Таңғажайып  жаңа жыл

 

Мақсаты :  балаларды жаңа жыл мерекесін қызықты , жақсы көңіл-күймен қарсы алуға, кейіпкер болып ойнауға үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып сөздік  қорларын  молайту, қызықтыруға дағдыландыру,көпшілік ортада тәртіпті, инабатты  болуға тәрбиелеу.

Кейіпкерлер :  Ақшақар, Аязата, Аққала,жылбасы Тауық

(Балалар  көңілді музыкамен залға қол ұстасып кіреді.)

1-жүргізуші:  Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,

Жаңа үмітпен , жақсылықпен келіп тұр.

Ойындағы бар мейірім, қуанышын,

Балдырғандар ,өздеріңе беріп тұр.

Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,

Намыс, жігер,  бақыт гүлін ашып тұр.

Адамзаттың армандары асқақтап,

Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

2-жүргізуші: Қымбатты балабақша ұжымы, қонақтар, балалар! Сіздерді келе жатқан 2017жыл – Тауық жылымен құттықтаймыз.

Жаңа жыл жаңа табыс,отбасыңызға денсаулық, молшылық әкелсін.Жаңа жыл құтты болсын!

1-жүргізуші: Сендер  бүгін сәнді киініп , әдемі болып кетіпсіңдер Ал бүгін қандай мереке?

Балалар : Жаңа жыл мерекесі.

2-жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар, олай болса сұлу шыршамызға арнап ән айтайық.

Ән: Шыршамызға арнаймыз.

Сұлу шырша жанында,

Ән салайық жаңаша.

Алақай, алақай,

Қол соғайық балақай.

Аязата шыршасын ,

Ала келді дорбасын,

Алақай ,алақай,

Қол соғайық балақай.

Балалар сендердің мерекеге арнаған  тақпақтарың бар ма?

Айкөркем:Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық.

Жаңа жылда жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.

Қарлығаш :Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған,

Кел балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер

 Алишер : Соғып болып аққала,

Жүздерінде нұр ойнап.

Бүкіл бала шаттана,

Шапқылап жүр ойнап

Тамина :Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы-

Көз тоймайды қарас

М.Ерасыл :Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Инжу: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап ,

Жана жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Сәтжан : Жауды міне  қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Жинап алып бар бала,

Тұрғызамыз қар қала .

Т:Аяулым : Ал балалар , тұрмайық,

Би билейік ,ойнайық.

Аяз ата қуансын,

Дөңгеленіп ,зырлайық.

Айсұлтан : Аяз шымшып қояды,

Суық та аздап болады.

Туған жердің ақ қысы,

Аяз құшағын жаяды.

Алуа : Мерекеге келді,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтар  тізілген,

Шыршаны да көрдік.

Жүргізуші:  Достарымыз қуанып,

Тамашалар кештерде.

Қонақтарды қуантып,

Би билейді көңілді.

Би: Петрушкалар

( Алдияр , Б.Ерасыл, Элдар, Мирас, Аят, М,Ерасыл,Сұңқар, Мансұр.)

1-жүргізуші: Балалар бізге жаңа жауған ұлпа қардан жасалған , аққала келе жатқан сияқты .

Аққала : сәлеметсіңдер ме  балалар , мен сендермен ойнағым келіп тұр . Далада тұрып , ішім пысты .

Ойын : Қар атысу

Аққала : Балалар мен мұнда ыстықтан еріп барамын , сендерді далада күтемін , сау болыңдар .

Балалар бүгінгі мерекенің басты қонақтары келгенше  би билеп, көңіл көтерейік.

1-жүргізуші: Ал ,балалар , тұрмайық.

Әндетейік , жырлайық .

Думандатып би билеп,

Інжу – маржан шашайық.

Би : Қояндар

( Ердос , Аян, Айсұлтан, Алишер, Рамазан, Амир, Аңсар, )

2-жүргізуші:  Балалар қазір жылдың кай мезгілі ?

Қыс мезгілі

Дұрыс айтасыңдар .бәріміз  бірге қыс мезгіліне арнап ән айтайық.

ӘН :  Қыс

Қыс келіп далада,

Қар жауды алақай.

Сырғанап шанада,

Ойнайықшы достар –ай.

Балалар Аязата мен ақшақар  адасып кеткен сияқты кешігіп жатыр, қане бәріміз бірге шақырайық.

Балалар : Аязата, Ақшақар

Осы кезде  музыка әуенімен Аязата мен немересі кіреді.

Аязата :  Армысыңдар ,ұлдарым,

Амансыңдар ма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай жарқын жырларың.

Асулармен алысқан,

Аталарың сендерге .

Шаршап келді алыстан,.

Ақшақар : Аппақ қардан жаралдым,

Ақ сәулеге орандым,

Араға бір жыл салып,

Мен де сендерге  оралдым

1-жүргізуші : балалар , Аязата мен Ақшақар алыс жолдан келіп шаршаған  болар. Төрге шығыңыз, демалыңыздар. Біз сіздерге арнап ән- жырдан шашу шашайық.

Ән : Аязата

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтарын тізген,

Шыршаны да көрдік.

Аязата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді .

1-жүргізуші : Аяз ата, біздің  балалар сізбен ойын ойнағысы келіп тұр. Ойын ойнасаңыз қайтеді, балалар қуанып қалсын.

Ойын : Қолғап

Ақшақар : Ал балалар  келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт аязатадан

Сыйлық алып көріңдер.

Аяжан:Жүзімізде күлкі ойнап ,

Қанаттанды  жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз

 Инжу: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап ,

Жана жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Сұңқар :Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді,

Шырқатайық ән жырды,

Шырқатайық өлеңді

Аян:Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына .

Ердос:Жана жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

И. Аяулым: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Нұр жайнаған ажары,

Сағындым аяз атаны.

Амина :Бұл – шырша, шырша,

Қуаныш  жалпыға!

Сүйікті шырша,

Жарқыра ,жарқыра!

Ақпейіл:Жүйрік шаңғы аяқта,

Ақша қарда зырлаймыз.

Асқар асу қай жақта,

Таппай әсте тынбаймыз.

Б: Ерасыл. Келіңдер , келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт аяз атадан ,

Сыйлық алып көріңдер.

 

Аязата : Ақшақар қызым мына жер ыстық екен, сенің кішкентай сіңілерің қайда ? маған жел үрлеп , салқындатыңдаршы!

Би : Ұлпақарлар

(Айкөркем, Инжу, Аяулым, Асел, Амина, Қарлығаш, Мерей, Ақпейіл, Тамина, Аяжан)

Ойын:   Үсіру

Тыныш ,тыныш ! маған бір тықыр естіліп тұр.

Тауық : Жыл иесі тауықпын,

Қалмаймын деп кешігіп.

Ала таңнан ояндым,

Келер жылда көңілің .

Былтырғыдай  ақ болсын,

Мәнді  болып өмірің,

Барлығыңа бақ қонсын.

Би: Шөжелер

Аязата, Ақшақар сіздер асығып тұрған сияқтысыздар

Аязата:  Ал, балалар, балалар,

Біз бармаған қала бар.

Асқар тау бар, дала бар,

Соларға тез жетейік,

Рұқсат болса кетейік.

Қош, сау болыңдар,

Жаңа жылды жақсылап қарсы алыңдар.

Сыйлықтар таратып, естелікке суретке түсу.