін жүйелеп отыруға,өзара жолдастық көмек көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Баяндау,сұрақ- жауап,деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, слайд,АКТ,стикерлер,маркерлер, таратпа материалдар, плакаттар, магниттер, темір ұнтағы,Интербелсенді тақта

 

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй жұмысын тексеру

III.Жаңа білімді қалыптастыру

Демонстрация:

Түзу өткізгішті қатырма қағаз арқылы өткіземіз.Қатырма қағаз бетіне жұқа темір ұнтақтарын себеміз, егер өткізгіш арқылы электр тогын жіберсе, онда темір ұнтақтары оның айналасында концентрлік шеңберлер түрінде орналасады және олар тогы бар өткізгіш айналасына тығызырақ жинақталады.

 

Ой қозғау :

  1. Магнит өрісінің басты қасиеті не?
  2. Магнит өрісі тогы бар өткізгішке қалай әсер етеді?
  3. Магнетиктер деген не?
  4. Ферромагнетиктер деген не?

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Магнит өрісін сандық тұрғыда сипаттау үшін B векторының бағытын ғана емес,оның модулін де анықтау тәсілін көрсету керек.Ол үшін зерттелетін магнит өрісіне тогы бар өткізгішті енгізіп,өткізгіштің қандай да бір түзу сызықты бөлігіне әрекет ететін кушті өлшеу керек.

1820 ж. Француз физигі А.М.Ампер эксперименттік түрде магнит өрісіне тарапына тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің өткізгіштегі токтың күші мен оның белсенді бөлігіне (магнит өрісінде тұрған өткізгіштің бөлігіне) магнит өрісінің шамасына тура пропорционал екенін көрсетті. Өз тәжірибелерінің нәтижесін жалпылай келе А.М.Ампер  магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекет ететін күшін есептеу формуласын алды.Оны Ампер күші деп атайды:  мұндағы B – магнит индукция векторы,  өткізгіштегі ток куші, – өткізгіштің белсенді бөлігінің ұзындығы, a – магнит индукция векторы мен өткізгіштегі токтың арасындағы бұрыш.

Ампер күшінің бағытын сол қол ережесі бойынша табады: егер сол қолды магнит өрісінің күш сызықтары алақанға кіретін, ал төрт саусақты ток бойымен бағытталатын етіп ұстаса,900 бұрыш құрайтын басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

 

Магнит индукция векторының бағыты бұранда ережесімен анықталады.

Магнит индукция векторының модулі.

Магнит индукциясының өлшем бірлігі

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Магнит өрісі- материяның ерекше түрі.Ол тогы бар өткізгіштің немесе магниттің маңында болатын өріс.Негізгі қасиеттері:

-магнит өрісін электр тогы(қозғалысқа түскен зарядтар)тудырады.

-магнит өрісі электр тогына(қозғалысқа түскен зарядтар)тигізетін әсерінен байқалады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:              

Магнит өрісінің индукция сызықтарының қасиеттері:

  • Тұйықталған сызықтар
  • үздіксіз
  • Қиылыспайды
  • Сызықтар неғұрлым жиі болса,магнит өрісі күшті.

 

Сергіту сәті: жұмбақ шешу

Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,
Сабақ оқып теледидар көргеніміз.
«?» болған ток күшінің өлшемі
Біз мықты, қуатты да күштіміз.

 

Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.
Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.
«?» болған өлшем бірлігі
Бұл шама «?»

Есептер шығару(оқулықпен жұмыс)

  1. Индукциясы 0,3 Тл біртекті магнит өрісінде ұзындығы 0,1 метр өткізгіш индукция сызығына перпендикуляр орналастырылған.Ампер күші ауырлық күшіне теңесетіндей болу үшін одан қандай тоқты өткізу керек?
  2. Индукциясы 0,1 Тл магнит өріснде ток күші 6 амперге тең ұзындығы 0,5 метр өткізгіш орналасқан.Егер ток бағыты магнит индукциясымен 900 , 300 бұрыш жасайтын болатын болса,онда өткізгішке әрекет ететін күшін есепте.
  3. Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткізгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай?Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.
  4. Ұзындығы 20 см және массасы 4 г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10 А ток өтіп жатыр.Ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті орналастыратын магнит өрісінің индукциясын (модулін және бағытын) табыңдар.
  5. Актив бөлігінің ұзындығы 8 см өткізгіштегі ток күші 50 А-ге тең. Ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш индукция сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырса, осындағы істелген жұмысты табыңдар.

Қорытындылау.Ой толғаныс

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: §10.1 -10.2  Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.