Алия Байкенова

Павлодар облысы,

Павлодар қаласы,

Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Әдебиеттік оқу       4-сынып

 

Тақырыбы: Адам қорыған көл.

 

Сабақтың мақсаты: Нұрдәулет Ақышевтің «Адам қорыған көл» қазіргі заман ертегісімен таныстыру арқылы оқушыларға табиғатты аялау әр адамның азаматтық парызы екенін, табиғат экологиялық негіздерін тәрбиелеу .
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: оқиғаны тaлдап, салыстыру, болжау жасау арқылы өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Күтілетін нәтиже 1.Оқушылар өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге үйренеді.
2. Тіл байлықтарын қалыптастырып, жақсы мен жаман қасиеттердің ара -жігін ажырата білуді түсінеді.
3. Топта жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірімен санасуға, сыни ойлауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді.
Сілтеме Оқулық, әдістемелік  нұсқаулық, оқыту әдістемесі
Түйінді идея Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың түрі Проблемалық-ізденіс,салыстыру, талдау
Сабақтың типі Қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, Дүниетану.
Әдіс тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары мен элементтері,
Керекті  жабдықтар Оқулық,  интербелсенді  тақта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер,
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Психологиялық ахуал Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру;
Психологиялық дайындық:

Табиғатты аялау -парыз,
Аялау үшін білу-парыз.
Қасиетін ұғу-парыз,
Күзетінде тұру-парыз.

 

Оқушылар

ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады.

Топ ұстанымы еске түсіріледі.

Үй тапсырмасы Өлең жолдары не туралы? (табиғат туралы)

-Қалай ойлайсыңдар «табиғат» сөзі қай шығармаға қатысы бар? (Адам қорыған көл)

— Біз бүгін «Адам қорыған көл» ертегісін өтуді жалғастырамыз.

-Осы шығарманың түрі қандай? Қазіргі заман ертегісі.

-Ертегінің авторы кім? Нұрдәулет Ақышев

— «Желдеткіш» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Жұптық жұмыс.

Оқушылар өз  ойларын  ортаға  салады

 

Қызығушылық ояту. — Ертегідегі «Арайлым» көлінің апаттық жағдайы ұқсайтын Қазақстанда қандай көлді білесіңдер? (Арал көлі )

Арал бейнефильм көрінісі.

Сабаққа мақсат қою

Оқушылар сабақтың мақсатын айтады.
Мағынаны тану Топтық жұмыс.

1. Арал мен Арайлым көлдерін салыстыру.

2.  Арал көлін сақтап қалу үшін қандай ұсыныс жасар едіңдер.

3.  ВЕНН диаграммасы арқылы Қиял-ғажайып ертегі мен Қазіргі замандағы ертегіні салыстыру.

 

Берілген тапсырманы топ болып бірігіп, орындайды  және қорғайды.
Сергіту сәті Тыныс алу жаттығуларын  жасау  
Ой қозғау

 

Топтық жұмыс.

1-топ Даниярдың індетке шалдыққан себебі неде? Оған мінездеме беріңдер.

2-топ Арайлым көлінде адам әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеліп соғады.

3-топ  Арайлым көлі сияқты басқа да адам аяғы жетпеген жерлерді қалай сақтап қалуға болады?

Топта талқылайды, дәлелдейді, сұраққа жауап береді.

 

Ой толғаныс Жеке жұмыс

Адам                  Табиғат

-Осы сызба бойынша не айтар едіңдер?

-Осы сызбаны немесе меңзерді тағы басқа өзгертуге немесе толықтыруға бола ма?

Тапсырманы сынау арқылы талдайды ауызша жауап береді
Рефлексия -Ертегінің қай тұсы сендерге  ерекше әсер етті?

— Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

-Басында сабаққа қойған мақсаттарыңды есімізге түсірейік ші? Қалай ойлайсыңдар сабаққа қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Кері байланыс
Ойластыр

 

Ойыңмен бөліс

 

Ұсын

 

 

 

 

Мазайканы әр топтағы оқушылар бір-біріне беріп сабақтаң алған кері байланыс арқылы ойларымен бөлісіеді, ойларын ұсынады. Соңында мазайканы тақтаға іліп құрастырады.
Үйге тапсырма 1.Картадан Қазақстандағы қорықтарды қарап, аттарын дәптеріңе жазып келу.

 

2. Данияр балық достары туралы ертегіні өз ойымен аяқта.

 

 

Оқушыларға үй жұмысын таңдау арқылы алады.
Бағалау Бағаларын атап кету.

Бағалау критерийі:
Ұпайлар:

1- ұпай – түсіндірмей орындаса ;
2-ұпай – түсіндіре отырып орындаса;
3-ұпай – толық мазмұнын ашып, талдаса ;
Қорытынды баға:
0-7 ұпай – «3»
8 -14 ұпай – «4»
15-18 ұпай –«5»

 

Топ басшылары бағалау дискриторы арқылы бағлайды.