Пәні: сауат ашу Мектеп: Н.Тілендиев атындағы мектеп интернат
Тақырыбы: Мен және табиғат.

Ии дыбысы мен әрпі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қарақұлова Д.Р.
Сынып:1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып,баяндау;

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/ мәтін құрастыру және жазу.

Сабақтың мақсаты:  И дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре біледі.Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып біледі.
Бағалау критерийлері Ø И дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре алады.

Ø Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді құрастырып, әңгімелейді.

Ø Суреттің көмегімен мәтінді баяндай,дәлелдеулер жасайды.

Тілдік мақсаттар дыбыс, буын, сөз, сөйлем
Құндылықтарды дарыту -Қарым –қатынас жасау қабілеті;

-Жауапкершілік;

Пәнаралық байланыс Дүниетану

 

АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді такта,үнтаспа,электронды оқулық, суреттер.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы

5 минут

 

(МК;Ұ) Психологиялық дайындық.

«Көк тудың желбірегені» ән әуеніне қосылып айтады.

Топқа бөлу

Оқушылар тілдік бірліктер  (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) арқылы топқа бөлінеді.

І топ:  Дыбыс.

ІІ топ: Буын

ІІІ топ: Сөз

IV топ : Сөйлем

Тілдік  бірліктерді еске түсіру мақсатында дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы сұрақтар қойып, әр берілген жауапқа көк жалауша беру.Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін тойлағалы жатырғанымызды оқушылардың есіне салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

көк жалауша

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 минут

Электронды оқулықтан инелік туралы видео жіберіліп, И дыбысы туралы еске түсіріледі.                                    1.(ТЖ)  1. Мәтінді оқу;

2. Мазмұнын айту;

3. Рөлге бөліп оқу;

4. Ши туралы не білесің?

Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып,  ретімен баяндайды.  «Ши» сөзінің мағынасы You Tube  сайтынан видео көрсету арқылы түсіндіріледі.

Әр топтан жауап берген оқушы жалаушамен бағаланады.

Интертақтадан  шидің сөздіктегі анықтамасы көрсетіледі.

2.  1- топқа  оқулықтағы 2-тапсырма беріледі.

Ойлан,тап.

Қайсысының мекені ? Оқулықтағы «тышқан», «ит», «тиін», «қасқыр» сөздеріне оқушылардың назарын аударып, «қуыс», «ін» суреттері бұлардың қайсысына тиесілі екендігін анықтайды.Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтайды. Қуыс – бір нәрсенің ішіндегі бос жер немесе ойық;

Ін- жерді үңгіп,қазып жасаған, жабайы аңдар жататын орын,үңгір

2. Салыстыр

2- топқа  оқулықтағы 3-тапсырма беріледі.

Суреттерді  салыстырады. Бұлардың бір сөзбен неге ине деп аталатындығын сөздіктен анықтайды.

3.   3- топқа  оқулықтағы   4 -тапсырма беріледі. Ойлан,тап.Оқушыларға  сөзжұмбақты шешу жолдары түсіндіріледі.Суреттегі заттардың атын атап, буындық,дыбыстық талдау жасайды.

4. (ТЖ) Ойлан,жаз!

 4 топқа  16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде «Кластер» әдісімен құрамында И дыбысы кездесетін 16 сөз тауып жазуға тапсырма беріледі.

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

көк жалауша

 

1 минут     Сергіту сәті «Көңілді күн»  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

(МК; Ө)Дәптермен жұмыс.Электронды оқулықтан И әрпінің жазылуын көре отырып, ауада жазады.

Оқушылардың И әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау.

 
Электронды оқулықпен жұмыс

1-топ.

Сурет астына атауларын жаз.

2-топ.

Жұмбақты шеш,жауабын жаз.

3-топ.

И дыбысы кездесетін суреттерді тап.

4-топ.

И дыбысын тиісті үйге орналастыр.

И  әрпін ермексаздан жасау

 
Кері байланыс

Оқушылар сабақ ұнаса, кемені жасыл түске,  егер сабақта бір қиындықты кездестірсе, сары түске,  егер сабақ барысында тапсырмаларды орындауда қиындық болып, мұғалім көмегі қажет болса, кемені қызыл түске бояйды.

Топтар бірін-бірі бағалайды.